Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Р статистиканың ұйымдастырылуы туралы не білесіз?

Читайте также:
  1. A] ағзалардың қоршаған ортамен қарым-қатынасы туралы ғылым
  2. Linux негізін қалаушысы туралы
  3. Lt;variant> ғылымға табыну және адамзат прогресі туралы идея
  4. Lt;variant>Болмыс туралы ілім және танымды ұғыну теориясы ретінде
  5. Lt;variant>Ци туралы ілім.
  6. Азақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация
  7. Азақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңы
  8. Азаматтық құқық және азаматтық құқықтық қатнастар туралы түсінік
  9. Айқындалмаған функцияның бар болуы туралы теорема.
  10. Айқындалмаған функцияның дифференциалдануы туралы теорема.

Қазақстан статистикасының тамыры өткен ұзақтарға кетеді. Бірінші Қазақ мемлекеті – Қазақ Хандығы туралы оны растайтын статистикалық тарихи мәліметтер бар: оның алғашқы пайда болу кезінде (1459 жыл) Шу және Талас өзендерінің бойында (бүгінгі Жамбыл облысы аумағында) халықтың саны 200 мың адам, ал 15 ғасырдың соңында олар 1 млн болды.

Бірақ, бүгінгі Қазақстан аумағында жүйелі және орталықтандырылған статистикалық қызметтің өмірге келуі 18-ғасырдың екінші жартысына, Қазақстанның Ресей империясының құрамына кіру кезеңіне жатады. Оның аумағындағы бірінші жалпы халық санағы 1897 жылдың 9-ақпанында өткізілді.

Қазақстан аумағында құрылған бірінші мемлекеттік ресми статистикалық орган болып, Түркістан губерналық статистикалық комитет (құрылған күні – 1968 жылдың 22-қаңтары) пен оған бағынышты Сырдария және Жетісу облыстарындағы статбюролар саналады. 19 ғасырдың 70-жылдарының ортасында Орал облыстық статкомитет, 1877 жылы Семей және Ақмола (Омск қаласында) және 1895 жылы Торғай облыстарының статкомитеттері ұйымдастырылды.

Қазақстанда статистика органы тұңғыш рет 1919-жылы Далалық өлке статистика басқармасы ретінде құрылып, оның міндеті мен қызметі туралы ереже бекітілді. 1941-жылы ол Жоспарлау комитетінің Орталық статистика басқармасы болып өзгертілсе, 1948-жылы Қазақстан Республикасы Министрлер Советі жанындағы Орталық статистика басқармасы болып қайта қүрылады.

Орталық статистика басқармасы Еліміздің әлеуметтік-экономикалық өзгерістері мен құбылыстары туралы есеп-қисап жұмыстарының дұрыс жүргізілуіне, ондағы көрсетілген статистикалық мәліметтердің толықтығына, ақиқаттылыгына жауапты болды. Сонымен қатар халық шаруашылығы салаларына қарай деректі мәліметтерді жинап, топтап және талдап, оны дер кезінде басшы орындарға беріп отырды.

1987-жылы тамыз айында басқарма Статистика жөніндегі мемлекеттік комитеті болып өзгертілді. 1995-жылы ҚР Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитеті болып қайта құрылады. 1996-жылы 29-қазанда Президент жарлығымен ҚР Ұлтгық статистика агенттігі болып қайта ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігі және оған қарасты ұйымдарды қайта ұйымдастыру мен тарату Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Қазақстанның, ТМД-ның басқа да елдері сияқты, нарықтық қатынасқа көшуі статистика мен есепке алуды түбегейлі қайта құруды талап етті. Нарықтық экономикада қолданылатын статистикалық көрсеткіштердің жүйесін зерделеу, оларды есептеудің әдістемесін меңгеру, экономикалық дамыған елдердің жинақталған Тәжірибелік тәжірибесін игеру, статистика мен есепке алуда пайдаланылатын халықаралық стандарттарды енгізу қажет болды. Осының барлығы 1992 жылы Үкімет қабылдаған Есепке алу мен статистиканың халықаралық практикада қабылданған жүйесіне көшудің республикалық бағдарламасына негіз болды. Бірінші кезектегі және негіз қалаушы міндеттер ретінде мемлекеттік статистиканың жалпы әдіснамалық және ұйымдастыру негіздерін, аса маңызды көрсеткіші жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) болып табылатын ұлттық шоттар жүйесінің (ҰШЖ) талаптарына сәйкес реформалау, оған ұлттық экономикалық қызметтің негізгі сипаттамасы мәртебесін беру көзделді.

5. Статистикалық бақылаудың мазмұнынын,оның формаларын,түрлерін және тәсілдерін көрсетіңіз. Статистикалық бақылау- қоғамдық өмірдің көптеген құбылыстары мен процестері туралы бастапқы мәліметтерді алдын-ала жасалған бағдарлама бойынша ғылыми ұйымдармен жүйеде тіркеу, жинау тәсілі. Статистикалық бақылаудың негізгі мақсаты -зерттелетін объекті туралы шындықты нақты дәлдікпен көрсететін ғылымға негізделген сапалы мәліметтерді белгіленген уақытта жинау. Статистикалық бланк дегеніміз бақылау кезінде берілген сұраққа жауап жазуға және қажетті мәліметтерді жинауға арналған бет-қағаз. Статистикалық бланктің жекедара және тізімдік түрлері болады. Статистикалық бақылау кезінде қолданылатын құжаттар жұмыс жабдықтары деп аталады.Статистика органдары ұйымның негізгі екі жолын қолданады: есеп беру және арнайы ұйымдастырылған бақылау. Есеп беру дегеніміз кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, өздерінің қызметтері туралы құжаттар үлгісінде және белгілі уақыт аралықтарында қажетті мәліметтерді тиісті органдарға және статистика органдарына тапсырып отыруы. Есеп беру мерзіміне байланысты мәліметтер тапсыру келесідей түрлерге бөлінеді: шұғыл, айлық, тоқсандық, жарты жылдық және жылдық. Есеп беру формаларындағы мәліметтердің келіп түсуіне қарай: почталық, телеграфтық, телефакстік болып бөлінеді.. Әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестер туралы мәліметтер есеп беру формаларында толық көрсетілмеген жағдайда немесе есеп беру арқылы мәліметтер жинауға мүмкіндік болмаса, онда қажетті ақпараттарды жинау үшін арнайы ұйымдастырылған статистикалық бақылау жүргізіледі. Статисттикалық бақылауды жүргізу кезінде зерттеліп отырған объектінің жиынтық бірліктерінің толық қамтылуына қарай бақылау жаппай және жартылай болып бөлінеді. Жаппай бақылау кезінде зерттеуге жататын жиынтық бірліктер толықтай тіркеуге алынады. Ал, жартылай бақылау кезінде зерттелген жиынтық бірліктерінің белгілі бір бөліктері ғана қамтылады. Статистикалық тәжірибеде жартылай бақылау зерттеу тәсілдеріне қарай ішінара, жеке ауқымды және жиынтықтың негізгі бөлігі болып бөлінеді. Егер жалпы жиынтық кездейсоқ немесе белгілі бір тәртіппен алдын-ала іріктеліп алынған бөліктер негізінде ғылыми жүйеде зерттелетін болса, оны ішінара бақылау деп атайды. Жеке ауқымды бақылау дегеніміз статистикалық зерттеудің алдына қойған мақсатына қарай қоғамдық құбылыстардың, объектілердің кейбіреулері ғана белгілі бір мақсатта егжей-тегжейлі, жан-жақты зерттелетін, айқын жазу арқылы көрсетттін бақылау. Статистикалық зерттеудің алдына қойған мақсатына қарай жалпы жиынтықтың негізгі бөлігін құрайтын, ал үлесі жағынан аса ірі бірліктер болып саналатын құрамы зерттелетін болса, онда оны жиынтықтың негізгі бөлігін бақылау деп атайды.Статистикалық бақылауды уақыт мерзіміне қарай тіркеу үзіліссіз немесе ағымдағы және үзілісті немесе кезеңдік болып екі түрге бөледі. Үзіліссіз немесе ағымдағы бақылау дегеніміз болған фактілердің пайда болуына қарай тұрақты жүйелі түрде белгілі бір уақыт мерзімінде тіркеуге алуды айтады. Үзілісті бақылау дегеніміз зерттеуге алынған құбылыстар менпроцестерді ұдайы, бірақ белгілі бір уақыт аралығында тіркеуге алуды айтады. Статистикалық бақылау кезінде қажетті мәліметтер тиісті құжаттармен куәләндірілсе, яғни есеп беру формаларының негізінде жиналса, ол құжаттар арқылы мәліметтер жинау тәсілі болып табылады. Сұрақ-жауап тәсілі дегеніміз қажетті мәліметтерді сұралушы адамның айтқаны бойынша сұрақ немесе санақ қағаздарында жазып алу арқылы жинау.. Бұл тәсілдің экспедициялық, тілшілік, сауал-сұрақ, өзін-өзі тіркеу сияқты бірнеше жолдары бар. Экспедициялық тәсілмен мәліметтерді жинау екзінде арнайы дайындықтан өткен адамдар сұралушымен келісілген уақытта кездесіп, қажетті мәліметтерді ауызша сұрау арқылы қағаздарға толтырып статистика мекемелеріне өткізеді. Бұл тәсілмен мәліметтерді жинау үшін статистика мекемелерінің қызметкерлері сұралушыларға арнайы үлгідегі сұрақ қағаздарын таратып береді және оны толтыру тәртібін түсіндіреді. Тілшілік тәсілмен мәліметтерді жинау байланыс бөлімшелері арқылы ерікті түрде жүргізіледі. Сауал-сұрақтық тәсілмен қажетті мәліметтерді жинау сұралушының келісімі бойынша ерікті түрде жүргізіледі.




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 133 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав