Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Халықаралық мемлекеттік несиенің қажеттігін тудыратын факторлар

Читайте также:
  1. IAS) Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты
  2. ISO 14000 халықаралық стандарты
  3. ISO 14001 халықаралық стандарты
  4. Абиотикалык факторлардын тири организмге асери
  5. Азақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация
  6. Азақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы мен құқығының онан әрі дамуы
  7. Азақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңы
  8. Азақстанда жалақыны мемлекеттік реттеу
  9. Азақстандағы екі деңгейлі мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесі
  10. АРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Халықаралық мемлекеттік кредит - халықаралық экономикалық қатынастар сферасында елдердің материалдық ресурстарының қозғалысы, мемлекет әлемдік қаржы рыногында борышкер немесе кредитор ретінде болатын қатынастардың жиынтығы. Бұл қатынастар сыртқы мемлекеттік қарыздар нысанын қабылдайды және ішкі қарыздар секілді олар да қайтарымдылық, мерзімділік және ақылық жағдайында беріледі.

Алынған сыртқы қарыздардың сомасы есептелген пайыздармен бірге елдің мемлекеттік борышына қосылады. Мемлекеттік сыртқы қарыздар ақшалай және тауар нысанында беріледі. Кредит субъектілері мемлекеттік уәкілетті органдар арқылы елдер болып саналады.

Халықаралық кредиттің қажеттігі экономикалық заңдардың бүкіл жиынтығымен айқындалады. Халықаралық кредиттің дамуы мына факторларға байланысты болады:

· 1) еңбектің халықаралық бөлінісінің тереңдеуі және экономикалық бірігу;

· 2) өндірістің мамандандырылуы, қауымдасуы;

· 3) елдердің табиғат ресурстарымен және жұмыс күшімен әр түрлі қамтамасыз етілуі;

· 4) жеке елдердің экономикалық дамуының біркелкі еместігін жеңіп шығудың қажеттігі;

· 5) дамушы елдерге экономикалық көмек көрсетудің қажеттігі;

· 6) дамушы елдердің дамыған елдермен сауда-экономикалық ынтымактастығы.

Халықаралық кредиттің негізгі нысаны сыртқы қарыздар болып табылады. Бұл қарыздар кезінде қарыз алушыға қарыз берушінің ақшалай қаражаттардың шарттасылған сомасын (не осы сомаға тауарлар немесе қызметтер) мерзімге беру орны болады, мерзім біткеннен кейін қарыз алушының кредиторға пайыздарымен (кейде оларсыз) алынған соманы қайтаруға міндеттенеді. Қарыздық қаражаттар сыртқы сауда мәмілелерін жүзеге асыру немесе экспорт пен импортқа жәрдемдесу - сыртқы сауданы несиелендіру үшін пайдаланылады. Сыртқы сауданы несиелендіру кезінде кредиттерді беру, пайдалану және өтеу елдердің тиісті бағдарламалары мен бюджеттерінде қарастырылады, мұның өзі оларға өздерінің міндёттемелерін толық әрі бөгетсіз орындауына мүмкіндік береді.

Халықаралық экономикалық қатынастар практикасында сондай-ақ экспорттық немесе«байланыстырылған кредиттер» нысаны қолданылады. Мұндай кредиттерді беру қарыз алушы-елге нақтылы тауарларды сатып алуға берілетін кредитолардың жеткізілімімен «байланады». Әдетте байлаулы кредиттер жеңілдік жағдайларда беріледі, мұның өзі өз еліндегі сұранымы жеткіліксіз тауарларды басқа елдердің рыноктарында қозғаудың қажеттігінен туады.

Экспорттық кредиттерді пайдаланудың елдің сауда балансына ықпал жасайтын зардабы болады. Қосымша қаржыландырудың есебінен импорт өседі, ал бұл сауда балансының тапшылығын тудырады немесе көбейтуі мүмкін.

Мемлекеттік сыртқы қарыздардың мақсаттары республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру және төлем балансын қолдау болып табылады. Үкіметтің сыртқы қарыздар бойынша алған қаражаттары республикалық бюджетке есепке алынады және бюджеттің атқарылуы ретінде пайдаланылады, ал Ұлттық банктің алған қарыздары ақшалай-кредиттік саясатты жүзеге асыру мақсаттарына пайдаланылады. Бұл қаражаттар мақсатты арналымына карай тікелей өтеусіз пайдалануға бағытталуы немесе ішкі (түпкілікті) қарыз алушыға қайтарылатын негізде берілуі мүмкін.

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы шетелдерден едәуір кредиттер алды. Сондықтан валюталық қаражаттарды ұтымды, үнемді жұмсаудың маңызы арта түсуде. Олар бірінші кезекте тұтынуға арналған тауарларды шығаратын кәсіпорындарды құру және жаңғырту және басым өндірістерді, яғни экономиканы сауықтыру үшін белгіленген құрылымдық саясатты ескере отырып дамыту үшін пайдаланылуы тиіс.

 




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 42 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав