Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Лейшманиоз

Читайте также:
  1. Висцеральный средиземноморско-азиатский лейшманиоз.

Патшалық:Zoa

П/тарм:Protozoa

Тип: Sarcomastigophora

Кл: Mastigophora

Кл/тарм: Zoomastigina

Отр:Kinetoplastida

Өкілі:Tryponosoma

Өкілі:Leischmania tropica

Отр:Polymastigina

Өкілі:Lamblia

Өкілі:Trichomonas

Лейшмания ұзындығы 2-4мкм. Адам мен жануардар жасушасының протоплазмасында тіршілік ететін тоғышарлардың бірі – лейшмания. Клетканы бұзып,тері мен ішкі мүшелерді қатты зақымдайды.Phlebotomus шағуы арқылы таралады. Лейшманиялар екі түрге бөлінеді:

дерматотропты (теріні закымдайды)

висцеротропты (ішкі мүшелерді зақымдайды)

Некроз,миндалин ауыздың сілемейлі қабығын,қызыл иекті зақымдайды.тропикалық елдерде көп кездеседі. Тіршілік циклі иесін алмастыру арқылы жүреді. Лейшманиялық нысаны адамдарда және омыртқалыларда паразиттік тіршілік етеді; лептомонадалык формасы — таратушы насекомдарда кездеседі. Лейшмания тудыратын ауруды лейшманиоздар деп атайды, ол табиғи-ошактық, трансмиссивтік аурулар қатарына жатады.

Висцералді лейшманиозды қоздырушыLeishтапіа donovai. Адам үшін тағы бір қауіпті ауру – қала–азар (ішкі орғандар лейшманиозы) ауруы. Ауруды қоздырушы лейшмания данованы деген бір жасушалы жәндік. Қала-азар ауруы лейшманиоз таралған жерлерде кездеседі. Ол бауыр, көкбауыр, сүйек кемігі жасушаларында, лимфа түйінінде, тері астындағы ретикулоэндөтелиалды жасушаларда кездеседі.Аурудың салдарынан адам қалтырап, қаны азаяды, жалпы әлсізденіп көкбауыр мен бауыр ауруларына тап болады. Дер кезінде емделмесе, қала-азар ауруынан адамның өліп кетуі мүмкін. Лейшманның және қала-азар ауруының таратушылары негізінен москиттер болады. Москиттер жылы климатты елдердің барлығында кең тараған ұсақ насекомдар.Ол Жерорта теңізі елдерінде, Азия, тропикалык Африка, Оңтүстік Америка, Орта Азия, Кавказ елдерінде таралған.

Даму циклі. Бұлардың резервуарлары болып адамдар және әр түрлі сүтқоректілер (иттер, шиебөрілер) саналынады. Таратушылары болып ұсақ қансорғыш насекомдар-бәкене шыбындар есептелінеді. Лейшмания бәкене шыбынның ас қорыту жолына еніп сілекей безіне өтеді. Ондай шіркей адамды шақса лейшманияның лептомонадалы түрін жұқтырады. Олар қан, лимфа аркылы таралып ішкі мүшелер жасушаларына өтіп лейшманиялык формаға айналады да көбейеді. Бір жасушадағы паразиттер саны 100—200-ге дейін жетуі мүмкін. Олар жасушаны бұзып жаңа жасушаларға өтіп өтырады.

Эпизоотологиясы(таралуы). Еуропа, Азия, Америка, Африка, Орта Азия және Кавказ елдерінде кең таралған.

Патогенез және клиникалық белгілері. Көкбауыр және бауыр мөлшері үлкейіп өседі. Ағзада қаназдылық, әлсіздену, жүдеу процестері байқалады. Ауру зілді түрде не созылмалы түрде жүруі мүмкін. Дұрыс емделмесе өлімге алып келеді. Бұл аурумен негізінен балалар жиі ауырады.

Лабораториялық анықтау — төс сүйегі кемігінің жағындысын микроскоп арқылы зерттеп, паразиттің лейшманиялық түрін табу болып саналады.

Алдын алу шарлары: жеке шаралар — бәкене шыбындардан сақтану; қоғамдық шаралар — табиғи резервуарларды жою; санитариялық-ағартушылық жұмыстар жүргізу, ауруларды емдеу т.с.с.Алдын алу үшін шіркейлердің шағуынан сақтану; қоғамдық шаралар шіркейлерді, табиғи резервуарларды жою.

 

37. Трипоносомоз, этиологиясы (систематикасы сыртқы, ішкі құрылысы, дамуы) эпизотологиясы(таралуы), эпидемиологиясы(жұғу жолдары), аурудың клиникалық белгілері және патогенез, күресу шараларына анықтама беріңіз.систематикасы-бөлім-қарапайымдылар-protozoa,тип-саркомастигафоралар-sarcomastigaphora,класс-талшықтылар-flagellata,туысы- трипоносома-Tryponosoma,өкілі- Tryponosoma cruzi. Трипаносомоз – Tryponosoma туысына жататын талшықты қарапайымдар арқылы жабайы және үй жануарларына таралатын транмиссивтік аурулар немесе бұны ұйқы ауруы деп те атайды. Онымен адамдардан басқа тақтұяқты жануарлар, негізінен түйелер, жылқылар, есектер, сиырлар мен иттер ауырады. Гамбей трипаносомозы.Родез трипаносомозы.Американ трипаносомозы.Чагас трипаносомозы.Африка трипаносомозы (ұйқы ауруы). Трипаносомоз vіvax, Трипаносомоз congolense, Трипаносомоз bruceі, Трипаносомоз sіmіde.Трипаносомоз equіperdum. Трипаносомоз Rhodnius prolixus.Трипаносомоз Glossina palpalis, moristans. Гамбей трипанасомозының тасымалдаушысы – цеце шыбыны Glossina palpalis, өзен мен көл жағалауында мекендейді. Қоздырғыштың табиғи резервуары – ауру адам. Ауру көбіне Орталық Африка оның ішінде жие кездесетіні Гамбей су шұңғымаларының жағалауында тіркелген. Родезлік трипаносомозының тасымалдаушысы цеце шыбыны Glossina morsitans, Шығыс Африка саванналарында мекендейді. Табиғи резервуары- түрлі антилопалар. Көбіне өрісте немесе аңшылық кезінде жұғуы мүмкін. Таралудың негізгі жолы адамнан адамға және адамнан үй жануарларына. Ауру Замбии жане Танзанияда таралған. Cиптомдары - Чагас ауруының тасымалдаушысың Triatoma туысының бүргелері және оған жақын формалы Reduviidae тұқымдас. Ауру жараның беті тасымалдаушылардың нәжісімен жұққанда және ауру қанда құю кезінде дамиды. Ауру Оңтүстік Америка жие Бразилияда, Аргентинада, Чилида тіркелген. Алғашында, аурудың бірінші стадиясында лихорадка, бас ауруы, қышыма және буын аурулары пайда болады. Бұл белгілер шаққан соң 1 апта 3 апта аралығына дейін көрінеді. Бірнеше апта немесе ай өткен соң екінші стадия басталады – мұнда естің ауысуы, қимылдың бұрыс координациясы, сөйлемеу және ұйқының бұзылуы болады. Диагностикасы лимфа сұйықтығы не қан жағындысындағы паразиттің барына негізделген. Бірінші не екінші стадия да екенін ажырату кезінде көбіне люмбальді пункция қолданылады. Трипаносомоз диагностикасы. Трипаносомозға диагноз қою үшін келесі тәсілдер қолданылады.Лимфа түйіндерінің пукциясы (микроскопиялау кезінде трипаносомалар кездеседі). Жұлын сұйықтығын зерттеу. Серологиялық диагностика (қандағы паразитке қарсы антиденені табу). Трипаносомоз диагностикасы. Трипаносомозға диагноз қою үшін келесі тәсілдер қолданылады. Лимфа түйіндерінің пукциясы (микроскопиялау кезінде трипаносомалар кездеседі). Жұлын сұйықтығын зерттеу. Серологиялық диагностика (қандағы паразитке қарсы антиденені табу). Таралуы. Аурудың ошағы тропикалық Африканың кейбір аудандарында жие кездеседі. 36 мемлекетте 70 миллион жуық адам қауіпте тұр. 2010 жылы бұл ауру 9000 өлімді алып келді, 1990 жылы 34000 өлім болған. Қазіргі кезде 30000 жуық адамға жұққан, оның 7000 2012 жылы тіркелген. Осы оқиғалардың 80% Конго Демократиялық Республикасында тіркелген.

 

Токсоплазмоз, этиологиясы (систематикасы, сыртқы, ішкі құрылысы, дамуы), эпизоотологиясы (таралуы), эпидемиологиясы (жұғу жолдары), аурудың клиникалық белгілері және патогенез, диагнозы, күресу шараларына анықтама беріңіз.

Токсоплазмоз – іштен туа бітетін немесе жүре пайда болатын, айқын клиникасында ОНЖ, РЭС-ағзалардың, жүрек, көз зақымымен көбінесе латентты және созылмалы формада өтетін зоонозды жұқпалы ауру. Токсоплазмозды – Т.Гонди деген қарапайымдар тудыратын, көбінесе мысықтар арқылы тарайды. Негізінде бұл өте кең тараған ауру, бірақта әлі күнге дейін дәрігердің көбі оған көңіл аудырмай, тіпті клиникасы мен диагностикасында біліңкіремей қоймайды. Бұл инфенкцияның маңызы келесі жағдайларға байланысты: ауру қоздырғышы табиғатта кең тарауда. Көптеген адамдар осы қарапайымдармен инфекцияланған (дүние жүзінде 6-9% аралығында, бұрынғы СССР-де 25-30%). Осы инфекция анадан іштегі баласына жұғуы мүмкіндігі өте жоғары. Нәтижесінде баланың ОНЖ зақымданып, кемтар, жарымжан балалар туады.Осы инфекция көбінесе кезде нығаяды (әсресе СПИД көрінісі). Бактериологиялық қарулар тобына кіреді. Т.Гонди (1908ж)-клеткалардың ішінде паразиттік тіршілік ететін қарапайым. Организмде 4 формада болуына тиісті: вегетативті (жедел токсоплазмозды тудыратын), негізгі циста түрінде (созылмалы жасырын формаларда), жалған циста түрінде (көбінесе жедел формаларда), оциста-тек қана негізгі иесінде-мысықта болатын түрі.Мысық бір аптаның ішінде 1,5 млрд ооцисталарды шығарады екен. Эпидемиологиясы табиғат ошақтарды құратын зоонозды инфекия. Көптеген мал-хайуандарда, құстарда токсоплазмозды жұқтыру қабілеті зор болады. Сырқат көбінесе жылы жақтарда кең тараған. Айтып кеткендей, дүние жүзінде орташа алғанда 20-25% халық токсоплазмоздармен инфекцияланған. Ауру көзі ретінде мал мен құстар шығуы мүмкін. Иттер өздері ауруға мүмкіншіліктері бар, бірақта ауруды таратпайды. Адамнан сырқат жұқпайды, тек анадан-перзентке іштен бітуі мүмкін. Берілу жолдары: 1)алиментарлы-95-96% 2)тері және шырышты қабаттардың жарақаттарынан-3-4% 3)трансплацентарлы Бірақта ойда сақтайтын жағдай: анадан балаға жұғу мүмкіншілігі тек анасы екі қабат кезінде жедел токсоплазмозбен ауырған кезде болады. Ал мұндай аса көп емес. Екі қабат әйелдер арасында жедел токсоплазмоз 0,5-1% ғана болады. Ал созылалы формалармен ауырған немесе тасымалдаушылар осы инфекцияны тұқымға таратпайды.Қауіпті УІ айлар, ІХ ай латентті. Жұғу жолдары: 1. Ауыз арқылы шикі немесе жартылай шикі етті, фаршты пайдаланғанда; 2. Жанасу жолы-тұтас мал етін мүшелеу кезінде қасапшылардың және зарарлы заттармен жұмыс атқаратын лабораториялық қызметкелердің жарақаттанған қол терісі мен шырышты қабаттары арқылы; 3. Жүктіліктің бастапқы мерзімінде анасының құрсақ ішіндегі нәрестеге планцента арқылы жұғады.Токсоплазмоз ауруының ошақтары – Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстары мен Алматы қаласының маңайында бар. Токсоплазманың жұғуы барлық елдерде кең таралған. Жасы ұлғайған сайын токсоплазмаларды жұқтыру ықтималдығы ұлғая түседі. Токсоплазманың жұғушылығы Қазақстанда, сонын ішінде Алматы қаласында бірдей емес, көрсеткіш 4-70% дейін байқалады. Себебі диагностикалық жұмыстың деңгейімен және гигиеналық ережелерді дұрыс орындау жағдайлары түсіндірілмейді.Туа біткен токсоплазмоз жедел немесе созылмалы формада өтеді. Этиотропты препараттар тек қана вегетативті формаларға әсер етеді, сондықтан көбінесе жедел формада қолданады: тиндури (хлоридин) делагил, иаминохинел, бисептол,тетрациклин,испирамицин.Ұзақ курспен емдейді.Созылмалы формасы – этиотропты ем тек қана айқын клиникалық белгілерінде.

39. Гемоспоридиоз, этиологиясы, (систематикасы, сыртқы, ішкі құрылысы, дамуы), эпизотологиясы таралуы, эпидемиологиясы (жұғу жолдары), аурудың клиникалық белгілері және патогенез, диагнозы, күресу шараларына анықтама беріңіз:




Дата добавления: 2015-02-22; просмотров: 117 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.015 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав