Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жастар - еліміздің болашағы

Читайте также:
  1. Жаһандану және жастар» деген тақырыпта шағын эссе жазыңыз.

Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеялармен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне лайықты үлес қосып келеді. Өйткені, олардың алдында үлгі алар аталары, әже-ағалары бар. Егемендік жолында көш бастаған да жалынды жастар еді. Болашақта ел тізгінін ұстайтын, еліміздің әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті, экономикасы дамыған, өркениет көшінен лайық орын алатын, еліміздің қарқынды дамуына өзіндік үлес қосатын қоғамның негізгі белсенді күші жастар екені сөзсіз. Соның ішінде осы жастарды біріктіріп, ұйымдастырып, елеулі күшке айналдырып отырған «Жас Отан» ұйымы екені де белгілі. Бұл ұйым күні бүгін біздің жастарымызға отаншылдықты, ұлтжандылықты, жауапты азаматтық ұстанымды, тілге деген құрметті қалыптастырады. Сол сияқты мемлекеттік рәміздерді, халқымыздың озық әдет-ғұрып, салт- дәстүрлерін, бай мәдени мұрасын сақтап қоймай, оларды дамытуда да өз үлестерін қосып келеді. Сондықтан да ел ертеңі-жастар үкімет, мемлекет тарапынан үнемі қолдау тауып келеді.Осындай алып күштің қоғамның белсенді бөлігіне айналуы үшін мейлінше жағдай жасалынып келеді деп айта аламыз. Өткен жылы ауданға жұмыс жасауға келген 34 жас маманға оларды қолдау үшін үкіметтен әрқайсысына 90720 теңгеден қаржы бөлінсе, үстіміздегі жылы да бізге келген 40 жоғары білімді жасқа әрбіреуіне 98910 теңге мөлшерінде көмек көрсетілді. Олардың 23-і жас мұғалімдер болса, 17-сі денсаулық сақтау саласының қызметкерлері.Сол сияқты «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы аясында 2009 жылы 24 жасқа дейінгі 129 жас тәжірибеден өтіп, кәсіби шеберлігін жетілдірсе, биыл 107 жас маман ауданның мекеме, кәсіпорындарында еңбек етті. Жастарымыздың жоғары немесе арнаулы білім алуына да көмек көрсетіліп келедіЖастар аудан экономикасының қай саласында да нәтижелі еңбек етіп жүр. Ежелден өнерлі, талантты жастарымен көзге түскен біздің ауданда алдыңғы толқын аға-аналардың жолын қуған жастар да жеткілікті.Жастарымызды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа баулу «Жас Отандықтардың» басты міндеттерінің бірі. Сондықтан, оқушы және жұмысшы жастардың соғыс және еңбек ардагерлерімен кездесулерінің тәрбиелік мәні аса зор.Мемлекетіміздің басшысы Н.Назарбаевтың «Еліміздің келешегі жастардың қолында» деген сөзі жастарымызға қандай жауапкершілік жүктеліп отырғанын айқын көрсетеді. Ел ертеңі-бүгінгі ұрпақ екенін үнемі жадымызда сақтайтын біздер Президентіміз бағыт-бағдар берген сара жолмен ілгері басайық. Жас ұрпақты талапты да тапқыр, талғампаз да терең ойлы, төзімді де табанды етіп тәрбиелеу – біздің басты мақсатымыздың бірі болып қала береді.

58. Отан-оттан да ыстық

Отан – асыл ұғым. Отан оттан да ыстық. Ол отбасынан басталып, тұтас бір мемлекетті жұмылдырып тұрған ұлы күш. Еліміздің әрбір азаматы «Отан» деген ұғымның оттан да ыстық қасиетіне бас иіп, оған адал қызмет етуге борышты. Осы жолда қайтпас қайсарлық пен айнымас шыдамдылық таныта білетін, ары мен намысын жоғары қоятын ұрпақ тәрбиелеу абыройлы іс болмақ. Жарқын болашақ, Отансүйгіштік, ұлтжандылық секілді асыл сезімнің өміршең екенін көрсетті.Ел қорғау – абыройлы іс. Азаттықты аңсаған ата-бабаларымыз талай шайқас, қан майданның тезінен өтіп, ұрпағына ұлан байтақ жерді аманат етті. Жас ұрпаққа ғасырлар бойы ата-бабаларымыз қорғаған Атамекенді көздің қарашығындай сақтау өсиет етілген.Отансыз адам — ормансыз бұлбұл. Отансыздың оты жанбайды.Отан үшін еңбек етсең халқыңның сүйген ұлы боласың.

59.Қазақ елі- менің Отаным Менің Отаным – Қазақстан.Менің Отаным – Қазақстан. Мен Қазақстан тек ғана сол жерде тұрғаным үшін емес, оның кең даласын, тауларын, шыңдарына қанатын бұлттарын, мөлдір көлде- рін жақсы көремін.Әр жыл мезгілдерінде Қазақстан тамаша!Көк темде әр түрлі боялармен безендіріеген: он жақта – қызыл дала, сол жақ- та – сары, ал ортасында көк шөп көрінеді. Самал жел жусай ісінен ауаны толты- рады.Жазғы шілдеде мен тауда демалуды жақсы көремін, әсіресе Үлкен Алматы көлінде. Оның жағасында бәрінде ұмытуға болады: адамдар, ыстық күн туралы. Басқа бір тамаша, арманың орындалатын әлемде болғандай өзінді сезінесің.Күз мезгілінде барлық дала алтынмен безендіріледі. Таулар бор көгілдір туман басқандай, сондықтан ол көзге суық көрінеді.Қыста бәрі күмістей, қар жатады. Таулар, дала, ағаштар – бәпрі қармен жа- былған.Отанымның тарихы сонау жалдардан баталады. Қазақстан жерін хандар басшылығына алған. Бірақ қазақ елі өз мәдениетін дамытқан ел. Ән шығарма- шылығында айтыстың маңызы үлкен. Айтыс көне кезінен келе жатқан және салт-дәстүр, әдетғұрыпта дамыған өлең. Айтыс – жиітпен қыздың арасындаға өлең-диалог, бұл ақындыққа айналған өнер. Айтыста ақын өз шешендігін көрсету керек. Соу өнері маңызды, ақындық өнерін көрсеткен ақын айтыста жеңеді. Айтыста қөғам өміріндегі әлеуметтік жағдай туралы сұрақтар қозғалған.Қазақ халқының музықалық әспаптары көп. Ең таралған спап – домбыра. Домбыра ағаштан жасалады, оның екі ішегі бар. Домбырада ойнаудың екі түрлі бар: саусақтармен домбыраның ішегін тарту және уру арқылы. Қазақ халқының ішегі бар музыка аспаптарының арасында қобыз җәне жетіген бар.Қазақ халқының тағы үрлеу және уру арқылы ойналатын музыка аспаптары бар: керней, сыбызғы, адырна, даңғыра, дауылпаз, дабыл, асатаяқ, шындауыл.Қазақ хақының естелік жерлері бар, ол жерде ғұлама адамдар туып-өскен және өмір сүрген. Соның бір – Шынғыстау, өйткені бұл жерде Абай, Шәкәрім және Мұхтар Әуезов сияқтыданалар Кегінбай, Өскенбай, Құнанбай, дастаншы Нысан тағы басқалары өмір сүрген.Қазақстан Республикасы рәміздерінің элементтері ежелгіден алынған. Тудың көгілдир түсі аспанның түсін кейіптейді ежелде қазақтар Тәңірге табынған. Тюркі қағанаты пайда болуға дейін Қазақ жерінде сақ тайпалары мекендеген. Сақткардың ою-өрнектері бойынша Республиканың елтаңбасы жасалған. Қазақстан - өрнін тарихын, мәдениетті, ірі ғұламаларын, ежелгі таңбаларын әлемдегі ең ірі мемлекет сақтаған.

60.Отырар апаты туралы не білесіз Отырар апаты 1218 ж. Хорезмшаһ Мұхаммедтің Отырардағы билеушісі Қайырханның әмірімен Шыңғыс хан керуенінің саудагерлері өлтіріледі. Бұл Шыңғыс ханның Орт. Азияға шапқыншылық жасауына сылтау болды. Тарихи әдебиеттерде бұл қырғын “Отырар апаты” деген атпен белгілі. 1219 ж. күзде моңғол әскерлері Отырарға жетті. Моңғол шапқыншылығы салдарынан Отырар қиратылып, қала тұрғындары қырғынға ұшырады. Бірақ 1219 жылғы апаттан кейін Отырар қайта жанданды.1255 ж. армян саяхатшысы Отырарды Сырдария бойындағы ірі қал. қатарында атайды. Отырар дүниежүз. саудада бұрынғысынша делдалдық рөл атқарды.Қала туралы 1320 ж. Флоренция көпесі Пеголоттидің Азов т-нен Қиыр Шығысқа дейінгі сауда жолы туралы жазбаларында да баса айтылған.14 ғ-да Ақ Орда хандары мұнда медреселер, ханакалар, мешіттер, кеңселер салдырды.14 ғ-дың аяғында Отырар Әмір Темір мемлекетінің құрамына кірді. Әмір Темір мұнда бірнеше рет болып, Шығыс жорығына дайындығы қызған кезде (1405) осында қайтыс болды. Әмір Темір мирас-қорлары мен Шайбани әулетінің қазақ хандарымен күресі барысында Отырар тағдыры тағы да сынға түсті.16 ғ-дың 2-жартысынан бастап қала қазақтардың билігіне біржолата көшіп, шамамен 18 ғ-дың басына дейінтболған.Отырарда археол. қазба жұмыстары кең көлемде 1969 ж. К.Ақыше археол.

 

 




Дата добавления: 2015-01-30; просмотров: 69 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | <== 14 ==> |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав