Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Нарықтың мәні, қызметі мен құрылымы.

Читайте также:
  1. Аржының мәні, функциялары және рөлі
  2. Бейнелеу қызметіне, құрастыруға үйрету кезінде пайдаланылатын тәсіл
  3. Дәріс. Музей қызметін жоспарлау.
  4. Дәріс. Музей жарнамасының маркетингтік құрылымы.
  5. Дәріс. Музей маркетингінің маңызы мен құрылымы.
  6. Дәріс. Музейдің ғылыми қызметін ұйымдастыру.
  7. Дәріс. Музейдің жұмысының эконономикалық қызметі.
  8. Жалпы құрылымы және қызметі.
  9. Жалпыдан жалпыға өтудегі ойлау процесінің қызметі
  10. И.Г.Песталоццидің педагогикалық қызметі.

Тақырып. Нарықтың әлеуметтік – экономикалық мазмұны.

 

Экономиканы ұйымдастырудың нарықтық сипаты.

 

 

«Меншік теориясы мен экономикалық жүйе моделдері» тақырыбында адамның қоғамда өмір сүру тарихында экономиканы ұйымдастырудың келесі моделдері қалыптасқан:

а) жоспарлы- нұсқаулы; (синонимы: мемлекеттік, яғни этатисттік, әкімшілік- әміршілдік);

б) нарықтық;

ол өз кезеігінде былай бөлінеді:

- нарықтағы еркін бәсекелестік;

- аралас;

- нарықтық эәконмиканың әлеуметтік араласа бағыты.

Жоспарлы- нұсқаулы экономика жағдайында шаруашылықты ұйымдастырудың әкімшілідік - әміршілдік механизмі өндіруші үстемділігіне негізделген. Мұндай жағдайда нарықтық инструмент қажет емес.

Тауар өндіруші мен тұтынушылардың арасындағы шаруашылық байланысы орталық орган арқылы жоспардың көмегімен жүзеге асады. Жоспарлы моделде барлығы ертерек есептелініп, бар позиция бойынша алдын – ала баланс жасалады. Орталықтың жоспарлаушы органдары нұсқау түрде төменгі ұйымға нені өндіруді және кімге, қандай бағамен өндіруді анықтап береді.

Орталықтан бекітілген қор бойынша материалдық ресурстарды жоспарлы бөлу экономиканың осындай моделінің негізі болып табылады. Шаруашылықты осындай модельмен ұйымдастырудың бірнеше олқылығы бар:

біріншіден, барлық шаруашылық мәселелерін жоғарыдағы бюрократтық инстанция арқылы шешу. Олардың келісімн алуға көп уақыт кетіп, сол кезде жағдай мүлде өзгеріп, мәселені шешу мүмкін болмай қалуы немесе дұрыс шешім қабылданбайды;

екіншіден, жоспарлы тұтыну және өнімге бекітілген баға ғылым мен техниканың жетістігін ендіруге, өндіріс шығынын төмендету мен ресурстарды үнемдеуге жағдай жасай алмайды;

үшіншіден, тауар өндірушілердің материалдық ресурстар мен өнімнен алшақтауы қоғамдық өндіріс тиімділігінің төмендеуіне, оның қарқыны мен даму деңгейінің құлдырауына алып келеді.

Нарықтық үлгіге негізделген экономика шаруашылықты ұйымдастыруды былай жүзеге асырады: жеке тұтыну мен өндірушілер нарық арқылы өзара іс - әрекет жасап, экономикадағы басты үш мәселені шешуді мақсат етеді: нені, қалай және кімге өндіруді жүзеге асыру қажеттілігі?

 

Нені өндіру? Тұтынушы кез келген тауарды таңдау арқылы өз дегенін жүргізеді. Егер сатып алушы белгілі тауар түрін көптеу алатын болса, онда ол тауарға баға өседі.

Бағаны көтеру тауар өндіруші өндірісін ұлғайтуды қалыптастырады. Мұндай механизмнің қалыптасуы экономикалық тәртіпке шақырып, бірақ ретсіздікке жүгіне анархияға жол бермейді. Нарықтық шаруашылқ механизмінің іс әрекеті автоматты сипат алып: тауарға сұраным өссе, баға көтеріледі және тауар өндіруші өндірісі көлемін ұлғайтады.

Қалай өндіру? Тауар өндірушінің өзара бәсекелестігімен анықталады. Баға бәсекелестігін жеңіп, белгілі пайда алу үшін тауар өндірушінің бірғана соқпағы бар – арзан әрі сапалы өнімді шығару. Мұндай өнім қандай тауар өндірушіде болмақ? Әрине, өндірісте ҒТП элементін кең қолдануды ұйымдастырған, ресурсты үнемдеген, білікті кадрлары бар тауар өндірушілер болады. Нарық өндіріске ҒТП- ті ендіріп, тұтынушыға баға мен сапасы көңілінен шығатын өнімді шығаруға өндірісті барынша итермелейді.

Кім үшін өндіру? Бұл құбылыс сұраным мен ұсынымның арақатынасымен байланыстырылып түсіндіріледі. Нарықта тұтынушының саны мен құрылымы, оның табыс деңгейі және т. б.

Нарықтық үлгі кезінде экономиканы кім басқарады? Экономиканы тұтынушы сұраным мен техникалық прогресс деңгейінің дамуын реттеу арқылы рыноктық механизм басқарады. Осы үш мәселе «Нені өндіру керек», «Қалай өндіру керек», «Кімге өндіру керек» экономикалық жүйенің деңгегі болып табылады, бірақ оларды шешу әртүрлі жолмен жүзеге асады.

Нарығы дамыған елдер ғалымдарының пайымдауынша, «таза күйінде» экономиканы ұйымдастырудың әміршілдік әрі нарықтық моделі ешқашан болмайды.

Олардың айтуынша, нарықтық экономикасы дамыған елдерде аралас модель қызмет жасайды. Сондықтанда онда жеке және қоғамдық институттар экономикалық бақылауды жүзеге асырады: жеке жүйе басқаларға байқатпай нарықтық механизмді бағыттаушы, әкімшілдік реттеу мен салықты ынталандыру арқылы қоғамдық институттар ниеттерін жүзеге асырады.

Нарық – қоғамдық тұтыну мен өндірісті келістірудің тиімді механизмі. Сондықтан ол әлемдік өркениеттің басты жетістігі болып табылып, адамзат ойының математика, гендік инженерия, электроника сияқты жаңалықтарымен салыстыруға болады.

«Таң ғажайып» неміс экономикасының авторы, профессор Людвиг Эрхард «Барша жанға әл-ауқаттылық» (1956 ж) еңбегінде былай деген: «Нарықтық шаруашылықтың кез-келген жоспарлы шаруашылықтан артықшылығы сол, нарықтық шаруашылықта күнде, сағат сайын икемделу процесі жүреді. Ол ұлттық өнім мен ұлттық табыстың, сұраным мен ұсынымының арақатынасын дұрыс жолға қойып, тепе – теңдікке келтіреді».

Алайда, нарықтық механизм идеалды емес. Оның де келеңсіз жақтары баршылық:

- әлеуметтік жіктелу,

- кәсіпорынның банкроттығы мен жұмыссыздық, бұнымен байланысты;

- дәрменсіздерге қаталдығы;

- кәсіпорынның банкроттығы мен жұмыссыздықдық дәрменсіздігінен әлсіз әлеуметтік қорғалу.

Бұл келеңсіздіктер оның жетістігімен көмкеріліп отырады. Қоғам нарықтық қатынастардың келеңсіз салдарын амортизациялауды үйреніп, оны бағаны реттеу, салық жүйесі негізінде табысты қайта бөлудің үйлестірудің көмегімен іске асырады. Сондай-ақ бюджеттік қаржыландырудың арқасында жұмыскерлердің біліктілігін артырып, жұмыссыздарға жәрдемақы және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін қалыптастырады.

Нарық күрделі экономикалық категория бола тұра өзімен өзі болған емес. Ол белгілі және нақты әлеуметтік- экономикалық жағдайда өмір сүреді және көптеген факторларға тәуелді:

Әлемдік практика нарықтық экономиканың үнемді қалпыстауысн келесі жағдайлармен дәлелдеді:

- а) меншік түрлерінің көп болуы;

- б) нарықтағы шаруашылық субьектілерінің қойылатын экономикалық жауапкершілікке сай с болып, тәуелсіз әрі өз-өзінше болуы;

- в) тауар өндірушілер мен сауда делдалдарының бәсекелестігі (аз дегенде 5-7 бәсекелес);

- г) белгісіз нарыққа өнім шығару;

- д) өнімге бағаны контрагенттердің қою құқықтығы;

- е) керекті инфрақұрылымның болуы.

 

Нарықтың мәні, қызметі мен құрылымы.




Дата добавления: 2015-01-30; просмотров: 181 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

<== 1 ==> | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.013 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав