Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дт 2412-2416 Кт 2421-2428

Дәріс 24. 1.Ұзақ мерзімді активтердің амортизациясы және тозуы: анықтамасы және мәні.

2. Негізгі құралдардың табиғи және сапалық тозуы. Есептелінген амортизациялық аударым соммаларының бухгалтерлік есеп шоттарында

Негізгі құралдар өндіріс процесінде бірте-бірте тоза бастайды, өзінің бастапқы сапасын жоғалтады. Негізгі құралдардың тозуын «табиғи» және «сапалық» тозу – деп екіге бөледі. Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың материалдық жағынан тозуы болып табылады, оларды ұзақ уақыт пайдалану және оларға басқа факторлардың әсер етуі нәтижесінен болып табылады.

Негізгі құралдардың сапалық тозуы олардың толық табиғи тозуы жетпей-ақ құнсызданып, өндірістің даму процесінен кейін қалуы, активтердің ғылым мен техника дамуының бүгінгі күнгі талаптарына сәйкес келмейтін жағдайда болуынан пайда болады.

Негізгі құралдардың ішінде мына аталған активтерге тозу дәрежесі анықталмайды және оларға амортизация есептелмейді:

- Жерге;

- Кітапхана қорларына;

- Фильм қорларына;

- өнімді малдарға;

- музейлік заттарға;

- өнер ескерткіштеріне.

Негізгі құралдардың тозуы шоттар жоспарының 13-бөлімшесінің мына шоттарында жүргізіледі:

2421шот - үйлер мен ғимараттардың тозуы;

2423шот - машиналардың тозуы;

2425шот - көлік құралдарының тозуы;

2429шот - басқадай негізгі құралдардың тозуы.

Негізгі құралдар, өндіріс процесінде пайдаланылған кезде өздерінің бірте-бірте тозуына байланысты құндарын өздерінің көмегімен өндіріліп шығарылатын, жаңадан жасалған өнімдерге біртіндеп ауыстырып отырады, бұл - Амортизация (өтеу) процессі.

Амортизациялық аударым мөлшері – дегеніміз негізгі құралдардың бастапқы құнынан белгіленген пайызбен есептеп шығарған бір жылдық аморизациялық аударым сомасы.

Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдарға ай бойы есептелген амортизациялық аударым сомасы ай сайын өндірілген өнімнің, істелген жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құнына қосылады. Шаруашылық субъектілеріне жаңадан келіп түскен, кіріске алынған негізгі құралдарға амортизациялық аударым келесі айдың бірінен бастап есептеледі.

Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдардың пайдалануы барысында табиғи және сапалық жағынан тозатындығы алдынғы бөлімдерде сөз етілді. Шаруашылық субъектілері өздерінің негізгі құралдарын пайдалану мерзімі уақытынан бұрын тозып, істен шығып қалмау үшін белгілі бір уақыт аралығында жөндеп отырады. Негізгі құралдарға жүргізілетін жөндеу жұмыстары өзінің ұйымдастырылуына қарай жай және күрделі болып екіге бөлінеді.

Жай жөндеу дегеніміз негізгі құралдардың тозып, істен шыққан бөлшегін жұмыс процесі барысында ауыстыру немесе оны қалпына келтіру болып табылады. Бұл жөндеуге майлау, сырлау тағы басқа жөндеу жұмыстары жатады.

Күрделі жөндеу дегеніміз алдын ала жоспарланып, сапалық және табиғи тозған негізгі құралдардың бөлшектерін толығымен ауыстырып, оларды түгелдей жаңартуды айтады.

Жөндеу жүргізілген негізгі құралдарды шаруашылық субъектісінде тағайындалған комиссия мүшелерінің шешімімен қабылдап алады, қабылдау-тапсыру актісі толтырылады.

Негізгі құралдарды жөндеу үшін жұмсалатын, шығарылатын шығындарды өнімнің өзіндік құнына бірқалыпты кірістіруді, яғни қосып қамтамасыз ету үшін шаруашылық субъектілері жөндеу қорын жасауларына болады. Егер негізгі құралдарды жөндеу шаруашылық әдіспен, субъектінің өз күшімен жүргізілсе:

 

Дт 3540 «Басқадай есептелінген шығындар»

Кт 8030 «Қосалқы өндірістер», ал егер негізгі құралдарды жөндеу мердігерлік әдіспен жүргізілсе:

Дт 4170 «Басқадай есептелінген шығындар»

Кт4110 «Өнім беруші ж/е мердігерлермен есеп айырысу».

Жыл соңында 686 «Басқадай есептелген шығындар» - деп аталатын шотта ешқандай қалдық қалмауы керек.

Негізгі құралдарды есептен шығару №6 – бухгалтерлік есеп стандартында қаралған тәртіп бойынша жүргізіледі. Негізгі құралдардың іске жарамсыздығын, оларды бастапқы қалпына келтіру үшін жүргізілетін күрделі жөндеудің тиімсіздігін анықтау үшін, сондай-ақ есептен шығару үшін, субъекті басшысының бұйрығымен комиссия құралады. Негізгі құралдарды есептен шығару үшін «шығару актісі» толтырылады, оны субъектінің басшысы бекітеді.

Шаруашылық субъектілерінде есептен шығарылған негізгі құралдардың құны:

Дт 7410 «Н.қ.сату бойынша шығындар»

Кт 2411-2417 «Негізгі құралдар».

 

Есептен шығарылған негізгі құралдардан алынған іске жарайтын материалдар мен басқа бөлшектердің құны:

Дт 1310-1317 «Материалдар»

Кт 6210 «Н.қ.сатудан алынатын табыс».

Бухгалтерлік есеп пен есеп беру тәртібі бойынша барлық шаруашылық субъектілері бухгалтерлік есеп мәліметтерінің дұрыстығын қамтамасыз ету үшін, мәліметтерінің дұрыстығын нақты бар-жоғын анықтау және күтіп сақталуын бақылау мақсатында жылына бір рет өзінің мүлектеріне түгендеу жұмысын жүргізіп тұрулары қажет.

Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдарды тугендеу жылдық қорытынды есеп беретін уақыт алдында қараша айының бірінен кейін жүргізілуі керек. Үйлерді, ғимараттарды тағы басқа жылжымайтын мүліктерді екі жылда бір рет, ал кітапхана қорларын бес жылда бір рет түгендеуге болады.

Негізгі құралдарға түгендеу жүргізу барысында комиссия міндетті түрде объектілерді мұқият қарап шығып түгендеу тізіміне олардың толық атын, қандай жұмысқа арналғандығын, инвентарлық номері мен негізгі техникалық көрсеткішін, бастапқы құны мен тозу құнын, тағы басқа мәліметтерді енгізіп жазулары керек.

Түгендеу нәтижесі бухгалтерлік есепте былайша жазылады: артық шыққан, бұрын есепке алынбаған негізгі құралдарды кіріске алынуына:

Дт2410 «Негізгі құралдар»

Кт 6260 «Негізгі емес қызметтен алынған басқадай табыстар».

Тугендеу барысында жоғалған, бүлінген негізгі құралдарға жауапты (кінәлі) адам табылып және ол адам төлейтін болған жағдайда төленетін сома:

Дт 3130 «Жұмыскерлер мен басқа

Кт 2410 «Негізгі құралдар» да тұлғалардың борышы»




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 162 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.01 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав