Читайте также:
|
|
Кез келген елдің экономикалық жағдайы көп жағдай да оның өнеркәсібінің даму деңгейіне қатысты болады. Атап айтқанда өнеркәсіп кешенінің даму жағдайы мен динамикасы экономикалық тәуелсіздікті, ұлттық қауіпсіздікті нығайту, халықтың лайықты өмір деңгейін қамтамасыз ету, өмір сүретін ортаны экономикалық сауықтыру жөніндегі стратегиялық және тактикалық міндеттерді ойдағыдай шешудің мүмкіндіктерін айқындайды.
Ұлттық экономикалық өміріндегі өнеркәсіп кешенінің маңызы мен рөлі келесі факторлармен айқындалады:
1. Өнеркәсіп өндірісі ішкі тұтыну мен экспорт үшін обьективті түрде ІЖӨ-ні, бүкіл тауар массасын өндірудің негізгі көзі болып саналады. ІЖӨ-дегі экономикасы тұрақты дамушы өнеркәсіптің үлесі 40%-ға жуықты құрайды. Өнеркәсіп кәсіпорындарында экономиканың тұрақты даму кезеңінде еңбекке жарамды халықтың 40%-ға жуығы жұмыспен қамтылған болады.
2. Экономиканың маңызды саласы ретіндегі өнеркәсіптің жетекші рөлі, тағы атап айтқанда, оның қоғамдық өндірістің бүкіл қалған салалары мен аяларын индустриаландырудың шешуші факторы болып қатысатындығымен, олардың техникалық-технологиялық деңгейін анықтайтындығымен айқындалады.
3. Көп салалы өнеркәсіп кешені қоғамдық өндірістің бүкіл өзге салалары мен аяларының өнімдері мен қызмет көрсетулерінің негізгі тұтынушылары болып қатысады, сол арқылы қоғамдағы төлем қабілетті сұранысты генерациялайды және оларды шапшаң дамыту есебінен ІЖӨ-нің өсуін ынталандырады.
Экономикалық өмірдегі өнеркәсіптің аса маңызды және санқырлы рөлінен шығара отырып, тіпті дамыған елдер өзінің өнеркәсіптік-өндірістік кешенінің прогрестік дамуын бірінші нөмерлі басымдық ретінде қарайды, өйткені ең соңында, атап айтқанда ол бүкіл елдің экономикалық даму деңгейін айқындайды.
Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіп саясатын әзірлеу мен жүзеге асырудың өзекті проблемалары ел экономикасындағы өнеркәсіптің үлкен және санқырлы рөлімен ғана айқындалмайды, сонымен бірге, экономикалық дағдарыс уақытында әсіресе атап айтқанда, осы өнеркәсіп кешені зардап шекті. Өнеркәсіптің шикізаттық бағыттаушылығының күшеюі және шикізат өндіруші салаларды шапшаң дамыту есебінен оның құрылымдарының «қиындап кетуі» содан болады. Бұл Қазақстанның дүниежүзілік экономиканың бірқатар перифериялық шикізат қосымшаларына айналу процесі қатерін туғызады.
Өнеркәсіптің бүкіл салаларының өндірістік-техникалық аппаратындағы негізгі қорлардың басым көбі ескірген, техникалар мен жабдықтардың орташа жасы 20 және одан да көп жылдарды, тозудәрежесі 45-55%-ды құрайды.
Өңірлер бойынша өнеркәсіптің дамуында қиғаштықтар байқалады, олардың кейбірін мамандандырылудың тереңдей түсуі көп салалы өңірлерге айналдырды, бұл ішкі нарықта жұмыс жасайтын қалған салаларға нұқсан келтіріп, сол арқылы бірқатар әлеуметтік-экономикалық қайшылықтарды асқындырды және халықтың өмір деңгейі мен сапасындағы орташа республикалық көрсеткіштермен салыстырғанда олардың артта қалуын күшейте түсті.
Осы және өзге де жағымсыз үрдістер мемлекет тарапынан белсенді іс-қимыл жасауды талап етеді және өнеркәсіптегі қалыптасқан экономикалық қатынастарды және елдің болашақтағы мүдделері мен халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуын ескеретіндей, мақсатты бағытталған өнеркәсіп саясатын тұжырымдау қажеттілігін туғызады.
Осындай саясат әзірлеудің бірінші тәжірибесін, «1999-2003 жылдарға арналған ҚР өнеркәсіп саясаты» Мемлекеттік бағдарламасы арнайы құжаты бекітілген кезде, 1998 жылы ҚР Үкіметі қабылдаған болатын. Бұл құжатта:
а) өнеркәсіптің бүкіл салаларын пропорционал және тиімді дамыту, экспорт және импорт алмасуды дамыту;
б) техникалық жаңарту және жаңа ғылым сыйымды өндірістерді дамыту;
в) ішкі және сыртқы нарықтарда Қазақстандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдайлар жасау проблемалары алдыға басты мақсаттар етіліп қойылған болатын.
2003 жылы осы құжатты дамыту үшін «2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму Стратегиясы» қабылданған болатын, онда басты мақсаттар болып мыналар белгіленген:
- экономика салаларын диверсификациялау жолымен елдің орнықты дамуына қол жеткізу;
- шикізатқа бағытталушылықтан бас тарту;
- ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға көшу үшін оның шарттарын дайындау.
Қазақстан өзінің өнеркәсібін реформалау мен тең құқылы және өзара тиімді жағдайларда дүниежүзілік экономикаға ықпалдасудың жолдарын іздеу үстінде.
Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 170 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |