Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Орта шамаларды құқықтық статистикада қолдану

Читайте также:
  1. Linux өнімдерін қолданушылар
  2. Абсолютті, салыстырмалы, аралас сілтемелерді қолдану. Əрбір сілтемелерге мысалдар келтіріңіз
  3. Азаматтық құқық және азаматтық құқықтық қатнастар туралы түсінік
  4. Алпына келетін табиғи ресурстарды қолдану
  5. Аржы құқығы және қаржы құқықтық қатнастары
  6. Аржы қатынастарын құқықтық қамтамасыз ету.
  7. Балық аулау мен балық аулау шаруашылығын ұйымдастыру және жүргізуді құқықтық реттеу
  8. Банк қызметін экономикалық және құқықтық реттеудің жетілдіру жолдары
  9. Бап. Борышкердің құқықтық жағдайы
  10. Бап. Борышкердің жеделдетілген оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiшi

Қорытылған көрсеткіштердің келесі бір түрі орта шамалар болып табылады. Орта шамалар статистиканың барлық салаларында қолданылып, мағынасы жағынан әлеуметтік-қоғамдық құбылыстарды вариациялық белгілеріне қарай сандық жағы нан сипаттауды білдіреді.Қоғамдық құбылыстардың сандық жағына назар аудару кезінде кейде жиынтық бірліктерінің және жиынтықты құрайтын бірлік топтардың орташа алғандағы көрсеткішін анықтау туралы мақсат туындайды. Зерттеуге алынған жиынтық құрамы элементтерінің орташа көрсеткішін анықтау — статистикалық талдау жұмысының негізгі бір түрін білдіреді және талдау жұмысының аяқталуын білдірмейді Құбылыстың орташа таралуы немесе көлемі — бұл жұмыстан кейін де әрі қарай талдауларға қолданылады. Қоғамда, оның ішінде құқық қорғау органдарының қызметінде атқарылған жұмыстардың орташа деңгейін анықтау жиі кездесетін жәйт, мысалы тергеу органдарының қылмыстық істерді тергеу мерзімдерінің орташа көрсеткіші, әр тергеушіге келетін қылмыстық істердің орташа саны, тағайындалған жазалардың орташа мерзімі т.б. кейде анықтауға жататын мәліметтер болып табылады. Сонымен қатар, жалпы статистикада халықтың орташа жас шамасы, орташа айлық табысы, тауарлар түрлерін орташа бағасы, белгілі бір салалар бойынша жұмысшылардың орташа еңбек жүктемесі т.б. анықталады және қоғам тарапы-ман сұраныс тудырып жатады. Әртүрлі әлеуметтік-қоғамдық құбылыстардың орташа дамуы мен нақты бір уақыттардағы деңгейін көрсету - зерттеуге алынған құбылыстар бірліктерінің сандық деңгейін асырмай да кемітпей де көрсетіп беруге мүмкіншілік береді. Сонымен, орта шамалар дегеніміз бір вариациялық белгінің негізінде бір тектес құбылыс жиынтығының әдеттегі деңгейін анықтайтын қорытылған көрсеткіштер болып табылады. Яғни, орта шамалардың мақсаты құбылыстарды белгілі бір белгілеріне қарай орташа алғандағы сандық деңгейінің мәліметін шығаруды білдіреді. Мұндай кездерде жиынтық бірліктерінде орын алған әртүрлі сандық белгілердің ауытқулары жойылып, сол вариациялық белгінің құбылысқа тән деңгейі анықталады. Жиынтық бірліктерінде вариациялық белгілердің әртүрлі сандық көрсеткішпен сипатталуы занды, қажетті жәйт. Мысалы, бір мекемедегі жұмысшылардың айлық табысы, қылмыскерлердің жасы, сотталған адамдарға белгіленген жаза мерзімдері бірдей бола бермейді. Егер жиынтық бірліктерінде аталған белгілер бірдей санмен анықталатын болса, онда ол белгінің орташа шамасын анықтау ғана емес, тіптен статистикалық зерттеуге алуға мүмкін болмаған болар еді. Себебі, жиынтықтың барлық бірліктерінде ол белгі бірдей санмен анықталса, ол сан орташа көрсеткішін емес қарапайым деңгейін, табиғи жаратылысын білдіреді.Орташа шамаларды қолданудың негізі, орташаланатын белгінің жиынтық бірліктерінде сапалық тұрғыдан бір тектілігі болып табылады. Бір тектілік — жиынтықты сипаттайтын белгілердің ішіндегі есептеуге алынған белгінің барлық жиынтық бірліктерінде кездесуін білдіреді. Келесі негізі ол белгінің барлық бірліктерде немесе олардың сапалық топтарында әр түрлі сандық сипатта кездесуі болып саналады. Әр түрлілік немесе әр түрлі сандық немесе сапалық дәрежеде көрсетілу, ол вариациялықты білдіреді. Бір ескерте кететін жәйт, ол қатыстық шамаларда жиынтық сапалық белгілері бойынша алынса, орта шамаларда жиынтық сандық белгілері бойынша алынады. Қатыстық шамаларда абсолюттік шамалар бір-бірі үшін вариациялық белгілер болып табылмайды. Ол шамада жиынтық тұтас алына отырып, басқа жиынтықпен салыстырылады.

 

 

Әдістемелік нұсқау:

Статистикалық мәліметтерді топтастыру, жинақтау. Түрлері

Бақылау жұмысының негізінде, негізгі белгілеріне қарай басқа құбылыстардан ажыратылатын бір тектес құбылыстарды тіркеуге алу жатыр. Статистикалық жұмыстың бұл сатысының аяқталу кезінде бақылау жүргізілген құбылыстың орын алғандығын білдіретін оқиғалардың, оларды негізгі және қосымша тұрғыда сипаттайтын мәліметтердің қоры, жалпы саны белгілі болады және бұл мәлімет ол құбылыстьщ құрылымы туралы мағлұмат бермейтін шикі көрсеткіш болып табылады.

Бақылау сұрақтары:

Статистикалық мәліметтерді жинақтау дегеніміз не?

Жинақтау түрлерін ата

Статистикалық топтастырудың түрлері

Абсолюттік және қатыстық шамалардың ұғымы

Орта шамалар ұғымы

Негізгі және қосымша әдебиеттер:

1.Мемлекеттік статистика туралы ҚР Заңы 7 мамырда 1997 ж.

2. Әпенов С. «Құқықтық статистика» Алматы 2004

3. Остроумов С.С. судебная статистика. М.: Наука, 1999

6-тақырып. Іріктелген бақылау және оны құқықтық




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 171 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав