Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азақ ұлттық университетінің тарихы» тақырыбына сұхбат құраңыз.

Читайте также:
  1. VI ғ. басы мен XIII ғасырлардағы Қазақстанның материалдық мәдениеті.
  2. азақ елінің астаналары
  3. Азақ сазгерлері .
  4. Азақ тілінде
  5. Азақ халқының қонақжайлылығы» жайында.
  6. Азақ халқының дүниетанымы» тақырыбына эссе жазыңыз.
  7. Азақстан Ұлттық Банкінің функциялары мен өкiлеттiктерi
  8. Азақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары
  9. Азақстан территориясындағы қола дәуірі 1 страница

- Сен Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қашан кұрылғаның білесін бе?

- Қазақ ұлттық университеті өзінің негізін 1934 жылы 15 каңтарда қалағаннан бастап Қазақстандағы білім беру жүйесінің бетке ұстар көркі, университеттік дәстүрлердің, кәсіби білікті ғылыми және педагогикалық мектептердің бастау - көзі болды.

-Ең бірінші ашылған факультеттері қандай?

-1937 жылы қыркүйекте төрт жылдық оқу жүйесіне негізделген тұңғыш гуманитарлық шет тілдері факультеті ашылды. Бір жылдан кейін 120 студенті және құрамында орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі және француз тілі тәрізді үш кафедра бар филология факультеті (оқу мерзімі 5 жылдық) ашылды. Кейіннен шет тілдері факультеті де осы құрылымға қосылды. Университетте соғыс қарсаңы және соғыстан соңғы жылдары 23 кафедрасы бар үш жаратылыстану (биология, физика-математика, химия) және екі гуманитарлық (филология мен журналистика факультеті) факультет жұмыс істеді.

- Ал өткен жылдардағы студеннтер мен мұғалімдер туралы айтып берсен.

- Университет 1942 жылы 257 физик, химик, математик, биолог, журналист, филолог, сондай-ақ Батыс Еуропа тілдерінің мамандарын даярлап шығарды. 1954–1955 оқу жылы университетте 3778 студент оқыды, 386 оқытушы–профессор еңбек етті. 1970 жылы университет құрамында 16 мамандық бойынша жас кадрлар дайындайтын 10 факультет, 65 кафедра болды. 1980 жылы 89 кафедрада 869 оқытушы, онын ішінде 79 профессор мен 540 доцент, ғылым кандидаттары қызмет атқарды. Ал осы мектептер мемлекетіміздің әлеуеті артып, атақ-даңқының кеңінен жайылуына зор үлес қосты.

-Сол жылдардағы ҚазМУ қандай университеттермен байланысы болған?

- Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың стратегиялық бағытыy жүзеге асыру барысында кадр дайындау саласы бойынша сапалы өзгерістерге қол жеткізу арқылы ҚазҰУ бугінгі күні де еліміздегі мәні мен маңызы аса жоғары оқу орны болып қала береді. Қазақстан жоғары мектебінің көшбасшысы болып табылатын Қазақ ұлттык университетінін 75 жылдық тарихы мемлекеттігіміздің қалыптасу дәуірлерімен тығыз байланысты. Ауқымды ерлік істер мен аштық трагедиясын, саяси куғынға ұшырау кезеңдерін бастан өткізіп, шындалған ұжымның алдына Қазақстанның тәуелсіздік жағдайындағы жаңа басым міндеттер қойылып отыр. Өткенді еске ала отырып, болашаққа болжам жасау қашаннан бар. Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанға елдің еуропалық бөлігінен: Мәскеу, Ленинград, Киев, Минск және т.б. ғылыми орталықтардан аса ірі ғылыми ұжымдар мен лабораториялар көшірілді.

- Қандай әйгілі адамдар дәріс оқыды?

- Бұл жылдары университетте КСРО ҒА академиктері И.Мещанинов, Н.Акулов, кореспондент–мүшелер В.Догель, А.Думанский, профессорлар А.Михлин, М.Розенберг, Н.Пакуль сияқты көптеген әйгілі ғалымдар еңбек ете бастады. КазҰУ-дың қабырғасында Қ.Сәтбаев, М.Әуезов, Е.Бекмаханов, Ә.Марғұлан, Д.Сокольский тәрізді аса көрнекті ғылым мен мәдениет қайраткерлері дәріс баскарды. Олардан басқа да белгілі есімдерді, университет ғылыми мектебінің негізін қалағандарды атауға болар еді. Содан бергі заманда ол көптеген ғылыми бағыттар бойынша дамып, жетіліп, халықаралық деңгейге көтерілді.

-Қазір ҚазҰУ қалай дамыған?

-ҚР мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізумен бірге университет жаңаша даму жолына түсті. Ол – әлемдік білім беру жүйесіне дәйекті түрде ойысу, мамандарды даярлаудың халықаралық стандарттарына көшу. Әлемнің 700 үздік университетінің арасында жүргізілетін Халықаралық Ұлыбритания Агенттігі рейтингісінің биылғы қорытындысы бойынша ҚазҰУ дүниежүзіндегі университеттер көрсеткішінде 200-орынға жоғарылады. Университетте 20 аса ғылыми-зерттеу және әдістемелік орталықтар, технопарк бар. Қай кезеңде ҚазҰУ мактанышы – адами қор.




Дата добавления: 2015-01-30; просмотров: 88 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | 2 | 3 | 4 | <== 5 ==> | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав