Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттары

Читайте также:
  1. D) Заңды тұлғаның табыс алатын негізгі қызметі
  2. E) есеп саясатының елеулі элементтерінің қысқаша сипаттамасын және басқа да түсіндірме ескертпелерді қоса, ескертулер.
  3. Ақша-несие саясатының мәні, құралдары
  4. Азақстан өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы және мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
  5. Аймақтар дамуның (дамымауының) негізгі себептері мен міндеттері.
  6. Бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
  7. Бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
  8. Барлау (іздеу) зерттеулерін жүргізудің негізгі жолдары - бұл
  9. Блефариттер. Этиопатогенезі. . Емінің негізгі принциптерін тізіп көрсетіңіздер. Алдын алу.
  10. Диагностика әдісін тізіп жазыңыз. Негізгі емдеу әдістерін тізіп жазыңыз.

Әлеуметтік аяда, оның ауқымы әлеуметтік саясаттың ауқымын айқындайтын мемлекеттік сектор үстемдік етеді. Кеңейтілген әлеуметтік саясат әлеуметтік бағдарламалардың жалпыға бірдей қолжетімділігін, әлеуметтік төлемдердің әмбебаптығын, мемлекеттің қайта бөлу қызметінің жалпыға бірдей сипатын білдіреді.

Өмір сапасы – күрделі және шегі кең ауқымды категория. Ол экономистердің, социологтардың, саясаттанушылар мен философтардың және т.б. зерттеу мәні (предметі) болып саналады. Бұл толықтай түрде табиғи болып саналады, яки осындай компонентті құбылысты зерттеу, адамның тіршілік ету аясында: жұмыспен қамту, жұмыссыздық, тұтыну, денсаулықты және қоршаған ортаны қорғау, кедейшілік, зейнетақымен қамтамасыз ету және т.б. аяда болатын жайларды ой елегінен өткізуге бірлесіп күш біріктіру мен жан-жақты тұрғыдан қарауды талап етеді. Экономикалық компонеттер өмір сапасының жалпы проблемалар шеңберінде жетекші орын алады. Өмір сапасы теориясын ұсынған Гэлбрейт Дж атап өткендей, адамның тіршілігі тұтынумен ғана және оның үстіне алынатын номинал кірістермен ғана бағаланбауы тиіс. Осылайша, өмір сапасы – халықтың әл-ауқатына және жеке адамдардың әлеуметтік өзін-өзі сезінулеріне түбегейлі әсерін тигізетін, адам тіршілігінің экономикалық, әлеуметтік, табиғи-экологиялық және өзге де жағдайларының белгілі бір үйлесімі.

Әлемдік ғылымда өмір сапасының келесі екі үлгісі қалыптасты:

1. объективтік үлгі өмір сапасын әртүрлі объективтік статистикалық көрсеткіштер – мүліктік жағдай, кірістер, тұтыну индекстері, жұмыссыздық деңгейі және т.б. комбинацияларының нәтижесі ретінде анықтайды.

2. психологиялық (субъективтік) әдіс, өмір сапасының шынайы мәні жеке адамдардың субъективті түйсінулерінен көрінетіндігіне негізделеді.

Объективтік параметрлер мен субъективтік бағалаулар арасындағы өзара байланыс соншалықты айқын және тікелей емес.

Өмір сапасының экономикалық зерттеулерінде, өндіріске және тұтыну ресурстарын бөлуге жауапты экономикалық институттар мен объективті параметрлерге (кірістер, тұтыну, жұмыссыздық) негізгі назар аударылады. 1971 жылы Дж. Форрестер өмір сапасын келесі бес параметр бойынша өлшеуді ұсынды:

- халықтың саны;

- жинақталған капиталдың үлесі;

- қолдағы бар табиғи ресурстардың саны;

- өмір сүретін ортаның ластануы.

Қазіргі уақытта өмір сапасын бағалау көрсеткіштері жүйесінің келесідей маңызды саны қолданылады:

1. Д.Джонстон индексі, пайыздармен көрсетілетін, қоғам дамуының негізгі объективті индикаторларының өзгеруін дәйекті өлшеуден тұратын, «тізбекті индексті» білдіреді;

2. адам дамуының индексі (АДИ), адам әлеуеті дамуының үш негізгі компонеттерінің деңгейін теңдей үлеспен өлшейді;

3. білім алу, ⅔ үлеспен және 1/3 үлеспен алынған, 24 жасқа дейінгілерді қоса алғанда, бастауыш, орта, жоғары дәрежедегі білім беретін оқу орындарында оқитындардың жиынтық коэффициент көрсеткіштерімен алынған, халықтың сауаттылық көрсеткішімен бағаланады. 100%-дағы осы көрсеткіштердің ең жоғары ықтимал мәндері 1 индексін береді, ал төменгі ықтимал мәні – 0%-ды береді.

4. халықтың жан басына шаққандағы нақты ІЖӨ салыстыру базасы болып қабылданған кейбір шекті шамаға халықтың жан басына шаққандағы ІЖӨ шамасының қатынасымен айқындалады.

БҰҰ даму бағдарламасы методологияларына сәйкес, адам дамуының индексі (АДИ) 0,8-ге тең елдер, адам әлеуетінің деңгейі жоғары мемлекеттерге жатады; 0,5-тен 0,8-ге дейін – орташа; 0,5-тен төмен – даму деңгейі төмен мемлекеттерге жатады. АДИ сапаны емес, адам дамуының әлеуетін көбірек сипаттайды. Есептеудің қарапайымдылығы мен әмбебаптығы индекстің артықшылығы болып саналады. Абстракциялаудың шамадан тыс жоғары деңгейі және өмір сапасын зерттеу кезінде өлшеудегі осы қателіктердің болмай қоймайтын зардабы оның кемшілігі болып саналады. Мысал үшін, ІЖӨ-нің 1% өсуі немесе халықтың сауаттылығының 1% өсуі халықтың өмір сапасына оң әсер етеді деу қиын. Сондықтан да АДИ жаһандық ауқымда өмір сапасын салыстыру үшін пайдаланылуы мүмкін.

 




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 38 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Лттық экономиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау | Нарықтық экономикасы дамыған елдерде ҒТП-ны мемлекеттік қолдаудың ерекшеліктері | Негізгі капиталды жедел амортизациялау тетігінің маңызы – ЭМР құралы (инструменті) ретінде | Жылдардағы Қазақстан Республикасының даму индустриалды-инновациялық стратегиясы | Отандық технопарктердің орналасу ерекшеліктері | Азақстан Республикасының технологиялық парктерінің жұмыс жасау тиімділіктерін бағалау | Жалпы проблемалар | Жұмыссыздықтың экономикалық мәні | Инфляция. Филипс қисығы | Жұмыспен қамтуды және еңбек нарығын мемлекеттік реттеу әдістері |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав