Читайте также:
|
|
1. Өзгерменің немесе вариацияның нақты көрсеткіштері Өзгерменің өрісі R деп белгілесек, ондаR = x – x мұндағы: x - сандық қатар белгілерінің үлкен мәні x -сандық қатар белгілерінің кіші мәні.
1. Орташа сызықтық ауытқу -әрпімен белгіленеді:
= жай түрі
= өлшемдес немесе салмақталған түрі мұндағы: х - белгілердің жеке сандық мәндері; - белгілердің орташа шамасы; п - белгілердің саны; f - жиілік көрсеткіштерінің жеке мәндері
2. Дисперсия
= жай түрі
= салмақталған түрі
Статистикадада дисперсия (шашыранды) көптеген әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді талдау үшін қолданылады.
3. Орташа квадраттық ауытқу - әрпімен белгілейді
= = жай түрі
= = салмақталған түрі
2. Өзгерменің қатысты көрсеткіштері:
1. Осцилляция коэффиценті:
= ;
2. Өзгерменің сызықтық коэффиценті:
=
3. Өзгерменің коэффиценті:
V =
Дисперсия және орташа квадраттық ауытқу белгілердің өзгермелігін мінездеу үшін жеткіліксіз, сондықтан қатысты немесе салыстырмалы көрсеткіштер қолданылады.
Блок 2
1. Ішінара бақылау дегеніміз не,оның статистикалық зерттеудегі мәні не? Ішінара бақылау әдісі қазіргі кезде мемлекеттік статистикалық органдарда, ғылыми-зерттеу мекемелерінде және басқа да кәсіпорындарында кеңінен қолданылатын жетілдірілген, ғылыми түрде негізделінген әдіс болып саналады. Ішінара бақылау әдісін қолданудың мақсаттары:
- Жұмыс көлемінің азаюына сәйкес жұмыс уақытын және қаржы ресурстарын үнемдеу;
- Ішінара бақылауды міндетті түрде ғылыми принциптерге сәйкес ұйымдастыру;
- Бақылауды қысқа мерзім ішінде кең көлемде жүргізу, қорытынды көрсеткіштерін жедел алу.
Ішінара бақылу әдісін қолданудың міндеттері:
- Ішінара бақылау кезіндегі қолданылатын іріктеудің түрлерін дұрыс пайдалану;
- Ішінара бақылауға алынатын бірліктің санын анықтау;
- Ішінара бақылауда жіберілетін қателерді есептеу.
Адам қоғамында болып жатқан құбылыстар мен процестерді, статистикалық зерттеуде тексерілуге алынатын жиынтық бірліктері қамту дәрежесіне қарай, жаппай және жартылай бақылау болып екіге бөлінеді. Соңғы жылдары статистикалық зерттеу жұмыстарында жартылай бақылау әдісі жиі қолданылады және оның өзі зерттеу әдістеріне қарай ішінара, жеке ауқымды және жиынтықтың негізгі бөлігі сияқты үш түрге бөлінеді. Ішінара бақылау әдісі статистикалық тәжірибеде ең көп тараған, жетілдірілген түрі болып саналады.Қазіргі кезде ішінара бақылау әдісі халық шаруашылығы салаларының барлығында кеңінен қолданылады. Мысалы: жұмыс уақытын дұрыс пайдалануды анықтау үшін, саудада халықты керекті тұрмыстық тауарлармен қамтамасыз ету және тағы басқалары.Статистикалық ішінара бақылау әдісі деп жалпы жиынтық бірліктерінен зерттеуге кездейсоқ немесе белгілі бір тәртіппен ғылыми негізге алдын-ала іріктеліп алынған кейбір бөліктерін айтады. Ал одан шыққан қорытынды көрсеткіштерді жалпы жиынтық көрсеткіштеріне толығымен таратуға, қолдануғы болады.Мысалы: зауыт 500 деталь өндірді, осы деталдардың сапасын анықтау үшін барлығын бірдей тексеріп шығуғаешқандай мүмкіншілік болмайды. Сондықтан оның ішінен белгілі бір бөлігін ғана тексеріп, соның қортынды көрсеткіші арқылы барлық өнімдердің қаншасы сапалы, қаншасы сапасыз екендігі туралы мәлімет алуға болады.Егер бақылаудың қорытындысын барлық жиынтық бірліктеріне таратуға болмайтын болса, онда ол ішінара бақылау тәсіліне жатқызылмайды және оны жай зерттеу деп атайды.Жаппай бақылаумен салыстырғанад ішінара бақылаудың өзіне тән ерекшеліктері бар:а) бақылауды жүргізу кезінде мәліметтерді жинау, өңдеу және қортындылау сияқты жұмыс көлемінің азаюына байланысты жұмыс күші мен материалдық және қаржы ресурстары үнемделеді.б) бақылау қысқа мерзім ішінде кең көлемде жүргізілсе, қорытынды көрсеткіштер жедел алынады.в) жаппай бақылау жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, яғни өнімдер сапасын тексер\у кезінде олардың бүлініп немесе пайдаға аспай қалуына байланысты қолданылады.г) ішінара бақылау кезінде қате барынша аз кетеді және есептелінген қортынды көрсеткіштер дәлме-дәл келеді.д) ішінара бақылау әдісін қолдана отырып жаппай бақылаудың көрвсеткіштерін тексеруге болады.
2.Өсіңкілік қатарларды статистикалық талдаудың мәні не?Негізгі тенденцияны анықтау және динамиканы болжамдау әдістерін сипаттаңыз. Динамикалық қатарлар деп құбылыстар мен процестердің уақытқа қарай өзгеруін сипаттайтын статистикалық көрсеткіштердің сандық тізбегі. Динамикалық қатарлар қоғамдағы құбылыстар мен процестердің уақытқа қарай дамуын, өзгерісін талдау, қортындылау үшін қолданылады. Динамика қатарында әрбір уақыт кесіндісі үшін екі көрсеткіш, яғни уақыт көрстекіші t және қатардың деңгейі y келтіріледі. Динамика қатарларында келтірілген жинақтап қорытылған көрсеткіштердің түріне сәйкес оларды абсолюттік, қатысты және орташа шамалы деп бөлеміз.Егер динамикалық қатардың көрсеткіштері уақыт мерзіміне қарай бірінен соң бірі үзіліссіз келетін болса, онда ол толық динамикалық қатарға жатқызылады. Егер динамикалық қатардың көрсеткіштері уақыт мерзіміне қарай әр түрлі аралықта берілсе, яғни әр түрлі уақыт мөлшері арқылы сипатталатын болса, онда оны толық емес динамикалық қатарлар деп атайды. Экономикалық құбылыстардың өзгеру процестерін зерттеу, талдау және есептеу кезінде бірнеше статистикалық көрсеткіштер қолданылады. Бұл көрсеткіштер нақты (абсолютті), қатысты және орташа шамалармен сипатталады.Статистикада динамикалық қатарлар көрсеткіштерін есептеуде мынадай негізгі түрлері қолданылады: абсолюттік өсім, өсу қарқыны, өсім қарқыны, бір процент өсімнің абсолюттік мәні. Бұлардың барлығын есептеу динамикалық қатардағы көрсеткіш деңгейлерін бір-бірімен салыстыру нәтижесінде негізделген. Ол үшін ағымдағы кезеңнің абсолюттік шамасын салыстыратын бір тұрақты базалық уақыттың немесе өткен жылғы уақыттың көрсеткіштері алынуы тиіс. Осыған орай салыстырылатын уақыттың сандық деңгейін ағымдағы деп, ал онымен салыстыратын уақыттың деңгейін базалық деп атайды. Базалық деңгейге ағымдағы уақыттың алдында тұрған қатардың шамасы немесе сол қатардағы бастапқы бір тұрақты мәні алынады.Динамикалық қатардың көрсеткіштерін екі түрлі тәсілмен ссептеуге болады. Біріншіден, ағымдағы қатардың әрбір деңгейін оның алдыңғы уақыттағы шамасымен салыстырған болса, онда көрсеткіштер тізбектелген тәсілмен есептелінген болып саналады. Екіншіден, әрбір қатардың мәнін белгілі бір тұрақты базалық уақыттың шамасымен салыстырсақ, онда оны тұрақты тәсілмен есептелінген деп атайды.Болжаудың ғылыми дәлелдегендігі, болжаудың баламалығын қамтамасыз ету. Болжау әдістері жалпы түрде интуитивті және формальді б.б. Интуитивті болжау объектісі өте қарапайым н/е өте күрделі болғанда көптеген факторлар әсерін ескерту мүмкін болмаған болмаған жағдайда, бұл жағдайда эксперттің ой пікіріне жүгінеді. Алынған эксперименттік бағалар болжау ретінде бағаланады. Интуитивті әдісті 2 топқа бөлуге болады. Жеке эксперттік бағалаулар;Ұжымдық экспортты бағалаулар. Жеке эксперттік баға беу тобына келесі әдістер жатады: интервью алу әдісі; ұжымдық эксперттік баға беруге анкета жүргізу, комиссия әдісі. Болжаудың формальді әдісі болжау ұзақтығы м ≤ 1 болғанда қолданылады. Әрекет етудің жалпы принциптеріне байланысты формальді әдіс келесі топтарға бөлінеді: экстрополяциялық;жүйелі құрылымдық; ассоциотивтік; ақпарттық.Экстрополяциялық басқару әдісінің тобына ең аз квадраттар әдісі, ықтималды модельдеу және бейімделу әдістері жатады. Жүйелі құрылымдық әдіс тобына функцианалды ирархиялық моделдеу матрициалық моделдеу жатады. Ассоциотивтік әдісті имиштациялық моделдеужәне тарихи логикалық талдауәдістеріне бөлуге болады. Ақпараттық әдіс тобына: публикация тасқынын талдау жатады. Әдістемелік тұрғыдан алып қарағанда кез-келген болжау құралы экстрополяция формальді және болжамды болып бөлінеді. Формальді экстролоция болжау объектілерінің болашақта бұрынғы және қазіргі даму тенденциясын сақтай отырып болжауларға сүйенеді.
Болжамды экстрополяцияда нақтылы даму зерттелетін процестің келешектегі физикалық және логикалық маңызын ескере отырып оның динамикасы жөніндегі гипотизамен байланысты табылады.
Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 191 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |