Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ақша-несие саясатының мәні, құралдары

Читайте также:
  1. E) есеп саясатының елеулі элементтерінің қысқаша сипаттамасын және басқа да түсіндірме ескертпелерді қоса, ескертулер.
  2. Бап. Жарғылық капиталға қатысу, бағалы қағаздармен және туынды қаржы құралдарымен жасалатын операциялар
  3. Инвестициялар мен инновациялық үдерістердің мәні, бастаулары және оларды тұтынушылар
  4. І тапсырма. Paint графикалық редакторының құралдарын пайдаланып, үйшіктің суретін салыңыз.
  5. Кредиттік ресурстарды реттеу үшін мемлекеттің қолданатын құралдары және тұтқалары. Орталық банктің рөлі
  6. Леуметтік саясатты жүзеге асырудағы мемлекеттің экономикалық саясатының әдістері
  7. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттары
  8. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттары
  9. Мемлекеттің экономикалық саясатының мәні

Ақша-несие саясаты АНС), несие мен ақша айналысының жағдайына жоспарлы ықпал ету жолымен жиынтық сұранысты реттеу мақсатында Орталық банк қабылдайтын, өзарабайланысты іс-шаралар кешенін білдіреді.

Экономикалық саясатта мақсатты бағыттаушылығына қатысты ақша-несие саясатының келесі түрлері бөліп көрсетіледі:

Қатаң АНС – ақша-несие саясаты құралдарының көмегімен ақша массасын белгілі бір деңгейде ұстап тұруға бағытталған, ақша-несие саясаты.

Икемді АНС – пайыздық мөлшерлемені (ставканы) белгілі бір деңгейде ұстап тұруға бағытталған, ақша-несие саясаты.

Инфляциялық таргеттеу – инфляция индексін белгілі бір деңгейде ұстап тұруға бағытталған, ақша-несие саясаты.

Ақша-несиемен өктемдік жүргізу – елдегі ақша массасын ұлғайтуға бағытталған, ақша-несие саясаты.

Ақша-несие шектеуі (рестрикциясы) – елдегі ақша массасын ұлғайтуға бағытталған ақша-несие саясаты.

Ақша-несие саясатының (АНС) нұсқаларын таңдау ақшаға сұранысты өзгерту себептеріне қатысты болады. Мысалы, егер өсу инфляциялық күтулермен байланысты болса, онда қатаң ақша-несие саясатын жүргізу орынды болып саналады.

Ақша-несие саясатының басты мақсаты – несие мен ақша айналысы жағдайына ықпал ету жолымен шаруашылық коньюнктураларын реттеу, өндірістің тұрлаулы өсуіне, тұрақты баға деңгейіне, жұмыспен қамтудың жоғары деңгейіне және сыртқы экономикалық қызмет балансына жету жағдайларын жасау.

Ақша-несие саясатының құралдары.

1. Міндетті резервтер – коммерциялық банктер елдің орталық банкінде пайызсыз салымдар түрінде сақтауы тиіс депозиттер сомасының бір бөлігі. Міндетті резервтердің нормалары депозиттер көлемінен пайыздармен белгіленеді. Олар салымдар түрлеріне қатысты (мысалы, шұғыл салымдар бойынша олар, талап еткенге дейінгі салымдарға қарағанда төмен) мөлшері бойынша ажыратылады. Қазіргі жағдайларда міндетті резервтер салымдарды сақтандыру функцияларын ғана орындамайды (бұл функцияны, банктер салымдардан белгілі бір пайыз аударатын мамандандырылған қаржы институттары атқарады). Орталық Банктің бақылаушылық және реттеушілік функцияларын, сондай-ақ банкаралық есеп айырысуларды да жүзеге асырады. Банктер артық резервтерді міндетті резервтерден артық кейбір сомаларды, мысалы өтімді қаражаттарға деген алдын-ала болжап білуге болмайтын қажеттіліктердің ұлғаюы мүмкін резервтерін сақтауы мүмкін. Бірақ та, бұл банктерді осы ақшаны айналымға жібере отырып, одан кіріс алатын сомалардан айырады. Сондықтан да қайта қаржыландырудың пайыздық мөлшерлемелерінің (ставкаларының) өсуімен артық резервтердің деңгейі қысқарады. Орталық Банк міндетті резервтердің нормасын неғұрлым жоғары белгілеген сайын, коммерциялық банктер активтік операциялар үшін оның соғұрлым аз үлесін пайдалануы мүмкін. Міндетті резервтер нормаларын ұлғайту ақша мультипликаторын азайтады және ақша массасының қысқаруына әкеледі.

Осылайша, міндетті резервтердің нормасын өзгерте отырып, Орталық Банк ақша ұсынысының динамикасына әсерін тигізеді.

2. Орталық Банк коммерциялық банктерге сол бойынша несие беретін есептік мөлшерлемелерді (ставкаларды) (қайта қаржыландыру ставкаларын) өзгерту ақша-несие саясатының (АНС) өзге бір құралы болып саналады. Егер есептік мөлшерлеме (ставка) көтерілетін болса, онда Орталық Банктен қарыз (займ) алу көлемі де қысқарады, демек, ссудалар беру бойынша коммерциялық банктердің операциялары да азаяды. Орталық Банктің есептік мөлшерлемені (ставканы) өзгертуін Орталық Банк саясатының индикаторы ретінде қарастыруға болады. Мысал үшін, қайта қаржыландыру мөлшерлемелерінің (ставкаларының) көтерілуі шектелмелі ақша-несие саясатының басталғанынан белгі береді.

3. Ашық нарықтағы операциялар – бағалы қағаздар нарығы дамыған елдерде кең түрде пайдаланылады. Ақшамен реттеудің бұл құралы Орталық Банктің мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу-сатуын болжайды. Орталық Банк коммерциялық банктен бағалы қағаздар сатып алған кезде, ол осы банктің резервтік шотындағы соманы ұлғайтады, тиісінше, банк жүйесіне қосымша ақша түседі және ақша массасының мультипликативті кеңею процесі басталады. Кеңею ауқымдары ақша массасының өсімі нақты ақшаға және депозиттерге бөлінетін пропорцияларға қатысты болады.

Осылайша, ашық нарықтағы операциялар арқылы ақша базасына (қорына) ықпал ете отырып, Орталық Банк экономикадағы ақша массасының мөлшерін реттейді. Жиі түрде осындай операцияларды Орталық Банк кері сатып алу (РЕПО) туралы келісімдер формасында жүзеге асырады. Мұндай жағдайда Орталық Банк, мысалы, бағалы қағаздарды, біршама мерзімнен кейін белгілі бір бағамен (неғұрлым жоғары) оларды құнын өтеп сатып алу міндеттемесімен сатады.

 

12.2 Ақша-несие аясын реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызметінің




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 50 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Инвестициялық қызметтің мәні | Олайлы инвестициялық орта қалыптастырудың ерекшеліктері | Азақстан Республикасындағы инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу | Рационалды табиғат пайдаланудың мәні және оны мемлекеттік реттеудің қажеттілігі | Ауылшаруашылық өндірушілерін қолдау жөніндегі мемлекет саясаты | Агроиндустриалды реттеу. | Түйін | Мемлекеттік бюджеттің мәні мен құрылымы | Мемлекеттік қарызды басқару стратегиясы | Мемлекеттің фискалдық саясаты |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав