Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мақал сөздің мәйегі

Читайте также:
  1. Мақалды аяқтаныз
  2. Тазалыққа , денсаулыққа емдеуге байланысты 10 мақал мәтел жазыныз

Мақал-мәтел дегеніміз – нақты бір ойды қысқаша, нақышты әрі санаушы сөзбен жеткізу. Мақал-мәтел ой дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді. Мақалдың көмегімен айтайын дегеніңді ұнамды да, ұтымды жеткізуге болады. Жаманнан сақтандырып, жақсыны үлгі етер мақал-мәтелдің адам өміріне азық болары анық. Мақалды көп біліп, көп қолданатын адамдардың білім де, ақылы да арта түседі.Мақал-мәтелдер бір ғасырдың,ғана жемісі емес.Мақал-мәтел-халық ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан,өзіндік ерекшеліктерімен танылған халықтың асыл ойының көркем жиынтығы. Мақал-мәтел,әдетте бүкіл адам баласына ортақ.Сондықтан бір халықтың мақалын екінші халық төл шығармасындай қабылдай береді.Көптеген мақал-мәтелдер көнермей көп жасайды,әлденеще ұрпаққа,қоғамға қызымет етеді.Малым жаным садағасы,жаным арым садағасы;Қоянды қамыс өлтіреді,ерді намыс өлтіреді дейтін ежелгі халық мақалдары Ұлы Отан соғысы кезінде де ел аузынан түскен жоқ,елдегі ембеккерлерді,майдандағы жауынгерлерді жігерлендіретін құрметті сөзге,ұранға айналды. Мақал – сөз мәйегі Халықтық психологияда ғасырлар бойы жинақталып, жүйеленген ұлттық дәстүр, әдет-ғұрып, эстетикалық таным, халықтың жан дүниесі сөз болады. Халықтық психологияның теориялық мәселелерін зерттеумен этнопсихология деп аталатын ғылым саласы айналысады.Этнопсихология қарастыратын психологиялық жайттар фольклор, ауыз әдебиетінде мол. Психологиялық мәні жағынан қазақ фольклорының түрлі жанрларының ішінде мақал-мәтелдер өте қызықты зерттеу обьектісі болып табылады. Мақал-мәтелдер адам іс-әрекетін бақылау арқылы тұжырымдар жасайды. Олар белгілі бір шешім мен істің дұрыстығын немесе дұрыс еместігін анықтап, ойлауда маңызды рөл атқарады.Мақал-мәтелдер – айналадағы сыры мол дүние туралы білімнің сұрыпталған жиынтығы. Олар ұстаздық, тәрбиелік рөл атқарады. Мұндағы ақыл-кеңестер қысқа, әрі тұжырымды болады. Сөздер бейнелі, орынды қолданылады. Мақал-мәтелдерден халықтың тіл байлығы көрінеді. Бай сөздік қорымыздың ұрпақтан-ұрпаққа ұмытылмай берілуіне көмегі мол. Адамның жан-дүниесінің тілдегі көрінісі мақал-мәтелдерде жақсы бейнеленген.Мақал-мәтелдерде оқу мен еңбек, ойын мен өнер, адамның жақсы-жаман қасиеттері, елін сүю, ата-ананы құрметтеу т.б. үлгі-өнегелер сөз болады. Өмірдің әр саласына байланысты болғандықтан оларды әр түрлі тақырыпқа бөлуге болады.

56. Айтыс өнері Айтыс қазақтың ежелден келе жатқан ауыз әдебиетінің бір саласы. Алайда XIX ғасырдан әрідегі айтыстар ("бәдік", "жар-жар", "Ақбала-Боздақ" т.б.) қазіргі заманға өте аз жеткен және халық фольклорына айналып, шығарушы ақыны ұмытылған айтыстар болып табылады.Айтыс жанрынан ең мол сақталғаны - XIX ғасырдағы айтыстар. Бұл айтыстарды Қазақстан Республикасының Ғылым академиясының орталық ғылыми кітапханасынан кездестіруге болады. Олардың көбі әлі күнге дейін баспа бетін көрмеген. XIX ғасырдың айтыстарын жасаушы ақындардың көпшілігі тарихқа мәлім. Мәселен, Орынбай, Шортанбай, Серәлі, Тоғжан, Сақау, Шөже, Балта, Кемпірбай, Тезекбай, Қалдыбай, Жамшыбай, Жанақ, Ақан сері, Біржан т.б.с.Жар-жар - айтыстың көне түрі. Ескі заманнан және бір қалыпта өзгермей, трафарет болып келген сияқты. "Жар-жар" қызды ұзатар алдында болатын айтыс. Той тарқар кезде бозбалалар ұзатылар қыз отырған үйге келіп, үзіктің жабығын түреді де, өлеңмен қоштасады. Бозбаланың қоштасып айтқан әрбір айтқан өлеңіне ұзатылатын қыз жауап береді.2. Қайымдасу. Айтыстың бұл түрі - қыз бен бозбаланың өлеңмен әзілдесуі. Бұл айтыста көбіне бұрын ел аузында айтылып жүрген өлеңдермен құралып, айтыс үстінде, тақырыбына қарай кейбір шумақтары я жолдары жаңадан шығарылып, өзгертіп отырады.3. Жұмбақ айтыс. Айтыс жанрындағы кең саланың біреуі - жұмбақпен айтысу. Бұл айтыс екі түрлі болады. Біріншісі - екі ақын жұмбақсыз айтысып отырады да, екіншісі - айтысты жұмбақпен бастап, жұмбақпен бітіреді.4. Дін айтысы. Қазақ халқының ислам діні Орта Азияның өзге елдерінен көп артта қалған. Мұны Шоқан тамаша дәлелдеп берген. Оның айтуынша, ислам дініне дейінгі қазақтың ұстанған діні - шаманизм. Исламға бағынғаннан кейін де шаман дінінің салдары қазақ ұғымынан шықпай, тіпті, революцияға дейін келді.




Дата добавления: 2015-01-30; просмотров: 41 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | <== 13 ==> | 14 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав