Читайте также:
|
|
Жоспар:
Құқықтық статистиканың ұғымы, пәні және міндеттері
Құқықтық статистиканың салалары
Құқықтық статистиканың өзге ғылымдармен байланысы
Статистика есеп түрі және жеке ғылым саласы ретінде қоғамдық өмірдің барлық саласын бақылауға алып, олардың көрсеткіштерін зерттейді. Мемлекет пен қоғамды құрайтын манызды салалар ретінде, елдің экономикалық, әлеуметтік құрылымын білдіретін сан-алуан қоғамдық қатынастардың жүйесі алынады. Сол жүйенің әлеуметтік саласына жататын қоғамдық құбылыстың бір түрі - мемлекет қабылдаған арнайы нормативтік актілермен шешілетін құқықтық мағынадағы құбылыстар болып табылады. Сондықтан, статистиканың көптеген салаларының бірі ретінде, құқықтық статистика да өмір сүріп, тиісті қызметін атқарады.
Заңмен реттелуге жататын және құқықтық қызметтің объектісі ретінде танылатын құбылыстарға қарай немесе қоғамдық қатынастардың салаларына қарай, тиісті құқық салалары өмір сүреді. Мемлекет қоғамды қозғаушы күш болып табылатын, және заңмен реттелуге жататын қоғамдық құбылыстарды анықтай отырып, оларды құқықтық құбылыстар қатарына жатқызады және мемлекеттік бақылауға алып, олардың сандық жағына есеп жүргізеді. Сол есептің көрсеткіштеріне қарай, мемлекет - қоғамдық өмірдің тиісті салалары бойынша бағдарламалар, жоспарлар дайындайды немесе бағдарламалар дайындау кезінде сол салаға жататын құбылыстың сандық көрсеткіштерін ескереді. Демек статистика, оның ішінде құқықтық статистика да мемлекеттік қызметтің бір түріне жатады.
Құқықтық статистика өзге статистика салаларындай өз мақсатын іске асыру үшін, тиісті таным салаларын меңгеруді көздейді. Мұндай таным салаларына құқықтық ғылымдар жатады. Яғни құқықтық мағынадағы құбылыстардың сандық жақтарымен жұмыс істеу үшін, біріншіден статистиканың жалпы теориясынан хабардар болу керек болса, екіншіден құқықтық реттелуге жататын құбылыстардың ұғымы, түрі, мазмұны жа-ғынан да жеткілікті дайындығы болуы керек. Демек, құқықтық статистика өз қызметін іске асыру үшін, екі ғылыми бастаманы қолданады. Құқықтану - құқықтық статистикада зерттелетін құқық бұзушылық салаларының сапалық белгілері мен ерекшеліктерін, сонымен қатар құқық қорғау органдары кызметінің объектілерін және олардың қызметіндегі мемлекеттік бақылау шараларын ашып, олардың жүйесін қарастырады. Құқықтық статистика-құқықтануда түсінігі ашылатын осы аталған жайттарды, жалпы статистикада белгіленген әдістерді қолдана отырып, өз қызметін іске асырады.
Құқық бұзушылыққа әлеуметтік бақылау жүргізудің мазмұны азаматтық, қылмыстық, әкімшілік іс жүргізу зандарының нормаларына негізделген әділ сотты жүзеге асыру міндетінен туындайды.
Басқаша айтқанда, құқықтану - құқықтық реттелуге жататын барлық қоғамдық және мемлекеттік арнайы органдармен іске асырылатын қатынастарды, құбылыстарды қарастырады. Әлеуметтік- құқықтық құбылыстардың пайда болу саласына және олардың реттелуін қарастыратын нормалар жиынтығығына қарай құқық тану, құқық салаларына бөлінеді.
Құқықтық статистика - қоғамның қозғаушы күші болып табылатын, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығынан пайда болатын құқық салаларын өз зерттеуінің бір объектісі ретінде қарастырса, екінші объектісі ретінде, сол құқық салаларының іске асырылуын қамтамасыз ететін, құқық қорғау органдарының қызметін де қарастырады. Тек құқықтық статистика ғана заң қолдану саласында кездесетін құбылыс-тарды сандық жағынан зерттейді.
Демек, құқықтық статистика - бұл құқықтық реттелуге жататын құбылыстарды статистиканың жалпы теориясында белгіленген әдістер арқылы олардың сапалық белгілерін қамти отырып сандық жағынан нақты уақытпен орнына қарай зерттейтіи ғылым және есеп түрі болып табылады.
Құкықтық статистиканың зерттеу объектісі, құқық салаларында реттелетін қоғамдық құбылыстар болып саналады. Мұндай құбылыстар құқықтық статистиканың сапалық жағын білдіреді. Құқықтық статистикада да сапа ретінде өзге статистика салаларындағыдай құбылыстардың мәнін, ұғымын ашып сипаттайтын белгілердің жиынтығы алынады, Бұл статистика саласында да, сапаны құрайтын құрамдардың немесе белгілердің сандық жағы зерттеледі. Бұл тұжырым нақты құбылыстарға бақылау жүргізу кезінде, оларды негізгі және косымша белгілерімен қоса бақылау кезінде анықталады.
Құқықтық статистиканың міндеттері де, жалпы статистиканың міндеттеріне сәйкес келеді. Статистика өмірде өзінен-өзі немесе қоғамдық құбылыстарды ескермей өмір сүре алмауына байланысты, оның салалары да тиісті қоғамдық құбылыстардың салаларынсыз, өмір сүре алмайды. Құқықтық реттелуге жататын құбылыстар болмаса, онда құқықтық статистика да болмайды. Сонымен қатар, құқықтық статистиканың міндеттері, салалық статистикалардың міндеттеріне мағынасы жағынан сәйкес келеді.
Құқықтық статистиканың міндеттеріне, қоғамды құқық бұзушылықтың және құқық қорғау органдары қызметінің осы саладағы сандық жағы туралы мәліметтерімен қамтамасыз ету, ол құкықтық реттелуге жататын құбылыстардың, уақиғалардың сандық жағының дұрыстығын, заңдылығын ашу өзге қоғамдық құбылыстармен байланыс деңгейін, сондай-ақ құқық қорғау органдары қызметінің үлгерімін, дұрыс, сапалы жұмыс істеу деңгейін ашып беру болып табылады. Яғни, құқықтық статистика осындай қажеттіліктерді қамтамасыз ету мақсатында қолданылады.
Құқықтық статистиканың өзге статистика салаларымен салыстырғандағы бір ерекшелігі, ол өзге статистика салаларындай, қоғамдық құбылыстың сандық жағын толық ашып бере алмайды. Яғни құқық бұзушылықтың 100% сандық көрсеткішін анықтай алмайды. Бұл жағдай құқық бұзушылық үшін кінәлі адамдарға жауапкершілік жүктелетіндігіне байланысты болып табылады. Жасалған қылмыстардың кейбір бөлігі құқык қорғау органдарында тіркелмей жасырын (латентті қылмыстылық) түрде қалады. Ал, статистикалық мәліметтерді тек тиісті орган, мекемелерде тіркелген уақиғалар саны ғана құрайтынын жоғарыда келтірдік. Статистиканың өзге салаларында құбылыстың сандық жағын толық анықтау жеңіл, себебі ол уақиғалар бойынша барлық жағдайда адамдар кінәлі, жауапты бола бермейді. Сондықтан ондай қоғамдық құбылыстар (мысалы өрт, медициналық, транспорт, экономикалық статистикаларға жататын құбылыстар) оңай ашылып, тіркеліп жатады.
Кейбір құқық бұзушылықтардың тіркелмей, құқық қорғау органдары үшін жасырын күйде қалуы, құқықтық статистика - құбылыстардың пайда болу уақыты мен орнына қарай сандық жағын анықтайды деген тұжырымына қайшы келеді. Құкықтық статистика- құқық бұзушылықтың санын толық анықтай алмауына байланысты, бұл пәннің затын тек құқық қорғау органдарының қызметі туралы мәліметтер құрайды деген атауды қолдануға жетелейді. Бірақ тек құқықтық статистикаға келгенде, бұлай тұжырым жасау қате болар еді. Себебі, статистика бастапқы міндеті ретінде, әлеуметтік-қоғамдық құбылыстардың сандық жағын анықтаумен айналысады. Бұл міндет құқықтық статистикаға да қолданылады, ал құқықтық статистика орын алған құқық бұзушылықтарды толық қамти алмаса, ол осы саладағы құбылыстардың ерекшелігіне байланысты болып табылады.
Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 201 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |