Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

АЛҒЫ СӨЗ

Читайте также:
  1. ТҮСІНІКТЕМЕ СӨЗДІК

Кейс – бұл эксперимент, сұрақ-жауап, талдау, мәліметтер негізіндегі әлеуметтік-ғылыми зерттеу әдістерінің бірі болып табылады. Олардың әр қайсысының келесі үш жағдайға байланысты өзінің артықшылықтары мен кемшіліктері болады: көріністерді зерттеу түрі, оқиғаларды бақылау, “қалай?” және “не үшін?” деген сұрақтар қойылымы мен зерттеу стратегиясы.

Кейс – шет елдерде экономика және бизнес саласын оқытуда кеңінен қолданылатын әдіс түрі. Бұл әдіс ХХ-ғасырдың басында Гарвардтың бизнес мектебінде пайда болып, CASE STUDY атына ие болды (әр түрлі жағдайлар негізінде оқыту).

Қазақстанда кейс әдісі оқу процесінде жуырда қолданыла бастады. Сондықтанда білім беру процесін жетілдіруде кейісті қолдану өзекті болып отыр. Оқытушы кейс көмегімен оқу процесінде теориялық мәселелерді терең меңгеруге және қойылған мәселе бойынша дұрыс шешім қабылдауға көмектесе отырып, нақты экономикалық процестерді көрсетеді. Оқытушы мен студент нақты экономикалық жағдайды зерттеуде бірдей рөлде болады.

Аталмыш құралда “Экономиканы мемлекеттік реттеу” курсы бойынша студенттер үшін кейс жасаудың технологиясы мен негізгі принциптері көрсетіліп, кейс жинағы өңделген және ұсынылған.

Кейс материалдарында экономиканы мемлекеттік реттеу мәселелеріне арналған сұрақтар, жеке алғанда отандық экономиканың даму болашағы мен қазіргі жағдайы, халық-шаруашылық кешенінің әртүрлі секторында мемлекеттік басқаруды жоғарылату жолдары қарастырылған. Кейс жасауда мерзімді басылымдар, ғылыми әдебиеттер, нормативті заңдылық актілер т.с.с. материалдар қолданған.

Аталған құралдағы кейстің мақсаты – қазіргі экономикалық процестердің мәні мен студенттерге Қазақстан экономикасының болашақтағы даму өзгерістерін талдауға мүмкіндік береді.

Кейс әдістерін қолдану студенттерде талдау қабілеттілігін дамытуды қамтамасыз етеді, сонымен қатар аталған пәнді тиімді, әрі терең меңгеруге көмектеседі.


I КЕЙСТЕРДІ ЖАЗУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ

Кейс – бұл мақалалар мен нақты дәлелдерді жазу.

Кейс – бұл шешім қабылдау, жағдайды талдау мен талқылауға студенттерді үйрету, оқу аудиториясында пікір таласты тудыру үшін авторлардың сипаттауы мен белгілі бір сала қызметінде нақты туындаған оқиға.

Кейс – автор тарапынан оқиғаны бағаламайды.

Кейс – бір дұрыс шешімге ие болмайды.

Кейс ерекшеліктері – кезеңдері:

- практикалық мәні мен көрнектілігін біріктіреді;

- шешім таңдау мен мәселені ретке келтіруде таңдау құқығын ұсынады;

Кейстің негізгі түрлері.

Кейс көмегімен шешілетін оқу мәселелері:

- тұжырымдаманы ұсыну;

- ақпараттандыру;

- шешім қабылдау мен мәселенің қойылу біліктілігін дамыту;

- командадағы жұмыс біліктілігі мен коммуникабелділікті дамыту.

Кейстің негізгі түрлері:

Кейстің түрлері Мақсаты мен негізгі мазмұны
Дәстүрлі «Гарвардтық кейстер» -Компаниямен құпия қызмет ету негізіндегі сенімді ақпараттар; -Нақты компанияның нақты мәселелері «мәселе нің шешімін табу мен оның шешімінің дәлдігі»; -Мәселе анықталмаған; -Әр түрлі деңгейдегі менеджерлер атынан ақпараттарды баяндау; -Қаржылық ақпараттың болуы; -Қосымша пайдалы ақпараттың болмауы; -Жеткілікті үлкен көлемі.
Модификацияланған кейстер -Компаниямен құпия қызмет ету негізіндегі сенімді ақпараттар; -Нақты компанияның нақты мәселелері «мәселе нің шешімін табу мен оның шешімінің дәлдігі»; -Мәселе анықталмаған; -Әр түрлі деңгейдегі менеджерлер атынан ақпараттарды баяндау; -Қаржылық ақпараттың болуы; -Қосымша пайдалы ақпараттың болмауы; -Жеткілікті көлем.
Тактикалық кейстер - Маќсаты – фирма ќызметіне талдау ж‰ргізуді ‰йрену; - Кейбір салалар ќызметініњ беогілі бір мєселесіне ќатысты; - Кµлемі 5-6 сµйлем, 2 параќќа дейін; - С±раќќа жауап беру ‰шін сол сала бойынша ќосымша апарат пен білім ќажет; - Фирманыњ ќысќаша сипаттамасы; - Єр саланыњ жеке элементтерініњ толыќ сипаттамасы. Мысалы жарнама, µндіріс технологиясы, жұмысшылар дайындау; - Талќылауѓа арналѓан с±раќтар;

 

Дәрісханадағы талқылау техникасы:

- пікір-талас;

- топтарға бөліну;

- рөлдік ойындар;

- викториналар.

II КЕЙСТЕРДІҢ МАЗМҰНЫ МЕН СҰРАҚТАР

1. “Химфарм” АҚ-ның өндірістік шаруашылық қызмет

Оңтүстік Қазақстан облысы бірінші ірі өндірістік кәсіпорын – Шымкент фармацевті зауыты, қазіргі “Химфарм” АҚ 120 жыл толып отыр. Емдік шөп цитварлы полынь немесе дермене деп аталатын шөп өткен ғасырда орыс саудагерлері Н. Иванов және Н. Савинковтың көңіл аударған еді, олар тек медициналық шикізатты тасуға ғана емес, оны сол жерде өңдеуді қолға алды.

1882ж Шымкент сантонин кәсіпорынның негізі қаланды. Шымкент қаласында саудагерлер Иванов және Савинковтармен сантонинды зауыттың негізі қаланды. Ол Түркістан аймағындағы ұзақ уақыт бойы біегей және ірі өндіріс орны болып есептелінді. Бұл кәсіпорынның пайда болуына Сырдария облысы Шымкент уезді территориясында, құрамында глистке қарсы құрал-сантонин бар цитварлы полына немесе дермененің көбеюі себепші болды.

1917-1991-дәрмек субстанциялары өндірісі ЧХФЗ-CCСР аумағындағы ірі субстанция өндірісі.

1993-кәсіпорынды “Химфарм” АҚ қайта құрды. 1997-бірінші кезекте қатты түрдегі дәрі-дәрмек шығару цехтарын іске қосу, ішкі және сыртқы қолдануға арналған голенді препараттар және ерітінді өндірісін бастау;

1998-вакумды толтырумен ампуладағы инъекционды ерітінді өндірісі негізделді, түрлі-түрлі таблетка шығару бойынша екінші кезекті қатты дәрі-дәрмек формасындағы цехтар шығарылды.

2000 – қатты дәрі –дәрмек формасындағы қабықпен қапталған түйіршік шығарудың үшінші кезекті шығаруы. Ампулаға инемен толтыру және ыдысқа антибиотикті стерильді себелеу арқылы инъекциалы ерітіндінің өндірісін меңгеру. 2002 – капсул шығару бойынша қатты дәрі-дәрмек формалы цехтың үшінші сызығын енгізу. 2003 – халықаралық стандартқа көшу; ISO 9001:2000 өндріс облысында сапа стандартын енгізу. ERP “Галактика” ERP автоматты басқару жүйесін енгізу, жыл сайынғы Erns + Young компания аудитін жүргізу.

2004 – Жаңа препараттар енгізу Альмолокс Aizs Авиценнаа бальзам 250 мл, Амоксициллин капсулы 250 мг және 50 мг, Атенолол 50 мл, түйіршік және ампуладағы Диклофеник Каптоприн 25 мг, Кларисан 10 мг, Метоклапрамид таблетка және ампуладағы, Пентоксифилин 100 мг, Тромбокард 50 мг, Цефалексин 250 мг, Цефотаксим 1 г, Ципрофлоксацин (Салфлок) 250мг.

Қызметі:

- 20 га аймақта;

- 4 өндірістік және 6 қосалқы цехтар;

- 700 астам жоғары дәрежелі қызметкерлер;

- қазіргі заманға сай батыс Европалық құралдар;

- бір айға өндіріс қуаты:

- 10 млн түйіршік қорапталған;

- 17 млн ампула;

- 2 млн стерильді ұнтақ флокондар

- 1,8 млн ерітінді, сироп, тұнба флокондары;

- 1,2 млн дәрі-дәрмек субстанциялары.

1883 ж. – бірнеше корпустан құралған, оларда негізінен сантонин өндірісі механизмі жинақталған завод жабықтала бастады.

1885 ж. – кәсіпорын алғаш рет 189 пұт сантонин өнімін берді.

1992 ж. – кәсіпорын алғаш рет техникалық морфин шығара бастады.

1923-1929 ж. –бұрынғы кеңестер одағында алғаш рет махоркадан никотин алу өндірісі жолға қойылып, бірінші бес жылдықта химфарм заводты реконструкциялау және кеңейту жолға қойылды. Жоспарда сантонин және техникалық мофин өндірісі дамуы қатарластырылуымен қатар, сонымен қатар жаңа өнім шығару, жеке лағанда, кодеин, анабазин, дармин және персикті лайды игеру қарастырылды.

1931 ж. – Анабазин-сульфат өндірісі негізі қаланды. СССР-дің кезінде заводта жаңа цехтарды іске қосу бағдамалары жасалып, ол 70-тен астам түрлі субстанция шығару ассортиментінің санын өсуіне әкелді.

Мемлекеттік химика-фармацевтикалық кәсіпорын бұрынғы кеңестер одағы аймағында ірі субстанция өндіруші болып есептелінетін және Ресей, Беларусь, Украина, Болгария және Балтық жағалауы республикаларының шикізат базасы болып табылады. Кәсіпорынның жан-жақтылығын қазіргі таңда Орта Азиядағы нарко-құрамы бар препараттар шығару және сақтауға лицензиясы бар бір ғана кәсіпорын екендігін білуге болады.

Кеңес өкіметі жылдарында жүргізілген экономикалық саясат Орта Азия және Қазақстан Республикасы аймағында СССР-дің фармацевті кәсіпорындарының барлығы 3% ғана шоғырлануына әкелді. Олардың негізгі мамандануы жартылай фабрикаттар шығарумен айналысатын. 1980 жылға дейін Қазақстан Республикасы аумағында дайын дәрі-дәрмектер шығарылмаған.

1993 ж. – кәсіпорын Химфарм Акционерлік қоғамы болып қайта құрылды (шаруашылық субъектісін мемлекеттік тіркеу куәлігі 25 желтоқсан 1993 жылдан). Заводта субстанция шығару бойынша орта монтажды, өсімдік шикізаты және химиялық синтезді қолданумен өндірістің үш цехы жұмыс істеді.

1996 ж. – Кәсіпорын Химфарм Акционерлік қоғамы болып қайта тіркелді (заңды тұлғаның мемлекеттік қайта тіркеу куәлігі №2728-1958-АО (И/У) 23 қазан 1996 жылдан) 1 215 556 дана атаулы жай акция (жарғылық капиталдың 80%). Мемлекеттік акция пакетін басқаруға шетелдік инвестор - фирма «Dorna DALE Ltd» (Дублин қаласы) берілді, ол кәсіпорынды дайын дәрі-дәрмек құралдарын шығаруға көшуге бағдарлама жасап және оны іске қосты. Капитал салымының 15 млн АҚШ долларынан астамы қазіргі құрал алуға, негізінен Германдық және итальяндық құрал алуға жұмсалынды.

1997 ж. – Айына қуаттылығы 3,5 млн қорап қатты дәрі-дәрмек түріндегі өндіріс цехтары бірінші кезекте іске қосылып, медициналық спирт және «Ордабасы» емдік бальзамы өндірісі реттелді. Медициналық спирт шығарудың жалпы қуаттылығы тәулігіне 20000 л жеткізу арқылы, Қазақстандық барлық емдеу-профилактикалық мекемелерінің сұранысын қанағаттандыруға әкелді.

1998 ж. – Айына вакумды толтырылған 1-2 мл көлемдегі 1,2 млн қуаттылықтағы ампуладағы инъекциялық ерітіндіні шығарудың алғашқы сызығы бекітілді.

Айына қуаттылығы 1 млн қорап түрлі-түсті қатты түрдегі дәрі-дәрмек шығарудың екінші кезектегі цехтары іске қосылды.

Айына жалпы қуаттылығы 1,9 млн флакон ішкі және сыртқы қолдануға арналған галенді препараттар және стерильденбеген ерітінді шығарудың 4 сызығы іске қосылды.

2000 ж. – Айына қуаттылығы 1 млн қорап іште ерігіш қабығы бар қатты дәрі-дәрмек шығару цехтарының үшінші кезеңі енгізілді. Айына қуаттылығы 2,1 млн флакон стерильді антибиотикті шашу цехтары тұрғызылды. Айына қуаттылығы 1,4 млн қорап, көлемі 1-2-5 мл ампулаға шприцпен толтыру арқылы инъекциалық ерітінді шығарудың екінші сызығы бекілді.

2002 ж. – Айына қуаттылығы 1,2 млн капсулаға дейін жететін капсулды дәрі-дәрмек препраттарын шығару сызығы жөнделді. Кәсіпорын өз алдында Қазақстандық дәріханалар және емдеу-сауықтыру мекемелерін халықаралық сапа стандартының талаптарына сай келуін қамтамасыз ету міндетін қойды. Қазіргі кезеңде кәсіпорын номенклатурасы 200-ден астам түрлерін есепке алады.

Жыл сайын кәсіпорында әр түрлі дайындау стадияларында болады. “Химфарм” АҚ Қазақстандағы белгілі және медициналық тәжірибеде кең қолданылатын препараттар тізімінің 80% астам түрін шығарады.

50% жуық препараттар Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі бекіткен “Өмірлік қажетті және маңызды дәрі-дәрмек құралдар тізіміне” енгізген.

“Химфарм” АҚ базасында ҚР Индустрия және сауда министрлігі Стандартизация, метереология және сертификациялау комитетімен аккредиттелеген 3 бөлімшеден тұратын аналитикалық, микробиологиалық және токсикологиялық сынақ лабораториясы жұмыс істейді.

“Химфарм” АҚ – Қазақстандағы жаңа препараттарды енгізу және сынау, технологиясы және талдау методикасы және нормативті –техникалық құжаттау орталығы бар, онда Қазақстан ғалымдарымен және ТМД ғалымдарымен біріге отырып 10 астам препараттар өңделіп және өндіріске қойылған бірден бір кәсіпорын.

“Химфарм” АҚ тек Қазақстанның ішкі нарығына ғана емес, сонымен қатар жақын және алыс шетелге де белсенді түрде экспорттайды. Болгария Глауцин гидромид субстанциясын, Цитизинді, ал Ресей термосисса экспортын, муколтинді стып алады. Дайын дәрі-дәрмек преараттары Қырзыстан, Өзбекстанға экспортталынады.

Қазіргі күнде “Химфарм” АҚ – 13 негізгі және көмекші цехтар, 5 қойма корпусы, гарсас, 20,01га аумаққа орналасқан.

Кәсіпорынды ары қарай дамыту және жаңа өндіріс құруға қажетті инфрақұрылым және еркін аудандар бар. “Химфарм” АҚ Ғылыми – зерттеу лабораториясы, техникалық сапа бөлімі, ОКЛ (орталық – кәсіпорын лабораториясы) бар. Бұл өз күшімен жаңа өнім түрін шығаруды дайындау, жобалау және меңгеруді жүргізуге мүмкіндік береді.

Кәсіпорын жоғары маманданған кадрлармен жабдықталған. 2005 жылдың 1 қаңтарға кәсіпорын жұмысшы саны 842 адамды құрайды.

2004 жылы орташа тізімдік саны 935 адам.

 




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 40 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Білім алушының білімін тексеруге арналған сұрақтар | Тақырып. Халықты еңбекпен ұтымды қамту мен әлеуметтік қорғауды мемлекеттік реттеу | Леуметтік инфрақұрылым және нарықтық экономика жағдайында оның дамуын мемлекеттік реттеу | Алыптасқан экономика құрылымын реформалау. | Ел экономикасын бюджеттік реттеу | Тақырып. Мемлекеттің ақша – несие саясатын жүзеге асырудың негізгі тетіктері | Кредиттік ресурстарды реттеу үшін мемлекеттің қолданатын құралдары және тұтқалары. Орталық банктің рөлі | Тақырып. Аймақтың әлеуметтік – экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу | Тақырып. Мемлекеттің табиғатты қорғау және сыртқы экономикаылқ іс-әрекеттерін реттеу | Сыртқы экономикалық іс – әрекетті мемлекеттік реттеу |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.012 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав