Читайте также:
|
|
«Мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, басқарудың белгіленген тәртібіне қиянат жасайтын, сол үшін заңдармен әкімшілік жаза көзделегн заңға қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсыз) әрекет немесе әрекетсіздік әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады (ӘҚтБК 9- бабы), Әкімшілік құқық бұзушылық ҚР 2001жылы 30 қаңтарда қабылданған «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексімен» реттеледі.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері: құқыққа қарсылығы, кінәлілігі, әкімшілік жазалануы. Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектісі болып заңда әкімшілік теріс қылық ретінде көрсетілген әрекетті жасаған адам танылады. Әкімшілік жауаптылыққа ҚР ӘҚБтК бойынша 16 жасқа толған жеке тұлға және заңды тұлғалар: мемлекеттік және мемлекеттік емес, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар тартылады. Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамына (элементтеріне): объект, объективті жағы, субъект, субъективті жағы жатады. Көрсетілген төрт элементтің ең болмаса біреуінің болмауы құқық бұзушыны әкімшілік жауапкешілікке тартуға мүмкіндік ермейді. Әкімшілік құқық бұзушылық әкімшілік жауаптылықты туындатады.
Әкімшілік жауаптылық- әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жеке және заңды тұғаларға мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар тарапынан қолданылатын әкімшілік-құқықтық санкцияларды қолдануы. Заң бойынша әкімшілік жауапкершіліктің мынандай түрлері белгіленген: әкімшілік, тәртіптік және материалды. Әкімшілік жауапкершіліктің белгілері:
1) Мемлекеттің әкімшілік құқық бұзушылыққа қарсы жауап шарасы болып табылады.
2) Құқық бұзушыны тәрбиелеу шарасы болып табылады.
3)Құқық бұзушының ар-намысын таптау және тән азабын тартқызу мақсатын көздемейді
Әкімшілік жаза- заң мен уәкілеттілік берілген органдар әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қолданатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Әкімшілік жазаның түрлері ӘҚБтК айқындалған.
Әкімшілік істерді мынандай органдар қарайды:
-соттар;
-кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссиялар;
-мемлекеттік инспекциялар және т.б. құзырлы органдар (өрт сөдіру қызметі, салық, қаржы полициялары т.б.)
Әкімшілік процесс немесе әкімшілік іс жүргізу- әкімшілік істерді қараудың белгіленген процессуалдық әрекеттерін, сатыларын, кезеңдерін жүйелі түрде жүзеге асыру болып табылады.Әкімшілік процесстің негізгі ұағидаттары (принциптері):
1)Заңдылық қағидаты, әкімшілік құқық бұзушылық үшін қолданылатын шаралар тек әкімшілік кодекспен белгіленеді;
2)Сот құзіретінің ерекшелігі. Әкімшілік істерді қараудағы соттың құзіреті, оның юрисдикциялық шегі, сот төрелігін жүзеге асыру тәртібі әкімшілік кодексте белгіленген, оны өз бетінше өзгертуге болмайды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы қағидаттарды өзгеше бұзған жағдайда сот шешімдері заңсыз деп танылып өз күшін жояды;
3)Азаматтардың теңдігі. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамдар тегіне, ұлтына, әлеуметтік лауазымдық және мүліктік жағдайына қарамастан әкімшілік жауаптылыққа тартылуға тиісті;
4)Кінәсіздік презумпциясы. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған адам кінәсі дәлелденбейінше және судьяның, органның (лауазымды адамның) заңды күшіне енген қаулысымен белгіленбейінше кінәсіз деп есептеледі;
5)Кінә қағидаты.Тек кінәсі анықталған құқық бұзушылықтары үшін әкімшілік жауаптылықта болуға тиіс;
6)Қайта әкімшілік жауаптылыққа тартуға жол бермеушілік. Бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де екі рет әкімшілік жазаға тартуға болмайды;
7)Ізгілік (гуманизм) қағидаты. Құқық бұзушылық жасағанға әкімшілік жаза қолданғанда адамның қадір касиетін қорлауды жазаның мақсаты етіп қоюға болмайды;
8)Жеке басқа қол сұқпаушылық.Тек әкімшілік кодексте белгіленген негіздерде және көзделген тәртіппен ғана азаматтарды ұстауға, жеке заттарын тексеруге, қамауға алуға т.б. шараларды қолдануға болады.ӘҚБ туралы іске қатысушыларды қатыгездік немесе адамның қадір қасиетін қорлайтын әрекеттерге ұшыратуға ешкімнің хақысы жоқ;
9)Жеке бастың ар-ожданы мен қадір-қасиетін құрметтеу. Адамның жеке өмірі туралы және құпия сақталуы қажет деп есептейтін мәліметтерді әкімшілік кодексте көзделмеген мақсаттарда жинап пайдалануға жол берілмейді. Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттері, адамға келтірген моральдық залал заңда белгіленген тәртіппен өтелуі тиіс;
10)Жеке өмірге қол сұқпаушылық. Хат жазысу, телефонмен сөлесу, поштамен телеграф арқылы және өзге де хабарлар алысу құпиясы. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуде осы құқықтарды шектеуге тек заңмен тікелей белгіленген жағдайларда, және заңда көрсетілген тәртіппен жол беріледі;
11)Меншікке қол сұқпаушылық. Меншікке конституциямен және заңдармен кепілдік берілген. Ешкімді сот шешімінсіз өз мүлкінен айыруға болмайды. Ол әкімшілік кодексте көзделгн жағдайларда ғана жүргізіліуі мүмкін;
12)Судьялардың тәуелсіздігі. Соттардың сот төрелігін іске асыру жөніндегі қызметіне қандай да болмасын араласушылыққа жол берілмейді;
13)Іс жүргізу тілі. ҚР ӘҚБ туралы істер мемлекеттік тілде жүргізіледі. Қажет болған жағдайда орыс тілі немесе басқа тілдер мемлекеттік тілмен тең қолданылады;
14)Куә айғақтарын беруден босату. Ешкім өзі өзіне жұбайына және заңда көрсетілген шектегі туыстарына қарсы айғақтар беруге міндетті емес;
15)Білікті заң көмегін алуға құқықтарды қамтамасыз ету;
16)Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізудің жариялылығы. Соттар мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар ӘҚБ туралы істерді ашық түрде жүргізеді. Заңға сәйкес мемлекеттік құпия мәліметтерге қатысты істер және коммерциялық, отбасылық, азаматтардың жеке өмірінің құпияларын сақтауды сұрап өтініш білдіргенде ғана жабық түрде өтеді
17)Іс жүргізуде қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Істі жүргізуде қауіпсіздікті сақтау мақсатында оған катысушыларды тексеру жүргізіледі;
18)Іс жүргізу іс әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану бостандығы. Іс жүргізу іс әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану кодексте белгіленген.Заң бойынша істі қайта қаратуға құқы бар.
19)Адамның құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін сот арқылы қорғау. Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқығы бар;
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қараудың төрт сатысы бар:
1)Әкімшілік тергеу жүргізу. Бұл сатыда әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталады.
2)Істі қарау. Уәкілдігі бар орган (немесе лауазымды адам) істі қарап қаулы қабылдайды
3)Қаулыны қайта қарау. (факультативті саты) Қабылданған шешім бойынша азаматтың шағымы немесе прокурордың наразылығы болған жағдайда қаулыны күшінде қалдырумен, оны өзгертумен немесе бұзумен аяқталады
4)Қаулыны орындау. Қаулыны қабылдағаннан немесе шағым мен наразылықты қарағаннан кейін- ақ бірден басталады.
Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 240 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |