Читайте также: |
|
Ел болам десең, бесігіңді түзе. Бұл ұлағатты ұғым адамды ең алдымен салт-дәстүр мен ұлттық болмысымызға тән қасиеттерді қадірлеуге жетелейді. Келер күннің алтын таңын күтіп бүгінгінің азабынан безінсең де, өткен күннің сағымға айналған сәтін қайтара алмас, ғажайыбы мол ертең де. Ертеңгіміз бүгінгі күннің өмір таразысы. Оның өткенге салар салмағы тағы бар. Салмағын ауыртпашылығын көтерген иықтың иесі ғана білер. Кешегінің өзек өртер өкініші, бүгінгіге кесірі шырмау болып алға жылжытпаса, онда оның ертеңгісі елестей болған тәтті қиял.
Еліміздің егемендіктің ірге тасын қалағанына бір шама уақыт болғанымен, шешілетін істің әлі қырауыр бөлігі алда. Дегенмен адымдап болса да, шешіліп келе жатқан мәселенің бірі адамзат үшін алтынмен бара-бар болған денсаулықтың мәселесі. Барлық денсаулық сақтау орталығы болған мекемелердің басты мақсаты мен міндеттері адамдарға тікелей байланысты ол түсінікті де.
Уақыт -алтыннан қымбатУақыт алтыннан қымбат. Неліктен олай айтылған? Өйткені адам уақытты сезінгенде ғана өзін-өзі қадағалап отырады. Өзіне бағыт белгілейді. Халықтың тіршілігі, мәдениеті, тарихы, сол тарихтағы өзгерістер уақыттан тыс бола алмайды. Адамзаттың дамуы да уақытқа байланысты. Уақыт кері жүрмейді, қаншама тарихи өзгерістердің бәріне куә - уақыт. Сондықтан біз “уақыт – алтынды” бағалай білейік. Уақыт қашанда адам баласы үшін қымбат ұғым. Өйткені адам белгілі бір уақытта жаратылды, уақытша жаратылды. Уақыт бізге емес, біз уақытқа тәуелдіміз. Уақытты қалаған кезімізде ұзартып, қалаған кезімізде қысқарта алмаймызУақыт қашанда адам баласы үшін қымбат ұғым. Өйткені адам белгілі бір уақытта жаратылды, уақытша жаратылды. Уақыт бізге емес, біз уақытқа тәуелдіміз. Уақытты қалаған кезімізде ұзартып, қалаған кезімізде қысқарта алмаймыз. «Уақыт өлтірейік, өткізейік…» деген сияқты сөздерді көп естиміз, өзіміз де айтып жүреміз. Уақытты біз өлтіре алмаймыз. Уақытты босқа өткізу – үлкен шығын. Өзегіңді өртер өкініш те, балдай тәтті бал-ғұмыр да уақытқа байланысты. Абай атамыз «өмір – мұхит, уақыт — толқын» деген. Толқын кейде қатты, кейде ақырын болуы мүмкін. Шынымен солай, уақыттың да сәтті, сәтсіз кездері бар сияқты. Сәтсіз кездерде жан-жараға уақыт емші. Өмірдің сұр бұлты төнгенде бойыңа күш жинап, қалпыңа келуге мүмкіндік беретін – сиқырлы уақыт. Әр адамға дәм тұзы таусылғанша сүрер өмірі бар. Осы өмірі пенденің не пайдасына, не зиянына шешіледі. Ал біздердің өз уақытымыз былай тұрсын, басқалардың уақытымен де санаса бермейтін кезіміз болады. Мысалы, шақырылған жерге 2-3 сағат кешігіп келіп жайбасарлық танытып жатуымыз, өзгенің алтын уақытын ұрлаумен бірдей болса, бір шаруаны бірер аптада, не біраз күннің ішінде деп жобалай салуымыз әсіресе, Алланың берген аз уақытын ысырап етумен бірге өз ісімізге деген жауапкершілігіміздің төмен екенін көрсетеді. Бірде «Мені жарты сағаттан кейін оятыңыз», – деп көз ілмек болған Эйнштейнді қызметшісі біраз тынықсын деген жанашырлық оймен бір сағаттан кейін оятса керек. Тұра сала жалма жан сағатына қараған ғалым уақытында оятпаған қызметшісіне: «Жарты сағатымды қайтарып беріңіз», – деп ренжіген екен. Cөйтіп, ол да уақытты үнемдеуді білді екен. Уақытты қалай үнемдеу керек?Уақытты үнемдеудің тәсілдері
1 Өз жұмыс үстеліңізді ыбырсытпаңыз. Қалай болса солай жатқан заттар назарды дұрыс нәрселерге аударға кедергі болады. ((Назарды өзіне тартып отырады.))
2 Уақытты бағалаңыз. Ол да біздің қолымыздағы байлықтың бір түрі.
3 Немен айналысу керектігін күнделікті біліп отыру үшін істелінуге тиісті істердің тізімін жасап отыр.
4 Мүмкін болған жағдайда жұмысты басқаларға тапсыру керек.
5 Сіз айналысуға тиісті емес жұмыс болса, оны істеуден бас тартыңыз.
6 Табанды болыңыз. Басқалардың сіздің уақытыңызды алып, ысырап етулеріне жол бермеңіз.
7 Жұмысты бітіретін мерзімді өз күшіңіз бен мүмкіндігіңізге қарап белгілеңіз. Өте қысқа уақыттың ішінде бітіремін деп орындалмайтын уәде беруден аулақ болыңыз.
8 Тек өз жеке басыңызға ғана арналған уақыт бөліңіз. Бұған сіздің хақыңыз бар.
9 Сізбен тіке байланыса алатын адамдарды белгілеңіз. Тек шынында соған мұқтаж адамдарға ғана сондай мүмкіндікті беретін болыңыз.
10 Егер біреу сізбен жолыққысы келсе, одан неге керек болып қалғаныңызды сұрап алып, содан соң ғана онымен кездесуге тұра ма, тұрмай ма, соны шешіңіз.
11 Біреу сізбен кездесуге келгенде, оны орныңыздан тұрып қарсы алыңыз.
12 Адамдарға мейірімді, бірақ уақытты жұмсауға сараң болу керек.
13 Кездесуді кейінге қалдыруды ұсыныс етіңіз. Өз уақытыңызды тиімді қолдана біліңіз.
14 Кездесуді кездесетін адамның кабинетінде өткізіңіз. Сонда СІЗ ӨЗІҢІЗ ҚАЛАҒАН уақытта кете аласыз.
Дата добавления: 2015-01-30; просмотров: 149 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |