Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Статистикалық ақпарат жинаудың бағдарламалық әдістемелік мәселелерін сипаттаңыз.

Читайте также:
  1. Ақпарат ұғымы. Ақпарат қасиеттері.
  2. Ақпарат басылымдарды (газет, журналдарды, теледидарды, радио) оқып танысу
  3. Ақпарат дегеніміз не? Ақпарат түрлері. Ақпараттарға қолданылатын амалдар.
  4. Ақпаратты қорғау объектісі
  5. Ақпараттық технология пәнінің приоритетті бағыттары
  6. Ақпараттық технология. Оның ұғымы, мақсаты, принциптері, түрлері, мәселелері, қасиеттері.
  7. Ақпараттың өлшем бірліктері
  8. Ақпаратты-дидактикалық блок
  9. Адамның қасиеттері ң шығармасында адамзаттың маңызды мәселелерін зерттегенА) ПеччейALMAT
  10. Азахстан Республикасының банк жүйелерін статистикалық зерттеу міндеттері

 

Статистикалық бақылау нәтижесінде жинақталған бірлік жиынтықтар тексеруден өткен соң қорытынды жасау үшін алынатын мәліметтерді бір жүйеге келтіру керек. Статистикалық мәліметтерді жинақтаудың негізгі мақсаты- бақылау нәтижесінде жинақталған мәліметтердің қорытынды көрсеткіштерін есептеу. Статистикалық мәліметтерді жинақтаудың екі түрі бар: жай және күрделі. Жай жинақтау жинақталған мәліметтерді, материалдарды топтамай қорытынды жасау. Күрделі жинақтау бағдарлама бойынша жиынтық бірліктерді топқа бөлу және әрбір топ бойынша жиынтықты есептеп шығару.

Мәліметтерді жинақтау екі тәсілмен ұйымдастырылады:

1.Барлық мәліметтерді бір орталыққа жинап, қорытынды жасау.

2.Алғашқы мәліметтер төменгі сатыдағы мекемеде жиналып, қорытынды жоғары мекемеге тапсырылады.

Мәліметтер қолмен және машиналық тәсілдермен жинақталады. Мәліметтерді санмен белгілеу, оларды жинақтау, бөлу, қорытындылау қолмен жинақтау тәсіліне жатады. Машинамен жинақтау электронды есептеу машиналарында және компьютерлерде жүргізіледі. Сонымен статистикалық жинақтау дегеніміз бақылау нәтижесінде жинақталған алғашқы мәліметтерді ғылыми жүйеде өңдеу және жиынтық бірліктері белгілері бойынша топтау, қорытынды көрсеткіштерін есептеу.

 

 

7. Статистикалық жинақтаудың түсініктемесін беріңіз,оның мазмұны мен міндеттерін және басқарушылық талдаудағы рөлін сипаттаңыз

Статистикалық мәліметтерді жинақтау, топтау, кесте құрудың қазіргі кездегі қажеттілігін келесідей түсіндіріп өтуге болады. Яғни, статистикалық мәліметтерді тиімді жинақтап, топтарға құрып, жиналған мәліметтер негізінде кесте құру арқылы статистика саласындағы алға қойған міндеттерді айқындауға болады. Елдегі, жалпы қоғамдағы болып жатқан маңызды мәліметтерден нақты деректер алуға, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайы, халықтың әл-ауқаты, халық саны, қоғамның барлық салаларындағы ағымдағы мәліметтерден хабардар болуы үшін, нақты деректер негізінде арнайы мемлекеттік қорытындыларды жариялау үшін маңыздылығы жоғары болып отыр. СондықтанСтатистикалық мәліметтерді жинақтау, топтау, кесте құру кезінде статистика саласындағы мамандарға мәліметтерді тез әрі сапалы жинақтап, қорытынды шығаруға әрбір Қазақстандық азамат ат салысып, мекемелер, ұйымдардың қолдау көрсетулері маңызды.

Статистикалық мәліметтерді жинақтау – арнайы жүйе бойынша орындалған және қорытынды есептердің көмегімен алғашқы статистикалық материалдардың ғылыми қорытындыламаларын жасау.Статистикалық бақылау нәтижесінде жинақталған бірлік жиынтықтар тексеруден өткен соң қорытынды жасау үшін алынатын мәліметтерді бір жүйеге келтіру керек. Статистикалық мәліметтерді жинақтаудың негізгі мақсаты- бақылау нәтижесінде жинақталған мәліметтердің қорытынды көрсеткіштерін есептеу. Статистикалық мәліметтерді жинақтаудың екі түрі бар: жай және күрделі. Жай жинақтау жинақталған мәліметтерді, материалдарды топтамай қорытынды жасау. Күрделі жинақтау бағдарлама бойынша жиынтық бірліктерді топқа бөлу және әрбір топ бойынша жиынтықты есептеп шығару.

Мәліметтерді жинақтау екі тәсілмен ұйымдастырылады:

1.Барлық мәліметтерді бір орталыққа жинап, қорытынды жасау.

2.Алғашқы мәліметтер төменгі сатыдағы мекемеде жиналып, қорытынды жоғары мекемеге тапсырылады.

Мәліметтер қолмен және машиналық тәсілдермен жинақталады. Мәліметтерді санмен белгілеу, оларды жинақтау, бөлу, қорытындылау қолмен жинақтау тәсіліне жатады. Машинамен жинақтау электронды есептеу машиналарында және компьютерлерде жүргізіледі. Сонымен статистикалық жинақтау дегеніміз бақылау нәтижесінде жинақталған алғашқы мәліметтерді ғылыми жүйеде өңдеу және жиынтық бірліктері белгілері бойынша топтау, қорытынды көрсеткіштерін есептеу.

 

 

8. Статистикалық топтау және оның міндеттері туралы не білесіз?Топтау түрлерін оларды талдауда пайдалануын атаңыз.Статистикалық мәліметтерді топтау дегеніміз қоғамдық процестер мен құбылыстарды белгілеріне, ұқсастықтарына, түрлеріне, үлгілеріне қарай бір-бірінен ажыратуға болатын топтар мен ішкі топтарға бөлу. Топтаудың мақсаты -жинақталған мәліметтерге талдау жасау үшін ретке келтіріп ықшамдау, өзгермелі белгілерге қарай іріктеу, қанша топқа бөлу керектігін анықтау және көрсеткіштер жүйесін белгілеу. Статистикалық топтау келесідей түрлкрге бөлінеді: біртиптік, құрылымдық және талдаулық. Біртиптік топтаудың мақсаты-біртектес топтарды, сыныптарды әлеуметтік-экономикалық түрлеріне қарай саралау. Біртиптік топтау дегеніміз статистикалық бақылау арқылы жиналған әр түрлі бағыттағы жиынтық көрсеткіштерді бір жүйеге келтіріп, топтарға бөлуі және оның қорытынды көрсеткіштеріне талдау жасауды айтады. Құрылымдық топтау мақсаты -біртектес жиынтықтың құрылымы мен оның құрамдас бөліктерін сипаттайтын көрсеткіштер туралы мәліметтер беру. Біртектес, біртипті жиынтық бірліктердің өзгерісін өздеріне тән белгілеріне қарай бөлуді статистикалық құрылымдық топтау дейді. Талдаулық топтаудың негізгі мақсаты -жиынтық бірліктердің өзара байланысын анықтау және олардың бір-біріне әсерін,себептерін зерттеу болып табылады. Бір-біріне әсерін тигізетін талдаулық топтаудың себептік белгілері қоғамдық құбылыстардың өзгергенін, ал нәтижелік белгілері сол себептердің тигізген әсерін көрсетеді. Мысалы, жұмысшының мамандық дәрежесін жоғарлату себептік белгі болып табылса, ал оның салдарынан еңбек өнімділігінің өсуі нәтижелік белгіге жатады.Жиынтық бірліктері бір ғана белгісі бойынша топталса, жай топтау, ал екі немесе одан да көп белгілерге қарай топталса, күрделі топтау деп аталады.Статистикалық мәліметтерді топқа бөлу кезінде әрбір топқа көптеген сандық бірліктер енгізілуі керек және оның мағынасы анық көрсетілуі тиіс. Егер топтау негізі сапалық белгіге қарай берілген болса, онда топтың саны сол белгілердің санына сәйкес келеді. Кейбір жағдайда сапалық белгілер өзінің нышандары бойынша бір-бірінен әр түрлі айырмашылықтарына қарай ерекшеленетін болса, онда оларды типтеріне, түрлеріне немесе сыныптарына қарай топтық жіктерге бөлу арқылы жүргізіледі. Сипаттайтын топтау өзінің өзгермелі мәніне сәйкес бүтін және деңгей аралықты болып бөлінеді. Топтық белгі бүтін санмен берілетін болса, онда бүтін сан өзгермелі топтауға жатады, ал ондағы бөліп алынатын топ саны сол берілген белгінің мәніне сәйкес келеді. Деңгей аралығының тұрақты шамасын есептеу алдында оның ең үлкен, ең кіші шамасының сандық мәнін анықтау керек. Тұрақты шама келесі формуламен анықталады:

,

 

мұндағы, d - деңгей аралығының тұрақты шамасы;

- топтау белгісінің ең үлкен және ең кіші сандық мән шамасы;

n - топтың саны.

 

Әрбір топтың ең жоғарғы және ең төменгі шегінің арасындағы сандық өзгеріс топтаудың деңгей аралығының тұрақтылық шамасы деп аталады.

 

 




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 60 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав