Читайте также:
|
|
Тікелей салықтар тікелей табысқа немесе мүлікке салынады. Оған мындай салықтар жатады: корпоративтік табыс салығы, жеке табыс салығы, жер салығы, көлік құралдарына салынатын салықтар және т.б. Тура салықтар салық төлеушінің кірісі мен мүлкіне тікелей төленетін салықтар. Олар өз кезегінде нақты және жеке салықтарға жіктеледі. Нақты салықтар салық төлеушілердің мүлкінің(меншігінің) кейбір түрлеріне(үй, жер, кәсіп, ақшалай капитал және т.с.с) салыднады. Жеке тура салықтар бұл жеке адамдардар мен заңи ұйымдардың табыстары мен мүкіне салынатын салықтар. Нақты салықтардан айырмашылығы жеке салық салу әрбір салық төлеушінің жеке табысы мен мүлкінде, оның қаржылық жағдайында ескеріледі. Корпоративті табыс салығын төлейтіндер – мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, жалпыға ортақ тәртіпті қолданатын ҚР-ның резидент-заңды тұлғалары. КТС келесідей ставкалармен төлейді: 20%, азайтылған салық ставкасы 10%, бейрезиденттер15%. Жеке табыс салығын төлейтіндер – салық салу нысандары бар резидент және резидент емес жеке тұлғалар. Есептеу ставкалары: жинақтаушы зейнетақы қорларына берiлетiн зейнетақы төлемдерiн қысқартқандағы табыс соммасының 5 тен 20 пайызына дейнгi ставка бойынша есептелiнедi, табыстарды қоспағанда, салық төлеушінің табыстарына 10 проценттік ставка бойынша салық салынады.дивиденттер, сыйақылар мен ұтыстар түрiндегi табыстарға 5%. Көлік құралдары салығынтөлеушілер – меншік құқында салық салу нысандары бар жеке тұлғалар, меншік құқында салық салу нысандары бар заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелері.Салықты есептеу мынадай ставкалар бойынша жүргізіледі (АЕК). Мысалы; жеңіл автокөліктерге 4-тен 117 АЕК дейін, ал ауыр автомобильдер мен арнаулы автомобильдер 6-дан 15 АЕК дейін. Жер салығын төлеушілер – меншік құқында, тұрақты жер пайдаланушы құқында және алғашқы қайтарымсыз уақытша жер пайдалану құқында салық салу нысандары бар жеке және заңды тұлғалар. Ставкалары:5000 шаршы метрге дейін - әрбір шаршы метр үшін 0,20 теңге; 5000шаршы метрден жоғарғы –әрбір шаршы метр үшін 1,00теңге.Жергілікті өкілді органдар шешімі бойынша 5000шаршы метрден жер салығы үшін салық ставкасын әр 1 шаршы метр үшін 1,0 теңгеден 0,20 теңгеден дейін төмендете алады.
24. Бюджеттен тыс қорлар – олардың қаржы жүйесіндегі орны. Бюджеттен тыс қорлар – мемлекет қаржы жүйесінің маңызды буыны,мемл-ң қатаң белгілі 1 мақсат-рға пайдаланатын ж/е заң жүзінде қалыптасуы-ң бекітілген көздері бар ақша ресурс-ры-ң жиынтығы. Бюджеттен тыс қор-р өзі-ң функция-қ-мақсатты арналымы б/ша да,басқару-ң деңгейі жағынан да өте әр түрлі.мақсатты арналымы б/ша бюджеттен тыс қор-р эконом-қ ж/е әлеум-к,ғылыми-зерттеу,табиғат қорғау,миграциялық,мәдени арналым ж/е басқа қор-р, ал басқару деңгейіне қарай мемлекетаралық,мемлекеттік ж/е өңірлік,жергілікті б/п бөлінеді. Әлеметтік сақт-ру қоры - аумақ-қ,сала-қ тұрғыда бөлінетін жалпы мемл-к ресурс-ң орталық қоры.әр түрлі меншік формасындағы кәсіпорынд-ң,ұйым-ң ж/е кәсіпкер-к қызметпен айналысатын тұлғаара-қ қаражат-р-ң міндетті түрде қатысуымен сақтандыру әдісі құрылады .Мақсаты -қоғам-қ ұдайы өнд-с-ң үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азамат-рды,мүлік-рді,өнд-с процесін қоғам-қ ж/е ұжым-қ қорғау б.т. Міндеті -әлеум-к сақтандыруды қолдану саясатын кеңейту,міндетті сақт-ру түр-рін нақтылау,халықаралық стандартты ескере отырып,сақтық қадағалау жүйесін ұйымдастыру. Заң: ҚР 25сәуір 2003 №405Капиталы:қордың өз қаражат-ры жарғылық капиталынан ж/е активтерден алынатын комиссиялық сыйақыдан тұрады. Инвестиция-қ қор 2004 6-7 шілде ҚР №575 Мақсаты -перспективалы ұйым-р-ң жоба-рына инвестиция салу ж/е тарту,қаржылық қолдау көрсету. Міндеті: шикізат пен материал-рды тереңдеп өңдеуді жүргізетін жаңа технология-рды пайдалана отып-рып,бәсекеге қабілетті өнім шығаратын ұйымдарға инвестицияларды жүзеге асыру. Қызметі: тартылған қаражат-рды бағалы қағаз-рды инвестициялап, өзінің акция-рын шығару. Жарғылық капиталы: жарғылық капит-н республика-қ бюджеті есебінен акция-ға олар-ң нақтылы құны б/ша төлеу арқ.ҚР Үкіметі қалыптастырады. Инновациялық қоры елдегі жалпы инновациялық белсенділікті арттыру мақсатымен 2003 жылы құрылған. ҚР-да инновация-қ қызметті дамыту,инновация-қ жұмыс-рды қайтарылымды қаржыландыру механизмін іске асыру ж/е ғылымды қажетсінетін өндіріс-рді жасауға жәрдемдесу мақсатында құрылған. Оның жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы 100 пайызды құрайды. Мақсаты:инновациялық белсенділік-ң өсіміне ҚР-да жоғарғы техн-ө ж/е ғылымды қажетсінетін қндірістің дамуына жәрдемдесу. Міндеттері: отандық және шетелдік инвесторлармен бірлесіп венчурлық қорлар құру;түрлі даму кезеңдерінде венчурлық қаржыландыруды іске асыру;коммерциялық нәтиже мен гранттар беру жолымен экономиканы техн-қ дамыту тұрғысынан әлеуетті перспективалық болып табылатын жаңа техн-р,тауар-р,жұмыс-р,қызмет-р жасауға бағытталған қолданбалы ғылыми зерттеу-рді жұмыс-рды қаржыландыру, Капиталы: Ұлттық ИҚ-ң жарғылық капиталы.2)Қордың кірістері,3)халықаралық Қаржы ұйымдары,шет мемлекеттер мен қаржы институттар беретін гранттар. Үкіметтің Ұлттық банктегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттің қаржы активі түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүлік түріндегі активтерді Қазақстаннның Ұлттық қоры болып табылады. 2001ж Қордың жұмыс істеу механизмі іс жүзінде толығымен іске қосылды. Қордың активтері ҚР Үкіметінің ҚР Ұлттық Банкіндегі шотына шоғырландырылады, ол Қорды сенімді басқару туралы шартқа сәйкес инвестициялық операцияларды жүзеге асыру ережелері шеңберінде сенімді басқаруды жүзеге асырады. Қорды қалыптастырудың көздері 2001 жылы бюджетке шикізат секторы ұйымдарынан түсетін жоспардан тыс салық және басқа да міндетті төлемдер, Қорды басқарудан түсетін инвестициялық кірістер және ҚР заңнамасымен тыйым салынбаған өзге түсімдер мен кірістер болып табылады. Ұлттық қоры мемлекеттің қорланымдарын қалыптастыру, сонымен бірге дүниежүзілік бағалардың конъюкторасына Республикалық және жергілікті бюджеттердің тәуелділігін төмендету мақсатында жасалынады. Ол мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржы активтерінің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануына, экономиканың шикізат секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған. Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры ҚР заңнамасымен белгіленген тәртіппен салымшы-р-ң міндетті зейнетақы жарна-рын жинақтайтын ж/е алушы-рға зейнетақы төлем-рін, сондай-ақ зейнетақы актив-рін қалыптастыру жөніндегі қызметті жүзеге асырып,оларды бағалы қағаз-рға, банк-р-ң депозит-ріне, халықаралық бағалы қағаз-рына инвестициялайтын з.т.; құрылтайшысы үкімет болып табылатын АҚ нысанында құрылады. міндеттері:зейнеақы-р мен жәрдемақы-р төлеу үшін қаражат-р жинау,аймақ-қ әлеумет-к бағдарлама-рды қаржыландыруға қатысу,зейнетақы ісін ұйымдастыру. Қаражат көздері: міндетті зейнетақы жарналары,меншік нысанына қарамастан барлық шаруашылық органдары төлейтін сақтық жарна-ры н/е арнулы салық-р, жоғары орган-р-ң қаражат-ры,ерікті зейнетақы қорлары Зейнетақы қорларының жұмсалу бағыты: заңнамаға сәйкес зейнетақы-рды төлеу,балаға қарау жөніндегі жәрдемақыларды төлеу,материалдық көмектер-ң 1 жолғы төлемақы-ры ж/е т.б.
25.Бюджеттік жүйедегі қосымша қаржыны беру (субвенция) мен алу
Субвенциялар — халықты әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламалар мен шараларға және басқа мақсаттарға нысаналы мемлекеттің қаржы көмегінің нысаны; мақсатты пайдалану бұзылған жағдайда қаражаттар қайтарылуға жатады. Жалпы сипаттағы ресми трансферттер бюджеттік субвенциялар мен бюджеттік алып қоюлар болып табылады. Бюджеттік субвенциялар - жоғары деңгейдегі бюджеттен төменгіге берілетін ресми трансферттер. Жергiлiктi бюджет шығындарының болжамды көлемiнен кiрiстерiнiң болжамды көлемi асып түскен кезде, жергiлiктi бюджеттен жоғары тұрған бюджетке бюджеттiк алып қоюлар белгiленедi, ал керісінше, жергiлiктi бюджет шығындарының болжамды көлемi кiрiстердiң болжамды көлемiнен асып түскен жағдайда, жергiлiктi бюджетке жоғары тұрған бюджеттен бюджет субвенциялары белгiленедi. Мұны өрнек түрінде көрсететін болсақ,
Кб>Шб- бюджеттік алып қоюлар;
Кб<Шб- бюджеттік субвенциялар.
Іс жүзінде жалпы сипаттағы ресми трансферттердің көлемін мұндай ретпен анықтаудың кемшіліктері бар. Өйткені көп жағдайда кірістер мен шығыстардың болжамды мөлшерлері қаржылық жыл ағымында өз нәтижелерін бермеуі мүмкін. Нәтижесінде бюджеттік алып қоюлар тағайындалған жергілікті бюджеттер алып қоюларды аударуды былай қойғанда жергілікті бюджетте секвестрлеу механизмін енгізуге мәжбүр болады. Бұл өз кезегінде республикалық және жергілікті бюджеттер арасындағы қаржылық ресурстарды тарату механизмін бұзады. Сондықтан да жалпы сипаттағы ресми трансферттер көлемін анықтауда кірістер мен шығыстар болжамы экономиканың нақты орын алып отырған шарттарында құрылуы талап етіледрі
26.ҚР-ның жергілікті бюджеттің шығыстар бөлігінің құрамының, құрылымының ерекшеліктері
Жергілікті бюджеттің шығыстары республикалық бюджеттің шығыстары сияқты негізінен мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
Ø жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету;
Ø қорғаныс,
Ø қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік,
Ø білім беру,
Ø денсаулық сақтау,
Ø әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру,
Ø тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы,
Ø мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік,
Ø ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау,
Ø өнеркәсіп және құрылыс,
Ø көлік және байланыс,
Ø экономикалық қызметті реттеу және басқа да бағыттар: аудандар бюджеттеріне берілетін трансферттер, республикалық бюджетке берілетін трансферттер, жергілікті атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету. Аудан бюджетінің шығыстарында денсаулық сақтау, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, экономикалық қызметті реттеу бағыттары бойынша жүзеге асыру көзделінбейді.
Жергілікті бюджеттерден кадрларды даярлауды және мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды қоса алғанда, қызмет түрлерін орындайтын мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз етуге,бюджеттік инвестициялық жобаларға, жергілікті басқару органдарының заңдарында көзделген өзге де функцияларына жұмсалатын шығындар да қаржыланды-рылады.
Жергілікті бюджеттердің шығыстарында әлеуметтік инфрақұрылымдарды-білім беруді, денсаулық сақтауды, халықты әлеуметтік қорғауды қаржыландыру, экономикалық салалардан- көлікке және отын энергетикалық кешеніне жұмсалған шығыстар басым болып отыр.
Қорғанысқа жұмсалатын шығыстардың функциялық тобы азаматтық қорғаныс пен әскери комисариаттардың шығындарын қаржыландыруды білдіреді.
Трансферттерде-жоғары бюджетке беру үшін жергілікті бюджеттерден қаражаттарды алуға жұмсалынған шығыстардың үлес салмағы айтарлықтай жоғары.
Жеке функциялық топтар бойынша мемлекеттік бюджет шығыстарындағы жергілікті бюджет шығыстарының үлесінде әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымды қаржыландыру бағыттары бойынша ол басым орын алады, мысалы: тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы-100%, білім беру-81.5%, денсаулық сақтау-87.8%, мәдениет,спорт, ақпараттық кеңістік-60.4%
Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмекке жұмсалатын шығыстар 8,9%-ды алады, бұл олардың басқарудың жоғарғы басым әкімшілік етуімен түсіндіріледі.
Жергілікті деңгейдегі қаражаттық түсімдер мен жұмсалымының құрамы мен құрылымы әкімшілік-аумақтық бөліністердің әлеуметтік-экономикалық даму дәрежесін анықтайтын мынадай факторларға байланысты: өндірістік объектілердің болуы, табиғи ресурстар, әлеуметтік және тұрмыстық инфрақұрылым объектілері және т.б.
27.ҚР-ның Ұлттық қорының маңызы
Үкіметтің Ұлттық банктегі шотында шоғырландырыла-тын, қаржылық активтер түріндегі, сондай-ақ материал-дық емес активтерді қоспағанда, өзге мүлік түріндегі мемлекет активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры болып табылады. Ұлттық қор мемлекеттің қорланымдарын қалыптастыру, сонымен бірге әлемдік бағалардың жағдаятына республикалық және жергілікті бюджеттердің тәуелділігін төмендету мақсатында жасалынады. Ол мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржылық активтерді және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүліктерді жинақтауға, экономиканың мұнай секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған. Ұлттық қор жинақтау және тұрақтандыру функцияларын жүзеге асырады.
Жинақтау функциясы материалдық емес активтерді қоспағанда, қаржылық активтер мен өзге мүліктің жинақталуын және тәуекелдің қалыпты деңгейінде ұзақ мерзімді перспективада Ұлттық қор активтерінің кірістілігін қамтамасыз етеді. Тұрақтандыру функциясы Ұлттық қордың активтері өтімділігінін жеткілікті деңгейін ұстап тұруға арналған. Қордың тұрақтандыру функциясын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын бір бөлігі кепілденілген трансфертті қамтамасыз етуге қажетті мөлшерде айқындалады.
Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану әлемдік, ішкі тарау және қаржы рыноктарының конъюнктурасы, мемлекеттегі және шет елдердегі экономикалық жағдай, бұл ретте макроэкономикалық және фискалдық тұрақтылық сақтала отырып және Ұлттық қордың негізгі мақсаттары мен міндеттері сақталынып, Қазақстаннның әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтары ескеріле отырып айқындалады.
Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану тиімділігін арттыру жөніндегі, сондай-ақ оны пайдаланудың көлемдері мен бағыттары бойынша шешімдерді Президент қабылдайды.
Ұлттық қордың түсімі мен жұмсалуы ұлттық және шетелдік валюталармен жүргізіледі, ал оның операцияла-ры бойынша есепке алу мен есептеме ұлттық валютамен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқаруды Ұлттық банк пен Үкімет арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы келісімшарттың негізінде Ұлттық банк жүзеге асырады.
Ұлттық қорға жіберілетін бюджеттік түсімдер Ұлттық қорды қалыптастыру көздері болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры:
·Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сақталуын;
·Ұлттық қордың жеткілікті өтімділік деңгейін ұстап тұруды;
·тәуекел деңгейі қалыпты болған кезде ұзақ мерзімді перспективада Ұлттық қор табыстылығының жоғары деңгейін;
·ұзақ мерзімді перспективада инвестициялық табыстар алуды қамтамасыз ету мақсатында материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржылық құралдарға орналастырылады.
Материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржылық құралдардың тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің ұсынысы бойынша Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп айқындайды.
Ұлттық қор қаражаттарының жылдам өсуіне қарамастан оның қалыптасуының тұрақтылығы шындап күмән тудырмай қоймайды. Қор табысының толымдылығы көбінесе қолайлы сыртқы экономикалық конъюнктура-мен және ұзақ уақыт бағаның мұнайға жоғары болуымен байланысты болып отыр.
Бюджеттік кодекске сәйкес Ұлттық қорды толтырудың көздері республикалық бюджеттен түсетін трансферттер (шикізат салаларынан бюджетке түсетін жоспарланған түсімдердің 10%), сондай-ақ шикізат секторынан түсетін нақты түсімдердің олардың жоспарланғанынан асып түсу көлемі болып табылады. Сөйтіп Қорды қалыптастыру көздері жеткілікті сияқты болғанымен бірақ бұл оның тұрақты толымдылығына кепілдік бермейді.
28.Сақтандыру нарығы - сақтандыру бойынша қызметтер көрсету саласы, яғни сақтандыру қызметтерін көрсетуге сұраныс пен ұсыныстың қалыптасу аясы. Көрсетілетін тиісті қызметтерді ұсынатын түрлі сақтандыру ұйымдары (сақтандырушылар) арасындағы, сондай-ақ сақтандыру қорғанышына мұқтаж заңи және жеке тұлғалар арасындағы қатынастарды көрсетеді. Сақтандыру нарығы тәуелсіз сақтандыру ұйымдарының сақтанушыларды тарту, ақшалай қаражатты сақтандыру қорларына жұмылдыру үшін бәсекелесуін көздейді. Сақтандыру нарығының мәні – адамдардың, шаруашылық құрылымдардың, кәсіпкерлік және коммерциялық фирмалардың, өндірістік кәсіпорындардың әртүрлі кездейсоқ жағдайлардан сақтық қорғауға деген қажеттіліктерін қанағаттандыруда.
Соңғыжылдарқатарында, заңдылықнегiзiнжетiлдiружалпы iшкi өнiмнiңөсiмiменбайланыстыхалықтыңжанбасынакiрiс, валюталықнарықтыңтұрақтандыруынабайланыстыРеспубликаныңжалпыэкономикалықдамуысақтандырунарығыныңдамуынаықпалеттi. Тұрақты сақтандыру нарығын қалыптастыру және шыншыл бәсеке құру мақсатында сақтандыру нарығын реттеу және қызметiн бақылау бойынша мiндеттi мемлекеттiк орган сәйкесiнше функциялармен жүктелген, сақтандыру қызметiн бақылау бөлiмiмен заңдылық негiзiн жетiлдiру, сақтандыру ұйымдарының қысқаруы, аз қаржыландырылған әлсiз компанияларының арқасында iс жүзiндегi компаниялар каржысының көбеюi, олардың активтерiнiң сапасын көтеру бойынша жұмыстар жүргiзiлдi. Қазіргі кезде ҚР-ның сақтандыру нарығы дамудың бастапқы кезеңінен өтті деп айтуға болады. Сақтандыру заңы халықаралық стандартты реттеу және қадағалау есебінен құрылған. Сапалы жаңа деңгейге жету үшін сақтандыру ұйымдарының қызметіне талаптар қойылған, әсіресе қаржылық тұрақтылықты қамсыздандыру; міндетгі сақтандырудың әртүрлі болуына шаралар қабылдау; сақтандыру тұтынушыларының қызметін, яғни сақтандырушылардың заңды қызығушылығын қорғайтын жүйені тудыру бойынша анықталған іс-шараларды жүзеге асыруы; инфрақұрылымдық сақтандыру нарығын дамыту.
Ақырғы екі жыл ішінде сақтандыру нарығының құрылымында үлкен өзгерістер болған жоқ. Жалпы сыйақыларды сақтандырудың өсу деңгейі тұрақты деп айтуға болады. 2009 жылы сыйақы өсімі 28%-ды құрады, 2010 жылы сыйакы өсімі 27%-ды, ал 2011 жылы 20% -дан аспады.
Сақтандыру сыйақының жалпы сомасындағы шетелдегі қайта сақтандыру үлесі төмендеуде. Бұл отандық сақтандыру ұйымдардың өзінде қалған немесе сақтандыру көлеміндегі жоғары емес тәуекелдердің өсуімен байланысты. Кәсіпорындардың мұнай-газды, энергетикалық секторларының, сонымен қатар авиа тасымдалдаушының мүлігі мен жауапкершілігінің ірі тәуекелдері елімізден тыс қайта сақтандырылады. Нарық өсімі міндетті сақтандырудың енгізілуімен және табиғи өсуімен қамтамасыз етіледі. Бір тұрғынның сақтандыру сыйақы 2010 жылы 1924 теңгені немесе 14,6 $-ды кұрады.
Қазақстан Республикасы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық көрсеткіштерінің ағымдағы жағдайын талдау барысында келесі нәтижелер анықталды: сақтандыру ұйымдарының 2009 жылғы активтері 297252217 мың теңгені құраса, 2011 жылы бұл көрсеткіш 44437587 теңгеге артып, 387671977 мың теңгені көрсетіп отыр. Сондай-ақ таза сақтандыру резервтері 2009 жылы 101011539 мың теңгені көрсетсе, 2010 жылы 114919173 тг көрсетті, 2011 жылы таза сақтандыру резервтері 127858440 тг құрап, соңғы үш жыл аралығында көрсеткіш 26846901 тг артып отыр. Бұл деп отырғанымыз, сақтандыру ұйымдарының активтік ресурстары мен таза сақтандыру резервтерінің тиімді пайдаланылып, олардың артқанын көрсетеді. Меншікті капитал жиынтықтарына келетін болсақ, 2009 жылы сақтандыру ұйымдарының өз меншігіндегі капиталы 180480027 тг құрап, 2011 жылы 231162447 тг құрап отыр, осыдан шығатын нәтиже, 2009 жылға қарағанда 2011 жылы ұйымдардың меншікті капиталы 50682420 тг артқан. Сақтандыру ұйымдарының құрылуының басты шарттарының бірі ол жарғылық капталының болуы, осыған орай ҚР сақтандыру ұйымдарының 2009 жылғы жарғылық капитал сомасының жиынтығы 40618311 тг көрсетіп, 2010 жылы бұл көрсеткіш 76367279 тг құраған, ал соңғы есепті жыл қорытындысы бойынша 2009 жылға қарағанда жарғылық капитал қорлары
48880120 тг артқаның байқатады. Есепті кезеңнің бөлінбеген кірісі (жабылмаған залалы) көрсеткіші бойынша 2009 жылы 28213153 тг, 2010 жылы 34779776 тг, ал 2011 жылы 27646639 тг құраған. 2009 жыл мен 2011 жылды салыстыра келе біз бұл көрсеткіштің -566514 тг кемігенің анықтадық. Сақтандыру ұйымдарының сақтандыру сыйлықақылары бойынша ағымдық жағдайы 2009 жылы 132476462 мың тг көрсетіп, 2011 жылы бұл көрсеткіш 66026879 тг артып, 89498431 тг құраған. Сондай-ақ сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша шығыстар көрсеткіші 2009 жылы 29829792 мың тг құрап, 2011 жылы 46139245 тг, салыстыра келе 2009 жылға қарағанда 2011 жылы сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша шығыстар көрсеткіші 16309453 тг артқанын байқаймыз. Сақтандыру ұйымдарының ағымдық жағдайын талдай келе, біз олардың негізгі қаржылық жағдайына тоқталдық, сондай-ақ ресурстарды пайдалану көрсеткіштеріне, міндеттемелерден уақытында құтылу мүмкіндіктеріне баға берілді.
29.Сыртқы экономикалық әрекеттің сипаттамасы мен оны реттеу әдістері.
ҚР-ның сыртқы экономикалық қызметі. Сыртқы сауда – тауарлармен қызметті ішке енгізуден (импорттан) және сыртқы шығарудан (экспорттан) тұратын елдер арасындағы сауда. Сыртқы экономиканың басты көздерінің бірі — сыртқы сауда. Ал сыртқы сауда саясатына келетін болсақ – белгілі бір елдің немесе елдер тобының сыртқы сауда қатынастарын дамыту жөніндегі экономикалық, саяси, ұйымдық шаралар жүйесі және де экспортпен импорттың географиялық және тауарлық құрылымының көлемін анықтауды қамтиды. Сыртқы сауда айналымы – сыртқы сауда дамуының жинақталған көрсеткіші, алыс-беріс арқылы жүзеге асырылады.
Жалпы сауда саясаты бұл – ұлттық өнеркәсіпті шетелдік бәсекелестерден қорғау, экспортты ынталандырумен диверсификациялау, елде жұмыс орындарды құру сондай-ақ т.б. елдің дамуын жетілдіретін шараларды іске асыру жөніндегі саясатты айтамыз.
Сыртқы экономикалық қызмет – сыртқы экономиканың байланыстарды реттеу тәртібін анықтау және елдің халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуын оңтайландыру бойынша мемлекет пен оның органдарының нысаналы түрде бағытталған іс-әрекеті.
Сыртқы экономиканың негізін құраушыларға жататындар:
— сыртқы сауда саясаты (құрамына экспорттық және импорттық саясат кіреді)
— шетел инвесторларын тарту және шетелдегі ұлттық капитал салымдарын реттеу саласындағы саясат.
— Валюталық саясат.
Сонымен бірге, сытқы экономикалық саясат жекелеген мемлекеттермен,аймақтармен сыртқы экономикалық операцияларды жүргізудің географиялық теңестірілуі міндеттерін де шешеді, бұл іс елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысқан.
Сыртқы экономикалық саясат – сыртқы экономикалық қасиетті де (СЭҚ) реттейді, оның айрықша белгілеріне мыналар жатады:
— тауарлар мен қызметтердің халықаралық сауда саттығы.
— Материалдық, ақша, еңбек және интеллектуалдық ресурстардың халықаралық қозғалысы.
Сыртқы экономиканың құраушыларының бірі болып сыртқы сауда саясатытабылады.
Ал сыртқы сауда саласындағы саясатты жүзеге асыру құралдарына: кедендік тарифтер, шеттен әкелу және шетке шығаруды реттеудің бейтарифтік шаралары; саудалық эмбарго; кедендік одақтар және еркін сауда аймағы; валюталық қатынастар саласын: валюталарды сатып алу – сату операциялары, коммерциялық және басқа мақсаттардағы валюталық операйияларға шектеулік белгілеу жатады. Төлемдік қатынастар мен несиелік саясат сферасында займдар (қарыз) экспорттық несиелер және экспорттық несиелерді сақтандыру бойынша есептеу мөлшерлемелері мен проценттерінің деңгейлері реттеледі.
Көптеген мемлекеттерде сыртқы экономикалық саясат құралдарының кең ауқымды жиынтығының болуы — өздерінің сыртқы экономикалық байланысының құрылымымен даму бағыттарын құруға ғана емес, сонымен бірге басқа елдермен сыртқы экономикалық байланысы мен сыртқы экономикалық саясатына да белсенді түрде ықпал етуге мүмкіндік береді. Сыртқы экономикалық саясат құралдарының бұл жиынтығын саудалық саяси механизм ретінде қарастыруға болады.
Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі дамуы өзара бағыныштылық және өзара араласу процесінің күшейген кезеңінде жүріп жатыр. ҚР-ның геосаяси орны, жалпы шекарасы, басқа аймақтармен байланыс жасайтын көлік қатынасы, сондай-ақ бай табиғи ресурс қуаты өндірістік өнеркәсіпті кооперацялауға, біріккен кәсіпорындар ұйымдастыруға, агроөнеркәсіптік кешендердің қызметінің дамуына алғы шарттар жасайды. Қазіргі кезде жалпы экономикалық бірігудің әртүрлі жолдары бар екені белгілі болды: ТМД елдерімен екі жақты келісімдер негізінде, көпжақты келісімдерді тереңдету, аймақтық интеграциялық бағдарламаларды іске қосу (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан). Сыртқы сауданы либерализациялау және оның еркін іс-әрекетіне жағдай жасау сыртқы сауда айналымының дамуына ықпал етеді. Шетел мемлекеттерімен сыртқы сауда саясатын іске қосу құралдарына мемлекетаралық комиссиялар жатады, олар екі жақты байланыстардың дамуы мен ұйымдастыру жұмыстарын, сондай-ақ ынтымақтастық көлемінде туындаған кезек күттірмейтін мәселелерді.
Сыртқы экономикалық қызметті әрі қарай либерализациялау Қазақстан экономикасына шетел инвесторының қатысуы, Қазақстанның интеграциялық мүддесі және тағы басқалар кедеңдік саясат құралы мен кеден мақсаттарын сақтай отырып, кеден ісінің элементтерін унификациялауды, жетілдіруді қажет етеді.
30.Бюджет жүйесі - экономикалық қатынастар мен заңдық нормаларға негізделген түрлі денгейдегі бюджеттердің жиынтығы, сондай-ақ оларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару және атқарылуын бақылау үдерісі. Бюджет жүйесінің бірлігі бірыңғай заң шығарушылық негіз, бюджеттік құжаттама нысаны, бірыңғай бюджеттік сыныптаманы (кіріс пен шығыстың міндетті бірыңғай топтамасын) қолдану, бюджеттердің төменгі деңгейінен келесі деңгейіне қажетті статистикалық және бюджеттік ақпарат беру, бірыңғай ақша жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі
Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлердегі бюджеттердің жиынтығын білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттердің жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың аумақтық құрылысы мен оның аумақтық бөлінісіне байланысты болады.
Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін. Бюджет құрылысы - бұл бюджет жүйесін құрудың кағидаттары, оның буындарының өзара байланысының ұйымдық нысандары. Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен анықталады.
Федеративті мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады:1) мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе орталық мемлекеттің бюджеті; 2)федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ-та – штаттардың, ГФР-да – жерлердің (ландтардың), Канадада — провинциялардың, Ресейде — федерация субъектілерінің бюджеттері); жергілікті бюджеттер.
Унитарлық (біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады: орталық бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер. Екі жағдайда да бюджеттердің оқшаулану мен дербестігінің түрлі дәрежесі болуы мүмкін, бірақ, әдеттегідей, әлеуметтік-экономикалық процестерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне байланысты төмендегі бюджеттерге қатынасы бойынша белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетте сақталады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрылымының унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан — федералдық емес, басқарудың Президенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет.Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі экономикалық қатынастарға және тиісті құқықтық нормаларға негізделген әр түрлі деңгейлердегі бюджеттерді қамтиды. Қазақстан жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттер дербес жұмыс істейді. 1991 жылы Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі түбірлі өзгерістерге ұшырады. Бұған дейін Қазақстанның мемлекеттік бюджеті, басқа одақтас республикалардың мемлекеттік бюджеттері сияқты, КСРО-ның мемлекеттік бюджетіне кірді, онда ел аумағының барлық бюджеттері, соның ішінде ауылдық және поселкалық бюджеттер де қамтылып көрсетіледі. Ол одақтық бюджеттен, 15 одақтас республиканың мемлекеттік бюджеттерінен және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бюджетінен тұрды. Одақтық бюджетке 1970-1990 жж. мемлекеттік бюджет ресурстарының жалпы ауқымының 52-50 % тиді, оның 35 % республикалардың республикалық бюджеттерінің және 15 % жергілікті бюджеттердің қарамағында болды. Қазақстан республикасы мемлекеттік бюджетінің басты бөлігі республикалық бюджетте шоғырланған.
Республикалық бюджет — бұл түсімдер мен бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) есебінен қалыптастырылатын және өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамалық актілер жүктеген міндеттерді жүзеге асыру үшін Үкімет анықтайтын республикалық бюджет бағдарламаларын қаржыландыруға арналған Қазақстан республикасының заңымен бекітілген орталықтандырылған ақша қоры.
Жергілікті бюджеттер (әкімшілік-аймақтық бірліктердің бюджеттері) – облыстық бюджеттер, қалалардың (аудандық маңызы бар қалалардан басқасы), аудандардың (қаладағы аудандарды қоспағанда) бюджеттері. Қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен, жергілікті бюджеттер мәслихаттардың шешімдерімен бекітіледі.
Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Экономиканы реттеу орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылу процесінде қаржы ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады.
Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 247 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |