Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып. Халықты еңбекпен ұтымды қамту мен әлеуметтік қорғауды мемлекеттік реттеу

Читайте также:
  1. EMR - «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша барлық мамандықтарға
  2. Lt;question>30. Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың мемлекеттік тіркеу алымы
  3. АҒЫНДЫ ӨТЕМДІК ЖӘНЕ КАСКАДТЫ (САТЫЛЫ) РЕТТЕУ
  4. АҒЫНДЫ МАУСЫМДЫҚ (ЖЫЛДЫҚ) РЕТТЕУ 1 страница
  5. АҒЫНДЫ МАУСЫМДЫҚ (ЖЫЛДЫҚ) РЕТТЕУ 2 страница
  6. АҒЫНДЫ МАУСЫМДЫҚ (ЖЫЛДЫҚ) РЕТТЕУ 3 страница
  7. АҒЫНДЫ МАУСЫМДЫҚ (ЖЫЛДЫҚ) РЕТТЕУ 4 страница
  8. АҚШ экономикасын мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
  9. Ақша – несиелік реттеудің теориялық негіздері
  10. Аграрлық сфераны мемлекеттік реттеу

8.1 Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу.

8.2 Жұмыспен қамтамасыз етуді мемлекеттік реттеудің бағыты мен негізгі әдістері

8.3 Кедейлік және жұмыссыздықпен күрес бағдарламасы

1-сұрақ. Әлеуметтік-еңбек қатынастарын мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттарын қарастырайық.

Жұмыспен қамтамасыз ету мен жұмысқа қабілетті тұрғындардың жұмыссыздығының деңгейіне мемлекеттік ықпал ету, реттеудің жалпы жүйесі мен әлеуметтік саясатының бөлінбейтін бөлігі болып табылады.

Қазіргі заманғы еңбек рыногы өзінің стихиялы сипатын жоғалтып, мемлекеттік араласу объектісі болып табылады. Сонымен бірге басқа тауарлардың рыногы тәрізді, іштен (жұмыс бе рушімен және кәсіподақтармен) және сырттан (мемлекетпен) реттелетін болды.

Бұл үдерісте мемлекеттің рөлі екі жақты. Бір жағынан, мемлекет жұмыс беруші ретінде, яғни өзінің мүддесін қорғап, еңбек рыногында дербес субъект ретінде көрінеді. Екінші жағынан, мемлекет төреші (арбитр) - жұмыс беруші мен жалданушы жұмыскер арасындағы даулы мэселелерді реттеумен айналысуы тиіс.

Еңбек рыногының басқа рыноктардан айырмашылығы, адамдардың тұтыну мен мүдделерін есепке алу қажеттілігіне байланысты оның әлеуметтік табиғаты болады.

«Еңбек рыногы - жұмыс күшіне сүраныс, оған қажеттіліктің болуы, екінші жағынан - жұмыс күшін ұсынуды тұтынуды қанағаттандыратын мүмкіндігі бар араласатын қарама-қарсы келетін сала» (Лившиц).

Еңбек рыногы - бұл рынок экономикасы құрылымының құрамдас бөлігі. Ол басқа да рыноктармен: шикі материалдар, халық тұтынатын тауарлар мен қызметтер, тұрғын үй, бағалы қағаздар және т.б. рыноктармен қатар қызмет етеді.

Еңбек рыногында бір тарап (сатушы) қолайлы жұмыс іздеуші ретінде, екінші тарап (сатып алушы) - жұмыс берушілер: кәсіпкерлер немесе олардың өкілдері болады.

Еңбек рыногы жұмыспен қамтамасыз етудің мемлекеттік және мемлекеттік емес жүйелерімен, сондай-ақ кәсіпорындар мен мекемелердің тікелей кадр қызметі арқылы немесе тікелей жұмысшы мен жұмыс берушінің арасында жүзеге асады.

Еңбек рыногында жұмыс күшінің құны бағаланады, оны жалға алу талаптары, оның ішінде еңбекақы көлемі, еңбек ету жағдайы, кәсібінің өсу мүмкіндігі, жұмыспен қамтамасыз ету кепілдігі анықталады.

Еңбек рыногы - бұл тек қана жұмыс күшін сату және сатып алу емес, ол сандық және сапалық жағынан да, еңбек ресурстары мен жұмыс орындарының арасындағы теңдестік проблемаларын шешеді. Негізгі проблемалар - салалар мен кәсіптік біліктіліктің теңдестірілмеуінде.

2-сұрақ. Жұмыссыздық деп халықтың жеке және қоғамдық
қажеттерін қанағаттандыратын және кіріс әкелетін қоғамдық-пайдалы іс-әрекеті түсініледі. Жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеуде экономикалық, ұйымдастыру, әкімшілік-құқықтық әдістер қолданылады.

Жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары (жолдары) мыналар болып табылады:

• жұмыс орындары жүйесінің дамуын реттеу;
• жұмыс орындарына сұранысты реттеу;

• мемлекеттің білім беру және қызметкерлерді кәсіби даярлау мен қайта даярлау жүйесін дамытуға мемлекеттің қатысуы.

Баланстық құрылым жүйесі жұмыспен тиімді қамтуды қамтамасыз етудің әдістемелік құралы болып табылады, оның құрамына еңбек ресурстарының балансы мен оларды тиімді пайдалану балансы; халық шаруашылығының аялары мен салалары бойынша нақты еңбек шығындарының бөліну сипатын бұдан да нақтырақ көрсететін еңбек балансы; шаруашылық қызметтің салалары мен аялары бойынша қажетті сипаттайтын жұмыс орындарының балансы кіреді.

Еңбек ресурстарының балансы (үлгілік кұрылым).

Барлык еңбек ресурстары, оның ішінде:

1. Экономикалық белсенді халық - жұмыс күші, халықтың тауарлар мен қызметтер өндіру үшін жұмыс күшін ұсынуды қамтамасыз ететін бөлігі. Оған халык шаруашылығында жұмыс істейтіндер және жұмыссыздар жатады.

2. Экономикалық белсенді емес халық - халықтың дәл осы уақытта қоғамдык өндірісте жұмыс істемейтін еңбекке жарамды бөлігі.

Бұрын айтылғандай, экономиканың кез келген саласының проблемаларын, оның ішінде жұмыспен қамту проблемаларын шешетін бағдарламалық-мақсатты тәсілдемеде бастапқы тармақ ретінде даму мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ оларды шешу жөніндегі іс-шаралар белгіленуі тиіс. Мемлекет халықты жұмыспен қамту бағдарламаларын жасауда, онда еңбек ресурстарының сапасын арттыру, жұмыс күшінің бәсекеге жарамдылығын көтеру көзделген.

Жұмыспен қамту деңгейін арттыру және тиісінше жұмыссыздықты қысқарту жөніндегі іс-шаралар:

• қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;

• жеке кәсіпкерлікті ынталандыру және халықтың өзін-өзі
жұмыспен қамтуын көтермелеу, шағын бизнесті дамыту;

• жетіспейтін мамандықтар мен кәсіптер бойынша қайта
даярлау және кәсіби даярлау;

• жұмыспен қамтудың икемді нысандарын пайдалану;

• жаңа жұмыс орындарын құру арқылы кәсіпорынның өзінде
жұмысқа орналастыру;

• тұрғындарды жұмыспен қамту мүмкіндігі жөнінде ақпараттандыру, бос орындар жәрмеңкелерін, ашық есіктер күндерін және т.б. өткізу.

Мемлекет атынан жұмыспен ұтымды қамтуды қамтамасыз ету мәселелерімен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменттері айналысады. ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес қызметтің міндетіне мыналар кіреді:

· жұмыс күшіне сұранысты және ұсынысты талдау әрі болжау;

· еңбек нарығының жай-күйі жөнінде ақпарат жинау және ұсыну;

- бос орындарды және жұмысқа орналастыру мәселелері
жөнінде өтініш жасайтын азаматардың есебін жүргізу;

- жұмысқа орналасу мен жұмыс күшімен қамтамасыз ету мүмкіндіктері, мамандықтар мен қызметкерлерге қойылатын талаптар туралы мәселе және жұмыспен қамтуды, қамтамасыз етумен байланысты басқа да мәселелер бойынша кеңес беру;

- жұмысқа орналастыру жөнінде қызмет көрсету;

- жұмыссыздарды тіркеу, жәрдемақы төлеуді қоса алғанда оларға көмек көрсету, халықтың түрлі топтарын әлеуметтік қорғау шараларын қарастырған жұмыспен қамту бағдарламаларын әзірлеуді ұйымдастыру; халықты жұмыспен қамтамасыз етумен байланысты мәселелерді шешуге жәрдемдесу.

- азаматтарды кәсіби оқытуды және қайта оқытуды ұйымдастыру.

Мемлекеттік органдар қызметтерді тегін көрсетеді. Сонымен бірге еңбек нарығында коммерциялық бюролар, жеке агенттіктер мен лицензиясы болса, ақылы негізде жұмысқа орналастыру жөніндегі қызметтер көрсететін басқа да ұйымдар жұмыс істейді.

Жұмыссыздықты сипаттайтын негізгі керсеткіштер: жұмыссыздық деңгейі, жұмыссыздықтың табиғи деңгейі, жұмыспен қамту қызметі органдарында тіркелген, материалдық көмек тағайындалған жұмыссыздардың саны.

Мемлекет тарапынан жұмыссыздық проблемасына жете назар аударылады. Бұл әрқашанда осылай болған және көз жетерлік келешекте де қандай да болмасын тубегейлі өзгерістер орын алуы екіталай.

Кейнсиандық жұмыспен қамту теориясының қорытындыларына сәйкес, нарықтық экономика жағдайында толықтай жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін, әрі оған кепілдік беретін тетік жоқ.

Бұдан басқа, нарықтық жүйе өзін-өзі реттейтін жүйе болып саналмайтыны және жоспарлы әрі мақсатты мемлекеттік реттеуді қажетсінетіні жөніндегі негізгі ереже осы теорияның қорытындысының бірі болып табылады.

Алайда мемлекеттің араласуы жұмыспен қамту, еңбекке қабілетті әрбір азаматты жұмыс орнымен қамтамасыз ету мәселелерін шешеді дегенді білдірмейді.

Егер ағымдағы жұмыссыздық табиғи жұмыссыздық дең-гейінен төмен түсіп кетсе, мемлекет ешқандай да реттеу жүргізе алмайды. Демек, еңбек рыногына жасалатын кедергілерді доғару кажет, «толық жұмыспен қамтылуды» орнатудың бос эурешілік әрекеттерін тоқтату керек.

Мәжбүрлі жұмыссыздықтың технологиялық, құрылымдық, өңірлік, кезеңдік және басқа да түрлеріне мемлекет енді басқаша қарай бастады. Міне, осы жерде ол жұмыссыздық деңгейін табиғи норма деңгейіне дейін төмендете отырып, өз ретгеу элеуетін толық түрде іске асыра алады.

Алайда, мұны ұйымдастыру оңай шаруа емес. Себебі мем-лекеттің жұмыспен қамту саласына араласуда ықпал етудің барлық әдістерін түгел қолдануға қүқығы жоқ. Негізгі талапты былайша қалыптастыруға болады: реттеу әдістерінің кез келгенін қолдану олардың өз тиімділігін сақтай отырып, инфляциялық қатынастың бейтарап болған жағдайында немесе олар болмағанда ең төмен иифляциялық салдар тудыратын болса ғана мүмкін. Кері жағдайда, экономика құлдыраудың кері шеңберіне түседі.

Мемлекет адамдардың жү.мыс іздеуге кетіретін уақытын қысқартып, бос жұмыс орындары туралы ақпаратты ұйымдастыруда және жетілдіруде осы шартты толық сақгайды.

3-сұрақ. Кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес экономиканың инфляциялық үрдіс- бағдарламасы 1996-1998 жылдарға есептелген болатын.

Бұл бағдарлама мыналарға негізделген:

• микрокредиттеу жүйесін енгізу;

• шағын және орта бизнесті дамыту;

• еңбекті көп қажет ететін салаларды басым дамыту және
оларға шетел инвесторларын, ріттық капиталды белсенді
тарту;

• қоғамдық жұмыстарды дамыту, ең алдымен жол салу және
ағаш отырғызу;

• жеке кәсіпкерліктің даму жолындағы әкімшілік кедергілерді алып тастау;

• қызмет көрсету және туризм салаларын серпінді дамыту;

Жұмыспен қамту қызметінің аумақтық бөлімшелері жұмыспен қамту проблемасын шешуде жыл сайын халықты жұмыспен қамту бағдарламасын және ақы төленетін қоғамдық жұмыстар бағдарламасын әзірлейді. Мәселен, 2004 жылы Талдықорған қаласында қоғамдық жұмыстарға - 1450 адам, соның ішінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа - 1247 адам жіберілді. (Қоғамдық-пайдалы жұмыс түрлері қаланы жинауға және тазалауға, оны абаттандыруға, үйде әлеуметтік көмек көрсетуге және тағы сол сияқты жұмыстарға байланысты - барлығы 15 түрлі қызмет). Еңбекке ақы төлеуге кеткен шығындар 35740,7 мың теңгені құрады.

Жұмыссыздық деңгейін төмендету және халықты жұмыспен қамтуға белсенді жәрдемдесу әдістерінің бірі - жұмыссыз азаматтарды кәсіби дайындау, олардың біліктілігін арттыру және қайта дайындау.

2004 жылы Талдықорған қаласында 19 сала бойынша кәсіби оқыту және қайта дайындау ұйымдастырылды; қаланың жеті оқу орнында 541 адам оқыды.

 




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 185 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Тақырып. Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық астары мен оның обьектісі | Білім алушының білімін тексеруге арналған сұрақтар | Экономикалық дамудың турпаттары | Алыптасқан экономика құрылымын реформалау. | Ел экономикасын бюджеттік реттеу | Тақырып. Мемлекеттің ақша – несие саясатын жүзеге асырудың негізгі тетіктері | Кредиттік ресурстарды реттеу үшін мемлекеттің қолданатын құралдары және тұтқалары. Орталық банктің рөлі | Тақырып. Аймақтың әлеуметтік – экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу | Тақырып. Мемлекеттің табиғатты қорғау және сыртқы экономикаылқ іс-әрекеттерін реттеу | Сыртқы экономикалық іс – әрекетті мемлекеттік реттеу |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.016 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав