Читайте также:
|
|
1.Пайда және зиян туралы есеп баптарының маңызы. Ұйым шығыстырының бухгалтерлік есеп шоттарында бейнеленуі.
2.Транзиттік шот туралы түсінік. Қаржылық және шаруашылық процестері.
Өнім өндіруге (қызмет көрсетуге, жұмыс атқаруға) кеткен шығыстардан кезеңдік шығыстар болады және олар өндіріс көлеміне тәуелді емес, тұрақты сипатқа ие, сатылған өнімнің, көрсетілген қызметтің нақты бір түрімен байланысты емес. Шаруашылық субъект, ешнәрсе өндірмесе де, белгілі бір кезеңдердің барысында кезең шығыстарын жасайды.
Кезең шығыстарына мыналар жатады:
-жалпы және әкімшілік шығыстар;
-пайыз бойынша шығыстар;
-тауарлы-материалдық құндылықтарды сату бойынша шығыстар;
Бұл шығыстар тауарлы-материалдық құндылықтардың қалдығына жатқызылмайды, олар өзі орын алған есептік кезеңнің жиынтық табысын азайтып есептен шығарылады. Олар сатылмаған өнімнің және аяқталмаған өндірістің қалдықтарына жатқызылмайды.
Кәсіпорында тұтастай алғанда қызмет көрсетуге және оның бүкіл өндірістік шаруашылық қызметпен басқаруға байланысты. Жалпы шығатын шығындар жалпы және әкімшілік болып табылады. Бұл шығындар 7210 шотта есептеледі. Бұл активті шот. Жалпы және әкімшілік шығындарының талдау есебі жобамен шығыстар баптарының мынадай номенклатурасы бойынша жүргізіледі.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың сатқан өнімдерінің, тауарларының басқа да активтерінің өзіндік құны, сондай-ақ оларды сату, есептен шығару барысында пайда болатын шығындар сомасынынң жиынтығы субъектінің шығыстары болып табылады. Шаруашылық субъектісіндегі шығыстардың есебі 70- «Сатылған тауарлардың өзіндік құны», 71- «Тауарларды өткізу бойынша шығындар», 72- «Жалпы және әкімшілік шығындар», 73- «Проценттер бойынша шығындар», 74- «Негізгі емес қызмет бойынша шығындар», 77- «Табыс салығы бойынша шығындар», 75- «Төтенше жағдайлар мен тоқтатылған операциялардан түскен табыс (зиян) және 87- «Басқа ұйымдардағы үлестік қатысудан түскен табыс – деп аталатын бас шоттардың бөлімше шоттарында есептелді.
Дайын өнімдерді сатқан кезде:
Дт 7010 Кт 1330 – «Тауарлар»
Жұмыстардың орындалуы, қызметтердің көрсетілуі барысында:
Дт 7010 КТ 8010 «Негізгі өндіріс», 8030
«Көмекші өндіріс».
Шаруашылық субъектісінің банк немесе банктен тыс мекемелерден алған несиелері үшін есептелетін пайызға:
Дт 7320 Кт 3380.
Субъекті өзінің меншігіндегі материалдық емес активтерін негізгі құралдарын, құнды қағаздарын сатуға немесе басқадай жолмен есептен шығаруға байланысты шығындарды, сондай-ақ ақша құнының өзгеруіне байланысты бағамдық айырмашылықтан болған сомаларға:
Дт 7410, 7430, 7470 Кт 2730,2413, 2421, 1610,1010,3310.
Пайда және зиян туралы есепті құру мақсаты - ұйым табысты, әлде шығысты екендігі туралы ақпараттың алынуы. Есеп беру белгілі бір есеп беру кезендегі экономикалық субьекгің қызметінің нәтижесінің бағалауын табыстар мен шығыстар туралы мәліметтердің жете бөлінуінің көмегі арқылы қамтамасыз етеді.
Қазакстан Республикасында кірістер және шығыстар туралы есеп беру №30 «Қаржылық есеп беру» бухгалтерлік есеп стандартымен реттеледі, онда көрсеткіштердің мақсаты мен қызмет алысы жете көрсетілген. Сонымен қатар бұл есеп беруде заңды тұлғалар мен (банктер мен бюджеттік мекемелерден басқа) ұсынуға арналған баптардың есепке алынуы мен топтастыру тәртібі келтірілген.
Белгілі бір кезендегі қаржылық нәтижесінің (таза табыс пен зиянның) қалыптасуының ашылуы берілген нысаннан көрінеді. Осы есеп берудегі табыстар мен шығыстар қызмет түріне байланысты берілуі мүмкін. Бұл ақпарат шешім қабылдауда үлкен септігін тигізеді.
Берілген нысанның ерекшелігі өз ұйымның барлық табыстарының саласы өзінің қызметін жүргізуде шығарылған барлық шығындар саласымен салыстырылуында.
Табыстар және шығыcтар жөніндегі қорытынды есеп сату (есептеу) принципіне сай жасалынады. Ұйымның ақша қаражатының қозғалысы және осы ұйымның өтеушілік қабілетінін мәліметтері корытынды есептің бұл түрінде көрсетілмейді.
Табыстар мен шығысдар ақша қаражатының көбеюі немесе азаюына тікелей байланысты болмайды. Ақша қаражаттары сомасының көбеюі немесе азаюы активтік бухгалтерлік есеп шоттарының өзгеруіне тікелей байланысты болады. Табыстар немесе шығыстар соманың өзгерісі «Капитал» немесе бөлінбеген таза пайда есебіне арналған бухгалтерлік есеп шоттарын өзгеріске түсіреді.
Дайын өнімдерді, тауарлар, жұмыстар және көрсетілген қызметтерді сатудан түскен табыстарды есепке алу жөніндегі мәліметтер бухгалтерлік есеп тәжірбиесіне сату (есептеу) принципі бойынша танылып тіркеледі.
Негізгі қызметтен түсетін табыстар – есептеленген қосымша құн салығын, акциздерді және осыған ұқсас салықтар сомасын, міндетті төлемдерді, сондай-ақ қайтарылған дайын өнімдер, тауарлар, сату және баға жеңілдігін кеміту сомаларын шегергеннен кейінгі дайын өнімдерді (тауарлар, жұмыстар, қызметтер) сатып алушыларға сатқаннан түскен табыстар сомасынан құралады.
Негізгі қызметке жатпайтын қызметтен түсетін табыстар –айналым сыртындағы активтерді басқаларға сатудан, биржа айналысына түскен құнды қағаздарды қайта бағалаудан т.б. құралады.
Негізгі қызмет өрісіндегі қалдықталған қаржылық нәтиже (табыс, шеккен зиян) салық салынғанға дейін есеп жасау, негізгі кызметтен түскен табыс және негізгі қызметке жатпайтын табыс (зиян) деп анықталады.
Салық салынғанан кейін негізгі қызметтен түскен таза табыс та есеп жасау жолымен, негізгі қызметтен түскен табыс (шеккен зиян) пен табыс салығы сомасының айырымын шығару арқылы анықталады.
Төтенше жағдайлардан түскен табыс (шеккен зиян) табыс салығы сомасын шегергеннен кейінгі төтенше жағдайлар нәтижесін қорытындылау немесе қалдықтау арқылы анықталады.
Төтенше табыстар кездейсоқ жағдайлардың салдарынан (табиғат апаты, өрт, жол апаты, су тасқыны т.с.с.) түсуі мүмкін. Сонымен қатар, мұндай табыстарға сақтандыру сомасын алу мақсатында орнына келтіруге жатпайтын, ары қарай пайдалануға жарамайтын активтерді есептен шығарып жоюдың нәтижесінде алынған материалдар құны жатады.
Таза пайда (шеккен зиян) есепті жыл ішінде қалдықталған нәтиженің (таза пайда, шеккен зиян) негізінде құқылы ұйымның алған таза пайдасы болып табылады.
Енді қорытынды есептің осы түріндегі негізгі баптарына қысқаша түсінік берелік.
«Өнімдерді сатудан түскен табыс» бабында бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарының «Табыстар» тарауында көрсетілетен дайын өнімдерді (тауарлар, жұмыстар, қызметтер, т.с.с.) сатудан түскен түсім көрсетіледі. Табыс көлемі осы ұйым және сатып алушылар мен тапсырыс берушілер немесе осы ұйымның активтерін пайдаланушылар арасында жасалған келісім-шартта көрсетілген баға арқылы анықталады. Егер баға келісім-шартта көрсетілмесе және бағаны көрсетудің мүмкіндігі болмаса, онда осы жылға бағаны қолдану өткен кезеңдерде ұқсас өнімдер мен тауарлар т.б. сатуда қолданылған бағамен салыстыру арқылы қолданылынуы мүмкін.
Табыс көлемі, сонымен қатар, жасалынған келісім шартқа сай ұйымның койған бағаны кеміту, бағаны косу, сомаларын есептеу арқылы, сондай-ақ шетелдік валюта сомасына эквивалетті теңгемен есеп айырысудағы сомалық айырымның (көбеюі, не азаюын) қосымша немесе үстеме қосып есептеу арқылы да анықталады.
«Сатылған өнімдердің өзіндік құны» бабында сатылған өнімдерге жататын өнімдер өндіруге, жұмыстар орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты нақтылы жұмсалған шығысдар көрсетіледі. Өзіндік құнды қалыптастырудың тәртібі бухгалтерлік есеп жүргізудің тиісті ережелерін қолдану арқылы анықталады. Егер ұйым дайындалған өнімдер есебін алдын ала қабылдаған нормативтік өзіндік құндағы бағамен жүргізсе, онда нақтылы және нормативтік өзіндік құн айырымы табыстар және шығыстар жөніндегі қорытынды есепте жеке жолға жазылады.
«Жалпы табыс» бабы түскен нетто-түсім және өзіндік құн сомасының айырымын есептеп шығару көрсеткіші болып табылады.
«Әкімшілік шығыстар» бабында тікелей өндірістік процеске байланысты емес басқарушылық қызметтерге байланысты шаруашылық шығындарды есебі жүргізіледі.
Мұндай шығыстарға әкімшілік немесе басқарушылық қызметтер атқарушыларға еңбек ақы төлеу, оларға сыйақы, жәрдемақы беру және басқа да осындай шығыстар, әкімшіліктік мақсаттағы ғимаратты қалыпты жағдайда ұстау үшін төленген коммуналдық қызмет көрсету шығындары, күмәнді талаптар бойынша есептелінген резервтік сома, есепке алынған айып пұл, тұрақсыздықтар, әлеуметтік салық шығындары, міндеттемелерді орындау үшін жасалынған резервтердің шығындары, норматив деңгейінің сыртында есептен кем шыққан ТМҚ жөніндегі шығындар, негізгі құралдарды, т.б. ағымдағы жөндеуден өткізуге жасалған резервтік шығындар жатады. Ағымдағы бухгалтерлік есепте мұндай шығындар есебі «Әкімшілік шығыстар» тармағындағы шоттарда жүргізіледі.
«Сыйақылар төлеу шығыстары» бабында алынған займдар, эмитеттелген құнды кағаздар, вексельдер, сенімді басқаруға және қаржыланатын жалға алынған айналыс сыртындағы активтер бойынша сыйақы төлеу шығыстары қарастырылған.
«Салық салынғанға дейінгі табыс» бабында жоғарыда келтірілген табыстар мен шығыстар айырымын шығарудағы есепті көрсеткіш дайындалады.
«Табыс салығы» бабында салық Кодексі және салық есебінің мәліметіне сәйкес есептелінген табыс салығының сомасы көрсетіледі. Осы бапта көрсетілетін табыс салығы шығыстары шығындардың арнайы баптары және бұлардың құрамына қарай шектеулі түрде жазылады.
«Таза пайда» бабында салық салғанға дейінгі және таза пайдаға салынған салық көлемі айырымын шығарудағы есепті көрсеткіш анықталады.
«Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян)» ұйымдағы бөлінбеген пайда немесе жабылмаған зиян сомасының қолда бары мен қозғалысы жөніндегі ақпараттарды қорытандылаудың нәтижесінде есептеу әдісін қолдану арқылы анықталады.
Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 191 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |