Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Аржы ресурстары мен ақша қорлары

Читайте также:
  1. B) Ақшалай
  2. B. Банк жүйесінен тыс қолма қол ақша мен ағымдық шоттардағы қаражаттар
  3. D) Қолқа қақпақшасының жеткіліксізігі
  4. G. Халықтан салынымдар бойынша ақша алу арқылы ағымдағы шоттар бойынша өз міндеттемелерін өсірсе
  5. Ақша - тауардың жалпы эквиваленті
  6. Ақша айналыс заңы
  7. Ақша дегеніміз не?
  8. Ақшаның шығу тегі қажеттілігі және экономикалық мәні.
  9. Аржылық ресурстарының негізгі өсу факторлары

Қаржы ғылымы қаржыны тек экономикалық категория, яғни айрықшалықты өндірістік қатынастардың жиынтығы ретінде қарастырып қоймайды, сонымен бірге мақсатты ақша қорлары түріндегі олардың материалдық іске асуын баса көрсетеді. Бұл қорлоар қаржылық қатынастардың тұрақты иесі болып келеді. Олардың қалдыптасу көздері және қорлардың өздері ұлттық шаруашылықтың тиісті буындарының қаржы ресурстары болып табылады. Қаржы ресурстары ұдайы өндірістің және мемлекеттің шығындарын жабу үшін қажет. Демек, қаржы ресурстары – бұл ішкі жалпы өнім құнының бір бөлігін, атап айтқанда, ақша нысанындағы таза табысты бөлу және қайта бөлу үдерісінде жасалынатын мемлекеттің, шаруашылық жүргізуші субьектілердің және халықтың қарамағындағы ақша қаржаттары, олар ұлғаймалы ұдайы өндіріс пен басқа жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз етуге пайдаланылады. Тап қаржы ресурстары қаржы категориясын баға және басқа құндық категориялардан бөліп алуға мүмкіндік жасайды.

Қаржы ресурстарында негізгі орынды таза табыс (пайда, қосылған құн салығы, акциздер, кеден төлемдері, қоғамдық мүдделерге төленетін жарналар нысандағы) және аортизациялық аударымдар алады.

Қаржы ресурстарының қаржы қорларынан айырмашыдығы бар. Қаржы қорлары – қаржылық әдіспен қалыптастырылған, белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланылатын мақсатты ақша қаражаттары, ал қаржы ресурстары болса, ол – мемлекеттің және шаруашылық жүргізуші субьектілердің табыстары мен түсімдері. Біріншіден, қаржы ресурстары деп ақша қаражаттарының көздерін, шаруашылық органның немесе шаруашылық жүргізуші субьектінің мұндай қаражаттарды жасау мүмкіндіктерін түсінеді. Екіншіден, қаржы ресурстары – бұл қорлардағы, яғни ақша қаражаттарының мақсатты босалқы қорларындағы «байланылған» қаражаттар, сондай ақ әлі мақсатты белгілі бір бағыттылығы жоқ қорлар бойынша қалыптаспаған ақша қаражаттары. Мысалы, ақша қаражаттарының бір бөлігінің алғашқыда қор сипаты болмайды – бұлар шаруашылық органдарының олардың шаруашылық әдістері тарапынан келісімшарттарды, өзара шарттарды және шаруашылық жүргізудің басқа шарттарын бұзғаны үшін алатын айыппұлдары, өсімпұлдары, тұрақсыздық төлемдері. Мұндай қаражаттардың түсуін күні бұрын есепке алу мүмкін емес.

Қаржы ресурстары орталықтандырылған және орталықтандырылмаған бөліп бөлінеді.

Орталықтандырылған қаржы ресурстары бюджет және макродеңгейдегі ұдайы өндірістің қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.

Ұлттық шаруашылықты қаржыландырудың мынадай бюджеттік әдістері болады:

1. Мемлекеттік күрделі жұмсалымдар (бұл әдіс экономиканы жандандыру, өндірістің жаңа салаларын жасау үшін пайдалынады)

2. Мемлекеттік көтере сатып алу (оның көмегімен жиынтық сұраным белгіленеді, мемлекет тауарлдардың уақтылы өтуіне мүмкіндік туғызады).

3. Бірлескен кәсіпорындарға жұмсалатын инвестициялар)

4. Мемлекет тарапынан жеңілдікті кредит беру.

 

Орталықтандырылмаған қаржы ресурстары шаруашылық жүргізуші субьектілерде қалыптасады және өндірісті кеңейтуге кәсіпорын жұмыскерлерінің әлеуметтік мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланылады.

 

 




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 75 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав