Читайте также:
|
|
Құқықты статистиканың өзге ғылымдармен байланысы, ең алдымен осы ғылымның негізгі бастамалары болып табылатын, статистиканың жалпы теориясымен және тиісті құқық салаларымен, яғни мәселе қылмыстық-құқықтық статистика туралы болса, қылмыстық құқықпен, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық-атқару құқықтарымен анықталады. Құқықтық статистиканың өмір сүруі үшін, бұл байланыстардың қажетті екендігін бұдан бұрынғы бөлімдерде негіздедік. Яғни статистиканың жалпы теориясы болмаса, онда құқықтық ғана емес, өзге де статистика салалары өмір сүруі мүмкін емес. Сондай-ақ құқықтық реттелуге жататын құбылыстар немесе құқықтың салалары болмаса да, құқықтық статистика болмайды.
Құқықтық статистика - пайда болу негізімен және өмір сүру мүмкіндігімен ғана емес, дамуы үшін де статистиканың жалпы теориясының әдістемелеріне және зерттелуге жататын құқықтық құбылыстардың түсінігін, мағынасын, мазмұнын, сондай-ақ жүйесін ашатын заң ғылымдарының ережелеріне сүйенеді.
Құқықтық статистиканың мұндай құқықтық ғылымдармен байланысы оңай ашылады және бұл байланыстардың негізгі мақсаты, құқықтану салаларын жинақталған, қорытылған және статистикалық есептеу тәсілдерінен өткізілген сандық көрсеткіштермен қамтамасыз ету болып табылады.
Әр түрлі талдау тәсілдері қолданылған сандық көрсеткіштерді дайындау - бұл қоғамның осы саладағы қажеттілігін қамтамасыз ету үшін ғана емес, сондай-ақ қоғам мүддесіне сай келетін немесе сай келмейтін әртүрлі құбылыстарға құқықтық шаралар қолдану үшін қажет. Сондай-ақ статистикалық мәліметтерді қолдау арқылы құқықтық ғылымдар өз зерттеу объектілерін жан-жақты толық қарастыра алады, немесе сандық мәліметтерді келтіру арқылы, ғылымды жетілдіруге үлес қосады. Құқықтық ғылымдарда статистикалық мәліметтер құқық тәжірибесінің сапасын анықтау мақсатында, яғни ІІМ, Прокуратура, Сот т.б. органдарының қаншалықты үлгілі жұмыстар атқара алатындығы және құқықтық болып табылатын әлеуметтік қоғамдық құбылыстың даму немесе өзгеру болжамына қатысты жиі колданылады.
Құқықтық статистика - құқықтық ғылымдармен ғана емес, сонымен қатар құқық саласына үлес қоса алатын немесе құқық салаларымен сабақтас келетін ғылымдармен де байланысты, Сабақтас ғылымның бір түрі криминология болып табылады. Криминология-қылмыстылықты санына қарай жиынтық ретінде ала отырып, оны демографиялық, құқықтык, әлеуметтік, психологиялық т.б. белгілеріне қарай әлеуметтік тұрғыдан қарастырады. Қылмыстық құқық-қылмыс құбылысын құқықтық тұрғыдан зерттей отырып, қылмыстың түрін, олардың белгілерін, ауырлататын құрамдарын және жекелеген қылмыстардың қоғамға қауіптілік дәрежесі мен сипатын ескере отырып жаза түрін анықтаумен айналысса, ал криминология қылмысты жиынтық ретінде ала отырып, оған әлеуметтік тұрғыдан талдау жасайды.
Криминологияда. қылмыстылыққа әлеуметтік тұрғыдан талдау жүргізудің құралдары анықталған. Ол үшін криминология - қылмыстарды топтастырып, ол қылмыстылықтың түсінігін, оны сипаттайтын белгілерді, қарқынын, өзгеру жағдайларын анықтайды. Мұнымен қатар қылмыскер тұлғаны сипаттайтын құралдарды анықтап, келесі тәсіл ретінде жекелеген қылмыстылықтардың себептері мен жағдайларын және оның алдын алу, сақтандыру шараларын қарастырады. Криминология - тиісті талдауын жүргізу үшін статистикалық мәліметтерді қолданады. Мысалы, қылмыстылықтың дамуын немесе динамикасын, сондай-ақ әр түрлі қылмыскер тұлғаларды анықтау, қылмыстылықтың басты себептерін анықтау үшін, жиі статистикалық мәліметтерді келтіреді. Мысалы криминологияда жекелеген қылмыстылықтың бір түрі болып табылатын, кәмелетке толмағандардың қылмыстылығын айту үшін, алдымен ол қылмыстылық түрінің бар екендігін келтіруі керек. Ал бұл қылмыстылықтың бар екендігін растау үшін. тек жас-өспірімдердің қылмыстылғы туралы статистикалық мәліметтер келтіру керек. Криминология әрқашанда өз тұжырымының растығын сандық мәліметгер келтіру арқылы дәлелдейді. Сондықтан криминология мен құқықтық статистиканың арасындағы байланыстар екі жақты емес, бір жақты деуге болады.
Құқықтық статистика криминологияны үнемі қоректендіріп отырады. Криминология көбінесе белгілі бір жасалған тұжырымды статистикалық мәліметтер келтіру арқылы негіздейді немесе сондай тұжырымдар жасау үшін, осындай сандық мәліметтерді қажет етеді.
Статистикалық мәліметтерді келтіру, оны қолдану - ғылымның шынайы өмірмен байланысын білдіреді.
Құкықтық статистикалық мәліметтер, қылмыстық құқықтық бағыттағы өзге де ғылымдарда кеңінен қолданылады. Криминологиямен қатар статистикалық мәліметтер қылмыстық құқықта, қылмыстық-атқару құқығында, прокурорлық қадағалауда, криминалистикада, сот психиатриясында, сот медицинасында да қолданылып, аталған ғылымдарда белгілі бір тұжырымдарды дәлелдеу немесе жаңадан берілетін ұсыныстарды практикамен байланыстыру мақсатында жиі қолданылып жатады.
Құқықтық статистикалық мәліметтердің жан-жақты, әрі жоғары деңгейде дайындалуы, құқықтық және әлеуметтік құқықтық ғылымдардың зерттеулерін жоғары деңгейде жүр-гізуіне септігін тигізеді және қашан да ғылымның жай тұжырымын емес дәлелдеген негізді тұжырымын білдіреді. Мұндай ғылыми шешімдер сандық мәліметтерді қамтуына байланысты, тұрақты әрі шешімін тапқан ойларға, тұжырымдарға жетелейді.
Құқықтық статистикалық мәліметтер осы себептерден ғылымда үлкен сұранысқа ие. Кейде ғылыми зерттеулер жүргізілу барысында өз тұжырымдарын сандық мәліметтермен негіздеу үшін арнайы сандық, есептелген мәліметтерді табу қиын соғып жатады. Сондықтан статистикалық мәліметтерді жинақтайтын және өңдеп талдау жүргізетін мекемелерде, мұндай мәліметтерге жан-жақты зерттеулер жүргізіліп, аталған ғылым салаларының да қажеттілігін қамтамасыз ете алатындай көрсеткіштер дайын-далғаны дұрыс.
Қылмысты зерттеу объектісі ретінде қарастыратын ғылымдарда статистикалық мәліметтер кеңінен қолданылып және жоғары сұранысқа ие болып жатса, ал азаматтық, әкімшілік құқықтық бағыттағы ғылымдарда статистикалық мәліметтер азырақ қолданылады. Бұл біріншіден, екіншіден әкімшілік және азаматтық құқықтық қатынастар бойынша есеп беру - қылмыстық құқыққа қарағанда аз дамыған. Қазакстан Республикасы Бас Прокуратурасының құқықтық статистика және информация орталығында құқықтың барлық салалары бойынша статистикалық мәліметтер жинақталады. Бұл органда аза-маттық құқық және азаматтық іс жүргізу құқығының нормалары бойынша да сандық мәліметтер кездеседі. Бірақ азаматтық құқықтық ғылымдарда ғылыми шешімдердің тұжырымдардың дәлелдеушісі немесе ондай шешімдерді жасауға негіз беруші бастама ретінде, статистикалық мәліметтер жиі қолданыла бермейді.
Құқықтық статистикалық мәліметтер бұл турасынан алғанда қылмыстық құқықтық бағыттағы ғылымдарда қолдануға жеңіл, әрі мұндай қажеттіліктер жиі туындайды. Бірақ бұл жайттар аталған азаматтық құкық тәрізді бағыттағы ғылымдарда, өмір шындығын тану үшін, статистикалық мәліметтерді қолдануды жоқка шығармайды.
Құқықтың қай саласы болмасын, ол өмірде кездесетін қоғамдық құбылыстардың сақталуын қорғайды немесе ондай қатынастарды реттеумен айналысып, құқықтың мақсатын іске асырады. Яғни құқық пен қоғамды құрайтын қоғамдық қатынастар тығыз байланысты, бұлар бір-бірінен ешқашан ажырамайтын ұғымдар. Бұл екі ұғымның байланыстары екі жақты болып табылады. Яғни қоғамсыз, қоғамдық қатынастардың өмір сүруінсіз, құқықтың өмір сүруі де мүмкін емес, себебі құқытың мазмұнын қоғамдық қатынастардың түрлері құрайды.
Әдістемелік нұсқау:
Құқықтық статистиканың ұғымымен таныспас бұрын статистиканың пайда болуы, олардың салалары және бағыттарымен танысу қажет. Құқықтық статистиканың ұғымы, пәні және міндеттеріне тоқталып өткен.Құқықтық статистиканың салалары. Олардың бір-бірінен айырмашылығы. Өзге ғылымдармен байланысы және оның мәліметтерінің құқықтық ғылымдар мен практикада алатын орны.
Бақылау сұрақтары:
1. Статистиканың ұғымымен таныстырыңыз
2. Статистика дегеніміз не?
3. Статистиканың жалпы теориясын және салалық стаистикаларды атаңыз?
4. Статистика пәнінің ұғымын атаңыз
5. Статистиканың мақсаты
6. Статисикалық әдістер және оның әдістемелері
7. ҚР статистикалық жұмыстарды басқару және оның міндеттері
8. Құқықтық статистиканың ұғымы
9. Құқықтық статистиканың пәні дегеніміз не?
10. Құқықтық статистиканың зерттеу объектісі
11. Құқықтық статистиканың салаларын ата. Олардың бір-бірінен айырмашылығы
12. Құқықтық статистиканың өзге ғылымдармен байланысы
Негізгі және қосымша әдебиеттер:
1.Мемлекеттік статистика туралы ҚР Заңы 7 мамырда 1997 ж.
2. Әпенов С. «Құқықтық статистика» Алматы 2004
3. Остроумов С.С. судебная статистика. М.: Наука, 1999
Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 259 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |