Читайте также:
|
|
Әкімшілік құқық қоғамдық қатнастарды реттейтін, мемлекеттің басқару қызметін жүзеге асыруға қажет, оның бірізділік жұмысын қамтамасыз ететін құқық саласы болып табылады. Әкімшілік құқық азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысуларының құқықтық және ұйымдық нысандарын бекітеді және өклетті органдар мен лауазымды адамдар, жеке азаматтар үшін тиісті мінез-құлық ережелерін бекітеді. Әкімшілік құқық нормалары экономика саласында (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, күрделі құрылыс, көлік пен байланыс, сауда, қызмет көрсету т. б.)әлеуметтік- мәдени салалардағы (білім, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым, спорт т. б.), әкімшілік саяси құрылыстағы (қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, сырқы істер, ішкі істер т. б.) мемлекеттік басқаруды ұйымдастыруға байланысты пайда болатын басқару қатнастарын реттейді. Сондықтан әкімшілік құқықтың пәнін басқарушылық қоғамдық қатнастар, яғни атқарушы билікті нақтылы жүзеге асыруда пайдаланылатын қатнастар құрайды. Әкімшілік құқықтың мақсаты- жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін, жек меншікті, қоршаған ортаны, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, мемлекеттің билікті жүзеге асыруының белгіленген тәртібін құқық бұзушылықтан қорғау. Әкімшілік құқықтың дерек көздеріне: ҚР Конституциясы, конституциялық заңдары, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі», Қазақстан Республикасы Президентінің, Праламентінің, Үкіметінің, жергілікті басқару органдарының актілері, әкімшілік соттық прецеденттер, әкімшілік шарттар т.б. жатады. Әкімшілік құқықтың пәніне:
- мемлекеттік атқарушы органдардың құрылуымен байлынысты қатнастар;
- әкімшілік билікті жүзеге асыру кезіндегі мемлекеттік атқарушы органдардың азаматтармен, түрлі ұйымдармен қатнастары;
- әкімшілік құқық бұзушылық пен әкімшілік жауаптылық т.б. жатады.
Әкімшілік құқықтың әдістері; өктемдік ету, міндеттеу, мәжбүрлеу, тыйым салу, рұқсат ету.
Әкімшілік-құқықтық нормалардың түрлері:
1.Мазмұны жағынан материалды және процессуалды болып бөлінеді. Материалды нормалар - әкімшілік-құқықтық қатнасқа қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін, жауапкершіліктерін айқындайтын нормалар. Процессуалды нормалар – материалдық нормаларды жүзеге асырудың тәртібін айқындайды.
2.Нысаны бойынша: міндеттейтін, тыйым салатын, рұқсат ететін, ынталандыратын, ұсынылатын нормалар болып бөлінеді.
3. Кеңістіктегі ықпалы бойынша республикалық және аумақтық болып бөлінеді.
4.Салалық жағынан салааралық және салалық, локальдық нормалар болып бөлінеді.
Әкімшілік құқықтық қатнастарда бір жақтың екінші жаққа үстемдігі байқалады. Әкімшілік құқықтық қатнастар вертикальді және горизантальді болып бөлінеді. Вертикальді қатнастарда жоғарыда айтылған әдістер қолданылса, гоизантальді құқықтық қатнастарда тараптардың теңдігі сақталады. Әкімшілік құқықтың қайнар көздеріне: Конституциясы, әкімшілік құықтық нормалар бар заңдар, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі», басқа да салалық кодекстер Қазақстан Республикасы Президентінің, Праламентінің, Үкіметінің, жергілікті басқару органдарының актілері, әкімшілік соттық прецеденттер, әкімшілік шарттар т.б. жатады.
Әкімшілік құқықтық қатнастар - әкімшілік құқықтық нормалармен реттелетін, атқарушы биліктің аясындағы қоғамдық қатнастар.
Әкімшілік құқықтың негізгі институтының бірі – мемлекеттік басқару Мемлекеттік басқару – бұл мемлекеттік билікті, мемлекеттік өкілеттілікті жүзеге асыру жөніндегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының қызметі. Мемлекеттік басқару атқарушы биліктің тармағымен жүзеге асырылады. Атқарушы билік ұйымдастырушы-басқарушылық, атқару- үкім ету функцияларын жүзеге асырады. Іс жүзінде бұл қызметтерді тек атқарушы органдар орындайды. Атқарушы билік органдары қызметінің негізгі бағыттары: болжау, жоспарлау, басқарушы және басқарылушы жүйелерді ұйымдастыру, құқықтық реттеу, бақылау, әдістемелік басшылық жасау т.б.
Атқарушы органдардың бөлінуі:
1. Қызметінің көлемі бойынша республикалық және жергілікті болып бөлінеді
2. Құзіретінің сипатына қарай: жалпы құзіретті, салалық құзіретті және салааралық құзіретті органдар болып бөлінеді;
3. Мәселелерді шешу тәртібі бойынша органдар алқалы және дарабасшалақ болып бөлінеді.
Әкімшілік құқықтың тағы бір институты – мемлекеттік қызмет.
Мемлекеттік қызмет –мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік органдардағы міндеттерін, қызметтірін мемлекеттік билікті жүзеге асыруға бағытталған қызметі. Мемлекеттік қызмет мәселелері Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» заңымен (23.07.1999 ж.) реттеледі
Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 220 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |