Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Фирма ішіндегі жоспарлау

Читайте также:
  1. Ағымдық және жедел жоспарлау
  2. В условиях совершенной конкуренции фирма обычно:D. Не оказывает влияния на формирование рыночной цены
  3. Г. - Международная лесоперерабатывающая фирма ЭНСО провозгласила
  4. ДӘРІС. ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖОСПАРЛАУ
  5. Еңбек ақы қорын жоспарлау
  6. Еңбек ақыны жоспарлау және реттеу жолдары
  7. Жоспарлаудың мазмұны
  8. Зарубежный опыт управления. Принципы российского бизнеса. Особенности организации управления в американских и западноевропейских фирмах.
  9. Индикативті жоспарлау
  10. Кәсіпорындағы жоспарлау жұмыстарын ұйымдастыру

Жоспарлау басқарудың функциясы ретінде микродеңгейде ең улкен мәнге ие болады. Нарыктық экономика жағдайында микроэкономикалық деңгейде жоспарлауды нығайту, өндірістік және фирмалық жоспарлау туралы ұлттық бағдарлама мақсаттарын жүзеге асырудың негізгі тетігі ретінде сөз қозғалуы тиіс. Қай қоғамның да әлеуметтік-экономикалык даму мақсаттарына жетуі экономиканы басқарудың бастапқы буыны қалыпты жұмыс істейтін өндіріс саласында басталады.

Фирмаішілік жоспарлаудың мақсаттары: фирманың жұмыс істеуіндегі белгісіздік пен құбылмалылықтың теріс әсерін жою; назарды басты мінездемелерге баса аудару; үнемді жұмыс істеуге жету мен бақылауды жеңілдету.

Фирмаішілік жоспарлауға мыналар кіреді:

- фирманың сыртқы төңірегінің даму келешегін айқындау;

- мақсаттар мен ықтимал стратегияларды тұжырымдау;

- бірінші кезектегі міндеттер мен оларға жету жолындағы
іс-әрекетті айқындау.

Жоспарлау процесі басқарудың барлық деңгейін қамтиды және кәсіпорынның, корпорацияның мақсаттарына жетуді қам-тамасыз ету үшін алғышарттар жасайды.

Фирмаішілік жоспарлау басқарудың құрамдас бөлігі ретінде ұйымдастыру формаларының әр түрлілігімен айрықшаланады. Фирманың жоғары әкімшілігінде тікелей президентке немесе вице-президентке бағынатын және корпорация құралына кіретін кәсіпорындарға "арналған келешектегі және ағымдағы жоспар-ларды жасаумен айналысатын орталық жоспарлау кызметі бар. Кәсіпорындарда мұндай жағдайда жоспарлау қызметі болмайды. Мұндай үлгі, әдетте, бірдей және жуық өндірістік бейінедегі кәсіпорындардың біразында қолданылады.

Ірі корпорацияларда (концерндерде) келешектік жоспарлау бойынша жұмыс өндірістік топтарда шоғырланған. Бөлімшелердің жоспарлы қызметінің жұмысын үйлестіру мен бақылауды жоспарлаудың орталық қызметі іске асырады. Әрбір кәсіпорында өндірістік жоспарлау мен бақылау бөлімі болады, ол іскер шұғыл жоспарлардың жағдайымен шүғылданып, оларды орындауға бақылау жүргізеді.

Фирма деңгейінде жоспарлау - қажетті мәліметтер алғаннан кейінгі болашақтағы қызметтің жобасынын жасау:

- айналадағы жағдай жайында. Бір мәліметтер фирманың
кызметіне ықпал ететін (заңнама, тұрмыс деңгейі, баға
деңгейі, халық саны және т.б.) саяси, мәдени, әлеуметтік
факторлардың жиынтығын қамтиды;

- бәсеке туралы. Бұл орайда экономикалық және іскер
жағдай, сондай-ақ дайындаушы мен тұтынушы арасын-
дағы қатынастар назарға алынады;

- Ішкі ұйымдастыру туралы. Бұған басқару құрылымы,
стратегия, мақсат, кадрлар, қаржылық жағдай, өндірістің
даму деңгейі және т.б. жайлы мәліметтер кіреді.

Фирманың іс-әрекетін жоспарлау процсіне мына кезеңер кіреді:

- мүмкіндіктерді (ресурстарды, өндірісті, қуаттылықты)
анықтау;

- нақты жоспарлардың мақсатын - түпкі нәтижені белгілеу;

- жоспардың негізгі параметрлерін белгілеу (шектеулер -
ішкі және сыртқы);

- іс-әрекеттін баламалы (неғұрлым жақсырақ) бағыттарын
анықтау;

- іс-әрекеттің баламалы бағыттарын бағалау;

- баламалы бағыттардың бірін талдау;

- жоспардың орындалуын ұйымдастыру.




Дата добавления: 2014-12-19; просмотров: 460 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.011 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав