Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мемлекет шығыстарын қаржыландырудың нысандары мен әдістері

Читайте также:
  1. H. Мемлекетгік сатып алулар нарыкты тепе - тендік жағдайға әкелетін құрал деп жорамалдайды
  2. Азақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация
  3. Азақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы мен құқығының онан әрі дамуы
  4. Азақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңы
  5. Азақстанда жалақыны мемлекеттік реттеу
  6. Азақстандағы екі деңгейлі мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесі
  7. АРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
  8. АРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
  9. арағанды мемлекеттік медициналық университеті
  10. Баға белгілеудіи мақсаттары, стратегиялары және әдістері

Әр бюджетте оның кіріс және шығыс бөлігін теңестірген, яғни баланстаған дұрыс. Баланс — бұл тепе-теңдік,бюджеттіжасаған кезде негізгі мәселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының осындай жай-күйіне жету болып табылады. Кірістердің шығыстардан, яғни бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасының шығыстардың және қайтарымды негізде бөлінетін кірістердің ауқымынан асып түсуі бюджет артығын профициттіқүрайды. Ол мемлекеттік борышты өтеуге бағытталады немесе бюджеттік қаражаттардың (республикалық және жергілікті бюджеттегі) бос қалдығын құрауы мүмкін. Аяқталған бюджет жылы бойынша бюджет кезеңінің аяғында қалыптасқан бюджеттік қаражаттардың бос қалдықтары үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың арнайы шоттарына есептеледі және кассаның айналымдағы нақты ақшасының өсіміне және биліктің тиісті органының мемлекеттік борышын жабуға пайдаланылады. Мұндай қажеттік болмаған жағдайда бүл қаражаттарды пайдалану туралы шешімдерді тиісті әкімшіліктер қабылдайды.

Шығыстардың кірістерден асып түсүі мемлекеттік бюджеттің тапшылыгынтудырады. Тапшылықтың едәуір әрі түрақты болуы қаржының дағдарыстық жай-күйін сипаттаңцы.

Тапшылықтың ұйғарымды деңгейі деп елдің жалпы ішкі өнімге қатысты 2-3% мөлшері саналады. Мүндай жағдайда тапшылық мемлекеттік қарыздар шығарудың немесе қағаз ақшалар эмиссиясының көмегімен біршама жеңіл жабылуы мүмкін. Бюджеттің едәуір және созылмалы тапшылығы кезінде қарыздар мемлекеттің қажеттіліктерін жаппайды, олар ақшаның қосымша (яғни тауар айналымының қажеттіліктерінен тыс) эмиссиясымен қамтамасыз етіледі, бұл инфляцияның дамуына, ақша айналысы заңының бұзылуына, ақшаның қүнсыздануына, нақтылы табыстардың және халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуіне апарып соғады. [7]

Бюджет тапшылығы экономиканың жай-күйін қамтып көрсетеді, ал оның болуы мына себептерге байланысты:

1) елдің экономикасында өндірістің жалпы қүлдырауы;

2) қоғамдық өндіріс шығындарының өсуі;

3) айналысқа тауар жиынымен жабылмайтын ақшаны шектен тыс шығару;

4) бюджеттің шығыстарында экономиканың даму деңгейіне сәйкес келмейтін едәуір әлеуметтік шығыстардың басымдығы;

5) әскери-өнеркәсіп кешенін ұстауға жұмсалатын әскери шығыстарды, басқару шығыстарын қаржыландырудың қомақты ауқымы;

6) "келеңкелі" экономиканың ірі ауқымды айналымы;

7) ұлттық шаруашылықтағы өнімсіз шығыстар мен ысыраптар;

Бюджет тапшылығын төмендетудің мынандай әдістері болады:

1) шығыстар тұрақты, кірістер өседі;

2) кірістер түрақты, шығыстар азаяды;

3) кірістер өседі, шығыстар азаяды (тапшылық 2 еседен жылдамырақ темендейді).

Тапшылықты қаржыландыру — оны жабу үшін қосымша ақша қаражаттарын іздестіру.

Бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары:

1. Ақша белгілерін шығару. Бұл жол теріс әлуметтік-экономикалық салдарлары болатын инфляцияға жеткізеді. Өз кезегінде ақша эмиссиясы айналысқа ақша белгілерін тікелей шығаруда да, жанама түрде мемлекеттік бағалы қағаздар шығару жөне оларды коммерциялық банктерге өткізу арқылы да түлғалануы мүмкін, коммерциялық банктер өзінің резервтерін көбейтеді және банктік мультипликатордың арқасында айналыстағы ақшаның санын

көбейтеді.

2. Мемлекеттік қарыздар. Бүл жағдайда қаржыландыруға бос ақша қаражаттары бар компаниялар, банкгер және т.б. қатысады.

3. Шетелдік қарыздар. Оларды Дүниежүзілік валюта қоры, басқа халықаралық қаржы үйымдары, үкіметтер, банктер береді.

4. Ұлттық байлықты пайдалану. Бұл орайда мемлекет басқа субъектілерге өзінің активтерін сатады.

Салықтардың мөлшерлемелерін көбейту бюджет тапшылығын қаржыландырудың өдісі емес, оны қысқартудың амалы болып табылады.

Бюджеттің кірістерін көбейтуге және шығыстарын қысқартуға, бюджет тапшылығын реттеуге, басқа экономикалық дағдарысқа қарсы шаралардың жиынтығында нысаналы басқаруға бағытталған шараларды әзірлеу және дәйекті іске асыру мемлекеттің қаржы жағдайын тұрақтандыруға жағдай жасайды, оның әлеуметтік экономикалық дамуына жәрдемдесетін болады.

Бюджет тапшылығына қатысты фискалдық саясатүш тұжырымдамаға негізделеді.

1. Жыл сайынгы теңгерілетін бюджет.Мүндай бюджет мүндаға дейін фискалдық саясаттың мақсаты деп есептелді. Алайда бюджеттің мұндай жай-күйі фискалдық саясаттың тұрақтандырушы, циклге қарсы бағыттылығын азайтады. Бюджетті тең-геру тіпті экономикалық циклдың ауытқуын үлғайтуы мүмкін. Жүмыссыздықтың болуы және халықтың табысының қүлдырауы кезінде салық түсімдері автоматты түрде қысқарады. Бұл жағдайда бюджетті теңгеру үшін мемлекетке не салықтардың мөлшерлемелерін арттыруы, не мемлекеттің шығыстарын қысқартуы, не бүл екі әрекеттіде жүзеге асыруы қажет. Қорытындысы жиынтық сұранымның қысқаруы және өндірістің одан сай-ын қүлдыруы болып табылады. Бюджетті теңгеру саясаты сонымен бірге инфляцияны үдетуі мүмкін. Инфляцияның болуы кезінде ақшалай табыстардың артуы автоматты түрде салық түсімдерін көбейтеді. Бюджеттің артығын жою үшін мемлекет мына шараларды қолдануы тиіс: не салықтардың мөлшерлемелерін төмендетуі, не мемлекеттің шығыстарын көбейтуі, не бұл екі шараның үштастырылуын пайдалануы тиіс.

2. Циклдік негізде теңгерілетін бюджет.Бұл тұжырымдамаға сәйкес бюджет жыл сайын емес, экономикалық циклдың барысында теңгеріледі. Өндірістің құлдырауын болдырмау үшін мемлекет тапшылықты әдейілеп жасай отырып салықтарды азайтады және шығыстарды көбейтеді. Экономиканың келесі өрлеуі кезінде мемлекет салықтарды көбейтеді және шығыстарды қысқартады, ал пайда болған бюджеттің артығы қүлдырау жылдарындағы тапшылықтарды өтеуге бағытталады. Сөйтіп, циклге қарсы фискалдық саясат және экономикалық цикл ішінде бюджетті теңгеру жүргізіледі. Құлдыраулар мен өрлеулер терендігі мен ұзақтығы бойынша бірдей болмайтындығы, мұның өзі бюджеттің циклдік теңгерімділігін бұзатындығы бұл тұжырымдаманың әлсіз буыны болып табылады.

3.Қаржының функциялық тұжырымдамасыныңмақсаты макроэкономикалық тұрақтылыққа, инфляциялық емес толық қамтылуды қамтамасыз етуге жету үшін жалпы экономиканы теңгеру болып табылады. Бұл тұжырымдама кезінде бюджетті теңгеру болмашы мәселе болып табылады, бюджет тапшылықтары мен мемлекеттік борыштың да, бюджет артығының да болуына рұхсат етіледі. Бұл жағдайда экономикалық өсуге қарай салық жүйесі бюджетке түсетін түсімдерді автоматты түрде қамтамасыз етеді, ал микроэкономикалық түрақтылық бұл өсуді ынталандыратын болады, мүның нәтижесінде тапшылық өзін-өзі қаржыландырады деп шамалауға болады. Бұдан басқа, мемлекет салықтармен іс жүзінде шексіз айлашарғы жасай алады және бюджеттің тап-шылығын жаба алады. Бұл түжырымдамада сонымен бірге тапшылықтар мен ірі мемлекеттік борыштың болуы қалыпты экономика үшін қауіпті емес деп шамаланады. [2]

Циклдік негізде және функциялық қаржы тұжырымдамасында теңгерілетін бюджеттің түжырымдамасына бағдарланған фискалдық саясат ақша айналысының жай-күйін есепке алатын, бюджет тапшылығының қалыптасуына бақылауды, мемлекет шығыстарының бағыттары бойынша тиімді шараларды қаржыландыруды қамтамасыз ететін қаржылық шаралардың негізделген бағдарламасын әзірлеуді қажет етеді.




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 203 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав