Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Орта шамаларды құқықтық статистикада қолдану

Читайте также:
  1. Linux өнімдерін қолданушылар
  2. Абсолютті, салыстырмалы, аралас сілтемелерді қолдану. Əрбір сілтемелерге мысалдар келтіріңіз
  3. Азаматтық құқық және азаматтық құқықтық қатнастар туралы түсінік
  4. Алпына келетін табиғи ресурстарды қолдану
  5. Аржы құқығы және қаржы құқықтық қатнастары
  6. Аржы қатынастарын құқықтық қамтамасыз ету.
  7. Балық аулау мен балық аулау шаруашылығын ұйымдастыру және жүргізуді құқықтық реттеу
  8. Банк қызметін экономикалық және құқықтық реттеудің жетілдіру жолдары
  9. Бап. Борышкердің құқықтық жағдайы
  10. Бап. Борышкердің жеделдетілген оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiшi

Жоспар:

Статистикалық құжаттарды жинақтау және топтастырудың ұғымы

Статистикалық топтастырудың түрлері

Абсолюттік және қатыстық шамалардың ұғымы

Орта шамалардың ұғымы және маңызы

Бақылау жұмысының негізінде, негізгі белгілеріне қарай басқа құбылыстардан ажыратылатын бір тектес құбылыстарды тіркеуге алу жатыр. Статистикалық жұмыстың бұл сатысының аяқталу кезінде бақылау жүргізілген құбылыстың орын алғандығын білдіретін оқиғалардың, оларды негізгі және қосымша тұрғыда сипаттайтын мәліметтердің қоры, жалпы саны белгілі болады және бұл мәлімет ол құбылыстьщ құры-лымы туралы мағлұмат бермейтін шикі көрсеткіш болып табылады.

Бақылау жұмыстарының барысында ескерілген, құбылысты сипаттайтын белгілерге көңіл аудару — статистикалық жұмыстың осы сатысында жүргізіледі. Яғни статистикалық материалдарды жинау және топтастыру жұмысының негізгі көрінісі, ол құбылысты сипаттайтын немесе оның құрамын білдіретін белгілерді ажырату және сол белгілер бойынша мәліметтер дайындау болып табылады.

Статистика өзінің мәліметтерінің сапалылығын бүкіл статикалық жұмыстың барысында бірте-бірте жетілдіре береді. Оның ең сапалы, зерттеулерден өткен мәліметтері қоғамдық құбылыстарды сандық жағынан талдау, олардың зандылықтарын ашу жұмыстарында ғана белгілі болады. Бұл сатыдағы жұмыс ондай мақсаттарды орындауды толық іске асыра алмаса да, оған жетуге ғылыми негізделген, пратикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылған жағдай жасайды. Статистикалық материалдарды жинау және топтастыру есептелген, талдаудан өткен мәліметтердің алғашқы кепілінің бірі ретінде, арнайы бағдарлама бойынша, тек статистиканың сол саласы бойынша жұмыс істейтін мамандандырылған адамдардың қызметі болып табылады. Сонымен, статистикалық бақылау барысында алынған мәліметтер, жиынтықтың жекелеген элементтерін, яғни бірліктерін оның құрамын анықтаса, жинау жұмыстарында жекелеген бірліктерге емес, жиынтыққа оның құрамына назар аударылады. Мысалы, бақылауда әрбір қылмыс тіркеуге алынып, оның әртүрлі белгілері анықталса, ал жинауда және топтастыруда қылмыстың уақыты мен орнына қарай тұтас жиынтығы, жиынтықтың құрамы анықталады. Жиынтық кұрамының ерекшеліктерін ашу үшін және оның белгілерінің арасындағы байланыстарды, зандылықтарды ашу үшін, жиналған материалдар саналып, белгілеріне қарай бір тектес топтарға бөлініп, нәтижесінде олардың ең жоғарғы шамасын бейнелейтін сандар шығуы керек. Статистикалық бақылау материалдарын санау, жүйелеу және жекелеген бірліктер мен олардың жиынтық мәліметін жалпылай немесе жиынтық ретінде ала отырып қорыту, статистикалық жинақтауды білдіреді. Мысалы, бақылау материалдарын санау және жүйелеу ретінде, қылмыстар туралы статистикалық карточкалар саналса, ал жиынтықты қорыту ретінде бастапқы жиынтықтан бір тектес, жекелеген жиынтықтарды шығаруды, яғни сотталған адамдардың санын, бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған адамдардың санын шығаруды білдіреді. Бақылау нәтижесінде жиналған материалдардың ішінде, әлі біртектес топтары анықталмағаи жиынтықтың бірліктері болады, яғни жасалған қылмыстардың түрлері, қылмыскерлердің жасы, жынысы, бұрын сотталғандығы, білімі, жұмыс орыны, келтірген зардабының көлемі т.б. белгілер бойынша мәліметтерді анықтау мақсатында жұмыстар жүргізіледі.

Статистикалық материалдардан дұрыс, жан-жақты, жүйелі мәліметті шығару үшін, арнайы белгіленген бағдарламаға сүйене отырып жұмыс істеу керек. Бағдарлама — құбылыстың құрамын сипаттайтын белгілер бойынша, біртектес жиынтықтарды шығару мақсатында белгіленген елеулі белгілерді анықтауды білдіреді. Сол белгілердің ішінен топтастыру жүргізілуге тиіс белгілер бойынша санау және бөлу жұмыстары жүргізіледі. Бұл бағдарламаның мазмұны статистикалық зерттеудің міндеттеріне, жинақтаудың нысандары мен техникасына сәйкес келуі керек. Статистикалық есеп беру нысанында бұл мәселе бірнеше лауазымды адамдардың арасында жүргізіледі. Мысалы жасалған қылмыстың белгілерін, қылмыс жасаған адамдарды және қылмыстық істерді, сондай-ақ тергеу қызметіне байланысты әрекеттерді есепке алуды анықтаушылар, тергеушілер, прокурорлар жүргізсе, ал ол мәліметтерді қорытуды информациялық қызметті іске асыратын орталық жүргізеді. Бұл орталықтарда жиналған мәліметтер түпкілікті статистикалық есеп беру құжаттарына енгізіледі. Арнайы ұйымдастырылған статис-тикалық бақылау нысанында бұл мәселе бір қызмет орталығының немесе бір әкімшіліктің қарауында болады. Мысалы халық санағының материалдары бірден тиісті ақпараттық орталыққа жіберіледі. Бірақ соның өзінде ондай материалдар бірден өндеуге алынбайды, алдын ала сол орталықта бақылау құжаттарының дұрыс толтырғандығы, жан-жақтылығы тексеруден өткізіледі.

Статикалық материалдарды өндеудің нысанына қарай бір орталықтандырылмаған, аралас және бір орталықтандырылған қызмет түрлері қолданылады.

Бір орталықтандырылмаған жинақтауда статистикалық материалдарды қорыту, бастаптқы органдарда жүргізіледі, ал жоғарғы органда, яғни ақпараттық орталықта олар тексеріліп өндеуге алынады. Мысалы, салық, кеден, сот, прокуратура, ІІМ органдарының берген материалдары алғашқы өндеуден өткен болып саналады.

Аралас жинақтауда статистикалық материал ішінара жергілікті, төменгі қызмет органдарында жүргізіліп, ал толығымен жоғарғы ақпараттық орталықта аяқталады.

Бір орталықтандырылған жинақтауда статистикалық бақылаудың материалдары бірнеше қызмет түрлерінде емес, бірден орталықта (агенттікте, ІІМ ақпараттық орталығында) өнделеді.

Құқық корғау органдарының және соттың жинаған мәліметтерді өндеуі, аралас нысанға сәйкес келеді. Сот, прокуратура, ішкі істер органдарының төменгі топтағы қызметтері өздерінің тіркеуге алған, анықтаған мәліметтерінен есеп жасап, оны есеп қабылдаушы ақпараттық орталыққа жібереді. Ақпараттық орталықтар өз аумағындағы есеп беру мекемелерінен түгел есеп қабылдап, ол мәліметтерді өнделген күйде, өздерінен жоғарғы есеп қабылдаушы орган Жоғарғы Сот, Әділет министрлігі, Бас прокуратурадағы ақпараттық орталыққа есеп беру нысанында өткізеді. Мұнан кейін бүкіл республикалық көлемде жиналған мәліметтер өнделіп, мемлекеттік статистикалық мәліметті білдіреді және олардың мәліметтері ҚР Статистика жөніндегі агенттікке өткізіледі.

Статистикалық материалдарды жинақтау арнайы органдардың қызметі ретінде бірнеше құрамдас бөліктерден немесе алементтерден құралады: а) құқықтық статистикалық бақылау объектілерін және басқа да зерттелуге жататын топтарды сипат-тайтын көрсеткіштер жүйесін қарастыру, б) алынған мәліметтерді статистикалық топтастыру, в) топтастырылған материалдарды санау, яғни қорытындысын шығару, г) алынған мәліметтерді статистикалық кестелерде (таблицаларда) және графаларда бейнелеу.

Статистикалық материалдарды санау және өңдеу жұмыстары қазір жоғарғы техникаларды пайдалану тәсілімен жүргізіледі. Жалпы, статистикалық материалдарды өңдеу, санау — қолмен санау, перфорациялық есептегіш машиналармен және электрондық есептегіш машиналарды пайдалану арқылы жүргізіледі. ЭЕМ-ды қолдану уақытты үнемді және орындалатын жұмыстардың көлемін жеңіл іске асырады. Сондықтан бұл тәсіл жиі қолданылады.

Статистикалық жинақтаудың толық мағынасы, алғашқы мәліметтерді ғылыми тұрғыдан қойылатын талаптарға сай келетін түрде өндеуді және соның нәтижесінде бастапқы жиынтықты қажетті топтарға бөлуді, ол топтардың сандық көрсеткішін шығаруды, сонымен қатар алынған мәліметтерді статистикалық кестелерде бейнелеуді білдіреді немесе осындай жұмыстарды қамтиды.

Статистикалық материалдарды жинақтау — орындалатын жұмыстардың кезеңі бойынша алғашқы және кейінгі жинақтау деп бөлінеді.

Алғашқы жинақтау — статистикалық бақылау нәтижесінде жиналған материалдарды санауды және өндеуді білдіреді. Бұл жұмысты орындамай кейінгі жинақтауды жүргізу тиімсіз. Кейінгі жинақтау - алғашқы жинақтаудан өткен материалдарды санауды және өндеуді, топтастыруды білдіреді. Бұл жұмыс тек қажетті материалдар толық жиналғанда, яғни статистикалық есеп берілгеннен кейін немесе арнайы ұйымдастырылған бақылау аяқталғаннан кейін түпкілікті өңдеу арқылы жүргізіледі.

Статистикалық мәліметтерді түпкілікті болсын немесе алғашқы өңдеу болсын, олар біртұтас статистикалық жинақтау бағдарламасының негізінде іске асырылады. Жинақтау бағдарламасы бакылау бағдарламасының негізінде жасалады, онда бақылау бағдарламасында көрсетілген белгілердің ішінен тек қажетті деп танылған белгілері бойынша мәліметтерді топтастыру, санау жүргізіледі. Бақылау бағдарламасында топтастырушы белгілер көрсеткіштер жүйесі, уақытына және жеріне қарай мәліметтердің қатыстылығы (немесе әр айдың, ауданның, облыстың үлесіндегі статистикалық мәліметтерді анықтау), мәліметтердің әр түрлі органдарға тиістілігі анықталады. Жинақтау кезеңінде қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқықтық құбылыстардың және олар бойынша тиісті органдар қызметтерінің тіркеуге алынған жекелеген өзгермелі белгілері, ендігі жерде құбылысты сипаттайтын белгі ретінде ғана емес, жекелеген жиынтықтардың түрін білдіріп, ондай жиынтықтар статистикалық талдау әдістемелеріне салынды. Сондықтан статистикалық материалдарды жинақтау және топтастыру - жаппай бақылау мен статистикалық талдаудың ортасындағы бай-ланысты ролін атқарады десе де болады. Себебі статистикалық бақылау жұмысында назарға алынған негізгі жағдай құбылыс түрі болса, бұл сатыда құбылыстың түрі есепке алынбай, ол құбылысты сипаттайтын белгілерге байланысты жұмыс жүргізіледі.

Сондай-ақ топтастыру түрлері:

А) типологиялық

Б) аналитикалық

 




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 195 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.01 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав