Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Статистикалық индекстер түсінігін беріңіз,олардың классификациясын атаңыз

Читайте также:
  1. Lt;variant>Өндіріс аясын зерттеу, бірақ өндіріс аясы түсінігіне ауыл шарушылығын жатқызады.
  2. Азахстан Республикасының банк жүйелерін статистикалық зерттеу міндеттері
  3. Асқазанның бөлімдерін атаңыз:кардиальді күмбезі немесе түбі, денесі, пилорикалық бөлігі
  4. Ауыз қуысының бөлімдерін атаңыз:меншікті және кәреберіс бөлімдері
  5. Банк түсінігін ғылыми тұрғыда негіздеп, мәнін түсіндіріңіз
  6. Йқы безінің денесінің жиектерін атаңыз:алд,артқы,төм
  7. Йелдердің сыртқы жыныс мүшелеріне жататын мүшелерді атаңыз: үлкен және кіші жыныс еріндері,клитор,қыздық перде
  8. Көкеттің бөлімдерін атаңыз: белдік, қабырғалық, төстік
  9. Кестелер жіне графиктер арқылы статистикалық мәліметтерді бейнелеудің ерекшеліктерін қалай сипаттауға болады?
  10. Кешенді статистикалық талдау және оны құқықтық статистикада қолдану

Әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің өзгеруіне талдау жасауда қорытындылаушы көрсеткіштің бір түрі индекстік әдіс болып табылады.Индекстік әдіс деп бір-біріне тікелей қосуға болмайтын белгілерден тұратын күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың жеке себептерінің үлесін анықтауға қолданылатын және уақытқа байланысты кеңістіктегі орташа өзгеруін сипаттайтын қатысты шаманың бір түрі болып табылады. Индекстік әдісті қолдану арқылы салыстыруға келмейтін экономикалық құбылыстардың жеке бөліктерінің өзгеруін; құбылыстар құрылымының белгілеріне қарай өзгеруін; күрделі құбылыстар көрсеткіштеріне әсер ететін себептерді анықтау мәселелерін шешуге болады. Индекстік әдісті қолдану арқылы есеп жүргізүде екі уақыт кезеңінің нақты сандық көрсеткіштері алынады. Салыстырылатын уақыт шамасы есепті немесе ағымдағы деп аталады. Бұл көрсеткіш үнемі индекстік қатыныстың алымында беріледі, «1» деген таңбамен белгіленеді. Индекстік әдіспен есептелінген көрсеткіштер коэффициентпен, ал оны 100-ге көбейту арқылы %-пен өлшенеді. Егер индекстік көрсеткіштер 1-ден немесе 100-ден көп болса, құбылыстың өткендігін, ал аз болса, онда кемігендігін көрсетеді.Индекстер зерттеу объектісінің көрсеткіштеріне байланысты екі топқа бөлінеді: көлемдік және сапалық. Көлемдік индекстерге өнім көлемінің жалпы индекстері жатады. М/ы, өнеркәсіптің, а/ш-ның, т.б. көлемі алынады. Көлемдік көрсеткіштер өзгеріссіз тұрақты бағамен бағаланады.Сапалық индекстерге бағаның, өзіндік құнның, еңбек өнімділігінің индекстері жатады. Бұл индекстердің бәрінде көлемдік көрсеткіштер өзгеріссіз тұрақты бір ағымдағы кезең дәрежесімен алынады.

Жеке индекстер - әртүрлі элеметтердің жиынтығын өлшеуді сипаттайды, оны құратын бөлік тікелей өлшенбейді.

Индекс салмағы – индекстелетін шамалардыөлшеу мақсатына қызмет ететін шама.

Базисті индекс – салыстыру базасы болып саналатын кезең деңгейі мен ағымдық деңгейді салыстыру арқылы алынатын индекс.

Тізбекті индекс – ағымдық деңгей мен алдыңғы деңгейді салыстыру жолымен алынатын индекстер.

Орташа индекс – жеке индекстерден орташа шама үстінде шығарылып алынатын индекс.

Өзгермелі құрамның индексі - әр түрлі уақыт кезеңдеріне жататын зерттелетін құбылыстың орташа деңгейінің қатынасын көрсететін индекс.

Тұрақты құрам индексі - индекстелетін шамалардың өзгеруі есебінен зерттелетін құбылыстың орташа мәнінің өзгеруін көрсететін индекс.

Құрылымдық қозғалыс индексі – зерттелетін құбылыстың құрылымының өзгеруі осы құбылыстың орташа деңгейінің динамикасына әсерін сипаттайтын индекс.

Ласпейрестің құн индексі - өнімнің көлемі және құрылысы өзгермеуі кезінде өнімге бағаның өзгеруін көрсетеді.

 

4.Статистикадаа индекстер қандай міндеттерді шешеді? Статистика практикасында, индекстер орта шамалармен қатар статистикалық жиынтық бірліктерінің қорытындылама сипаттамасы болып табылады. Индекс- уақыт ішінде, кеңістікте немесе жоспармен кез-келген әлеуметтік – экономикалық құбылыстардың шамасының қатынасын көрсететін қатысты шама. Сонымен қатар индекстер бір көрсеткіштердің мәнінің өзгерісінің басқалардың динамикасына әсерінің деңгейін анықтайды, нақты бағадан салыстырмалы бағаға макроэкономикалық көрсеткіштердің ауысуының мәнін есептецді, әр аймақ бойынша көрсеткіштер қатынасын өлшейді және т.б.

Индекс сөзі көрсеткіш деген мағынаны береді.

Үйреншікті жағдайда салыстырмалы көрсеткіштер әртүрлі элементтерден тұратын құбылыстарды сипаттайды, оларды өлшеу мүмкін еместігінен қосуға болмайды.

Индекстер қатысты санмен көрсетіледі.

Индекстер мәні мынада:

- ұлттық экономиканың дамуын толық және жеке салалары бойынша сипаттайды;

- кәсіпорындар мен ұйымдардың өндірістік-шаруашылық қызметінің нәтижесін талдайды;

- маңызды экономикалық көрсеткіштерді құруда жеке факторлардың ролін зерттейді;

- өндіріс резервтерін айқындайды және т.б.

Экономикалық құбылыстардың орташа көрсеткіштерінің өзгерісін зерттегенде, оның әсерін тигізетін әрбір себептер жеке-жеке есептеледі. Статистикада бұл көрсеткіштер тұрақты және өзгермелі құрамды индекстер арқылы анықталады. Тұрақты құрамды индекс. Құбылыстың өзгеруіне әсерін тигізетін себепті анықтау үшін сапалық көрсеткіштер құрамын өзгермелі түрде алсақ, яғни салыстыратын екі уақыт мерзімдерінің шамасы алынса, ал салмағы ретінде ағымдағы кезеңнің тұрақты дәрежесі қолданылса, онда тұрақты индекс шығады.

Өзгермелі құрамды индекс. Мұнда статистикалық талдау жасау үшін, екі уақыт кезеңіндегі зерттелетін құбылыстың орташа шамалары жеке-жеке есептеледі, бір-бірімен салыстырылады және олардың қандай себептерден өзгергені анықталады. Бұл индексте салмақталған екі орташа шаманың қатынасы қарастырылады

 

Құрылымның өзгеру индексі. Егер жиынтық құрамының өзгеру әсерінен орташа сапа көрсеткішінің өзгерісі анықталса, ол құрылымның өзгеру индексі деп аталады

Қарастырылған үш индекстің арасындағы өзара байланысты көрсетсек:

Іөзгермелі құр-ы инд.= Ітұрақты құр-ы инд. * Іқұрылымның құр-ы инд.

Бұл индекстер басқару жұмыстарына талдау жасауда, экономикалық мәселелерді шешуде жиі қолданылады. Өзгермелі құрамды индекс жалпы сапалық көрсеткіштің орташа өзгерісін, тұрақты құрамды индекс сапалық көрсеткіштің орташа өзгерісін сол жиынтық құрамының тұрақтылығы арқылы көрсетеді, яғни сапа көрсеткіштері өзгерістерінің қандай себептер әсерінен болғанын анықтайды

Орташа арифметикалық және гармониялық индекстерін сипаттаңыз.Oларды бағалар және өндірістің физикалыө көлемін зерттеуде пайдалануын көрсетіңіз

Көрсеткіштің сандық және сапалық мәндері белгісіз болып,оның орнына өткен мерзімдегі тауар айналымы,өнім өндіру шығындары,сатылған тауар көлемі,оың әр данасының бағасы немесе өзіндік құны пайыз есебімен өзгерген түрде берілсе,олардың өзгерісін аныңтау үшін агрегаттық индекстерді жеке индекстер бойынша есептелген көрсеткіштерді қолдана отырып,орташа индекстерге түрлендіреміз.Мұндай түрлендіруді екі тәсілмен жүргізуге болады:арифметикалық және гормониялық.Арифметикалық орташа индекс.Егер шығарылған өнімнің саны qмен өзіндік құны z белгісіз,ал өткен мерзімдегі жалпы шығын мен өндірілген өнім көлемінің өзгерісі iq белгілі болатын болса,өнім көлемінің өзгерісін анықтау үшін,көлемдік индексті қолданымыз:

=

Әрбір өндірілген өнім көлемінің өзгергені жеке индекс түрінде белгілі.Онда жеке көлемдік индекстің формуласынан (iq=q1/q0),белгісіз(q1=iqq0)тауып,бөлшектің алымына жазсақ,формула келесідей түрге түрленеді.

Iq=𝝴q1z0/𝝴q0z0=𝝴iq𝝴q0z0/𝝴q0z0

Арифметикалық орташа индекс экономикалық құбылыстар мен процестерді зерттеуде көрсеткіштердің өзгерістері коэфициентпен немесе пайызбен берілгенде қолданылады.

Гармониялық орташа индекс.Егер ағымдағы мерзімде шығарылған өнім саны q1 және өзіндік құны z1 белгісіз,ал жалпы шығын z1q1 мен өнімнің өзіндік құнының өзгерісі izбелгілі болса,онда мұндай көрсеткіштерді есептеу үшін,өзіндік құнның жалпы индексін гармониялық орташа индекске түрлендіреміз.Ол үшін агрегаттық индекстің(Iz=𝝴z1q1/𝝴z0q1)бөліміндегі өткен уақыттағы өзіндік құнды есептеп алу керек.Оны есептеу үшін өзіндік құнның жеке индексінен(iz=z1/z0) өткен уақыт мерзімдегі өзіндік құнды тауып(z0=z1/z0) өткен мерзімдегі өзіндік құнды тауып(z0=z1/iz) қойсақ,гормониялық орташа индекстің формуласы келесідей түрге түрленеді:

Iz=𝝴z1q1/𝝴z0q1=𝝴q1z1/𝝴z1/izq1=𝝴z1q1/𝝴z1q1/iz

Базалық және тізбекті жеке индекстерін сипаттаңыз.Оларды бағалар және өндірістің физикалық көлемін зерттеуде пайдалануын көрсетіні

Статистика практикасында, индекстер орта шамалармен қатар статистикалық жиынтық бірліктерінің қорытындылама сипаттамасы болып табылады. Индекс- уақыт ішінде, кеңістікте немесе жоспармен кез-келген әлеуметтік – экономикалық құбылыстардың шамасының қатынасын көрсететін қатысты шама. Сонымен қатар индекстер бір көрсеткіштердің мәнінің өзгерісінің басқалардың динамикасына әсерінің деңгейін анықтайды, нақты бағадан салыстырмалы бағаға макроэкономикалық көрсеткіштердің ауысуының мәнін есептецді, әр аймақ бойынша көрсеткіштер қатынасын өлшейді және т.б.

Индекс сөзі көрсеткіш деген мағынаны береді.

Үйреншікті жағдайда салыстырмалы көрсеткіштер әртүрлі элементтерден тұратын құбылыстарды сипаттайды, оларды өлшеу мүмкін еместігінен қосуға болмайды.Жеке индекстер біртектес құбылыстардың екі уакыт аралығындағы наұты көрсеткіш шамаларының қатынасын айтамыз.Осы индексетрді есептеу үшін есепті уақыттағы және ағымдағы кезеңдегі мәнді өткен уақыттағы немесе базалыө кезеңдегі көрсеткіштерге бөледі.

Егер,қатар дәрежелі уақытына байланысты бірінші кезеңнен тұратын болса,олардың ағымдағы мезгілдегі әрбір дәрежесі оның алдындағы уақытта тұрған шамасымен салыстырылған болса,онда оны өзгермелі немесе тізбектелген индекстер деп атаймыз.

Iq=q1/q0; q2/q1;q3/q2

Егер,қатардың әрбір дәрежесін белгілі бір тұрақты базалық кезеңнің мәнімен салыстыратын болсақ,онда оны базалық индекстер деп атаймыз.

Iq=q1/q0* q2/q1*q3/q2=q3/q0

Сол сияқты соңғы базалық индекстердегі алдыңғы қатардағы базалық индекстерге бөлу арқылы тізбекті индекстер алынады.

Iq= q3/q0 *q2/q0= q3/q2 Iq= q2/q0 *q1/q0 =q2/q1

Сонымен,жеке индекстер қоғамдағы құбылыстардың өзгеруіне зерттеу кезінде өолданылады,ал қандай себептерге байланысты өзгергенін талдау жасау кезінде жалпы индекстер қолданылады.

 

7.Жалпы индекстің түрі ретінде агрегаттық индекс дегеніміз не?Г.Пааше және Э.Ласпейрестің баға индекстерін тәжірибелік қолдануы? Жалпы индекстер дегеніміз тікелей салыстыруға және қосуға келмейтін элементтерден тұратын, күрделі қоғамдық құбылыстардың уақытқа байланысты өзгерісі болып табылады. Құбылыстардың өзгерістеріне талдау жасау үшін, өзара қосуға болмайтын жекелеген белгілерін салыстыратын шама арқылы қосып, жалпы жиынтығын есептеуге болады.Статистикада жалпы индекстер үлкен «І» әрпімен белгіленеді, оның төменгі оң жағына нені зерттейтініне байланысты таңбасы бірге жазылады.(Іq, Іp, Іz, Іqp, т.б.)жалпы индексті анықтауда неміс экономисті Ласпейрас 1864 жылы базистік көрсеткіштермен өнімнің көлемі мен бағасының өзгеруіне талдау жүргізді.1874 жылы неміс экономисті Пааше ағымдағы сатылған өнімдердің және бағалардың өзгерегенін сипаттаған.бағаның жалпы индексі немесе Пааше индексі деп атайды,екі мерзімдегі бағаны өзгертіп,ал сатылған тауарлардың санын тұрақты түрде ағымдағы кезеңмен аламыз,одан оларды көбейтіп,шыққан екі мерзімдегі тауар айналымын бір бірімен салыстырамыз. Жиынтық бірліктері жеке бөліктерден немесе топтардан тұратын болса, олар топтық индекстер деп аталады. М/ы а/ш-қ өнімдері жалпы, ал мал шаруашылығы, өсімдік шар-ң өнімдері топтық индекстерге жатады.Есептеу әдістемесіне байланысты жалпы немесе топтық индекстер агрегаттық және орташа болып бөлінеді.Агрегатты индекстер, мұнда қарастырылып отырған индекстердің алымы мен бөлімі екі көрсеткіштің, яғни сандық пен сапалық белгілерінің көбейтіндісінің қосындысына тең. Тауар айналымының жалпы индексін мына формуламен есептейді:

Іqp , мұндағы:

Σ және Σ - екі мерзімдегі сатылған тауарлардың жалпы құны;

Тауар айналымының көлемдік жалпы индексінің формуласы келесідей:

Іq / Σ , мұндағы

Σ –ағымдағы мерзімде сатылған тауарлардың санын өткен бағамен есептегендегі шартты құны Σ -өткен мерзімдегі сатылған тауарлардың құны.Баға индекстері келесілермен өрнектеледі. Бағаның жалпы индексі (Пааше) ЖҰӨ дефляторына сай келеді және ол өзгермелі тауарлармен қызметтер үшін есептеледі және келесі формуламен өрнектеледі:

Ip= Σ ;

мұндағы:Σ –ағымдағы мерзімде сатылған тауарлардың жалпы құны;Σ - ағымдағы мерзімде сатылған тауарлардың санын өткен уақыттағы бағамен есептегендегі шартты құны. Осы индекстердің байланысын келесідей түрде көрсетуге болады:

Σp1q1/Σp0q0= Σq1p0/Σq0p0* Σp1q1/Σp0q1

Агрегаттық индекстердің өзара байланысы арқылы есептелген көрсеткіштердің дұрыстығын және экономикалық құбылыстардың өзгерісіне әсер ететін себептерді анықтауға болады.

Ласпейрас индексі өзгермейтін тауар жиынын есептейтін болып табылады.Ол тұтыну бағалар индексіне сай келеді. I l= Σpt*Q0/Σpo*q0

Тұтыну бағасының индексі (ТБИ)тауарлардың өзгермейтін жинағына есептеліп, Ласнейрес индексі деп аталады

Индекстік талдаудың мәні және тәжірибелік қолдануын түсіндіріңіз.Түрлері мен формалары бойынша формулаларын келтіріп,өзара байланыстарын көрсетіңіз

Индекстік әдіс деп бір-біріне тікелей қосуға болмайтын белгілерден тұратын күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың жеке себептерінің үлесін анықтауға қолданылатын және уақытқа байланысты кеңістіктегі орташа өзгеруін сипаттайтын қатысты шаманың бір түрі болып табылады.

Индекстік әдісті қолдану арқылы салыстыруға келмейтін экономикалық құбылыстардың жеке бөліктерінің өзгеруін; құбылыстар құрылымының белгілеріне қарай өзгеруін; күрделі құбылыстар көрсеткіштеріне әсер ететін себептерді анықтау мәселелерін шешуге болады.

Жиынтық бірліктерін қамту дәрежесіне байланысты индекстер жеке және жалпы болып бөлінеді. Жеке индекстер дегеніміз біртектес құбылыстардың екі уақыт аралығындағы нақты көрсеткіш шамаларының қатынасы. Мысалы, ағымдағы және базалық уақытты салыстыру арқылы көрсеткіштердің қаншаға өзгергендігін есептеуге болады.Өнім көлемінің жеке индексі: iq=q1/q0 Өнімнің өзіндік құнының жеке индексі: iz=z1/z0 Еңбек өнімділігінің жеке индексі: it=t0/t1 мұндағы T1, T0 бір дана өнімді өндіруге жұмсалған уақыт мөлшері. Жалпы индекстер дегеніміз тікелей салыстыруға және қосуға келмейтін элементтерден тұратын, күрделі қоғамдық құбылыстардың уақытқа байланысты өзгерісі болып табылады. Тауар айналымының жалпы индексін мына формуламен есептейді: Іqp , мұндағы Σ және Σ - екі мерзімдегі сатылған тауарлардың жалпы құны; Тауар айналымының көлемдік жалпы индексінің формуласы келесідей: Іq / Σ , мұндағы Σ –ағымдағы мерзімде сатылған тауарлардың санын өткен бағамен есептегендегі шартты құны. Σ -өткен мерзімдегі сатылған тауарлардың құны.Бағаның жалпы индексі келесі (Пааше) формуламен өрнектеледі: Ip= Σ ; мұндағы:Σ –ағымдағы мерзімде сатылған тауарлардың жалпы құны;Σ - ағымдағы мерзімде сатылған тауарлардың санын өткен уақыттағы бағамен есептегендегі шартты құны. Осы индекстердің байланысын келесідей түрде көрсетуге болады: Σp1q1/Σp0q0= Σq1p0/Σq0p0* Σp1q1/Σp0q1Арифметикалық орташа индекс. Егер шығарылған өнімнің саны (q) мен өзіндік құны (z) белгісіз, ал өткен мерзімдегі жалпы шығын (z0q0) мен өндірілген өнім көлемінің өзгерісі (iq) белгілі болатын болса, өнім көлемінің өзгерісін анықтау үшін, көлемдік индексті қолданамыз: Іq q= Σ Σ

Үйлесімдік орташа индекс. Iz=Σz1q1/Σz0q1= Σq1z1/Σz1/izq1=Σz1q1/Σz1q1/iz

Экономикалық құбылыстардың орташа көрсеткіштерінің өзгерісін зерттегенде, оның әсерін тигізетін әрбір себептер жеке-жеке есептеледі. Статистикада бұл көрсеткіштер тұрақты және өзгермелі құрамды индекстер арқылы анықталады.

Тұрақты құрамды индекс. Құбылыстың өзгеруіне әсерін тигізетін себепті анықтау үшін сапалық көрсеткіштер құрамын өзгермелі түрде алсақ, яғни салыстыратын екі уақыт мерзімдерінің шамасы алынса, ал салмағы ретінде ағымдағы кезеңнің тұрақты дәрежесі қолданылса, онда тұрақты индекс шығады, оны сапалық мәндері бойынша келесі формуламен көрсетеміз.1) баға бойынша: Ipт.қ=Σp1q1/Σp0q1= Σq1p1/Σq1: Σp0q1/Σq1

2) өзіндік құн бойынша: Izт.қ=Σz1q1/Σz0q1= Σq1z1/Σq1: Σz0q1/Σq1

Өзгермелі құрамды индекс. Мұнда статистикалық талдау жасау үшін, екі уақыт кезеңіндегі зерттелетін құбылыстың орташа шамалары жеке-жеке есептеледі, бір-бірімен салыстырылады және олардың қандай себептерден өзгергені анықталады. Бұл индексте салмақталған екі орташа шаманың қатынасы қарастырылады. Сондықтан оны орташа шамалар индексі деп те айтады және келесі формулалармен есептеледі:

1) баға бойынша: Ір= Σq1p1/Σq1: Σp0q0/Σq0= p1:p0

2) өзіндік құн бойынша: Іz= Σq1z1/Σq1: Σz0q0/Σq0= z1:z0

Құрылымның өзгеру индексі. Егер жиынтық құрамының өзгеру әсерінен орташа сапа көрсеткішінің өзгерісі анықталса, ол құрылымның өзгеру индексі деп аталады. Оны есептеу үшін өзгермелі құрамды индексті тұрақты құрамды индекске бөлу керек және формуласын келесідей түрде көрсетуге болады:

Іқұрылымның өзгеру индексі = Іөзгермелі инд. / Ітұрақты инд.

Қарастырылған үш индекстің арасындағы өзара байланысты көрсетсек:

Іөзгермелі құр-ы инд.= Ітұрақты құр-ы инд. * Іқұрылымның құр-ы инд.

Бұл индекстер басқару жұмыстарына талдау жасауда, экономикалық мәселелерді шешуде жиі қолданылады. Өзгермелі құрамды индекс жалпы сапалық көрсеткіштің орташа өзгерісін, тұрақты құрамды индекс сапалық көрсеткіштің орташа өзгерісін сол жиынтық құрамының тұрақтылығы арқылы көрсетеді, яғни сапа көрсеткіштері өзгерістерінің қандай себептер әсерінен болғанын анықтайды.

9.ҰШЖ нің макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесін сипаттаңы ХХ ғасырдың ортасында халықаралық ұйымдар ұлттық шоттар Жүйесі (ҰЕЖ) құрылды.ҰШЖ – ұлттық және халықаралық деңгейде пайдаланатын бірыңғай экономикалық терминдер, жүйелер және есепке алу ережелерінің жиыны. ҰШЖ келесі міндеттерді атқарады: макроэкономикалық есептілік үшін, ағымдағы макроэкономикалық ахуалды талдау үшін және болжауларды, негіздеу үшін дерекқор мәліметтерін жинақтайды;әр елде экономиканың жағдайын және қызмет нәтижелерін салыстырып, аналитикалық ақпарат береді;елдердің, аймақтардың және халықаралық экономикалық бірлестіктердің ағымдағы экономикалық саясатын, белгіленген экономикалық стратегияны (түбегейлі жоспарды) іске асыру үшін мәліметтер көзі болып табылады.Экономикалық қызмет нәтижелерін бағалайтын негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер: жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) және жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ). Жалпы ішкі өнім уақыттың белгіленген мерзімінде сол елдің резиденттері өндірген соңғы өнім құнын өлшейді (есептейді). Соңғы тауарлар мен қызметтер ретінде тек қана тікелей тұтынатын (ары қарай қайта сату үшін емес) тауарлар мен қызметтер саналады. Жалпы ішкі өнімге (ЖІӨ) өндіріс процесінде (үдерісінде) шығындалған (отын, шикізат, көлік қызметі және т.б.) аралық (шыққан) тауарлар мен қызметтердің құны кірмейді. ЖІӨ анықтауындағы «жалпы», «валдық» деген термин ЖІӨ есептегенде оның құнынан негізгі капиталдың тұтынуы алынбайтынын білдіреді.ЖІӨ ішкі өнім болып саналады, себебі осы елдің резиденттерімен өндіріледі. Бір елдің экономикалық аумағында экономикалық мүддесінің орталығы бар, олардың ұлтынан тәуелсіз барлық экономикалық бірліктер (кәсіпорындар, үй шаруашылықтары) резиденттер болып саналады. Келесі көрсеткіш – ол таза ұлттық өнім (ТҰӨ). ТҰӨ = ЖІӨ - амортизациялық ақша аударулар ТҰӨ халықтың тұтынуына және жеке инвестицияларға кететін ЖІӨ құнын шамасын көрсетеді. ТҰӨ жанама салықтар кіреді, оның ішінде акциздер мен кеден баждары. Егер ТҰӨ жалпы көлемінен жанама салықтарды алып тастасақ, алынған сома ұлттық табыстың (ҰТ) шамасы болады.ҰТ= ТҰӨ - жанама салықтарҰТ өндіріс факторлар иелері табыс түрінде алатын ЖІӨ құнының бөлігін көрсетеді: жер иелері – рента түрінде капитал иелері – фирмалардың табысы түріндежұмыс күші иелері – жалақы түріндеТұтыну (С) – бұл ЖІӨ маңызды құрастырушысы. Ұзақ мерзімді келешекте ЖІӨ және тұтыну шығындарының өзгеруі бірдей, алайда қысқа мерзімді кезеңде тұтыну шығындары ЖІӨ қарағанда, аз дәрежеде құбылады, себебі олар негізінде қолдағы табыстан тәуелді. Ал қолдағы табыс ЖІӨ сәйкес келмейді. Мысалы салықтар мен трансферттер (қолдағы табысқа кіретін) құлдырау және даму кезеңдерінде автоматты стабилизатор (тұрақтандырушы) ретінде әрекет жасайды: салықтар құлдырау кезінде төмендейді де, трансферттер өседі, сондықтан қолдағы табыс ЖІӨ сияқты тез азаймайды.Жинақтар (S) – тұтынуды шығарғаннан кейінгі табыс ретінде анықталады.Көрсетілген (нақтылы) және шынайы көрсеткіштер. ЖІӨ көрсеткішіне бағалар деңгейінің өзгеруі маңызды ықпал жасайды. ЖІӨ көрсетілген (нақтылы) және шынайы болады. Көрсетілген (нақтылы) ЖІӨ осы ағымдағы жылғы бағаларды өндірілген тауарлар мен қызмет көрсетулердің көлемін көрсетеді. Көрсетілген (нақтылы) ЖІӨ шамасына 2 үдеріс ықпал жасайды (әсер етеді): - өндірістің көлемінің өсуі; - бағалар деңгейінің өсуі.ЖІӨ индексі (дефляторы) = көрсетілген ЖІӨ/шынайы ЖІӨТұтыну бағасының индексі (ТБИ) мен ЖІӨ дефляторы араларындағы айырмашылық келесіде:ЖІӨ дефляторы өзгерілетін тауарлар жинағына есептеліп, Пааше индексі болып келеді, ал ТБИ тауарлардың өзгермейтін жинағына есептеліп, Ласнейрес индексі деп аталады.ЖІӨ дефляторы экономикада өткізілетін өнімдер және қызмет көрсетудің барлық атаулар тізімі бойынша бағалардың өзгеруін, ал ТБИ тек қана тұтыну тауарларына бағалардың өсуін, көрсетеді. ЖІӨ дефляторы ұлттық факторлары өндірген өнімдерге бағалардың өзгеруін, ал ТБИ шетел тауарларға бағалардың өзгеруін көрсетеді.

10.Қоғамдық құбылыстар мен процесстер арасындағы өзара байланыстар статистикалық әдістер арқылы зерттеу Статистикада қоғамдық құбылыстар мен процестердіңарасындағы өзара байланысты анықтамай тұрып, алдымен сол өзгеріске әсерін тигізетін факторлары мен нәтижелі белгілері арасындағы тәуелділікті анықтайды. Оның өзі құбылыстың ерекшелігіне қарай функционалдық және корреляциялық байланыс болып бөлінеді. Функционалдық байланыс дегеніміз бір белгі мәнінің өзгеруіне әсерін тигізетін екінші бір белгінің сәйкес келуін, яғни бір факторлы белгінің өзгерісі салдарынан нәтижелі белгі мәнінің өзгеруін айтады. Демек, бұдан осы екі белгінің арасында толық немесе функционалдық байланыстың бар екені көрінеді. Корреляциялық байланыс дегеніміз қоғамдық құбылыстардың өзгеруіне әр түрлі кездейсоқ факторлардың әсер етуі. Олардың әрқайсысының тигізген ықпалының мәндері белгісіз, яғни нәтижелі және факторлы белгі арасындағы өзара тәуелділік дәлме-дәл көрсетілмеседе және бір шаманың өзгеруінен екінші шаманың орташа мәні өзгеретін болса да, оны корреляциялық байланысқа жатқызады. Статистикада корреляциялық байланыс деп нәтижелі және факторлы белгілер арасында сәйкестіктің болмауын айтады. Корреляциялық байланысқа факторлы белгі мәніне нәтижелі белгінің бірнеше орташа мәні сәйкес келеді.Корреляциялық байланысты мына теңдеу арқылы да көрсетеді: Уi=f (Xi)+Ei, мұндағы, f (Xi) - корреляциялық байланыста белгілі болған f пен Уi арасында және ерекше алынған немесе бір немесе бірнеше факторлық белгінің әсерінен қалыптасқан нәтижелі белгі бөлігі; Ei - жанама және кездейсоқ факторлардың әсеріне пайда болған нәтижелі белгінің бөлігі. Құбылыстардың өзара байланысын статистикалық әдістер арқылы зерттеу Қоғамдық құбылыстар мен процестердің өзгерісісін зерттеуде және олардың арасындағы өзара байланысты анықтауда келесідей көптеген әдістер қолданылады: сандық қатарларды салыстыру, аналитикалық топтау, графиктік әдіс, баланстық әдіс, индекстік әдіс, корреляциялық талдау және т.б. Сандық қатарларды салыстыру әдісі қоғамдық құбылыстардың өзара байланысын анықтау үшін жиі қолданылады, қарапайым әдіс. Бұл әдісте екі немес ебірнеше белгілері бойынша сандық көрсеткіштер қатарларының өзгеруін салыстыруға болады және олардың арасындағы тәуелділікті анықтауға толық мүмкіндік туады. Аналитакалық топтау әдісі құбылыстардың өзара байланысын зерттеу кезінде статистикалық көрсеткіштердің көптігіне қарай қолданылады. Бұл әдіс негізінде бір немесе бірнеше белгілердің бағытын және олардың бір-біріне қаншалықты тәуелді екенін анықтауға болады. Баланстық әдіс әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың өзара байланысын зерттеу кезінде жиі қолданылады. Статистикалық баланс дегеніміз екі нақты шама қосындысының тепе-теңдік көрсеткіштер жүйесі, оны келесі теңдеу арқылы көрсетуге болады: а+б=в+г Бұл тепе-теңдік көбінесе кесте түрінде көрсетіледі және оның жеке бөліктерінің жиынтығы әрқашанда бір-біріне тең болады. Мысалы, кәсіпорынның материалдық ресурстар қозғалысының балансын келесідей көрсетуге болады: бастапқы қалдық+келіп түскені = шығынға кеткені+соңғы қалдығы .Индекстік әдіс құбылыстардың өзгерісіне әсер ететін жеке факторлардың ролін, яғни үлесін анықтауда қолданылады. Мұнда әр фактордың тигізетін әсерін анықтау үшін жеке дара және жалпы индекстердің өзара байланысы қолданылады. Графикалық талдау әдісі де құбылыстардың байланысын анықтауда қолданылады. Ол үшін графиктің ордината осіне нәтижелі (У) белгінің, ал абсцисса осіне факторлық (Х) белгінің мәндерін нүкте арқылы орналастырсақ, корреляция жазықтығы шығады. Қоғамда болып жатқан өзгерістер бір-біріне өзара байланысты көптеген және әр түрлі себептердің ықпалынан пайда болады. Сол құбылыстар мен процестерге негізінен қандай себептер ықпал ететінін анықтау үшін және олардың арасындағы байланысты зерттеу үшін статистикалық заңдылықтарды ғылыми жүйеде қолдана білу керек.

11.Ұлттық Шоттар Жүйесін нарық экономиканың макроэкономикалық моделі ретінде сипаттаңыз.Оның негізге түсініктері мен категорияларын атаңыз Ұлттық шоттар жүйесі – ұлттық деңгейдегі макроэкономиканың ұлттың жайлыңқы статисткалық моделі. Экономикалық операциялар секторлар түрінде берілген: қаржылық емес корпорациялар, қаржылық корпорациялар, мемлекеттік басқару ұйымдары, үй шаруашылығы, коммерциялық емес ұйымдар, үй шаруашылығына қызмет көрсетушілер, қалған әлем. Алты сектордың ішіндегі бесеуі ішкі отандық экономиканы сипаттайды және олар Қазақстан Республикасының резиденті болып табылады. Соңғы алтынша сектор – «қалған әлем» сыртқы болып есептеледі және осы елдің резидент еместерінің және резиденттерінің арасындағы операцияларды бейнелейді. Тауарлар мен қызметтердің шоты өзіндік жиынтық кесте болып табылады. Ол басқа да барлық шоттар сияқты екі бөліктен тұрады: «ресурстар» бөлігінде тауарлар мен қызметтердің шығарылымы және импорты, өнімдерге және импортқа салынған салықтар, өнімдерге арналған субсидиялар, ал «пайдалану» бөлігінде – тұтынуға (аралық және түпкілікті) арналған тауарлар мен қызметтердің пайдалану көлемі, негізгі және айналым капиталының қорланымы, экспорт көрсетіледі. Өндіріс шоты тікелей өндіру процесіне қатысты операцияларды қамтып көрсетеді. Бұл шотта экономика дамуының жинақтап қорытылған аса маңызды көрсеткіштерін – жалпы ішкі өнімді есептеп шығарудың негізін құрайтын қосылған құн анықталады. Шығарылым есепті кезеңде экономикада өндірілген тауарлар мен қызметтердің жиынтықты құнын көрсетеді. Аралық тұтыну есепті кезеңде өндіріс процесінде түрленетін немесе түгелдей тұтынылатын тауарлар мен қызметтер құнына тең. Негізгі капиталды тұтыну аралық тұтыну құрамына кірмейді.Аралық тұтыну құрамына қаржы делдалдығының (банктердің) жанама-өлшемді қызметін тұтыну жеке жайғасым болып енеді. Жалпы қосылған құн салалар деңгейінде тауарлар және қызметтер шығарылымы мен аралық тұтыну арасындағы айырмашылық ретінде есептеп шығарылады. «Жалпы» термині өндіріс процесінде тұтынылған негізгі капиталдың құны көрсеткішке қосылатындығын көрсетеді. Өнімдерге салынған салықтарға мөлшері өндірілген өнімдер мен көрсетілген қызметтердің құнына тікелей байланысты салықтар кіреді. Субсидиялар – кәсіпорындарға олар тауарлар мен қызметтердің белгілі бір түрлерін өндірген жағдайда мемлекеттік бюджеттен берілетін ағымдағы өтеусіз төлемдер. Жалпы ішкі өнім өндіріс сатысында жалпы қосылған құнды салалар бойынша жиынтықтау жолымен алынады. Жалпы ішкі өнім рынок бағасы бойынша есептеп шығарылады, яғни өзіне өнімдерге және импортқа салынған таза салықтарды қосады. «Таза» термині салықтың тиісті субсидиялардың шегеріліп көрсетілгендігін білдіреді. Бұл елдің экономикалық қызметінің түпкілікті нәтижесін сипаттайтын ұлттық шоттар жүйесінің аса маңызды көрсеткіштерінің бірі. Табыстардың құралу шоты институционалдық бірліктердің – тауарлар мен қызметтер өндіруге тікелей қатысатын резиденттердің бастапқы табыстарын төлеуді көрсетеді. Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жұмыс берушінің қызметкерлерге олардың есепті кезеңде орындаған жұмысына ақшалай және/немесе заттай нысанда төлеген барлық сыйақыларының сомасымен анықталады. Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу есептелген сома негізінде есепке алынады және оған әлеуметтік сақтандыруға аударымдар, табысқа салынатын салықтар сомасы мен қызметкерлердің төлеуге жататын, тіпті олар шын мәнісінде әкімшілік мүдделер немесе өзге де себептер бойынша ұсталып және қызметкердің атынан тікелей әлеуметтік сақтандыру органдарына, салық қызметтеріне және т.б. төленетін басқа да төлемдер кіреді. Өндіріске салынатын басқа да салықтар өнімге салынатын салықтардан басқа, өндіруші бірліктердің өндіруге немесе өндіру факторларын пайдалануына байланысты оларға салынатын барлық салықтардан тұрады. Мұндай салықтардың мөлшері өндірістің көлемі мен пайдалылығына тікелей байланысты емес.

Экономиканың жалпы (таза) пайдасы қосылған құнның қызметкерлер еңбегіне ақы төлеуге және өндіріске салынатын салықтарды төлеуге байланысты шығыстарды шегергеннен кейін өндірушілерде қалатын бөлігі. «Жалпы» немесе «таза» термині бұл жағдайда осы көрсеткіш өндіріс процесінде негізгі капиталды тұтынуды қоса ма немесе қоспай ма соны көрсетеді.Үй шаруашылықтарының меншігінде тұрған кәсіпорындардың өндірістік қызметінің нәтижесінде құралатын пайда жалпы аралас табыс деп аталады, өйткені ол кәсіпорынның меншік иесі орындаған жұмысқа ақы төлеуді де, сол сияқты кәсіпкерліктен түскен пайданы да көрсетеді. Негізгі капиталды тұтыну негізгі капитал құнының есепті кезең ішінде оның табиғи тозуы мен сапалық тозуының және кездейсоқ бүлінуінің нәтижесінде азаюын көрсетеді. Таза экспорт экспорт пен импорт арасындағы айырма ретінде есептеп шығарылады және оған Қазақстанның шет елдермен, ТМД елдерін қоса, сауда айналымы кіреді. Негізгі баға – өндірушінің тауар мен қызметтің бірлігіне алатын, өнімге және импортқа салынатын кез келген салықтар қосылмаған, бірақ өнімге және импортқа берілетін субсидиялар есептелген бағасы. ЖІӨ индекс-дефляторы – ағымдағы бағаларда есептелген ЖІӨ-нің, өткен кезеңнің салыстырмалы бағаларында есептелген ЖІӨ-нің көлеміне қатынасы. ЖІӨ дефляторының тауарлар мен қызметтер бағасының индексінен айырмашылығы, ол баға өзгеруінің нәтижесінде еңбекақының, пайданың (аралас табыстарды қоса) және негізгі капиталды тұтынудың, сондай-ақ таза салықтардың атаулы жиынының өзгеруін сипаттайды.

 

 

12.ҰШЖ құрудың жалпы принциптерін атаңыз.Жинақтаушы Ұлттық Шоттарды сипаттаңыз. Халықаралық экономикалық бірлестіктердің пайда болуы және дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасуы экономикалық терминологияны, экономикалық қызметі мен экономикалық көрсеткіштерді есепке алу ережелерін жаңартуға себеп болды. осыған байланысты ХХ ғасырдың ортасында халықаралық ұйымдар ұлттық шоттар Жүйесі (ҰЕЖ) құрылды. ҰШЖ – ұлттық және халықаралық деңгейде пайдаланатын бірыңғай экономикалық терминдер, жүйелер және есепке алу ережелерінің жиыны. ҰШЖ келесі міндеттерді атқарады:

- макроэкономикалық есептілік үшін, ағымдағы макроэкономикалық ахуалды талдау үшін және болжауларды, негіздеу үшін дерекқор мәліметтерін жинақтайды;

- әр елде экономиканың жағдайын және қызмет нәтижелерін салыстырып, аналитикалық ақпарат береді;

- елдердің, аймақтардың және халықаралық экономикалық бірлестіктердің ағымдағы экономикалық саясатын, белгіленген экономикалық стратегияны (түбегейлі жоспарды) іске асыру үшін мәліметтер көзі болып табылады.

ҰШЖ-ның шоттары бухгалтерлік есеп қағидасының негізінде құрастырылады. ҰШЖ-де әр шоттың баланстаушы бабы келесі шоттың бастапқы бабы болып табылады.

Улттык шоттар жүйесі ұлттық деңгейдегі макроэкономиканың ұлттық жайылыңқы статистикалық моделі.Экономикалық операциялар секторлар түрінде берілген:қаржылық емес корпарациялар., қаржылық корпарациялар, мемлекеттік басқару ұцымдары, үй шаруашылыңы, коммерциялық емес ұйымдар, үй шаруашылыңына қызмет көрсетушілері қалған әлем.

Ұлттық шоттар өзара бухгалтерлік шотқа ұқсас баланс кесте түрінде құрылады. Әрбір шот екі жақты баланс кесте түрінде берілген экономикалық айналымның белгілі дәрежесін анықтайдыю Бқл кестеде операциялар екі рет тіркеледі: бірінші рет ресурстарда, екінші рет пайдаланңан кезде кестедегі 2 бөлімнің операция нәтижелері шот ресурстары мен оларды қолдану көосеткіштерінінің айырмасы арқылы анықталатық баланстаушы бап арқылы тенеседі. Баланстаушы баптан алынган молшер келесі шоттын ресурсы болігіне аударылады, Булардын натижесінде шоттардын озара байланысын жане Ұлттық Шот Жүйесін түрлендіру қамтамасыз етіледі.

Қазіргі кезде Қазақстан республикасында 1990-2008 жылдардағы ондіріс, табыстардың құрылу, табыстарды бастапкы, кайталама болу, жане заттай табыстатрды кайта болу, табыстарды пайдалану, капиталмен жасалатын операциялар, тауарлар мен кызметтер шоттарын жане каржы шотын есептеу жузеге асырылады.

Тауарлар мен кызметтердің шоты озіндік жиынтык кесте болып табылады.Ол баска да да барлык шоттар шоттар сиякты екі боліктен турады,: ресурстар бөлігінде тауарлар мен кызметтердің шыгарыллымы мен импорты, онімдерге жане импортка салынган салыктар, онімдерге арналган субсидиялар, ал пайдалану болігіне – тутынуга арналган тауарлар мен кызметтердің пайдалану колемі, негізгі жане айналым капиталының корланымы, экспорт корсетіледі

Ұлттық Шоттар Жүйесінің құрылуының негізінде шаруашылық айналымының қағидасы, яғни барлық экономикалық айналым: материалдық игіліктердің өндірісі мен қызметер көрсету біртұтас күйінде қалдырылады. Ұлттық Шоттар Жүйесінде табыс әкелетін кез келген қызмет зерттеледі: тауарлар мен қызметтердің өндірісінен бастайтын табыстарды құру және қаржылық активтер мен міндеттемелердің өзгерісі – ақырғы қаржы нәтижесінің алынуы. Қаржы-несие қатынастары бірінші кезекте тұрады. Ұлттық есептеу мемлекеттің пассивтер және активтер, экономикалық операциялар, барлық шаруашылық субъектілері туралы мәліметтерді бақылайды және жинайды




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 184 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.02 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав