Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кестелер жіне графиктер арқылы статистикалық мәліметтерді бейнелеудің ерекшеліктерін қалай сипаттауға болады?

Читайте также:
  1. A) (0;0) нүктесі арқылы өтеді
  2. B) Жеке еңбек келісім арқылы жұмыс істейтін қызметкермен еңбек қатынастары бойынша байланыстағы заңды тұлға
  3. G. Халықтан салынымдар бойынша ақша алу арқылы ағымдағы шоттар бойынша өз міндеттемелерін өсірсе
  4. Lt;variant> ҚР кедендік шекарасы арқылы өтетін тауардың сапалық құрамын зерттеуді жүргізу
  5. Lt;сұрақ>Word. Бiр мезетте бiрнеше графикалық элементтердi қалай белгiлеуге болады?
  6. Microsoft Excel программасы. Кестелер. Автотолтыру. Функцияларды пайдаланып есептеулер.
  7. MS DOSіске қосылғанда компьютер конфигурациясын анықтайтын файл қалай аталады? A) confіg.sys
  8. Абай қазақ қоғамының жағдайын қалай сипаттайды?
  9. Азахстан Республикасының банк жүйелерін статистикалық зерттеу міндеттері
  10. Аутэкология терминиін қалай түсінесіз? Тіршілік ету ортасы дегеніміз не?

Статистикалық кестедегеніміз-сандық мәліметтерді ұтымды түрде қолдану.Статистикалық кесте-көлденең және тігінен сызылған сызықтың бір-бірімен сәйкесті қиылысуы. Көлденең сызық жол, ал тігінен сызылған сызық баған деп аталады. Статистикалық кестенің екі элементі бар: бастауыш және баяндауыш. Бастауышдеп зерттелетін объектіні сандағы суреттейтін статистикалық жиынтық немесе оның топтастырылған бірліктері. Ол кестеде сол жақта орналасқан және жолдың мағынасы ретінде беріледі. Баяндауыш дегеніміз зерттеліп отырған объектінің сандық көрсеткіштерімен сипатталуы немесе толық мазмұндауы. Ол кестеде оң жақта орналасады және бағананың арты ретінде беріледі. Бастауыштың құрамына қарай статистикалық кестелер жай, топтық және күрделі болып бөлінеді. Жай кестеде бастауыш бір ғана билігі арқылы бөлінеді және процестер, құбылыстар мен объектілер аттары көрсетіледі. Оның үш түрі бар:1.Тізімдік2. Территориялық (аймақтық)3. Хронологиялық.Тізімдік жай кесте бастауышта зерттелген объектінің тізімін көрсетеді. Кесте бастауышында аймақтың тізімі берілетін болса, аймақтық деп аталады, ал бастауышында уақыт мерзімі, баяндауышында сандық көрсеткіштер берілетін болса, ол хронологиялық жай кесте деп аталады. Кесте бастауышындағы топталған белгілер негізінде құрылса, ол топтық кесте деп аталады. Құрама кестеде бастауышында келтірілген құбылыстар екі немесе одан да көп көрсеткіштер бойынша топталып, ал әр топ өзара тағы бір белгілері бойынша бөліктерге бөлінеді. Кестенің жоғарғы жағында нақты аты жазылуы керек және бастауыш пен баяндауыш дұрыс толтырылуы керек.Статистикалық график –берілген сандық көрсеткіштердің мазмұнын геометриялық сызықтар, нүктелер және фигуралар арқылы бейнелеу немесе географиялық картосхемалар арқылы көрнекті түрде кескіндеу үшін салынған сурет. Статистикада графикалық әдісті қолдану дегеніміз – сол берілген мәліметтерді түсінікті, қолайлы және қызықты түрде дұрыс көрсете білу. Графикалық әдіс мәліметтерді көрнекі түрде көрсетіп қана қоймай, сол көрсеткіштерге талдау жасауға, яғни жетістіктері мен кемшіліктерін анықтауға және қорытындылауға пайдаланылады. Графиктің негізгі элементтері.Статистикалық графикті геометриялық жазықтықта бейнеленген шартты белгілері дей отырып, әрбір графиктің төмендегідей негізгі элементтері болады: графиктің негізі, графиктің өрісі, кеңістік бағыты, масштабтың бағыты, графиктік экспликациясы. Геометриялық белгілердің қолданылуына қарай графиктер нүктелі және сызықтыболып екіге бөлінеді. Нүктелі график депграфик негізінің жиынтықтары нүкте ретінде, ал сызықтық график депсызықтардың қолданылуына байланысты болатын жол – жолды, төрт бұрышты, шеңбер тәріздес және т.б түрінде берілгендерін айтамыз. Кейбір кездерде графиктер геометриялық емес фигуралармен белгіленеді. Мұндай графиктердің түрлерін бейнелі графикдеп атаймыз. Графикалық әдісті қолдану кезіндегі ең басты нәрсе – оның негізінің дұрыс алынуы және мақсатына қарай статистикалық мәліметтердің бейнеленуі айқын көрсетілуі қажет. Сандық мәліметтерді график арқылы бейнелеу үшін, алдымен оның масштабын таңдап алуымыз қажет, содан кейін оған шкаласын түсіреміз

Графиктер мақсаттарына сай және кеңістіктің бағытына байланысты графикалық әдіс диаграмма және картограмма болып екі негізгі түрге бөлінеді

Диаграмма-статистикалық сандық көрсеткіштердің қарым қатынас мөлшерін көрнекі түрде көрсететін графикалық сурет немесе геометриялық фигуралар жүйесі арқылы бейнеленетін сызық.Оның бірнеше түрлері бар: Бағаналы диаграмма,Құрылымды диаграмма,Шаршылы диаграмма,Шеңберлі диаграмма, Секторлық диаграмма, Сызықтық диаграмма.

 

11.Статистикалық нақты және қатысты шамалардың түсініктемесін беріңіз.Олардың түрлерін және есептеу әдістемесін сипаттаңыз.Статистикалық нақты шамалар дегеніміз қоғамдық құбылыстар мен процестердің белгілі бір жердегі және уақыттағы мөлшерін , көлемін, аумағын , деңгейін сипаттайтын нақты сандық көрсеткіштер. Мысалы, топтағы студенттер саны, белгілі бір уақыт аралығындағы өндірілген өнім көлемі, т.б.Нақты шамалар жеке және жалпы немесе жиынтық қосындысы болып екіге бөлінеді.Жеке нақты шамалар жиынтықтың жеке бөліктерінің мөлшерін, көлемін өздеріне ғана тән сандық көрсеткіштер арқылы көрсетеді. Мысалы, бір жұмысшының айлық табысын, әр отбасындағы балалардың санын алуға болады. Жалпы нақты шамалар жеке нақты шамалардың қосындысынан алынады. Мысалы, халық санағы кезінде республика бойынша жалпы халықтың саны алынады, ол әрбір адамның жиынтығынан құралады. Нақты шамалар табиғи, еңбек және ақшалай өлшем бірліктерін қолдану арқылы есептейді.Табиғи өлшем бірлігі қарастырылатын заттың , нәрсенің өзіне тәлпы көлемін есептеу үшін пайдаланылады. Оны есептеу кезінде арнайы коэффициенттер жүйесі қолданылады.Еңбек өлшем бірліктері өнім өндіруге және қызмет көрсетуге жұмсалынған жұмыс уақытының мөлшерін анықтауға арналған. Ол адам-сағат, адам-күн, адам-жыл сияқты өлшем бірліктерін қолдану арқылы өлшенеді.Ақшалай өлшем бірліктері өндірілген өнімнің өзіндік құнын, еңбек ақы көлемін, таза пайда мен зиянды, банк несиесімен есептеу, т.б. көрсеткіштерді жинақтау үшін қолданылады.Қатысты шамалар дегеніміз қоғамдық өмірдегі әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың сандық қатынасының мөлшерін көрсететін көрсеткіштерді айтады. Мұнда бөлшектің бөлімін салыстыру негізі немесе базалық шама деп , ал алымын салыстырмалы шама деп атайды. Қатысты шамалар бірнеше түрге бөлінеді: жоспардың орындалуы, жоспарлық тапсырма, өсіңкілік, құрылымдық, үйлестік, үдемелілік, салыстырмалық, дәрежелік. Жоспардың орындалуының қатысты шамалары берілген жоспардың қандай дәрежеде орындалғанын , яғни қаншаға өскендігін немесе кемігенін көрсетеді және өлшем бірлігі коэффициентпен беріледі. Ол көрсеткіштің нақты орындалған мәнінің жоспарлы мәніне қатынасы арқылы көрсетеді:

Қазіргі уақыттағы нақты мәндер 100

Жоспарлық мәндер

немесе

Жоспарлық тапсырманың қатысты шамалары дегеніміз жоспар бойынша қоғамдық құбылыстар мен процестердің өткен уақытпен салыстырғанда қаншалықты өскенін немесе кемитінін бағдарлама арқылы көрсету болып табылады. Оны есептеу үшін көрсеткіштің жоспарланған мәнін өткен уақыттағы нақты мәніне бөлеміз және келесі схема арқылы есептейміз:

Жоспарлық мәндер 100

Өткен уақыттағы нақты мәндер

 

немесе

 

 

Өсіңкілі қатысты шамаларқұбылыстың уақытқа байланысты өзгеру мөлшерін білдіреді. Оны есептеу үшін төменде берілген схеманы немесе формуланы қолданамыз:

Қазіргі уақыттағы нақты мәндер 100

Өткен уақыттағы нақты мәндер

немесе

Құрылымның қатысты шамалары жалпы жиынтықтың жеке бөліктерінің үлесін көрсетеді, яғни ол арқылы құрылымның өзгеруін анықтауға болады. Бұл қатысты шаманы үлестік қатысты шама деп те атайды. Оны есептеу үшін жиынтықтың жеке бөліктерінің мәнін оның жалпы жиынтығына бөлу керек.

Үйлестік қатысты шамалардеп жалпы жиынтықтың жеке бөліктерінің өзара қатынастарын айтады. Мысалы, дүниеге келген ұлдар мен қыз балалардың санының қатынасы , жұмысшылар мен қызметкерлер санының қатынасы және т.б.

Үдемелік қатысты шамалар аттас емес көрсеткіштердің қатынасын сипаттайды. Олар жинақтың әртүрлі көрсеткіштерінің қатынасын немесе бір-бірімен байланысты екі жиынтық көрсеткіштер қатынасының белгілі бір ортаға таралуын көрсетеді.

Салыстырмалы қатысты шамалар деп бір уақытта әртүрлі аймақтарға жататын бір тектес, аттас шамалардың қатынасын көрсетуді айтады. Мысалы, 1995 жылдың басында Алматы қаласының тұрғындары 1197,9 мың адам, ал Қарағанды қаласының тұрғындары 956,0 мың адам болды. Яғни Алматы қаласының тұрғындары Қарағандылықтарға қарағанда 2 есе көп (1197,9/596,0=2).

Дәрежелік қатысты шамалар дегеніміз әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың даму немесе кему процестерін жан басына шаққандағы шығатын көрсеткіштермен көрсету. Мысалы, жан басына шаққанда келетін халық шаруашылығы өнімдерінің көлемі, ұлттық табыс пен байлықтың көлемі және т.б.

 


Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 92 | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2021 год. (0.101 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав