Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Йымдастыру өкімдік әдістердің орны мен рөлі

Читайте также:
  1. Аржы және банк статистикасын ұйымдастыру.
  2. Басқарудағы коммуникацияның рөлі және оның түрлері
  3. Биосфераны қорғаудағы биотехнологияның рөлі
  4. Гендерлік тіл: әйел тілі мен ерлер тілі. Олардың қоғамдағы рөлі
  5. Еңбек төлемін ұйымдастыру
  6. Йымдастыруда өзара тиімді әрекеттестікті табыстау
  7. Йымдастырудағы жауапкершілік
  8. Йымдастырудағы жауапкершілік
  9. Кәсіпорындағы басқаруды ұйымдастыру

Еңбек кооперациясы мен бөлу жағдайында оларды басқару міндеті мен бөлу бойынша байланыстарды бейнелейтін адамдар (органдар) арасында объективті ұйымдастырушылық қатынастар болады. Шынайы өмірде бұл қатынастар тиімділігі жоғары, бірлескен еңбекті ұйымдастыру алғышарттары бар кездегі адамдардың ұйымдастырылған еңбекке деген қызығушылығынан байқалады. Бұл жерде адамның ұжым алдында қоғамдық еңбектің бөлігі болып табылатын ұйымдастырудың белгілі бір түрін орындайтын міндеті пайда болады. Ұйымдастыру қатынастарына адамдар (органдар) қызметінің парыз, өкілеттілік, жауапкершілік, тәртіп талаптары және т.б. аспектілері жатады.

¥йымдастыру қатынастары жүйесін қалыптастыру басқарудың екі міндетті қызмет аясын ұйымдастыру мен үйлестіруді жузеге асыру процесінде қамтамасыз етіледі.

Ұйымдастыру қатынастары, олардың іс-әрекетінің әдістері мен тетіктері екі жақты талдауды талап етеді: біріншіден, олар статикте (тұрақты қалып), яғни заттық аспектіде; екіншіден, қозғалыста (динамикада), яғни жұмыс істеу процесінде қарастырылуы тиіс.

Ұйымдастыру-басқарушылық әдістерін қолдану тетігі ұйым-дастыру қатынастарының мәні болып табылады. Нақ осында басқару объектісіне (ұжымдарға, жеке қызметкерлерге) мақсатты түрде әсер ету процесінде адамдар (органдар) арасындағы нақты ұйымдастыру қатынастарымен, ұйым заңдарымен айқындалатын басқарудың ұйымдастыру тетігі ашық көрсетіледі.

Осылайша ұйымдастыру немесе ұйымдастыру-басқарушылық, басқару әдістерін адамдар арасындағы обьективті (ұйымдастыру) қатынастарына негізделген әсер ету амалдары ретінде белгілеу қажет.

Бұл әдістердің ерекшеліктері мынада: біріншіден, олар жуйеге тұтастай немесе оның элементтеріне жеке-жеке тікелей нұсқаушылық (директивті) әсер етуді бейнелейді; екіншіден, олар басшыға бір мағыналы шешім қабылдауға мүмкіндік береді; үшіншіден, олар ережелердің, нұсқаулықтардың, бұйрықтардың, өкімдердің және т.б. міндетгілігіне негізделеді.

Ұйымның әр түрлі типтері бар:

а) басқарудың функциясын ісін бұлжымайтындай етіп бөлуге, қызметті ретгеуге, мұқият бақылауға негізделген ұйым. Мұндай тип басқаруда туындаған барлық мәселелерді алдын - ала көруді, қатаң есепгі талал етеді;

ә) ұйымның икемді типі. Оның артықшылықтары мен кемшіліктері бар:

Артыкшылықтары:

- икемділігі;

- болжанбаған жаңа мәселелердің пайда болуына орай
шұғыл жауап беруі;

- оларды шешуде бейформальды әдістердің мол мүм-
кіндіктері.

Теріс жақтары:

- комиссия жұмысын бақылаудың қиыңдықтары;

- оларды қалыптастыру мен реформалау жөнінде қо-
сымша күш-жігер жұмсау;

- басқаруды үйымдастырудың кейбір күрделілігі;

б) көбінесе әлеуметтік факторлардың болуына негізделген ұйым. Мұнда басты назар кадрларды іріктеу мен даярлауға, олардың жұмысына мақсаттар мен міндетгер қоюға, құрылымдық рәсімделуге аударылады. Міндетті істі бөлу бейформальды емес белгілер бойьшша жүзеге асады.

Өндірісті басқару тәжірибесінде ұйымдастырудың аталған типтері нақ сол күйінде қолданылмайды. Әрбір нақты ұйымда басшы мен басқару аппаратына байланысты аталған үш типтің біреуі басымырақ болады.

Басқарудың ұйымдастыру-басқарушылық әдістері (БҰБӘ) жоғары тұрған биліктің еркін орындау үшін басқару аппараты қызметкерлерінің, әрбірінің жеке жауапкершілігін камтамасыз етуге тиісті.




Дата добавления: 2014-12-19; просмотров: 127 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав