Читайте также:
|
|
1. Ұзақ мерзімді активтер туралы түсінік, олардың жіктелінуі.
2. Материалдық емес активтер, негізгі құралдар және биологиялық активтердің анықтамасы және сипаттамасы.
3. Түгендеу (Инвентарлық) объект.
Дәріс 23. 1.Ұзақ мерзімді активтердің бағалануы. |
2.Бастапқы құны, ағымдағы құны, баланстық құны, өткізу құны және жойылу құны. Бастапқы құнның құрамы.
«Негізгі құралдарға»- қозғалмайтын мүлік, жер учаскілері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың программалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалар жатады.
Көлемінің үлкенді-кішілігіне, бағасының азды-көптілігіне (арзанды-қымбаттылығына) қарамастан пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс құралдары негізгі құралдардың қатарына жатпайды. Сонымен қатар негізгі құралдардың құрамына шаруашылық субъектісінің қоймаларындағы дайын бұйымдар (тауарлар) болып саналатын жабдықтар мен машиналар, күрделі құрылыс құрамында есептелетін монтаждауды (құрастыруды, орнатуды) қажет ететін жабдықтар, салынып біткен, бірақ әлі пайдалануға берілмей тұрған машиналар мен жабдықтар, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмысының өзіндік құнының құрамында қаралған қосымша шығындардың есебіне салынған титулдық тізімге кірмеген ғимараттар мен тетіктер, сонымен бірге жас малдар, яғни мал төлдері де жатпайды.
Барлық «Негізгі құралдар» өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдар-деп өндірісте қызмет ететін, яғни өнім өндіру орындарында пайдаланылатын негізгі құралдарды айтады. Олар: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары,көлік тасымалдау құралдары, әртүрлі станоктар, двигательдер, құрал-саймандар,өлшеуіш аспаптар және тағы басқалары. Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар жатады. Оларға тұрмыстық үй-жай (коммуналдық) шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланылатыннегізгі құралдар және тағы да басқа негізгі құралдар жатады. Халық шаруашылық салаларына және істейтін қызметтерінің түрлеріне қарай барлық негізгі құралдар: өнер-кәсіп, ауыл шаруашылығы, орман (тоғай) шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалды-техникалық жабдықтау және сату-өткізі ұйымдар, қоғамдық тамақтандыру, басқару органдары, әлеуметтік сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек көрсету және тағы да басқа салалар бойынша топталады.
Негізгі құралдар кімнің меншігінде, яғни шаруашылық субъектінің өзіне тиісті және уақытша жалға алынған болып екіге бөлінеді.
Пайдалану барысына қарай негізгі құралдар жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін және сақтауда тұрған - деп үш топқа бөлінеді.
Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыруда оларды бағалайды: бастапқы құнымен, баланстық құнымен, ағымдағы құнымен, қалдық құнымен және келісілген құнымен.
Негізгі құралдардың бастапқы құны – ол активті салуға, сатып алуға, әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен шығындардан, сатып алу барысында төленген салық сомаларынан, құрылысты салу кезінде алынған несие үшін төленетін пайыз сомалары мен бұл құралды белгілі мақсатқа пайдалану үшін тікелей байланысты кез келген шығындардың жиынтығынан тұрады.
Негізгі құралдардың бастапқы құны - бұл шаруашылық субъектінің белгілі бір мерзімдегі, бүгінгі күнгі негізгі құралы нарықтың бағасы болып табылады.
Негізгі құралдардың баланстық құны - бұл шаруашылық субъектісінің бухгалтерік есебінде немесе қаржылық есеп беру ақпараттарында көрсетілген негізгі құралдардың бастапқы құнынан жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы қалған құны болып табылады.
Негізгі құралдардың қалдық құны - негізгі құралдардың пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін оны бұзу, жоюдан алынған іске жарамды бөлшектерінің (материал, металл сынығы, отын тағы да басқа) құнынан объектіні есептен шығаруға байланысты жұмсалатын келешектегі шығындарды алып тастау арқылы анықталады.
Негізгі құралдардың келісілген құны - бұл келген екі жақтың, яғни негізгі құралдарды сатушы мен алушының арасындағы келісілген құн болып табылады.
Негізгі құралдардың есебі әрбір бөлек объекті бойынша бүтін сомада жүргізіледі. Пайдалануға берген кезде оның бастапқы құнымен қалпына келтіру құны тең болады.
Негізгі құралдардың бастапқы бағасын белгілі бір күндегі қолданылып жүрген бағаға сәйкес келтіру мақсатында объектілерді қайта бағалау жүргізіледі. Қайта бағалау жүргізілген кезде шаруашылық субъектілеріндегі негізгі құралдарға есептелген тозу сомасы олардың құндарының өзгеруіне қарай түзетіледі.
Шаруашылық субъектілері өздерінің негізгі құралдарының есебін 2400-шотының бөлімшелерінде, мына активті шоттарда жүргізеді:
2411-шот - жер;
2412-шот - үйлер мен ғимараттар;
2413-шот - машиналар мен жабдықтар;
2414-шот - көліктер құралдары;
2416-шот - басқалары;
2930-шот - аяқталмаған құрылыс.
Бұлар активті шот болғандықтан дебетінде негізгі құралдарының кірісі көбеюі, ал кредитінде негізгі құралдардың азаюы, есептен шығарылуы көрсетіледі.
Инвентарлық объекті - өзінің құрамына кіретін, өзіне тиісті керекті жабдықтармен, саймандармен сатылып алынған, салынып біткен жеке құрылыстарды, бір зат болып саналып белгілі бір қызметті атқаратын бұйымдарды айтады.
Шаруашылық субъектілерінің бухгалетриясында негізгі құралдардың әрбір объектісіне типтік ведомостволық инвентарлық карточка ашылады. Олар талдамалы есептің түрі болып саналады. Оларда негізгі құралдардың аталуы, инвентарлық номері, баланста көрсетілген бастапқы құны, амортизациялық аударым мөлшері, зауыттық номері, кіріске алынуына және істен шығарылуына байланысты толтырылған уақыты тағы да басқа керекті мәліметтері жазылады. Инвентарлық карточкалармен қатар ірі машиналар мен жабдықтар, көліктерге арнайы техникалық төлқұжат толтырады. Бұнда техникалық сипаттамасы және істейтін жұмыстарының түрлері тағы да басқа деректері жазылады.
Халық шаруашылығының қай саласында болмасын өндірістік өнімнің өсуі ондағы негізгі құралдардың көбейюі мен олардың сапасына байланысты болады. Сондықтан шаруашылық субъектілері әрдайым негізгі құралдарын жаңартып, оларды сапасы және өнімділігі жоғарыларымен ауыстырып отырғаны дұрыс.
Негізгі құралдарды кіріске алғанда шаруашылық субъектісінің бухгалтериясында мынадай бухгалтерлік жазулар жазылады:
Дт 2411-2930 оған сәйкес Кт2930,1050,1040,1010,1020,5020,4220-4130,4110,8048,6220,6160.
Егер шаруашылық субъектісіне келіп түскен негізгі құралдар бұрын пайдаланып және оларға тозу сомасы есептелген болса, онда олардың тозу сомасына мынадай бухгалтерлік жазулар жазылады:
Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 185 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |