Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс. Қазақстан Республикасының салық құқығының негіздері

Читайте также:
  1. E) Қазақстан Республикасының Конституциясы
  2. I БӨЛІМ. КЛАССИКАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
  3. Азақстан 2030 стратегиясының басым бағыттарыҚазақстан-2030
  4. Азақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы
  5. Азақстан Республикасының конституциялық қоғамдық құрылымы.
  6. Азақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы мен құқығының онан әрі дамуы
  7. Азақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңы
  8. Азахстан Республикасының банк жүйелерін статистикалық зерттеу міндеттері
  9. Азіргі заманғы ғаламдық экологиялық және экономикалық проблемалар, олардың Қазақстандағы ерекшеліктері
  10. Дәріс. Қазақ тілі арнайы мектепте оқу пәні ретінде

 

1.Салықтық құқық, оның әдістері

1.Салықтық міндеттеме, оны орындау

3.Салықтық бақылау, оның түрлері

4. Инвестициялық қызметті құқықтық реттеу

 

1.Салықтық құқық, оның әдістері

Салық құқығы - заңды және жеке тұлғаларыдан заң жүзінде белгіленген салықтар және басқада бюджетке төленетін міндетті төлемдерді алу кезінде туындайтын қатынастарды реттейді Еліміздегі салықтық қатнастар «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдар туралы Кодексімен» (2009ж) реттеледі.

Салық құқығы нормалары мемлекеттің салық жүйесін белгілейді, мемлекеттік салық қызметі органдарының құрылымын айқындап, олардың салық салу аясындағы құзыреттерін белгілейді, сондай-ақ салықтарды белгілеу, алу және осы процестің заңды негізде жүзеге асырылуына салықтық бақылау жүргізу қағидаларын айқындайды. Мемлекеттің салықтық қызметінің негізгі бағыттары: 1) салықтар мөлшерін белгілеу; 2)мемлекеттің салықтық құрылымын айқындап, оның қалыпты қызметін қамтамасыз ету; 3)салықтық міндеттемелердің орындалуын бақылау; 4)салықтың төленуін қамтамасыз ету, төленбеген жағдайда күш қолдану; 5)салық заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту негіздерін белгілеу; Салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеу мен өтеудің негізгі принциптері:

1) Салықтар мен басқа да төлемдердің жалпыға міндеттілігі;

2) Салықтар, міндетті төлемдердің мөлшерінің нақтылық принципі;

3) Салықтық міндеттемелерді белгілеудің әділеттілік принципі, салықтар мен басқа да төлемдерді белгілеу мен өтеуде ешкімге жеңілдіктер қарастырылмайтындығынан және берілмейтінінен көрінеді;

4) ҚР салық жүйесінің біртұтсатығы принципі, белгіленген салықтар мен міндетті төлемдер бүкіл Қазақстан территориясында жалпыға бірдейлігі;

5) Салықтардың жариялылық принципі, салықтар мен басқа ды төлемдер туралы заңдар міндетті түрде баспасөз беттерінде жариялануы;

Салық құқығының әдістеріне императивтік (өктем-әмірлі) және диспозитивтік әдістер жатады.Осы жерде, салық салу аясында мемлекет тарапынан баса қолданылатын әдіс императивтік әдіс болып табылады.

Салықтар – жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында заң негізінде және заңда белгіленген мөлшерде және уақытта заңды немесе жеке тұлғалардан алынатын қайтарымсыз, ақысыз, міндетті төлем. Салықтар экономикалық категориялардың бірі болғандықтан мына қызметтер оларға тән болады:

-фискальдық қызметі;

-қайта бөлу қызметі;

-реттеуші қызметі;

-бақылау қызметі.

Қазіргі кезде Қазақстан аумағында алынатын салықтардың түрлеріне:

1.карпорациялық табыс салығы;

2.жеке табыс салығы,

3.қосылған құн салығы;

4.акциздер;

5.жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары;

6.әлеуметтік салық;

7.жер салығы;

8.көлік құралдары салығы;

9. мүлік салығы жатады.

Жеке салықтар – салық төлеушінің табыстарына салынатын салықтар. Салық субъектісіне қарай салықтар: жеке тұлғаларға салынатын салықтар және заңды тұлғаларға салынатын салықтар болып бөлінеді. Аумақтық деңгейіне байланысты салықтар: жалпы мемлекеттік және жергілікті болып бөлінеді. Жалпы мемлекеттік салықтар республикалық бюджетке, ал жергілікті салықтар жергілікті бюджетке кіреді. Реттеуші салықтар бюджеттерді реттеу мақсаты мен жыл сайын әр түрлі бюджеттерге ауысып отырады. Пайдалану сипатына қарай салықтар: жалпы және мақсатты салықтар болып бөлінеді. Жалпы салықтар бюджетке төленгеннен кейін барлық бюджеттік кірістермен араласып пайдаланғанда нақты іс- шараларға қатыссыз жұмсалады. Мақсатты салықтар нақты іс – шараларға жұмсалады. Мақсатты салыққа мысал - әлеуметтік салық. Сонымен, Салықтар мен өзге деміндетті төлемдердің арасындағы ерекшелік салықтар баламасыз болса, алымдар мен баждар және төлемдер біршама - баламалы (қызмет көрсетілгені немесе құқық берілгені үшін) болып табылады.Қазақстан Республикасында салықтардан басқа міндетті төлемдер: алымдар, баждар, төлемақылар алынады.

Алымдар- мемлекеттік құзырлы органдар тарапынан өтінуші-келуші тұлғаларға көрсетілген тиісті қызметтер мен берілген құқықтар,рұқсаттар үшін сол заңды немесе жеке тұлғалардан алынатын мақсатты-бағдарлы, біршама-баламалы, міндетті ақшалай төлемдер.Алымдарға,заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алым тағы басқалар жатады.

Баждар- арнайы мамандандырылған құзырлы органдар тарапынан өздеріне өтінуші – келуші тұлғаларға қатысты жасалған заңи маңызы бар белгілі бір іс – қимылдар және берілген ресми құжаттар үшін сол заңды немесе жеке тұлғалардан алынатын біршама – эквивалентті, міндетті ақшалай төлемдер. Мемлекеттік баждар төмендегідей бөлінеді: маусымдық; демпинкке қарсы; өтемдік; кедендік баждар.

Төлемақылар –мемлекеттік құзырлы органдар тарапынан өздерінен өтінішпен келуші тұлғаларға көбінесе материалдық көрініс табатын, айрықша сипатта пайдалынатын белгілі бір объектілерді, немесе соларға байланысты рұхсаттарды, құқықтарды бергені үшін сол заңды немесе жеке тұлғалардан алынатын біршама – баламалы, міндетті ақшалай төлем. Қазақстан Республикасындағы төлемақылардың түрлері: жер учаскілерін пайдаланғаны үшін төлемақы; қоршаған ортаның ластанғаны үшін төлем ақы; су- ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы; орманды пайдаланғаны үшін төлемақы; сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақылар тағы сол сияқтылар. Салық төлеушінің құқықтары:

1) салықтар және басқа да төлемдер туралы ақпарат алуға;

2) өз өкілі немесе салық консультанты арқылы өз мүддесін қорғауға;

3) салықтық тексерудің қортындыларымен танысуға;

4) бюджетке төленген салықтары туралы есептің көшірмесін алуға;

5) салықтық орган қызметкерлерінің қызметіне және салықтық тексерудің нәтижесіне наразылық білдіруге;

6) салықтық құпияны сақтауды талап етуге;

7) салық мөлшерін белгіленуге және оны төлеуге қатысы жоқ құжаттарды көсетпеуге құқы бар.

Салық төлеушінің міндеттері:

1) салықтар және басқа да міндетті төлемдерді заңда көрсетілген мөлшерде және уақытында төлеуге;

2) салық органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орандауға,

3) Салық салу объектісі болып табылатын мүлікті салық қызметкерлерінің талабы сай көсету, құжаттарын тексертуге;

4) салық кодексінде көрсетілген талаптарға сай салық төлегені туралы есеп беруге;

5) сауда мен қызмет көсету кезінде тұтынушылармен есеп айырсуда кассалық аппаратпен чектер беру арқылы жұмыс істеуге міндетті.

Салық агентінің міндеттері: 1)заңда көсетілген мөлерде және уақытында салық мөлшерін анықтау; 2) төленгент салықты бюджетке аудару;3) әрбір салық төлеуші және оның төлеген салығы туралы есеп жүргізу; 4) салық органдарына өз жұмысы туралы есеп беріп отыру;

Салық агентінің міндеттері: 1)заңда көсетілген мөлерде және уақытында салық мөлшерін анықтау; 2) төленгент салықты бюджетке аудару;3) әрбір салық төлеуші және оның төлеген салығы туралы есеп жүргізу; 4) салық органдарына өз жұмысы туралы есеп беріп отыру;




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 121 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав