Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ық қорғау органдары, олардың қызметі

Читайте также:
  1. A) вакуумдық электрондық шамдарға
  2. A) Заттар немесе мүліктік құқықтар
  3. A) мақсаттық басқару
  4. A) Меншікке қол сұқпаушылықты, шарт еркіндігін, жеке іске біреудің араласпауын
  5. B) ауылдық корпорациялар
  6. B) ауылдық корпорациялар
  7. B) Соттық тәртіппен
  8. B. Банк жүйесінен тыс қолма қол ақша мен ағымдық шоттардағы қаражаттар
  9. C) Функционалдық жабдықтау
  10. C)& иықтың үш басты бұлшыќ еті, шынтаќ

Елімізде заңдылық пен құқықтық тәртіптің сақталуын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар құқық қорғау органдары деп аталады. Құқық қорғау органдарының қызметіне:

1)конституциялық бақылау;

2)сот істерін жүргізуді ұйымдастыру;

3)әділ сот төрелігін жүзеге асыру;

4) прокурорлық бақылау;

5)қылмысты істерді ашу мен тексеру;

6)іс жүргізу барысында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін заңдық көмек көрсету жатады. Құқық қорғау қызметінің прициптері:

1.Құқықтық заңдылық принципі;

2.Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы;

3. Азаматтар мен заңды тұлғалардың заң алдында теңдігі;

4.Жариялылық принципі;

5.Жан- жақтылық, толықтық, дәлелдік принципі;

6.Әркімнің білікті заңгерлік көмек алуға және қорғану құқығына кепілдік принципі;

Прокуратура ҚР конституциясының 83 бабы және «ҚР прокуратурасы туралы» 12.12.1995 ж заңы бойынша ҚР Президентіне бағынышты және оған есеп беретін мемлекеттік орган.

Прокурорлық қызметтің мақсаты- заңдылықтың сақталуын, заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың, ұйымдар мен бірлестіктердің, жалпы мемлекеттің экономикалық-әлеуметтік, саяси құқықтырын қорғауды қамтамасыз ету.

Ішкі істер органдары ҚР президентінің заңдық күші бар «ҚР ішкі істер органдары туралы» жарлығына сәйкес (21.12.1995ж қабылданып 09.12.1998ж түзетулер енгізілген) ішкі істер органдары анықтау, алдын ала тергеу және жедел іздестіруді жүзеге асыратын, қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ететін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін қылмыстық істерді тауып, тексеретін, қылмыстармен күресетін, оларды болдырмау үшін бақылау, қадағалау, тексеру, анықтау, тәрбиелеу жұмыстарын жүргіетін органдар болып табылады.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР президентінің заңдық күші бар «ҚР ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» (12.12.1995 ж.) жарлығына сәйкес тікелей президентке бағынатын мемлекет пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін республиканың конституциялық құрылымын,суверенитетін,территориялық тұтастығын, экономикалық, ғылыми техникалық және қорғаныс потенциалын қорғауды жүзеге асыратын арнайы органдар болып табылады.

Адвокаттар алқасы конституцияның 13 бабы бойынша әрбір азамат сотта өз құқықатыр мен бостандықтарын қорғау үшін білікті заңдық көмек, адвокаттық көмек алуға құқықы бар деп көрсетілген. «Адвокаттық қызмет туралы» (05.12.1997 ж.) заңда адвокатура заңды және жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға әкімшілік, азаматтық және қылмыстық істірді жүргізгенде заңды көмек көсететін ұйым деп атап көрсетіледі. Адвокаттар алқасы - тәуелсіз, өзін-өзі қаржыландыратын, коммерциялық емес мемлекеттік ұйым.

Нотариат нотариаттық қызмет Қазақстан Рспубликасының «Нотариат туралы» (14.07.1997 ж.) заңы бойынша жүзеге асырылады. Нотариустар нотариалдық әректтер жасау арқылы жеке және заңды түлғалардың құқықтары мен бостандықытарын, заңды мүдделерін қорғайды. Нотариус төмендегідей қызмет атқарады:

1)мәмлелерді заңдастырады;

2) шаруашылық құжаттарды заңдастырады;

3) мұрагерлікке қалған мүлікті қорғайды;

4) мүлікке мұрагерлік құқық беретін құжаттарды береді;

5) ортақ мүліктеі әркімнің үлесі туралы куәлік береді;

6) мүлікті иелену мен пайдалану құқығынан айырады және иелену мен пайдалану құқығын қайтарады;

7) құжаттардың көшірмелерін заңдастырады;

8) құжаттарды басқа тілге аударғанда оның көшірмеснің заңды екенін куәландырады;

9) құжаттарды сақтайды; т.б. нотариаттық әректтер жасайды.

Әділет органдары Қазақстан Республиасының «Әділет органдары туралы» (18.03.2002 ж.)заңы негізінде өз құзреті шеңберінде мемлекеттік органдардың мемлекеттік кызмет атқарушы лауазымды адамдардың қызметінде заңдылықтың сақталуын қадағалай отырып жеке азаматтар мен ұйымдардың құқықтары, бостандықтары және заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын атқарушы орган болып табылады.Әділет органдарының қызметі жоғарыда аталған заңда нақтыланған

Салық және кеден органдары ҚР Президентінің 22 қаңтар 2001жылы шыққан «Құқық қорғау қызметін жетілдіру шаралары туралы» жарлығына сәйкес бұғанға дейінгі мемлекеттік салық полициясы үкімет құрамына кірмейтін Қазақстан Республикасныңі қаржы полициясы болып құрылды. Бұл органға экнономика және қаржы саласындағы құқық бұзушылықпен күресу жүктелді. Қаржы полициясының департаменті қаржы саласындағы құқық бұзушылықты тауып, жедел іздестіру, анықтау және алдын-ала тексеру жұмыстарын жүргізуге құқылы. Департамент өз мүлкі, символдары, мөрі, банкте есеп шоты бар заңды тұлға болып табылады. 2003 жылғы 23 желтоқсандағы ҚР президентінің жарлығы бойынша Қаржы департаменті ҚР экономикалық қылмыстар және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттік болып өзгертілді. Агенттікке экономикалық қылмыстар мен сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстарды анықтау, жедел іздестіру, алдын-ала тергеу жұмыстары жүктелді. Агенттіктің құзреті мен мақсат- міндеттері ҚР үкімет інің 29 қаңтар 2004 жылы шыққан ережесінде нақтыланған. Агенттіктің қызметі:

1) елдегі кримогендік жағдайға, экономикалық қылмыстарды туғызатын жағдайларды анықтап, оған талдау жасау;

2)салық полициясы органдарының жұмысының негізгі бағыттарын анықтау;

3) Өте күрделі салықтық және экономикалық қымыстарды тексеру; т.б.

Кеден ісінің міндеті - ҚР кедендік шекара арқылы елдің территориясына келетін товарлвр мен транспортқа кедендік салық мөшерін белгілеу, салықты жинау, кедендік құжаттарды беріп кедендік бақылауды жүзеге асыру. Кеден ісі Қазақстан Республикасындағы «Кеден ісі туралы» заңымен айқындалады.

Бақылау сұрақтары:

  1. ҚР сот жүйесі қандай қатарлардан және қандай инстанциялардан тұрады?
  2. Құқық қорғау органдарының мақсаттары мен міндеттері қандай?
  3. Қандай органдар құқық қорғау органдарына, кайсы қоғамдық тәртіпті қорғау органдарына жатады?

 




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 223 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав