|
Мемлекеттік бюджет – жалпы мемлекеттік тұрғыдан бөлініп пайдалану, жұмсау үшін құрылатын қаржы қоры болып табылады. Бюджеттің қаржысы экономиканы дамытуға, халықтың материалдық әл-ауқатын және мәдени денгейін көтеруге және басқа да мақсаттарға пайдаланылады.
Салық салынатын табыстардың ж/е одан шегерілетін шегерімдер мен жеңілдіктердің құрамы, сондай-ақ салынатын табыс салығының мөлшері салық кодексінде қаралады. Салық төлеуші шаруашылық субъектісі тиісті салық органына «Заңды тұлғаның салық салынатын табысының декларациясын» ұсынуға тиіс.
Табыс салығын есептеу барысында бухгалтерлік есепте:
Дт 7710 Кт 3110
Акциздік салық дегеніміз – сатылатын тауардың бағасына қосылатын, сатып алушы төлейтін салық болып табылады. Акциз салығы ҚР-ның аумағында шығарылған ж/е импортталатын тауарларға салынады, спирттің бәрлық түрлері, темекі өнімдері, құрамында темекісі бар басқа да өнімдер ж/е күнделікті қолданылмайтын басқа да бұйымдар жатады. Шаруашылық субъектілерінде акциз салығы есептегенде:
Дт 2110/алынуға тиісті борыштар/ Кт 3140 (бюджетпен басқадай есеп айырысу).
Субъектінің жалдық міндеттемелері есебі 4150 – «Жалдық міндеттеме» - деп аталатын шотта жүргізіледі, бұл шот негізінен пассивті есеп айырысу шоты болып табылады.
Алынған несие, жалдық келісім-шарт ж/е шығарылған бағалы қағаздар бойынша төленуге тиісті проценттердің есебі 684 «Есептелінген пайыздар бойынша міндеттеме», -деп аталатын шотта жүргізіледі. Төленуге тиісті проценттердің барлық түрлерін есептеген кезде:
Дт 7310 Кт 4160,
ал есеп айырысу шотынан есептелінген пайыздар сомасы төленген кезде:
Дт 4160 Кт 1040.
Өндіріспен, саудамен немесе кәсіпкерліктің басқадай түрімен айналысатын шаруашылық субъектілері қайсыларының болса да шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде материалдық құндылықтары, ақшалай қаражаттары, қаржылық салымдары мен алдағы уақыттарда табыс табу мақсатында жұмсаған шығындары ж/е алашақтары болуы қажет. Осы жоғарыда аталғандардың ақшалай жиынтығы капитал болып саналады.
Субъектінің барлық мүлкі айналыстан тыс және айналыстағы активтері болып бөлінеді. Мүліктерді қызмет атқару мерзіміне қарай «негізгі активтер» ж/е «айналымдағы активтер» - деп екіге бөледі.
Негізгі (айналымнан тыс) активтер негізгі құралдардан, материалдық емес активтерден, қаржылық инвестициялардан, аяқталмаған құрылыстан құрылады. Жалпы айналымнан тыс активтер шаруашылық субъектінің материалдық-техникалық базасын жасауға ж/е дамытуға арналады.
Субъектінің мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының құнынан құралады. Шаруашылық субъектісі меншікті капиталының көздері болып мынанар саналады:
- Жарғылық капитал;
- Резервтік капитал;
- Бөлінбеген пайда.
Шаруашылық субъектілірі өздерінің меншікті қаржыларынан басқа қарыз қаражаттарында пайдаланады. Ал олардың қатарына қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, қарыздар, аванстар және кредиторлық борыштар жатқызылады.
Қосымша төленген капитал – қогамның өзінің акцияларын олардың атаулы құнынан артық құнмен сатқаннан пайда болған құн айырмашылығынан туындайды.
Қосымша төленбеген капитал – негізгі құралдар мен инвестицияларды қайта бағалағанда олардың құнының өскен сомасынан және тағы да басқалардан туындайды.
Резервтік капитал – келешекте болуы мүмкін зияндармен шығындардың орнын толтыруға арналып шаруашылық субъектісі өзінің таза пайдасынан бөлінген меншіктік капиталының бір бөлігі. Резервтік капиталдың мөлшері мен құрылу тәртібі ҚР-ның заңдары мен шаруашылық субъектісінің жарғысында қаралады.
Бөлінбеген пайда – шаруашылық субъектінің жалпы табысының барлық шығындарын өтегеннен, бюджетке төленген салық сомаларынан және табыстан басқадай бағыттарға пайдаланғаннан қалған бөлігі.
Жарғылық капиталдың жалпы мөлшері, шығарылған түрлері бойынша акциялардың сандары, бір акциянынң номиналдық құны, акционерлік қоғамның, серіктестіктердің, өндірістік кооперативтердің жалпы жиналысында бекітіледі. Шаруашылық субъектілерінде жарғылық капиталдың есебі:
5000– «Жай акциялар»,
50 – «Артықшылығы бар акциялар»,
50 – «Қосқан үлестер мен жарналар», - деп аталатын 5010 – «Жарғылық қор», бас шоттың бөлімше шоттарында есептелінеді.
Егер үлес қосушылар мен акционерлер қоғамға өз үлесінақшалай түрде салатын болса:
Дт 1050-1040-1010-1020 Кт 5020;
Ал егер үлес қосушылар мен акционерлер қоғамға өз үлесін «материалдық емес актив», «негізгі құрал», «материалдық құндылықтар» тағы да басқа түрде салатын болса:
Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 162 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |