Читайте также:
|
|
Жергілікі қаржы - акииалай нысандағы қоғамдық өнімнің бір бөлігін жергілікті басқару орғандары өздеріне артылған функцияларға сәйкес жасау, бөлу, пайдалану үдерісіндегі қаржылық қатынастардың жүйесі. Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Ол жергілікті бюджеттерді, арнаулы бюджеттен тыс қорларды және басқарудың жергілікті орғандарының қсірамағындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын кіріктіреді. Жергілікті қаржылардың құрылымы мен бағыты биліктің жергілікті орғандары басқарудың - мәслихаттардың (депутаттар жиналыстарының), жергілікті әкімшіліктің және жергілікті өзін-өзі басқарудың функцияларымен айқындалады.
Жергілікті қаржы отандық экономика үшін біршама жаңа ұғым. Бүкіл жергілікті бюджеттер елдің мемлекеттік бюджеттің бірыңғай жүйесіне енгізілген 1938 жылдан бастап жергілікті қаржы дербес категория ретінде өзінің емір сүруін токтатқан болатын. Бүгінде, рыноктық қатынастар және елімізде басталған өкілетті дәйекті орталықсыздандыру жағдайларында жергілікті орғандар қызметінің сферасы кеңейе түсуде, олар әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, демографиялық сипаттағы проблемаларды шешуде едәуір дербестікке ие бола бастады. Қазіргі кезде орталықтан өңірлерге екі жарым мыңга жуық функциялар мен құзырлар берілді,бұл жергілікті атқарушы және өкілетті орғандарды күшейтіп, жергілікті өзін-өзі басқару орғандары ретіндегі мәслихаттардың рөлін арттырды.
Жергілікті қаржының әлеуметтік-экономикалық мәні жалпы мемлекеттік қаржыға ұксас. Басқарудың жергілікті орғандарына мемлекеттің әлеуметтік бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша маңызды міндеттер жүктелінген. Халықка қызмет көрсету бойынша шараларды қаржыландыру негізінен жергілікті қаржылық ресурстар есебінен жүзеге асырылады. Әлеуметтік тұрмыстық инфрақұрылым салалары халықка қызметтерді басым бөлігінде бюджеттік қаражаттар есебінен қалыптастырылатын қорлар есебінен береді. Жергілікті буында қаржылық қатынастар «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңмен, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексімен, республикалық бюджет туралы заңмен және шаруашылық пен қаржылық қызмет туралы басқа заңдармен реттелінеді.
Жалпы жергілікті қаржының жай-күйі әркашанда, біріншіден, елдің жалпы экономикалық жағдайына, екіншіден, тиісті аумақтардың экономикалық әлуетіне, үшіншіден, билік пен басқарудың жергілікті орғандарының құқығы мен міндеттерін белгілі бір дәрежеде реттеп отыратын мемлекеттік заңдардың деңгейіне, төртіншіден, биліктің жергілікті орғандары құзырының дәрежесіне байланысты болды. Өркениетті батыс елдерінде жергілікті қаржы мемлекеттің қаржылық ресурстарын қалыптастыру мен пайдалану үдерісінде едәуір рөл атқарады. Оның үстіне жергілікті бюджеттердің айтарлықтай дербестігі болады және батыс елдерінде олар мемлекеттік бюджеттің жалпы жүйесіне кірмейді.
Жергілікті бюджеттердің экономикалық; мәні олардың мынандай арналымында көрінеді: билік пен басқарудың жергілікті орғандарының ақшалай қорларын қалыптастыру; бұл қорларды жергілікті деңгейдегі инфрақұрылым салалары мен халықтың арасында қайта бөлу.
Жергілікті бюджеттер билік пен басқарудын жергілікті орғандарының сан қырлы қызметінің негізгі қаржы базасы бола отырып, олардың экономикалық дербестігін нығайтады, шаруашылық қызметін жандандырады, ведомствоға қарасты аумактарда оларга инфрақұрылымды дамытуға, аумактың экономикалықәлуетін кеңейтуге, қаржылық ресурстардың резервтерін ашып, пайдалануға мүмкіндік жасайды. Сөйтіп, жергілікті бюджеттер жергілікті деңгейдегі экономикалық және әлеуметтік міндетгерді жүзеге асыруда елеулі рөл атқарады. Бұл түтынудың коғамдық қорларын бөлген кезде керінеді.
Қазақстан Республикасы жергілікті бюджетінің құрамы облыстық бюджеттерді, қалалардың (аудандық маңызы бар қалаларды қоспағанда) және аудандардың (қапалардағы аудандарды қоспағанда) бюджеттерін кіріктіреді. Қазіргі кезде Қазақстандағы жергілікті бюджеттер мемлекеттің бюджеттік қаражаттары көлемдерінің кірістері бойынша 45,4% аралығын, ал шығыстары бойын- ша 50,3%-ын құрайды. Барлық аудандық және калалық бюджеттердің 80%-ы (193 осындай бюджеттердің) дотациялық болып табылады.
Облыстық бюджет, республикапық маңызы бар кала, астана, аудан (облыстық маңызы бар кала) бюджеттері Бюджеттік кодекспен айқындалған салықтық және басқа түсімдер есебінен қалыптастырьшатын және облыстық деңгейдің, республикалық маңызы бар каланын, ауданның, астананың (облыстық манызы бар қаланың), жергілікті мемлекеттік орғандардын оларга ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және тиістіәкімшілік-аумактық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған ақшалай қаражаттардың ортапықтандырылған қоры болып табылады.
Жергілікті бюджеттер мемлекеттік бюджеттің құрамды бөлігі болып есептелмейді, республикалық бюджетпен бірге қоғамның мемлекеттік бюджетінің жиынтығын ңұрайды. Қазақстан Республикасында жергілікті бюджеттер коммуналдық заңи тұлгаларға бекітілген; мүлікпен және әкімшілік-аумактық бөліністің менші-гіндегі өзге де мүлікпен бірге әкімшілік- аумактық, экономикалық және қаржылық негізін құрайды; түсімдер мен бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру есебінен қалыптасатын, Конституциямен, заңдармен және Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы орғандар белгілейтін жергілікті бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға арналған тиісті мәслихаттың шешімімен бекітілген әкімшілік-аумактық бөліністердің ақшалай қорлары болып табылады.
43,«Салық» ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, принциптерінің, салық заңдары мен салыққа қатысты нормативті актілердің, салық қызметі органдарының жиынтығы мемлекеттің салық жүйесін құрайды. 1995 жылдың 24 сәуірінде қабылданған ҚР Президентінің «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заң күші бар жарлығы салық жүйесіне оңтайлы өзгерістер енгізді. Олардың қатарына қолданылып келген салықтар мен салықтар мен алымдар санының 46-дан 11-ге қысқартылуы, салық салу принциптерінің дүниежүзілік тәжірибеге сай өзгертілуі, халықаралық салық салу тәртібінің енгізілуі, салықтардың нышанына, белгілеріне қарай топталуы, сонымен қатар бұл құжаттың көптеген заңдармен тығыз байланыстылығы, салықтық әкімшіліктің жаңа ережелерінің енгізілуі салық жүйесіндегі басқа да түбегейлі өзгерістер жатады. Әрине мемлекттің нарықтық экономикалық қатынас талабына сай дамуы жағдайында салық жүйесінің бір орында, өзгеріссіз қалуы мүмкін емес. Алайда қысқа уақыт аралығында қабылданған шексіз өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуі нәтижесі оның әлі де болса жетілмегендігін көрсетеді.
Бүгінгі күні республикада салық заңдарының барлық негізгі кемшіліктері ескерілген, әрі жетілдірілген жаңа Салық кодексі дайындалып, 2001 жылдың 12 маусымында қабылданды.
Салық кодексі 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Ол салық салудың ойластырылған құқықтық негізін құрудың түпкілікті міндетін шешуге бағытталған.
ҚР салық жүйесі өзінің дамуының 3 кезеңінен өтті.
Салық реформасының бірінші кезеңі (1992 жылдан 1995 маусымына дейін). Республикада 40 астам салық түрлері қызмет етті:
1. жалпымемлекеттік;
2. жалпыға міндетті жергілікті салықтар;
3. жергілікті салықтар.
Салық реформасының екінші кезеңі (1995 жылдың шілдесінен 1999 жылға дейін). Бұл кезеңде салық саны 11 дейін қысқарды. Олар жалпымемлекеттік және жергілікті салықтар деп бөлінді.
Салық реформасының үшінші кезеңі (2000 жылдан бастап бүгінге дейін). Жаңа Салық кодексін қабылдау. Ол үш бөлімнен: жалпы, ерекше және салықтық әкімшіліктендіру бөлімдерден тұрады.
Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 226 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |