Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жанама салықтар мен оның мазмұны.

Читайте также:
  1. F) оның айналымының мерзімі біткенде номиналды құнын қайтару құқығы
  2. PowerPoint ортасында тұсаукесер (презентация) құру, оның мүмкіндіктері.
  3. Ақпараттық технология. Оның ұғымы, мақсаты, принциптері, түрлері, мәселелері, қасиеттері.
  4. Абылдау және оның физиологиялық негізі
  5. Алгоритм, оның ұғымы, қасиеттері.
  6. Аржы ұғымы және қажеттігі, оның табиғаты
  7. Аржы жүйесі, оның буындары мен олардың өзара байланысы
  8. Аржылық жоспарлаудың негізгі түрлері мен оның сипаты
  9. Арында астың қорытылуы және оның жасерекшеліктері
  10. Ауыздағы ас қорыту және оның жас ерекшеліктері

Жанама салықтар- мемлекеттің фискалдық мүдделерін білдіреді және бағаға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салықтар,олар салық төлеушінің табыстарына немесе мүлкіне тікелей байланысты емес. Жанама салықтар мемлекеттің фискалдық мүдделерін білдіреді. Оларды саналы қолдану баға белгілеудің процесіне жағымды ықпал жасауы және тұтынудың құрылымына әсер етуі мүмкін.Жанама салықтар салудың мәні салықтың тауар бағасына (немесе қызметтің тарифіне)қосылатындығында, кіріктілетіндігінде. Бұл жағдайда салықты тауардың (қызметтің) нақты тұтынушысы төлейді, алайда тұтынушы мен мемлекет арасында тікелей байланыс болмайды.Жанама салықтардың ішіндегі ең маңыздысы 1992 Жылы енгізілген Қосымша құн салығы(ҚҚС) болып табылады.Салық төлеуші мемлекетке оны төлеу нәтижесінде шеккен шығысының орнын бағаны көтеру жолымен толықтырады және салықты төлеуді сатып алушыға аударады.Салық салу объекті материалдық шығынсыз өндірілген өнім(амортизациясы бар таза өнім)болып саналатын қосылған құн болып табылады:қосылған өнімге кешенді шығыстар,мысалы,жарнамаға жұмсалатын және бірқатар шығындар кіріктірілуі мүмкін.Қазақстан Республикасында ҚҚС бойынша тіркеу есебіне тұрған мына тұлғалар:дара кәсіпкерлер,мемлекеттік мекемелерді қоспағанда,заңи тұлға резиденттер;қызметін ҚРда филиал,өкілдік арқылы жүзеге асырылатын бейрезиденттер,жұмыстарды,қызметтерді сеімгерліпен атқарушылар;Кедендік Одақтың немесе ҚР аумағына тауарларды импорттаушы тұлғалар ҚҚС төлеушілер болып табылады. Салық заңнамасына сәйкес салық салынатын айналым және салық салынатын импорт ҚҚС салынатын объектілер болып таблады Қосымша құн салығы бойынша есепке алу қарастырылмаған тауарларды өткізу кезінде оларды сатып алуда салық салынатын айналым мөлшері тауарды өткізу құны мен баланстық құны арасындағы оң айырма ретінде анықталады.Салық салынатын импорт мөлшерін анықтау кезінде тауарлардың кедендік құны, сондай-ақ Қазақстан республикасында импортталу кезінде төленуге жататын жинақтар, баждар, салықтар сомасы қосылады..ҚР тауарларды,жұмыстарды,қызметтерді өткізу бойынша ҚР да ҚҚСты төлеуші болып табылмайтын және қызметін филиал,өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын бейрезиденттен жұмыстарды,қызметтерді сатып алу бойынша ҚҚСты төлеуші жасайтын айналым салық салынатын айналым болып табылады.

Салық Кодексіне сәйкес, қосылған құн салығынан төмендегідей тауарларды, жұмыстар мен қызметтерлі өткізу бойынша айналым босатылады:

• пошта маркалары (коллекциялық маркалардан басқа);

• акциздік алымдар маркалары (акцизделетін тауарларды таңбалауға арналған есептік-бақылау);

• өкілетті органдар жүзеге асыратын, соларға байланысты мемлекет баж алатын қызметтерді;

• адвокаттық қызметті, нотариалдық іс-әрекеттерді жүзеге асыру бойынша көрсетілетін қызметтерді;

• Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісі өткізетін тауарлар, жұмыстар мен қызметтер;

• мемлекеттік меншікті жекешелендіру тәртібімен өткізілетін мүлікті;

• Қазақстан республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік мекемелердің пайдасына өтеусіз негізгі құралдарды беру, сонымен қатар мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік кәсіпорындар пайдасына өтеусіз негізгі құралдарды беруді;

• жарғылық капиталға жарналарды;

• жарғылық капиталға жарна ретінде алынған мүлікті қайтарып алуды;

• жерлеу бюроларынан, әдет-ғұрыптық қызмет көрсетулердің, зираттар мен криматорийлердің қызмет көрсетулерін;

• оларды өткізу жөніндегі қызмет көрсетулерді қоспағанда, лотереялық билеттерді өткізу бойынша айналымдар;

• банк карточкаларымен жасалынатын операциялар бойынша есеп-кисаптарға қатысушыларға жинау, өңдеу және таратып беру жөніндегі қызмет көрестулерді қоса алғанда, есеп-қисаптарға қатысушылар арасында ақпараттық-технологиялық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету қызметтерді өткізу бойынша айналымдар;

• жерге және тұрғын үй қорындағы ғимараттарға өткізумен байланысты айналымдар;

• қаржылық қызметер, оларға жататындар: банк операциялары, бағалы қағаздармен операциялар, төлемдік карточкаларымен, чектермен, депозиттік сертификаттармен операциялар;

Қосылған құн салығы төмендегідей шарттар орындалса есепке алынады:

 тауарларды, жұмыстар мен қызмттерді алушы қосылған құн салығын төлеуші болып табылса;

 өнім беруші өткізілген тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің шот-фактурасын ұсынса, егер өнім беруші қосылған құн салығының төлеушісі болып табылмаса, шот-фактура «Қосылған құн салығы жоқң деген белгімен жазылса.

2001 жылдың 1-ші шілдесінен бастап қосылған құн салығының ставкасы салық салынатын айналым мен салық салынатын импорттың мөлшерінен 15%-ті құрайды.Салық төлеуші салық мерзімі өткен соң, салық кезеңінен кейінгі айдың 15 күнінен кешіктірмей қосылған құн салығы бойынша декларацияны ұсынуға міндетті.Қосылған құн салығы бойынша бюджетпен нақты есеп айырысатын салық кезеңі болып күнтізбелік ай саналады. Егер де бюджетке төленуге жатқызылған салықтың орташа айлық сомасы 10000 АЕК-ті құраса, онда салықтық кезең болып тоқсан есептелінеді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші — салық төлеушілер үшін салықтық кезең болып жыл саналады.

 




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 62 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав