Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бюджет жүйесінің сипаттамасы.

Читайте также:
  1. C. из республиканского бюджета
  2. I. Понятие и сущность бюджетирования.
  3. III. Составные элементы генерального бюджета.
  4. J) просит Генеральную Ассамблею соответственно увеличить бюджетные средства, выделяемые для Рабочей группы, с тем чтобы удовлетворить потребности ее будущей деятельности.
  5. Автоматическая политика (политика встроенных стабилизаторов) основана на обеспечении налоговой системой бюджетных поступлений в зависимости от уровня экономической активности.
  6. Административно-территориальные образования, имеют свою материальную базу в виде местных бюджетов и территориальных внебюджетных фондов
  7. Азақстан Республикасында банк жүйесінің қазіргі жағдайы
  8. Алгоритм разработки бюджета проекта
  9. Анализ бюджета
  10. Анализ исполнения бюджета в 2014 году.

Бюджет жүйесі - экономикалық қатынастар мен заңдық нормаларға негізделген түрлі денгейдегі бюджеттердің жиынтығы, сондай-ақ оларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару және атқарылуын бақылау үдерісі. Бюджет жүйесінің бірлігі бірыңғай заң шығарушылық негіз, бюджеттік құжаттама нысаны, бірыңғай бюджеттік сыныптаманы (кіріс пен шығыстың міндетті бірыңғай топтамасын) қолдану, бюджеттердің төменгі деңгейінен келесі деңгейіне қажетті статистикалық және бюджеттік ақпарат беру, бірыңғай ақша жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі. Бюджеттердің дербестігі меншікті кіріс көздерінің болуы және оның пайдаланылуын айқындау құқығы арқылы қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің құрылымы екі деңгейлі — республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттерден құралады. Бюджеттердің дербестігі меншікті кіріс көздерінің болуы және оның пайдаланылуын айқындау құқығы арқылы қамтамасыз етіледі. Барлық деңгейдегі бюджеттердің теңдестірілуі бюджет-қаржы саясатының қажетті шарты болып табылады. Қазақстан Республикасында әрбір деңгейдегі бюджеттердің кірістері оның салық, жергілікті өзін-өзі басқару, жергілікті шаруашылық, бюджет жүйесі туралы заңдарына сәйкес құралады. Республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттерді әзірлеу, қарау, бекіту, атқару және атқарылуын бақылау тәртібі Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесі туралы" Заңымен (1.4.1999) және оған кейіннен енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар туралы заңдармен айқындалады.

Бюджет құрылысы - бұл бюджет жүйесін құрудың кағидаттары, оның буындарының өзара байланысының ұйымдық нысандары. Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін. Федеративтік мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады: мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе мемлекеттің орталық бюджеті; федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ-та штаттардың, ГФР-да жерлердің (ландтардың), Канадада - провинциялардың, Ресейде - федерация субъектілерінің бюджеттері); жергілікті бюджеттер. Унитарлың (біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады: орталық (республикалық) бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер. Екі жағдайда да бюджеттердін оқшаулануы мен дербестігінің түрлі дэрежесі болуы мүмкін, бірақ, әдеттегідей, әлеуметтік-экономикалық үдерістерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне байланысты төменгі бюджеттерге қатынасы жөнінен белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетте сакталады. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрылымының унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан - федералдық емес, басқарудың Президенттік-парламенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет.Қазақстан Республикасында мынадай деңгейдегі бюджеттер: республикалық бюджет; облыстық бюджет; республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті; ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті бекітіледі, атқарылады және дербес болып табылады. 1999 жылдың сәуірінде «Бюджет жүйесі туралы» үшінші зан кабылданды. Жергілікті бюджеттердің теңгерімділігін қамтамасыз ету мақсатында барлық өңірлер үшін кірістерді бірыңғай бөлу енгізілді және бюджеттік алынымдар мен субвенциялардың механизмі белгіленді. Түсімдердің түрлері бойынша респүбликалық және жергілікті бюджеттердің арасында кіріс бөлігін бөлу жүргізілді;тиісінше республикалықбюджеттен жәнежергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттің функциялары шектелінді. Республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттер арасында ресми трансферттердің ұзак мерзімді мөлшерлері негізінде жергілікті бюджеттердің теңгерімділігі жүтеге асырылатыны анықталды. Мемлекеттік бюджетте мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар шоғырландырылды. Бюджет жүйесінің қағидалары:

Реалистік қағидаты - бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджеттік көрсеткіштердің әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік, параметрлеріне бекітілген (түзетілген), мемлекеттік орғандардың стратегиялық жоспарлары параметрлеріне болжамдарының бағыттарына сәйкестігі. Реалистік қағидатына ең алдымен жеке қаржы жоспарларын және жалпы тиісті деңгейдің бюджет жобасын жасау үдерісінде кол жетеді бюджетті әзірлеу және атқару.

Сабақтастық қағидаты - өткен кезендерде бекітілген әлеуметтік-эконо-микалық даму мен бюджеттік параметрлер, базапық шығыстар, болжамдарына, бюджеттік мониторинг қорытындыларына, нәтижелерді бағалауға негізделген республикалық және жергілікті бюджеттерді жоспарлау. Негізділік қағидаты - бюджет жобасына кандай да болсын түсімдерді немесе шығыстарды кіріктіру қажеттігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілердің және басқа құжаттардың негізінде бюджетті жоспарлау. Касса бірлігінің қағидаты - бюджеттке түсетін барлық түсімдерді бірыңғай казынашылық шотқа есептеу және бірыңғай казынашылық шоттан барлық көзделген шығыстарды ұлттық валютада жүзеге асыру.

Уақтылық қиғидаты - республикалық және жергілікті бюджеттерге, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының колма-қол ақшаның бақылау шотына түсімдерді есептеу және оларды Ұлттық банктегі Үкімет шотына аудару, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың дара жоспарларына сәйкес мемлекеттік мекемелердік міндеттемелер кабылдауы, төлемдер бойынша қаржыландырудың дара жоспарларына сәйкес төлемдер жасау және тиісті нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тәртіпті сактай отырып, мерзімінде бюджеттік қаражаттарды алушылар шоттарына аудару.

Тиімділік қағидаты - бюджеттік қаражаттардың бекітілген көлемін пайдаланып, ең үздік тура нәтижелерге кол жеткізу қажеттігін негізге ала отырып, бюджеттерді әзірлеу және атқару немесе бюджеттік қаражаттардың аз көлемін пайдаланып тура нәтижеге кол жеткізу.

Жауапкершілік қағидаты - тура және түпкілікті нәтижелерге колжетімділікке және бюджеттік бағдарламапар әкімшілері мен мемлекеттік мекемелер басшыларының Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес келмейтін шешімдер қабылдағаны үшін жауапкершілігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті әкімшілік және басқару шешімдерінін қабылдануы.

Бюджеттік қаражаттардың атаулық және нысаналық сипаты қағидаты - бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінін Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтай отырып, бюджеттік қаражаттарды мемлекеттік орғандардың стратегиялық жоспарларымен көзделген нәтижелер көрсеткіштеріне кол жеткізуге бағыттауы және пайдалануы.

Бюджет жүйесін құрудың барлық қағидаттары өзара үйлестірілген және бірін-бірі толықтырып отырады, олар егеменді еліміздің Конституциясында және Бюджеттік кодексте, «Жергілікті өкілді және атқарушы орғандар туралы», «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» арнайы заңдарында және басқа заңнамалық актілерінде көрсетілген. Нақтылы жағдайларда бұл қағидаттардан жиі ауытқу болады. Мысалы, кейде бюджеттің бірлігі қағидатынан ауытқиды, өйткені көптеген арнаулы және бюджеттен тыс қорлар пайда болады. Реалистік кағидаты да өзінің маңызын жоғалтып барады: әр түрлі бюджеттен тыс қорлар жұмыс істеуі мүмкін, олар арқылы мемлекет қаржылық қатынастарды саралауға ұмтылады. Бюджет жүйесі реттеуші кіріс көздерін пайдалану, мақсатты және өңірлік бюджет қорларын құру, оларды ішінара қайта бөлу арқылы жүзеге асырылатын барлық деңгейлер бюджеттерінің өзара іс-эрекеттеріне негізделген.

Қазақстанның бюджет жүйесінің ұйымдастырылуы бюджет жүйесіне кіретін барлық бюджеттердің бірлігі, толықтығы, айқындылығы, жариялылығы, дербестігі қағидаларына негізделеді. Бюджет жүйесінің бірлігі бірыңғай құқықтық база арқылы, бірыңғай бюджеттік жіктелім мен бюджеттік құжаттаманың бірыңғай нысандарын пайдалану жолымен, бюджеттік процестің келісілген қағидалары арқылы қамтамасыз етіледі. Бюджет жүйесінің түрлі буындарының дербестігі жүйенің әрбір буынында меншікті кіріс көздерінің болуын және жұмсалатын шығыстардың бағыттары мен көлемін бекітілген өкілеттіктерге сәйкес дербес айқындау құқығын көздейді.ҚР-ның 2003 жылға арналған респ. бюджеті кірістер бойынша 714,4 млрд. теңге (яғни ішкі жалпы өнімнің 17%-ы) және шығыстар бойынша 631,6 млрд. теңге (яғни ішкі жалпы өнімінің 15%-ы), бюджет тапшылығы 82,8 млрд. теңге болып бекітілді. 2002 жылғы бюджетпен салыстырғанда түсімнің өсуі 18,3%-ды, шығыстың өсуі 16,3%-ды құрады. 2005 жылы бюджетті қалыптастырудан бастап, оны атқарумен және бақылаумен аяқтаудың барлық қаржылық рәсімдерін регламенттейтін бірыңғай заң - Бюджеттік кодекс күшіне енді. Бюджеттік кодексте бюджет жүйесінің жаңа кағидаттары қойылған, бюджеттік жоспарлаудың бұрынғы қағидаттары,барлықденгейлербюджеттерініңкірісжәнешығысбөлімдерін қалыптастыру жөніндегі амалдар түбегейлі қайта қаралды. Орта мерзімді бюджеттік жоспарлауды әзірлеу өзінің дамуы жағынан жетілдірілді, бюджеттің атқарылу үдерісі тәртіпке келтірілді, бюджеттік қаражаттарды пайдалануды бақылау жүйесі туралы қағида күшейтілді.Стратегиялық және бюджеттік жоспарлауды үйлестіру үшін үш жылдық кезеңге арналған салықтық-бюджеттік саясатты анықтайтын құжат - орта мерзімді фискалдық саясат әзірленді. Сонымен бірге бюджеттің атқарылу үдерісі де тым егжей-тегжейлі регламенттелінді, бюджеттік үдерістің жаңа кагидаттары енгізілді.Бюджет деңгейлері жүйеленілді, әрбір деңгейдің кала мен аудан бюджетіне дейінгі шығыстары, олардың түсімдері мен бюджеттерді әзірлеудің тәртібі егжей-тегжейлі жазылып койылды.Заңнамада бюджеттердіңтек екі деңгейі - республикалық және облыстық денгейі ретке келтірілген, ап төменгілері «ойын ережелерін» өздері анықтайды. Айқындықты қамтамасыз ету және олардың қызметіне бірыңғай талаптарды белгілеу үшін тиісті нормалар енгізілді.Шығыстарды бөлудің негізгі уәжі шығыстардың үлкен бөлігін жергілікті деңгейге табыстау болып табылады. Әрбір бюджеттің белгілі бір, қатаң жүйеленілген және орнықты шектері болуы тиіс. Шығыстардың бағыттары Бюджеттік кодексте мемлекеттік басқарудың ауылдық деңгейіне дейін анықталған. Ауылға (селоға) бекітілген шығыстар жекелеген багдарламалармен аудандық бюджетге бекітілетін болды, олардың әкімшілері ауылдың және поселкелердің экімдері болады.Республикалық және жергілікті бюджеттерді ішкі бақылаудың сатылас сызбасы енгізілді: ішкі бақылауды Қаржы министірлігінің Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті жүргізеді.Сыртқы бақылаудың функциялары Республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі Есеп комитеті мен мэслихаттардың ревизиялық комиссияларында калды. Бюджеттік инвестициялар ұғымы кеңейтілді, инвестициялық жобаларды кезеңдік іріктеу, сондай-ақ жобалардың тиімділігін бағалау тәртібі енгізілді. Капиталдың ішкі және сыртқы рыноктарында жергілікті атқарушы орғандар-дың қарыз алуы жойылған, тек жоғарғы бюджеттен олардың қарыз алуы сақталынған.Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына қаражаттарды аударудың жаңа механизмі енгізілді. Ұлттық қордың койылған міндеттерін тиімді іске асыру мақсаттарында оңтайлы дүниежүзілік тәжірибені ескере отырып баланыстандырылған бюджеттік әдіс әзірленді.

 




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 218 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав