Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Нарықтық экономикадағы адам.

Читайте также:
  1. Бәсекелестік нарықтық орта жасау.
  2. Нарықтық қатынастар жүйесіндегі инвестициялардың экономикалық мазмұны сыныптамасы және рөлі
  3. Нарықтық инфрақұрылым.
  4. Фирманың мәні және оның мироэкономикадағы алатын орыны
  5. Халықаралық экономика нарықтық экономиканың жалпы теориясының құрамдас бөлігі

Экономикалық ұйымдардың нарықтық жүйеге өтуіне байланысты ғалымдар адамға нарықтық экономика субъектісі ретінде назар аудара бастады. Қоғамның экономикалық өміріндегі адамның ролі әрқашан философтар мен экономистердің, ежелгі грек ойшылдары Аристотель, Ксенфант, Платоннан бастап назарын өзіне аударды. Әсіресе, Аристотель "адам- өзінің әртүрлі қажеттілігін қанағаттандыруға ғана ұмтылатын субъект " деп санады.

Классикалық экономикалық мектептің негізін қалаушылар А.Смит (1723-1790 жж) және Д.Рикардо (1772-1823жж) жұмыстарынан нарықтық экономикадағы адамға экономикалық сипаттауға мүлдем қарама-қайшы көзқарасты көреміз. Әсіресе, Смит нарық жағдайындағы адамның мінез-құлқын екі негізгі сызықпен сипаттаған.

- еңбек бөлінісі нәтижесінде адамның айырбасқа жақындығы;

- өзінің жағдайын жақсартуға үнемі ұмтылыста болатын, эгоистігін, жеке мүдделілігін. Экономикада адам өзіне пайдалы жағын іздейді, қоғамға пайдалы жағын емес.

 

Ф.Визер, К.Мангер, У.Джовенсонның теоретикалық мектептерінде, маржинализм мектептерінде "marginal" ағылшын тілінен аударғанда "шекті" дегенді білдіреді, яғни адам артықшылықтары бар оптимизатор:

- адамның аса үлкен пайдалылыққа немесе пайдаға және барынша төмен ысырап, шығын жасауға ұмтылуы;

- мақсатына қол жеткізудің жолдарын салысытыра отырып, оның ішінде тиімдісін таңдауға қабылеттілігі;

 

К.Маркстің (1818-1883 жж) еңбектерінде адамды қоғамдағы барлық әлеуметтік- экономикалық қатынастардың субъектісі ретінде атап көрсетеді.

Әлеуметтік бағытқа сипат алған аралас нарықтық экономиканың негізін қалаушылар, неміс ғалымдары Л.Эрхард (1897-1977 жж) пен В.Ойкен (1891-1950 жж), адам- қоғамның басты мақсаты деп тұжырымдама жасады. Адам экономика үшін емес, экономика адам үшін.

Сөйтіп, адам нарықтық экономиканың талдауында маңызды орын алады.

Алайда қазірге дейін экономикалық теорияда нарықтық экономиканың негізгі субьектілері: адам, үй шаруашылығын, фирма мен үкімет төрт тобы емес, тек үш топ : үй шаруашылығын, фирма мен үкімет, яғни біздің қарайтынымыз.

Бұл субьектілер бір – бірімен ресурс нарығында, қаржы мен тұтыну нарығында өзара іс - әрекет жасап, шығыс пен кірісті айнаылым жасайды. Мұның өзі кестелік түрде 24-1 суретте көрсетілген.

Үй шаруашылығ материалдық (жер мен капитал) және адами (еңбек пен кәсіпшілдік) ресурстарды өткере (өткізу) отырып, оларды фирмаларға нарық ресурстары арқылы ұсынады. Соңғылары тауар өндірісін е қажетті сұраным ресурстарын талап етеді. Сұраным мен ұсыныстың өзара іс- әрекеті әрбір ресурс түріне нарықтық бағаны белгілейді.

Үй шаруашылығы тұтыну нарығында тауарға сұраным жасай отырып, ресуртарды сатудан алынған табысты қажетті өнім мен қызмет жасауға жұмсайды. Ал, фирмалар өз өнімін өткере отырып, ақшалай табыс алады.

Үй шаруашылығы тапқан табыстың барлығын өнім сатып алуға жұмсамайды, белгілі бөлігін жинайды (қор) және ресурстар мен салықты төлеуге жұмсайды.

 

 

24-1 сурет. Табыс пен шығындардың айналуы.

Фирмалар өндіріс ресурстарын біріктіреді және қозғалысқа келтіреді, өнім шығарады, қызмет көрсетеді және осы тауарды ұсынады. Оларды нарыққа сату фирманың ақшалай табысын қалыптастырады. Үй шаруашылығы сияқты фирмалар да алынған табысты (өткеруден түскен табыс) ресурстарды төлеуге толық жұмсайды. Фирмалар үй шаруашылығындай қажетті салықтарды төлейді, инвестицияны жүзеге асырады және т.б.

Табыс пен шығындардың айналуы үкіметке кәдімгідей әсер етеді және ол елді мемлекеттің басқару қызметін жүзеге асырып, экономиканы әр деңгейде- жалпы мемлекеттен аймаққа дейін – реттеп отырады.

Үкімет фирмадан салық алып жеке кәсіпорындарға дотация, субсидия береді және кәсіпкерлерден қажетті ресуртарды сатып алады. Үкімет халықты жұмыспен қамту саясатын жүргізіп, ұлттық өнімнің құрылымы мен динамикасына, инфляция деңгейіне әсер етіп, табыстарды үлестіреді.

Салықтан түскен ақшалай қаржыны шоғырландырып, үкімет жалақыны, трансферттік төлемдерді төлейді.

(Трансферттік төлемдерді (мемлекеттік зейнет ақы, табысы аздарға көмек ақы, жұмыссыздарға жәрдем ақы)

Құқықтық негізде қамтамасыз етіп, экономиканы тиімді дамыту үшін мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынады.

Демек, табыс пен шығындардың шеңбер айналымы үнемі қозғалыста болып, теңгеріледі. Түпкі нәтижеде өндірістің жалпы көлемін байқатып, тұрғындардың жұмыстылығы мен табысы көрсетіледі.




Дата добавления: 2015-01-30; просмотров: 122 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | 2 | 3 | <== 4 ==> | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав