Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Еңбек қауіпсіздігі және қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары.

Читайте также:
  1. A) негізгі ќўралды тегін алуды
  2. B) Жеке еңбек келісім арқылы жұмыс істейтін қызметкермен еңбек қатынастары бойынша байланыстағы заңды тұлға
  3. B)& ластағыш заттардың бөлшектерін ірілендіру және олардың агрегаттарға бірігу үрдісі
  4. B012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығы, 3 курс, 3кредит қ/б
  5. D) ертикальды және горизонтальды
  6. E) Билік ету, пайдалану және иелену
  7. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  8. Fast Ethernet және 100VG –AniLAN технологиялары
  9. G)Республика Конституциясын және заңдарын орындау үшін
  10. I. Тақырыбы: Бас пен тұлға сүйектерінің қосылыстары: құрылысы және қызметі.

Еңбекті қорғау» пәнінен емтихан сұрақтары мен жауаптары.

Еңбекті қорғау ұғымы.

Еңбек қорғау туралы заңнама

Заманауи өндірістің дамуы жаңа өнімділігі жоғары станоктарды, машиналарды,əртүрлі бағыттардағы жабдықтарды жасау, оларды пайдалануды қарқындату, процестер технологиясын жетілдіру жəне профилактикалық техникалық қызмет көрсету жəне жөндеуді жақсарту жолымен келеді. Мұның барлығы жұмыс берушілердің алдында еңбек қауіпсіздігі жəне қорғау сұрақтарын зерттеу бойынша əр тараптағы жəне күрделі міндеттерді қояды.

Зиянды өндірістік фактор – дегеніміз бұл қызметкердің ауруына немесе еңбекке қабілеттігінің төмендеуіне жəне ұрпақ денсаулығына теріс əсер етуге əкеп соғуы мүмкін əсері. Қауіпті өндірістік факторды уақытша немесе орнықты еңбекке жарамсыздықпен (еңбек мүгедектігі немесе кəсіби ауру) немесе өліммен байланыстырады.

Қауіпті еңбек жағдайлары дегеніміз — белгілі өндірістік жəне жойылмайтын табиғи факторлар еңбек қорғау ережелерін сақтамаған жағдайда жарақатқа, кəсіби ауруға, қызметкерлердің денсаулығының күрт нашарлауына немесе улануына əкеп соғатын, нəтижесінде орнықты еңбекке жарамсыздық, кəсіби ауру немесе өлім болатын еңбек жағдайлары.

Еңбек қауіпсіздігі дегеніміз – бұл қызметекерлерге еңбек қызметі барысында зиянды жəне қауіпті əсер етуді болдырмайтын іс-шаралардың кешенімен қамтамасыз етілген, қызметкердің қорғалу жағдайы. Қауіпсіздік техникасы дегеніміз – жұмыс істеушілерге қауіпті жəне зиянды өндірістің əсерін болдырмайтын ұйымдық іс-шаралардың жəне техникалық құралдардың жүйесі. Жұмыстардың əрбір түрі үшін қауіпсіздік техникасының белгілі түрі бар, адам оларды оқып-үйреген соң жұмысқа жіберіледі. Жұмыс орындарында қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету жұмыс берушінің міндеті болып табылады. Осылайша, «еңбек қорғау» түсінігі қауіпсіздік нормаларынан бөлінбейді, ол өндіріс жағдайларын, өндірістік жəне еңбек процестерінің, қызметкерлердің еңбек қызметі барысында өмірі мен денсаулықтарын сақтауға бағытталған ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, биологиялық, емдеу-профилактикалық, оңалту жəне басқа да нормаларды, ережелерді, процедуралар мен сынбағамдарды сипаттайтын сапалық жəне сандық көрсеткіштерді білдіреді.

Қызметкерлердің еңбек қорғау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету жəне гигиенасына құқығын қамтамасыз ететін негіз қалаушы құжаттар болып табылған жəне табылады:

1. ҚР Конституциясы; 2. Бастапқы қабылданған «Еңбек қорғау туралы» (1993 ж.) заңнан бастап қазіргі кездегі «Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне» дейін (2007 ж.) ҚР Заңдары. 3. Заңды күші ұлттық заңдардан асатын, Қазақстан Республикасы қабылдаған халықаралық Конвенциялар мен Келісімдердің бірқатары.

Еңбек қауіпсіздігі және қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары.

Еңбек қауіпсіздігі жəне қорғау саласындағы мемлекеттік саясат келесілерге бағытталған:

1) Еңбек қауіпсіздігі жəне қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін əзірлеу жəне қабылдау;

2) Еңбек қауіпсіздігі жəне қорғау саласында мемлекеттік, салалық (секторалдық) жəне аймақтық бағдарламаларды əзірлеу;

3) еңбек жағдайларын, қауіпіздігі мен қорғауды əзірлеу жəне жақсарту, қауіпсіз техника мен технологияларды əзірлеу жəне енгізу, еңбек қорғау құралдарын өндіру, қызметкерлерді жеке жəне ұжымдық қорғау жөніндегі қызметтерді ынталандыру жүйесін жасау жəне жүзеге асыру;

4) Еңбек қауіпсіздігі жəне қорғау саласында қадағалау жүргізу;

5) Еңбек қауіпсіздігі жəне қорғау мəселелері бойынша ғылыми зертеулер жүргізу;

6) өндірістегі қайғылы оқиғаларды жəне кəсіби ауруларды есепке алудың біртұтас тəртібін белгілеу;

7) Еңбек қауіпсіздігі жəне қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарының орындалуын мемлекеттік қадағалау жəне бақылау;

8) ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі жəне қорғау саласында қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қоғамдық бақылау жасау тəртібін нормативтік бекіту;

9) өндірістегі қайғылы оқиғалардан жəне кəсіби аурулардан жапа шеккен қызметкерлердің, жəне олардың жанұя мүшелерінің заңды мүдделерін қорғау;

10) өндіріс пен еңбек ұйымдастырудың заманауи техникалық деңгейімен жойылмайтын ауыр жұмыс жəне зиянды (ерекше зиянды), қауіпті еңбек жағдайлары үшін еңбек төлемі шарттарын белгілеу;

11) еңбек жағдайларын жəне қорғауды жақсарту бойынша алдыңғы қатарлы отандық жəне шет елдік жұмыс тəжірибесін тарату;

12) Еңбек қауіпсіздігі жəне қорғау бойынша мамандарды дайындау жəне біліктілікті жоғарылату;

13) өндірістік жарақаттану, кəсіби аурулар туралы мемлекеттік статистикалық есептілікті ұйымдастыру;

14) Еңбек қауіпсіздігі жəне қорғау саласында біртұтас ақпараттық жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

15) Еңбек қауіпсіздігі жəне қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық.




Дата добавления: 2015-01-29; просмотров: 104 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав