Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Аржы қатынастарын құқықтық қамтамасыз ету.

Читайте также:
  1. Lt;variant>Жылумен қамтамасыз ету орталықтарында.
  2. Азаматтық құқық және азаматтық құқықтық қатнастар туралы түсінік
  3. Аржы құқығы және қаржы құқықтық қатнастары
  4. Бағдарламаның оқу әдістемелік қамтамасыз етілуі
  5. Балық аулау мен балық аулау шаруашылығын ұйымдастыру және жүргізуді құқықтық реттеу
  6. Банк қызметін экономикалық және құқықтық реттеудің жетілдіру жолдары
  7. Бап. Борышкердің құқықтық жағдайы
  8. Бизнес субъектілерін құрудағы ұйымдық-құқықтық формалардың мәні мен ерекшеліктері
  9. Бизнес субъектілерін құрудағы ұйымдық-құқықтық формалардың мәні мен ерекшеліктері

Қаржылық қатынастар құқықтық реттеуді қажет етеді. Осыған сәйкес қаржы құқығының әр түрлі нормалары қолданылады.
Қаржылық құқықтық қатынастардың келесідей ерекшеліктері қарастыруға болады:
— олар мемлекеттің қаржылық қызметінің аясында ұлттық табысты бөлу мен қайта бөлістіру аясында қалыптасады;
— бұл қатынастардың бір жағында міндетті түрде мемлекеттік биліктің бір органы болуы керек;
— қаржы құқығына қаржы аясындағы барлық заң нормаларының жиынтығы жатады;
— міндетті объект ретінде ақша қорларын қалыптастыру мен пайдалануға байланысты ақшалай қорлар мен міндеттемелер пайдаланылады.
Қаржылық құқықтық қатынастар мемлекеттік –биліктік сипатта орын алады.
Қаржылық –құқықтық норма – бұл субъектінің қаржылық қатынастар жағдайындағы нормативті құқықтық актілер мен бекітілген қаржылық нормалары.
Қаржылық- құқықтық нормалар мазмұнына байланысты келесі үш түрге бөлінеді:
v Міндеттеушілік қаржылық-құқықтық нормалар қаржылық-құқықтық қатынастардың мүшелеріне белгілі бір әрекетті жүзеге асыруды міндеттейді
v Тыйым салушылық қаржылық-құқықтық нормалар белгілі бір әрекетті жүзеге асыруға жол бермейді.
v Уәкілеттік қаржылық-құқықтық нормалар тапсырманы орындауға бағыттайды.
Қаржылық-құқықтық нормалар мазмұнына байланысты келесілерге бөлінеді:
Ø Материалдық қаржылық-құқықтық нормалар, олар қоғамдық қатынастарда материалдық объект ретінде ақшалардың қозғалысына реттеу жүргізеді
Ø Ұйымдастырушылық қаржылық құқықтық нормалар, олар қаржылық қызметті, әдістер мен нормаларды анықтайтын қаржылық құрылымдарды бекітеді, бюджеттің бекітілуін, атқарылуы мен орындалуын қарастырады.
Қатыстылығы бойынша қаржылық құқықтық қатынастар келесілерге бөлінеді
o Бюджеттік
o Бюджеттен тыс
o Қаржылық-банктік
o Қаржылық-сақтандыру
o Қаржылық-шаруашылық.
Құқықтық реттеудің әдістеріне байланысты құқықтық қатынастар келесілерге бөлінеді
§ Біржақтылық-биліктік
§ Келісімділік.
Біржақтылық-биліктік қаржылық қатынастар біріншіден, мемлекеттің бір жақтылық билігі негізінде қалыптасады және екінші жақтың көзқарасы есепке алынбайды. Екіншіден, құқықтық қатынастар «билік-бағыну» моделіне негізделіп жүзеге асады яғни қатынастың бір жағындағы мемлекеттің –құқығы көп болады, ал екінші жақтың – міндеті көп болады.
Келісімділік қаржылық қатынастар екі жақтың келісімі, ұйғарымы арқылы жүзеге асырылады. Бірақ кез-келегн қаржылық қатынастар заңды түрде тең құқылы болып табылмайды. Екі жақта да өз міндеттері мен құқықтары болады.
Қаржылық құқықтық нормалардың келесідей нормалардан тұрады: гипотеза, диспозиция, санкциялар.
Гипотеза нақты норманың қолданылуы қажет жағдайын сипаттайды. Диспозиция әрекет тәртібін сипаттайды. Санкция қаржылық-құқықтық нормаларды бұзушыларға қолданылатын жауапкершілік болып табылады.
Мемлекеттік органдар билік органдары арқылы орындалуы міндетті өкімдер мен бұйрықтар береді.
Бірақ мемлекеттік органдар қаржылық құқықтық қатынастарға тең заңды негізде ғана қатысуға міндетті. Қаржылық қатынастырдың барлық құқықтары мен міндеттері мемлекеттің қорғауында болады. Қаржылық міндеттемелер көп жағдайда ерікті түрде азаматтар мен қызметкерлердің міндеттеушілік әдіс арқылы жүзеге асырылады. Қаржылық міндеттемелерді орындамайтын щаруашылық органдар мен азаматтарға қаржылық санкциялар қолданылады. Мұндай санкцияларға өсімдер, айыппұлдар, тұрақсыздық айыбы, қаржыландыру мен несиелендірудің тоқтатылуы жатады.




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 247 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав