Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Статистиканың пайда болу жіне даму тарихы туралы білетініңзді көрсетіңіз

Читайте также:
  1. A] ағзалардың қоршаған ортамен қарым-қатынасы туралы ғылым
  2. E) Билік ету, пайдалану және иелену
  3. G) Актив пен меншік капиталдың пайдасы мен табыстылығына жету
  4. Linux негізін қалаушысы туралы
  5. Lt;variant> ғылымға табыну және адамзат прогресі туралы идея
  6. Lt;variant>Болмыс туралы ілім және танымды ұғыну теориясы ретінде
  7. Lt;variant>Ци туралы ілім.
  8. Microsoft Excel программасы. Кестелер. Автотолтыру. Функцияларды пайдаланып есептеулер.
  9. Азақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация
  10. Азақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңы

Статистика латынның «status» деген сөзінен шыққан. Ол заттың, құбылыстың, нәрсенің жағдайын жетік білу дегенді білдіреді. Осы сөздің негізінен италияның «stato» - мемлекет, «statisto» - мемлекеттің жағдайын жетік білу дегенді білдіреді.Статистиканың тарихшылары əдетте статистиканың түп-тамыры ерте заманда кейбір сандық деректерді жинаудан басталады деп пайымдайды. Мəселен, бізге төрт мың жылдан астам уақыт бұрын Қытайда халықты санау жөніндегі мəлімет жетті. Ал олардың бір санағаның өзі біздің дəуірімізге дейін 2238 жылы атақты Ся əулетінің заманында болғаны мəл ім.Көне Египетте, Грецияда, Римде, Иранда, Жапония мен басқа да көне заман мемлекеттерінде де халық санағы болғаны жөніндегі мəліметтер баршылық.Италияда XVI ғасырда халықаралық сауда дамыған əр түрлі мемлекеттер жөніндегі мəліметтердің жинақтары пайда бола бастады. Германияда XVII ғасырдың соңында мемлекеттердің жай-күйі жөнінде жиналатын материал жүйеге келтіріле бастады. Статистика қоғамдық ғылым ретінде бертінде пайда болды. Оның даму процесінің бастамасы XVII ғ аяғынан Англияда басталады.Оның негізін алғашқы болып қалағандар-ағылшын ғалымдары Джон Граунд және Вильям Петти.Олар «Саяси арифметика» атты еңбек жазған.

Статистика тарихының екінші бір бастауы неміс ғалымы Конгридтің еңбектерінде қалыптаса бастаған «мемлекеттану» ғылымында жатыр.Статистиканың одан кейінгі дамуына да көптеген ғалымдар, яғни неміс ғалымы Ахенваль, бельгия ғалымы Кеплер, англия ғалымы Баули және т. б. өз үлестерін қосты.

«Статистика» деген сөздің өзін ғылымға 18 ғасырдың ортасында неміс ғалымы Готфрид Ахенваль /1719-1772/ енгізген. Г. Ахенваль бұл жаңа оқу пәні мемлекеттің саяси жағдайын, көрікті орындарын сипаттайтын мемлекетті тану ғылымдарының бір саласы деп есептеген. Г. Ахенваль (1719-1772 жылдары) 1742 жылдан бастап алғашқыда Магдебург, ал содан кейін Геттинген университетінде өзі статистика деп атаған жаңа оқу пəнін оқыта бастады. Мектеп 150 жылдан астам уақыт бойы өзінің теориялық негізін өзгертпестен жұмыс істеді. Аталмыш ғылымның мəні мен əдісі айқын белгіленбеген болатын, негізінен ақпараттық-сипаттау материалы жиналатын. XVIII ғасырда ғылым ретінде қалыптасқан статистика келесі ғасыр-

дың өзінде-ақ жалпы ғылымда өзінің орнына нық орналасты. Көптеген еуропалық елдерде XIX ғасырда əр түрлі статистикалық мəліметтерді жи- құрылды. Мəселен, Францияда 1801 жылы статистикалық бюро құрылды,содан кейін мемлекеттік статистика органдары Пруссияда, Австрияда,Бельгияда, Англия мен Ресейде пайда болды.1853 жылы Брюссельде бірінші Халықаралық статистикалық конгресс өтті, содан кейін ол жиырма жыл бойы Еуропаның əр түрлі қалаларында сегіз рет өткізілді. 1885 жылы тұрақты халықаралық статистикалық ор-

ган – Халықаралық конгрестің функциясын атқаратын Халықаралық

статистикалық институт құрылды.XIX ғасырдың бірінші жартысында статистикалық ғылымның үшінші бағыты пайда болып, ол статистикалық-математикалық статистика деп аталды. Осы бағыттың дамуына статистиканы «əлеуметтік физика», яғни сандық əдістердің көмегімен қоғамдық өмірдің заңдылықтарын зерттейтін ғылым деп атаған бельгиялық ғалым Адольф Кетле (1796-1874 жж.) зор үлес қосты.Статистикадағы математикалық бағыттың дамуына П.П. Чебышев(1821-1894 жж.), А.А. Марков (1856-1922 жж.), А.М. Ляпунов (1857-1919 жж.) есімді орыс математиктерінің еңбектері ықпал етті. XX ғасырда Батыста математикалық статистика саласымен айналысқан ғалымдар дың ішінен ең танымалы Р. Фишер (1890-1962 жж.) болып табылады

XIX ғ. екінші жартысы мен XX ғ.басында статистика ғарыштап дами бастады. Оған көптеген ғалымдар мен статистиктердің еңбектері дәлел бола алады. Мысалы, математикалық статистиканың ықтималдық теориясын қолдану арқылы көптеген сандық көрсеткіштерді есептеу тәсілдері анықталады. Бұл салада Чебышев, Марков, Бернштейн сияқты атақты математиктердің еңбектерін атауға болады.

 

 

Статистика ғлымының негізгі түсініктеріне сипаттама беріңіз:статистикалық жиынтыұ,жиынтық бірлігі,өзгермелі белгілер,статистикалық көрсеткіш

Белгілі жердегі және уақыттағы біртекті нышан иесінің көп бірлігін статистикалық жиын деп атаймыз.Нышан иесінің бірін немесе шағын тобын зерттеу арқылы статистикалық заңдылық тұрғысынан тұжырым жасауға болмайды. Халықтың бірлігіне – адам тұрғыдан, өнеркәсіптің бірлігіне – кәсіпорын, ауыл шаруашылығының бірлігіне фирма, жеке шаруашылық иесі жатады. Адамның, кәсіпорынның жеке шаруаның жалпы бірлігі статистикалық жиынтықты құрайды. Статистикалық зерттеу мүддесінде жиынтық бірлігін тексеріп, статистикалық заңдылық жайында түйін жасауға болмайды. Мысалы, бір топтың шәкірттерінің сабақ үлгерімін тексеріп, барлық топтың немесе мектептің, немесе институттың үлгерімі жөнінде тұжырым жасауға болмайды. Өйткені бір топ біріңғай жақсы оқитындар немесе нашар оқитындар болуы мүмкін. Зерттеу кезінде жасалған тұжырым ақиқат болуы үшін жиынтықтың едәуірін кездейсоқ әдіспен іріктеу керек.

Статистикада қоғамдық құбылыстар мен процестерді зерттеуде біртектес элементтерден тұратын көрсеткіштер жиынтық бірлік, ал олардың әрқайсысын сипаттайтын ортақ қасиеттер белгі болып табылады. Оның екі түрі бар: сандық және сапалық.

Сандық белгі – сандық мәнменкөрсетіле алатын белгі.

Сапалық белгі (атрибутивті) – мағыналық мәні бар, сандық көрсетілімге жатпайтын белгі

Белгілер жиынтықтың әрбір бөлігінде әртүрлі мәнге ие болуы өзгермелілік деп аталады(вариация).Вариациялық қатардың құрылымдық сипаттамасына: мода, медиана жатады.

Мода деп – зерттелетін жиынтықта басқаларына қарағанда жиі кездесетін вариантаны айтады.

Медиана (Ме)- белгілі бір тәртіппен орналасқан, өсуі бойынша немесе азаюы бойынша реттелген қатардың варианттарының бірінің орташасы.

Статистикалық көрсеткіштер жиынтықты белгілі бір белгісі бойынша, құрамы бойынша сипаттайды, кеңістікпен уақыттағы өзгерісінің жағдайы мен тенденциясын көрсетеді. Статистикалық көрсеткіштің мағынасы зерттейтін құбылыстар мен процестердің нақты құрамының көрінісі бола тұрып, статистикалық көрсеткіш танымның құралы болып табылады.

 

 




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 98 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав