Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып 7. Қорлар және сатылған өнімнің өзіндік құны

Читайте также:
  1. E) кішентай көлем, өз бетімен жүктелу мүмкіндігі және компьютердің мүлтіксіз жұмыс істеуіне кедергі келтіруі
  2. e) мәліметтер қорын енгізуге және көруге
  3. IIІ – дәріс. ХХ ғасырдағы және қазіргі заманғы әлеуметтанулық теориялар
  4. Lt;question> Қатынасқа түскен із қалдырушы және із қабылдап алушы беткейлердің шекарасынан тыс пайда болатын іздер қандай іздер
  5. Lt;question> Жаратылыс тану және техникалық ғылымдар криминалистиканың қай бөлімімен тығыз байланысты
  6. Lt;question> «Саусақ» және «қараймын» деген мағына беретін трасологияның тарауы криминалистикада қалай аталады
  7. Lt;variant>Жауаптылықты және жаза тартуды жеңілдетіп іс-әрекеттер жаңа заңның таратылуы
  8. Lt;variant>кеден құнынан пайызбен
  9. VI – дәріс. Қоғамның әлеуметтік құрылымы және әлеуметтік стратификация.
  10. VІІI– дәріс. Девиация және әлеуметтік бақылау
Дәріс 19 1. Қорлар жайлы түсінік. Қорлардың жіктелуі.

2. Қорларды бағалау әдістері (орташа есептік құны бойынша, ФИФО,ЛИФО және арнайы ұқсастық әдістері). Әдістерді салыстыру.

Өндіріс процесінде өнім өндіру ж/е қызмет көрсету үшін керекті жағдайлардың бірі – еңбек заттары. Олардың өндіріс құралдарынан өзгешелігі, өндіріс құралы өндіріс процесіне ұзақ уақыт қатысып, өздерінің табиғи пішінін сақтай отырып, өндірілетін өнімге өз құнының бір бөлігін қосып отыратын болса, еңбек заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы қунынтүгелдей өндірілетін өнімге ауыстырылады.

Материалды есептеудің негізгі міндеттері:

1. Дайындалған, келіп түскен, босатылғанматериалдарды уақытында есептеп, кіріске алу немесе есептен шығару.

2. Материалдардың қоймада және тасымалдау кезінде түгел сақталуын бақылау.

3. Материалдарды өндірісте пайдаланған кезде олардың техникалық жолмен анықталған нормасын ж/е тұтыну мөлшерінің қорын анықтау.

4. Материалдардың өндірісте ұтымды пайдаланылуын бақылау.

Материалдарды келешекте пайдалану үшін сақтау, басқа жаққа ж/е өндіріске босату мен пайдалану мөлшерін белгілеп оларды жетілдіріп отыру керек.

Шикізаттар деп – бұрын азды-көпті еңбек сіңірілген заттарды атайды. Бұлардың құрамына кен өндіруші өнеркәсіп ж/е ауыл шаруашылығы өнімдері (мұнай, руда, мақта, ағаш) жатады.

Негізгі материалдардың қатарына өңдеуші өнерқәсіп өнімдері (ұн, мата, кірпіш) жатады. Шикі заттар мен негізгі материалдар өндірілген өнімнің негізін құрайды.

Материалдардың номенклатурасы – деп өндірісте пайдаланатын материалдардың белгілі бір түрлеріне олардың аты, сапасы, мөлшерлері т.б.көрсеткіштері бойынша жасалынған жіктеу тізімін айтады.

7-БЕС-на сәйкес қорларды бағалаудың 4 әдісінің бірі қолданылуы мүмкін:

1. Орташа өлшенген құндық әдіс – ТМҚ-ды орташалаңған баға бойынша бағалау әдісі. Бұл әдісте жұмсалынған және қалған ТҚқуны – айдың басында бар барлық ТМҚ-ң және осы ай барысында келіп түскен ТМҚ-ң орташа құны.

2. FIFO әдісі – алдыңғы сатып алулардың бағалары бойынша тауарлы-материалдық құндылықтарды бағалау әдісі. Бұл әдіс жұмсалынған (сатылған) ТМҚ-ң уақыт жағынан 1-ші сатып алынған запастардың бағасы бойынша есептен шығарылуын, ал қалған ТМҚ-ды уақыт бойынша соңғы алынғандардың құнымен бағалануымен қарастырады.

3. LIFO әдісі – ТМҚ-ды соңғы сатып алулар бойынша бағалау әдісі. Бұл әдіс жұмсалынған запастардың уақыт бойынша соңғы сатып алулар бағаларымен есептен шығарылуын, ал қалған ТМҚ-тар алдыңғы алынған запастардың құнымен есептен шығарылуын білдіреді.

4. Арнайы идентификациялау (бірыңғайлау) әдісі – бұл ТМҚ-ды нақты баға бойынша бағалау әдісі. Бұл әдіс әдетте өзара алмаспайтын, арнаый жобалар немесе тапсырыстар үшін арналған ТМҚ-тар бірліктерінің құнын есептеуде қолданады.

Материалдық қорларды бағалаудың орташа өлшенген құндық әдісін қолдану тәртібі келесі мысалда келтірілген.

Компания «ЛТД» өнімнің бір түрін өндіреді. Өнімді өндіруге Крэг атты материал қолданылады. Төмендегі кесте 2004 жылы орын алған материалдың сатып алынуын және өндіріске босатылуын көрсетеді.

 




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 163 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав