Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Макроэкономикалық тепе - теңдік және қаржы

Читайте также:
  1. B)& ластағыш заттардың бөлшектерін ірілендіру және олардың агрегаттарға бірігу үрдісі
  2. B012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығы, 3 курс, 3кредит қ/б
  3. D) ертикальды және горизонтальды
  4. E) Билік ету, пайдалану және иелену
  5. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  6. E.Макроэкономикалық саясат белсенді
  7. Fast Ethernet және 100VG –AniLAN технологиялары
  8. G)Республика Конституциясын және заңдарын орындау үшін
  9. I. Тақырыбы: Бас пен тұлға сүйектерінің қосылыстары: құрылысы және қызметі.
  10. I. Тақырыбы: Жамбас белдеуі мен аяқтың еркін бөлігі сүйектерінің қосылыстары, құрылысы және қызметі.

Сан алуан жанама, сондай-ақ тура нысандар мен әдістерді қолдана отырып, әлеуметтік-экономикалық үдерістерге ықпал жасау олардың қаржылық түрлерін кіріктіреді. Экономиканы реттеу үдерістерінде жалпы макроэкономикалық тепе-теңдікке жету тек теориялық сызбаларда мүмкін болатынын есте ұстаған жөн.

Макроэкономикалық тепе-теңдіктің жай-күйі мынадай аса маңызды экономикалық параметрлерді теңестіруді ұйғарады:

· сұраным мен ұсыным;

· тауар және ақша массасы;

· жинақақша мен инвестициялар;

· инфляция және жұмыссыздық;

· еңбек өнімділігі және оған ақы төлеу;

· қаржылық ресурстар және қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктері;

· мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары;

· бюджет тапшылығының мөлшері және оны жабудың көздері;

· төлем балансының активі мен пассиві.

Батыстың қаржы теориясыңда мемлекет қаржыларының ұлттық өнім мөлшерімен өлшенетін өндіріске әсерін түсіндіру үшін «мультипликатор» ұғымы пайдаланылады.

Мультипликатордың тұжырымдамасы жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) ауқымын екі әдіспен анықтаудан барып шығады:

· 1) шығыстар бойынша, яғни бүкіл өндірілген өнім массасын сатып алуға қажетті экономикалық субъектілердің барлық шығыстарының жиынтығы бойынша;

· 2) табыстар (немесе бөлу) бойынша, яғни субъектілердің өнім өндіруден алатын табыстары тұрғысынан.

Тепе-теңді ұлттық өнім және шығыстардағы ұлттық өнімдердің осы өзгерісін тудырған бастапқы өзгерістен ауытқудың ара қатынасын шығыстардың мультипликаторы, ал салықтық төлемдердегі өзгерістің тепе-теңді ішкі ұлттық өнімнің одан туындайтын өзгерісіне қатынасын салықтардың мультипликаторы деп атайды. Бірінші критерий бойынша ЖҰӨ-нің құны мына формула бойынша қалыптасады:

ЖІӨ = C + Ig + G + Xn

Бүдан ары, жалпы ұлттық өнімнен ЖҰӨ мен капиталды тұтынуға аударылатын аударымдар, яғни амортизациялық аударымдар арасындағы айырма ретіндегі таза ұлттық өнім (ТҰӨ) бөліп шығарылады.

Инфляцияны немесе дефляцияны (бағалардың төмендеуі) ескере отырып түзетілген ЖҰӨ көрсеткіші нақты ЖҰӨ болып саналады.

Кейнстік моделдерде шығыстардағы өзгерістер тудырған өндіріс көлемінің, табыстың және жұмыстылықтың арасындағы тепе-теңдік түсіндіріледі. «Өндірістің тепе-теңдік деңгейі - өнімнің осы көлемін сатып алу үшін жеткілікті жалпы шығыстарды қамтамасыз ететін өндіріс көлемі немесе ТҰӨ-нің тепе-теңдік деңгейінде сатылған тауарлардың (ТҰӨ-нің) жалпы саны сатып алынған тауарлардың (C + Ig + G + Xn) жалпы санына дәле-дәл тең»".

Шығыстарда бір шамаға, мысалы, аb-ға өсу ұлттық өнімнің үлкен шамаға - QQ1-ғa өсуін тудыратын жағдай моделдің келтірілген сызбасындағы есте кқаларлық болып табылады. Бұл әсерді өндіріс көлеміне жұмсалатын қарастырылған шығыстардың мультипликаторлық (көбейтушілік) әрекеті, ал құбылыстың өзін мультифликатор тудырады. Құбылыстың мәні мынада: экономика үшін кірістер мен шығыстардың қайталанып отыратын, үздіксіз ағыны, ондағы бір экономикалық агенттің шығындаған ақшалай қаражаттарын басқасы табыс түрінде алатын және әрбір келесі циклда өшшеде, бірақ ТҰӨ-нің көп дүркіндік өзгеріміне жеткізетін тізбекті реакция туады. Табыстың бір бөлігін экономикалық агент тұтынбауы, керісінше жинақтауы үдерістің басылуын тудырады. Табыстағы түсім ақшалардың үлесі аз болса, әрбір циклдегі кезекті жұмсалым көп болады және тиісінше мультифликатор жоғары болады. Бірінші жағдайда бұл үнемдеулердегі өзгерістің табыстағы өзгерісіне қатынасы, екіншісінде - тұтынуға өзгерістің табыстағы өзгерісіне қатынасы. Осыны негіздей отырып, мультипликатордың сандық мәнін мына ара қатынаспен білдіруге болады:

·

Мультипликатордың құбылысы ұлттық өндірістің нақтылы көлемі мен жұмыстылықты өзгерту, инфляцияның үстінен бақылау және экономикалық өсуді тездету мақсатымен мемлекеттің шығыстарымен және салықтармен саналы айла-шарғы жасау болып табылатын дискредициялық фискалдық саясатты жүргізген кезде пайдаланылады.

Салықтар тұтыну мен үнемдеудің көлемін төмендетуге және тепе-теңді ТҰӨ- нің мөлшерін азайтуға жеткізетін табыстардың қысқаруын тудырады. Өнімнің көлеміне (салықпен бірге) үнемдеу мен импорт осыған ұқсас әрекет етеді. Бұлардың барлығы табыстар-шығыстар жүйесінен кему болып табылады, яғни ішкі тұтынысты шалмайды. Салықтардың төмендеуі жиынтық шығыстар графигінің ауысуын және ТҰӨ- нің еселенген артуын тудырады. Шығыстар мультипликаторының іс-әрекетіне қарама-қарсы салық мулътипликаторының іс-әрекеті осылайша көрінеді.

Салық мультипликаторының маңызды сипаттамасы оның табыстардың тұтыну компонентіне тәуелділігі болып табылады, яғни ол мынаған тең:

·

мұндағы: Т - салықтық төлемдердің мөлшері.

Сөйтіп, сан жағынан салық мультипликаторы мемлекет шығыстарының мультипликаторынан аз болады (МРС пен MPS-тің осы мөлшерлері кезінде). Демек, мемлекет шығыстарындағы өзгерістер осындай мөлшердегі салықтардың өзгерістеріне қарағанда жиынтық шығыстарға күштірек ықпал жасайды. Табыстар мен шығыстар мультипликаторларының бұл қасиеттері мемлекеттің шығыстары мен салық салудың тең артуы сол мөлшерге тепе-теңді ТҰӨ-нің өсуіне жеткізетін баланстандырылған бюджет мультипликаторының феноменін тудырады. Мысалы, егер Т мен G әр қайсысы 10 миллиард теңгеге көбейтетін болса, онда ТҰӨ-нің 10 миллиард теңгеге көбейетінін күтуге болады. Сонымен, баланстандырылған бюджеттің мультипликаторы мынадай өлшемге тең болады:

·

мұндағы:

· - баланстандырылған бюджеттің мультипликаторы;

· - шығыстардың мультипликаторы;

· — салықтардың мультипликаторы.




Дата добавления: 2015-01-05; просмотров: 65 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав