Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Йымдастырудағы жауапкершілік

Читайте также:
  1. Еңбек құқы бойынша жауапкершіліктің түсінігі мен түрлері
  2. Йымдастырудағы жауапкершілік
  3. Орман пайдалану құқығының түсінігі. Орман заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік.

1. Ұйымдастыру фнкциясының мазмұны «Экономикстің» түсіндірілуіне сәйкес (Кэмбелл Р. Мак-коннелл, Стэнли Л. Брю) өндірісті ұйымдастыру - «нарықтық экономикада өндіріс қалай ұйымдастырылуы тиіс?» деген сұрақты шешеді. Осы іргелі міндет үш сұрақтан тұрады:

- Жекелеген салалар арасыңдағы ресурстар қалай бөлінуге тиісті?

- Әрбір сападағы өндірісті нақ қай фирмалар жүзеге асыруы керек?

- Әрбір фирма ресурстардың қандай тәсілін, қандай технологияны қолдануы тиіс?

Ресурспен жабдықтаушылар нарыктық жүйе талаптарын сақтауға және тұтынушылық сұранысты басшылыққа алып, өз таңдауын жасауға мәжбүр. Олар тұтынушылардың тілектерін қанағаттандырмайтын тауарлар өндірісіне өзінің ресурстарын бағыттауға «ерікті» емес. Тұтынушылар өнім нарығында ұсынатын сұраныс түріндегі өздерінің қалауларын айқын көрсетеді, ал өндірушілер мен жабдықтаушылар өздерінің мүдделерін қамтамасыз ету үшін осы нарыктық жүйе осы өнім өндірісінің пайдалы болуы үшін тұтынушылар жеткілікті дәрежеде жоғары сұраныс танытқан өнім салаларына ресурстарды бағыттайды.

Екінші және үшінші сауалдар өзара тығыз байланысты. Экономикалық ең тиімді өндіріс технологиясын қолдануға қабілетті және соны қалайтын фирмалар ғана өндірісті жүзеге асырады. Ең тиімді технология немен нақтыланады? Экономикалык тиімділік мыналарға байланысты;

- қолда бар технологиядан, яғни қадағалайтын өнімді шыға-
руды қамтамасыз ететін өндіріс факторларына немесе
баламалы ресурс тәсілдерінен;

- қажетті ресурстар алуға болатын бағалардан.
Ұйымдастыру түсінігі туралы жоғарыда айтылғандарды

түйіндей келіп, өндіріске қатысты ол толыққанды нақты мағынаға ие және нарықтық жүйе тапаптары тұрғысынан менеджменттің қажетті атрибуты болып табылады.

Менеджменттің осы функциясын АҚШ пен Англияда байланыс мәселелерінің жиынтығын және кәсіпорындағы бар кұрылымдардың жұмыс істеуін анықтау үшін тәжірибеде қолданады.

Жұмысты ұйымдастыру үш кезеңге бөлінеді:

Бірінші кезең - жұмысты бөлу. Менеджер өзінің барлық жұмысын шағын бөліктерге бөледі. Олардың әрқайсысының міндеті бар және бір адам жүзеге асыра алады. Осылай жасай отырып, біз әрбір адамның жіктелуін ескеруіміз керек,

Екінші кезең - міндеттерді қисынды блокторға топтастыру. Көптеген компанияларда бірге жұмыс істейтін екі және одан да көп адамнан құралатын топтар болады.

Егер адамдар жеке бөлімдер мен секторларға жиналса, жұмыс неғұрлым тиімді болады. Ұйымдастырудың бұл белігі топтар бойьнша мамандану деп аталады.

Үшінші кезең - жұмысты үйлестіру, яғни әр түрлі бөлімдердің жұмысы үйлестірілуі тиіс. Үйлестіру дау-жанжалдарды болдырмауға, оларды реттеуге, фирма құрылымын нығайтуға мүмкіндік береді. Үйлестірілген механизм басшылық пен бақылауды жүзеге асыруға жол ашады.




Дата добавления: 2014-12-19; просмотров: 196 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав