Читайте также:
|
|
Сақтандыру – қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп – бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық-заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады. Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек, сақтандыру – қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңи тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы.Сақтандырудың экономикалық мәніне бұл категорияның қоғамдық арналымының көрінісі ретінде оның бөлу, өтемдік, жинақтық және бақылау функциялары сай келеді.
Бөлу функциясы- бұл функцияның өзгешелігі қайта бөлу ретінде көрінуі. Ол алдын алу функциясына, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен сақтық жағдайының бөлу мүмкіндігін жоюға бүгіледі. Жеке басты сақтандыруда бөлу функциясы сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтық функциясына бүгіледі.
Бақылау функциясы - сақтық төлемдерін жұмылдыруды және сақтық қорын қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың нақты қатынастарында көрінеді.Соңғы уақытта бірқатар зерттеушілер сақтандыру экономикалық категориясын сипаттау үшін тәуекелдік функциясын қарауды ұсынады, өйткені сақтық тәуекелі сақтандырудың негізгі арналымымен — қолайсыз оқиғалардан болған зиянның орнын толтырумен байланысты.
Сақтандырудың экономикалық категория (санаты) ретіндегі негізгі нысандарын атап өтуге болады:
1. Сақтық қатынастардың ақшалай сипаты
2. Сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатынасуы.
3. Сақтандырудың іс қимылы ақша қорларын жасап пайдаланумен қосарланып жүзеге асырылады.
4. Сақтандыру қатынастарының бір бөлігінің міндетті сипатының болуы.
Сақтандыруда сақтық резервтер мен қорларды қалыптастырудың екі әдісі қолданылады:
1) Бюджеттік
2) Сақтандыру
Бюджеттік әдіс бюджеттердің қаражаттарын, яғни бүкіл қоғамның қаражаттарын пайдалануды болжайды. Сақтандыру әдісі қорларды шаруашылық жүргізуші субъектлер мен халықтың жарналары есебінен жасаудыалдын-ала қарастырады. Жарналардың мөлшері және және оларды төлеудің тәртібі сақтандырудың түріне, келісімнің шартына қарай беліленеді.Қоғамдық қорғауда бюджеттік әдіс, әлеуметтік сақтандыруда – бюджеттік және сақтандыру әдісі, мүліктік және жеке сақтандыруда – сақтандыру әдісі қолданылады.Сақтандыру қорлары сақтанушылардың жарналары, мемлекеттік бюджет қаражаттары, немесе материалдық қаражаттардың резервтері болып табылады. Нарықтық экономикада сақтық қатынастардың едәуір бөлігі коммерциялық қатынастар болып табылады. Ең алдымен жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыру категориясына қатысты, бұлардың қызметтер көрсетуі өзгеше сақтық қызметтерін көрсетуді талап етеді.Сақтандыру ұйымдарының сақтандыру, коммерциялық аядағы инвестициялық қаржыларды табыс алу үшін сақтандыру сақтандыру ісін береді.
Сақтандыру объектісіне жеке басты сақтандыру, мүлікті сақтандыру және жауапкершілікті сақтандыру жатады. Ал сақтандыру өтемдерінің түрлеріне байланысты мынадай құрылымды көрсетуге болады: зиян-залалды сақтандыру немесе зиянды қалпына келтіру (өтеу) өзінше үшке бөлінеді: жеке басқа байланысты залалдарды сақтандыру; келісім бойынша төленетін соманы сақтандыру; өмірді сақтандыру; қатерлі жағдайлардан сақтандыру; медициналық сақтандыру. Міне, осындай негіздерге орай залалды және соманы сақтандыру ісі орындалады. «Өмірді сақтандыру» саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:
1) өмірді сақтандыру;
2) аннуитеттік сақтандыру.
«Жалпы сақтандыру» саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:
1) жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру;
2) медициналық сақтандыру;
3) автомобиль көлігін сақтандыру;
4) темір жол көлігін сақтандыру;
5) әуе көлігін сақтандыру;
6) су көлігін сақтандыру;
7) жүктерді сақтандыру;
8) осы тармақтың 3)-7) тармақшаларында аталған сыныптарды қоспағанда, мүлікті сақтандыру;
9) кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру;
10) автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
11) темір жол көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтаңдыру;
12) әуе көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
13) су көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
14) тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
15) шарт бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
16) осы тармақтың 10)-14) тармақшаларында аталған сыныптарды қоспағанда, зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру.
Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 188 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |
|