Читайте также:
|
|
Біріншіден, халықтың өмір деңгейін көтеру. Халықтың қажетті материалдық игіліктермен және қызмет көрсетулермен қамтамасыз етілушілігі, оларды тұтынудың қол жеткен деңгейі және ақылға сыйымды (рационалды) қажеттіліктерді қанағаттандыру дәрежесі өмір деңгейі болып түсіндіріледі. Үй шаруашылықтары орташа мөлшерде тұтынатын игіліктер мен қызмет көрсетулерді ақшамен бағалау, өмір құнын білдіреді. Халықтың кірістері мен әлеуметтік қамтамасыз ету өмір деңгейінің аса маңызды құрамды бөліктері болып саналады. БҰҰ өмір деңгейінің: туу, өлім-жітім, өмірдің санитарлық-гигиеналық жағдайы, азық-түлік тауарларын тұтыну, жұмыспен қамту, білім беру, мәдениет, демалыс, көлік құралдары, адам бостандығы (құқықтық қорғау) көрсеткіштері жүйесін әзірледі.
Екіншіден, әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін құру. Тіршіліктің ең төменгі деңгейін өз бетімен әлі де қамтамасыз ету жағдайында емес – сырқаттар, мүгедектер, қарттар, көпбалалы отбасылар сияқты халықтың ең кедей топтарына жататындар, бірінші кезекте мемлекет тарапынан әлеуметтік қорғауды қажетсінеді. Елде тұрғын үй қоры құрылады, тегін мемлекеттік мектептер жұмыс істейді, аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан студенттер стипендиялар алады, оқу ақысын төлеуде жеңілдіктерді пайдаланады, қажетсінушілерге жеңілдікпен медициналық қызметтер көрсетіледі. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау, әскери қызметшілерді бейімдеу бағдарламалары әзірленеді.
Үшіншіден, мемлекеттің әлеуметтік саясатына, еңбек қатынастары мен халықты жұмыспен қамту сияқты бағыттар міндетті түрде кіреді. Мемлекет еңбек нарығындағы субъектілердің тең құқығына, мамандықты (кәсіпті), еңбек ету аясы мен еңбек ету орнын еркін таңдауға кепілдік беруі тиіс. Бұл үшін орта, арнаулы және жоғары білім алудың жалпыға қолжетімді жүйесі өмір сүреді, әлеуметтік ұйғарымды еңбек жағдайы, ең төменгі еңбекақы деңгейі, жұмыс аптасының, еңбек демалысының ұзақтығы заңмен реттеледі, жұмысқа жалдау және жұмыстан шығару кезіндегі жұмыскерлердің (қызметкерлердің) құқықтары айқындалады.
Төртіншіден, зейнетақы жүйесін жетілдіру Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде жетекші орын алады. Қазақстандағы зейнетақы жүйесі 1994 жылы маңызды өзгерістерге ұшырады, Зейнетақы жүйесі «1994 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы» заңға сәйкес оның құрамынан шығарылып, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің басқаруына берілді. Бұл зейнетақымен қамтамасыз ету үшін қаражат жинаудағы жергілікті билік органдарының мүдделігін күшейтті.
Мемлекеттік емес зейнетақымен қамтамасыз ету – азаматтардың әлеуметтік қорғалуын ұйымдастыру элементтерінің бірі болып саналады. Бірақ та іргелі теориялық тұжырымдарсыз мемлекеттік емес зейнетақымен қамтамасыз ету проблемаларын шешуде сапалы нормативтік-құқықтық база мен зейнетақымен қамтамасыз ету тетігін жасау мүмкін емес.
Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 89 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |