Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс 21.

Читайте также:
  1. IIІ – дәріс. ХХ ғасырдағы және қазіргі заманғы әлеуметтанулық теориялар
  2. IV – дәріс. Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
  3. V – дәріс. Әлеуметтік институттар мен процестер
  4. VI – дәріс. Қоғамның әлеуметтік құрылымы және әлеуметтік стратификация.
  5. VІI – дәріс. Тұлға әлеуметтануы
  6. VІІI– дәріс. Девиация және әлеуметтік бақылау
  7. X – дәріс. Саяси әлеуметтану
  8. XII – дәріс. Мәдениет әлеуметтануы
  9. XIIІ – дәріс. Отбасы әлеуметтануы
  10. XIV – дәріс. Қолданбалы әлеуметтану

1. Қорлардың айналамдылығы. Қорларды есептеудің үзіліссіз және кезеңдік жүйелерін қолдану.

2. Төменгі құны бойынша және өзіндік құны мен нарықтық құны бойынша бағалануы.

 

1.Төменгі құны бойынша және өзіндік құны мен нарықтық құны бойынша бағалануы. Тауарлық-материалдық қорлардың құжаттық рәсімделуі.

Тауарлы –материалдық қорлардың түсуі мен шығуының есебі және құжатты ресімделуі:

- Кәсіпорынның материалдық-техникалық жабдықталуы сатып алушылар мен жабдықтаушылардың шаруашылық келісім-шарттарының негізінде, міндеттердің орындалуына өзара бақылауды жүргізі етырып жүзеге асырылады.

- Жабдықтаушы өнімді босату немесе тиеу кезінде сатып алушыға босатылған тауар, тауарлы-материалды құндылықтар немесе көрсетілген қызмет үшін төлеуге шот қояды.

- Сатып алушылармен келіп түскен шот бухгалтерияға қабылданады. Шоттың келіп түскен уақытында өнімнің ассотиментіне, сапасына, бағасына, мерзіміне қатысты келген мәліметтер сәйкестігі тексеріледі. Шот тексерісінен кейін шоттың акцептісі жөнінде және оның толық немесе төменгі сомада төлеуде алынғаны немесе төлеу жөнінде бас тартқаны туралы, себебін қоса көрсетіп, қол қойылады.

- Одан кейін жүкті жеткізу және алу үшін көлік ұйымынан растаушы құжат алынады да, экспедиторға беріледі. Жергілікті жабдықтаушылардан материалды алу үшін экспедиторға наряд және сенімхат беріледі. Төлем шоттары материалдарының түсуі мен қабылдануы кезінде жетекшілік үшін қойма меңгерушісіне (қоймашыға) тапсырылады.

- Егер де құжатта акцепттен толық немесе бөлшектеліп берілген бас тартушылық жөнінде қол таңба дасалса, онда бухгалтерия бұл акцепт есебінен бас тартушылық банкке.

- Теміржол станциясына көлік ұйымдарынан келіп түскен жүктерді экспедитор қабылдап алады. Қабылдау кезінде пломб бұзылуы, ыдыс зақымдануы және басқа да белгілер білінсе, экспедитор көлік ұйымына жүкті тексеруді талап етеді.

- Жетіспеушілік анықталған жағдайда, сонымен бірге, жүктің бұзылуы мен бүліну жағдайында көлік ұйымы экспедитордың талабы бойынша коммерциялық акт құрылады.

- Алынған жүктерді экспедитор мекеме қоймасына әкелді және жүктің аасортиментке сәйкестігін тексеретін қойма меңгерушісіне тапсырады. Егер де ешқандай ауыртқушылық болмаса, келіп түскен материалдарға кіріс материалдық ордер толтырады.

- Келіп түскен материалға зертханалық сынақ немесе техникалық сараптау қажет болған жағдайда, сонымен бірге материалдық шотта көрсетілген мәліметтер бойынша саны, сапасы, сорты, ассортиментінің сәйкестігі бойынша сенімсіздік туған жағдайда, материалды қабылдау комиссиямен жүзеге асырылады. Комиссия міндетті түрде жабдықтаушы ұсынушысының қатысуымен немесе қызығушылық танытпаған ұйым ұсынушысының жетекшісімен тағайындалады.

- Комиссия материалды қабылдап алуы жөнінде екі данада акт құрылады. Акт жабдықтаушыға шағым жасау үшін қызмет етеді.

- Акт, сонымен қатар, материалдарды қабылдау кезінде жеткізушінің құжатысыз кәсіпорынға келіп түскен кезінде құрылады.

- Автомобиль көлігімен жеткізушінің қоймасынан алынатын материалдарды алу кезінде кіріс ордері берілмейді. Оны жіберушіден алынатын тауарлы-транспорттық жөнелту құжаты алмастырады.

- Келген құжаттар материалдарының түскен күні ресімделуі қажет. Қоймаға алынған және техникалық қарау процесінде жатқан және де сол себептен сақталынады. Осы материалдарды, қабылдаған нәтижесі шықпайынша, шығындау рұқсат етілмейді.

Жүк құжаты құнды заттарды тапсырушы материалдарды жауапты тұлғамен 2 данада жазылады. Ол бір қойма немесе цех бойынша бағалы заттарды босату үшін және басқа қойма немесе цех бойынша оларды кіргізу үшін қызмет етеді.

Материалдар қоймадан цехтық қойма немесе тікелей өндіріске, шаруашылық қажеттілікке, қайта өңдеуге жіберілуі мүмкін. Сонымен қатар шығындарды және іске асырылуы қиын қорларды жүзеге асыру тәртібінде жақтарға материалдарды жіберу өндірілуі мүмкін.

Қоймалардан материалдарды босату барлық жағдайларда бақылау мен есепке үшін қажетті мағлұматы бар құжаттар негізінде ғана өндіріледі.

Өндіріске материалдарды жіберу астында оларды өнімді өндіру үшін тікелей тапсыру түсіндіріледі, ал материалдарды цехтық қоймаға жіберу материалдарды бір қоймадан екінші қоймаға ішінде ауыстыру ретінде ғана қарастырылады.

Өндіріске материалдар бекітілген шығындар нормасымен және қойылған шектеулер көлеміне сәйкес жіберіледі.

Өндірістік – жоспарлы бөлім ай басына дейін әрбір цех және өнім түрі бойынша өндірістік бағдарламаны орындау үшін материалға қажеттілікті есептейді.

Ай басына дейінгі цехпен шығындалмаған материалдар қалдығын шегеруге бұл қажеттілік келесі айға лимит ретінде қарастырылады.

Өндірістегі материалдарды босатуды бақылау лимиттен көп болмауы көбінесе лимитті заборлық карта көмегімен іске асырылады. Лимитті заборлы карталар бір айға бір немесе бірнеше материалдар атауына екі данада жазылады.

Жазылған лимитті – заборлы карталарды жабдықтау бөлімі реестрде тіркейді және айдың басына дейін бір дананы тұтынушы цехқа, екіншісін- қоймаға береді.

Берілген карталардың реестрі цехтармен және қоймалармен айдың соңында оларды тапсыруға бақылау жүргізу үшін бухгалтерияға жіберіледі.

Цехтар лимитті –заборлы карталары бойынша материалдарды оларда көрсетілген лимит көлемінде қажетті мөлшер бойынша алады.

Лимитті-заборлы карталарда бағдарламаны көбейту немесе азайту барысында алдында қойылған лимитті түзету әдісімен жөндеу жүргізіледі. Өндірісте қолданылмаған материалдарды қоймаға қайтару дандай да бір басқа қосымша құжаттарды құрусыз лимитті-заборлы картаға сәйкес жазулармен құрылады.

Лимитті-заборлы карталарды өндірісте жүйелі түрде қолданылатын материалдарды жіберуді құру үшін қолданады. Қажеттілігі көп тумайтын материалдарды жіберуді құру талаптар қолданылады.

Талаптар тұтынушы цехтармен екі данада жазылады: бір дана қойманың меңгерушісі қолхатпен материалдарды алушыда қалады, басқасы – қоймашыда, алушы қолхаты бар. Материалдарды алмастыру тәртібінде босатуды рәсімдеу үшін де талап қойылады. Одан басқа, материалдарды шығындардан тыс өндіріске үнемсіз жұмсаумен байланысты босату, өндірісте ақауға жол берілген жағдайда және т.б. рәсімдеу кезінде талап қойылады. Бұндай жағдайларда талапта артық жұмсалған шығынның себебі және айыпиы адамның аты көрсетіледі. Материалдарды басқа ұйымдарға немесе кәсіпорындағы өз шаруашылығына босату есбі үшін накладной қолданылады. Накладной жабдықтаушы ұйыммен жасалады және бақылау мақсатында бас бухгалтер қол қояды.

Бекітілген мерзімде қойманың меңгерушісі қоймадағы материалдардың қозғалысы туралы есептілік құрастырады және оны бухгалтерияға тапсырады, оның мазмұны кәсіпорынның өзінде жасалуы мүмкін.

Тексерілген есептілік бухгалтерияға өңдеуге жіберіледі. Бастапқы құжаттар негізінде бухгалтер шоттар корреспонденциясын құрастырады. Соңында қоймадағы, материалдар қозғалысы туралы есептілік тауарлы-материалды қорлардың аналитикалық есеп регистрін толтыру үшін ақпарат береді.

Кәсіпорындағы тауарлық-материалдық қорлардың қоймадағы және бухгалтериядағы есебі. Тауарлық-материалдық қорлардың келіп түсуі, қозғалысы және босатылынуы. Қаржылық есеп беруді ашып көрсету.

Шикізаттар мен материалдардың синтетикалық есебі үшін негізгі түгендеу активті 1310 «Шикізат және материалдар» шоты қолданылады, оның құрамында әртүрлі қорлар түрлері үшін шоттар ашуға болады, мысалы:

1311 «Шикізат пен негізгі материалдар»

1312 «Сатылып алынған жартылай фабрикаттар, конструкциялар және бөлшектер»

1313 «Отын»

1314 «Ыдыс және ыдыстық материалдар»

1315 «Қосалқы бөлшектер»

1316 «Құрылыс материалдары»

1317 «Өзге де материалда»

Оқу құралдарында барлық шикізаттар мен материалдардың түрлерінің есебі үшін 1310 шоты қолданылады.

Ұсынылған шоттардың құрамында талдау шоттары немесе субшоттар ашуға болады:

- Қорлар есебі есепті бағасы бойынша;

- Көлік-дайындау шығындарының есебі.

 

Кесте 10- Шоттар корреспонденциясы

 

Операция мазмұны (құрамы) Құжат Шоттар корреспонденциясы
Дебет Кредит
1. Қоймаға түскен шикізат пен материалдар үшін жабдықтаушының шоты қабылданды: Шот-фактура, көлікті жөнелту құжаты    
Сатып алу құны бойынша    
Қосылған құн салығына (ҚҚС)    
Жабдықтаушы есебіне кірген тасымалдау шығындары    
Тасымалдау шығындары сомасынан ҚҚС    
  2.   Наубайхана кәсіпорны қоймасына теміржол станциясынан шикізат пен материалдарды жеткізіп бергені үшін көлік ұйымының шоты акцептелді:      
Автокөлік кәсіпорындарының тарифтері бойынша    
ҚҚС    
3. Өз көлігімен кәсіпорынға материал мен шикізатты жеткізу бойынша шығыс сомасының көрінісі Көмекші өндіріс қызметінің құнына    
4. Тиеу-түсіру, қоймада материалдарды жөндеу бойынша шығыс көріністері:      
Есептесетін сомалардан төленген Аванстық есеп    
Кассадан төленгендер Кассалық шығыс ордері    
5. Жұмыскерлерге тізімдік құрамнан бөлек вагондардан материалды түсіру, оларды автомашинаға тиеу, қоймаға жинау үшін есептелган еңбекақы Есептік ақпарат    

 

Қоймадан қорларды босату операцияларының есебін бухгалтерлік шотындағы көрінісін қарастырамыз.

 




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 172 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав