Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс 29

Читайте также:
  1. IIІ – дәріс. ХХ ғасырдағы және қазіргі заманғы әлеуметтанулық теориялар
  2. IV – дәріс. Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
  3. V – дәріс. Әлеуметтік институттар мен процестер
  4. VI – дәріс. Қоғамның әлеуметтік құрылымы және әлеуметтік стратификация.
  5. VІI – дәріс. Тұлға әлеуметтануы
  6. VІІI– дәріс. Девиация және әлеуметтік бақылау
  7. X – дәріс. Саяси әлеуметтану
  8. XII – дәріс. Мәдениет әлеуметтануы
  9. XIIІ – дәріс. Отбасы әлеуметтануы
  10. XIV – дәріс. Қолданбалы әлеуметтану

1. Есеп беру, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижесін, оның қаржылық, мүліктік жағдайын анықтайтын көрсеткіштер жүйесі ретінде. «Бухгалтерлік есептілік», «қаржылық есептілік» түсінігі.

2. Қаржылық есептіліктің сапалық мінездемелері: түсініктілік,орындылық, сенімділік және салыстырмалылық. Қаржылық есептілікті құрастыруға қойылатын қағидалар

Қаржылық есеп беру – бұл кәсіпорынның есепті кезеңдегі қаржы-шаруашылық қызметіне сипаттама беретін белгілі нысандарға топтастырылған көрсеткіштер жүйесі.

Кәсіпорыннның қаржы жағдайы – ресурстардың қолда барын, орналастырылуын және пайдаланылуын, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, баланстың өтімділігін көрсететін көрсеткіштер жүйесімен сипатталатын түсінік.

Қаржылық есеп берудің деректері бойынша қорлар мен шығындарды қалыптастыруға арналған қаражат көздерінің артықшылығын немесе кемшіліген анықтайды. Қаржылық есеп беру мынадай активтерді: неғұрлым өтімді активтерді, жылдам сатылатын активтерді анықтауға мүмкіндік береді. Екінші жағынан, қаржылық есеп берудің деректері бойынша кәсіпорынның мынадай пассивтерін, ұзақ мерзімді пассивтерді және тұрақты пассивтерді анықтауға болады. Мұның өзі нарық жағдайында, бәсекелес-кәсіпорындардың ортасында жұмыс жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды.

Заңды тұлға болып табылатын кәсіпорын мекеме филиалдардың, өкілдіктердің, бөлімдердің ж/е дербес балансқа бөлінген басқа да құрылымдық бөлімшелердің өндірісі мен шаруашылығындағы мүліктерді қоса алғанда, мүлік пен олардың қалыптасу көздерінің құрамын көрсететін қаржылық есеп беруді жасайды. Қаржылық есеп ҚР Қаржы минимстрлігінде әзірленетін ж/е бекітілетін типтік нысандар бойынша жасалады. Атап айтқанда, шаруашылық субъектілері қаржылық есеп беру құрамында мыналарды: кәсіпорын балансын, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп беруді, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беруді тапсыруға міндетті. Шаруашылық субъектілерінің бастамасы бойынша немесе әріптестермен келісім бойынша қаржылық есеп беру басқа да есептік деректермен ж/е түсіндірме жазулармен толықтырылуы мүмкін.

Шаруашылық субъектілері тоқсандық ж/е жылдық қаржылық есептемені құрылтай құжаттарына сәйкес меншік иелеріне, мемлекеттік салық инспекциясына, мемлекеттік басқарудың басқа органдарына, несие беруші банктерге ж/е басқа шаруашылық субъектілерімен келісімдердің негізінде басқа да мүдделі ұйымдарға тапсырады. Шаруашылық субъектілері тоқсандық есептемені тоқсан аяқталғаннан кейін 30 күн ішінде, ал жылдық қаржы есептемесін жыл аяқталғаннан кейін 90 күннің ішінде тапсыруға міндетті.

Бюджеттік мекемелер айлық, тоқсандық ж/е жылдық қаржылық есептемені жоғары тұрған ұйымдарға олар белгілеген мерзімдерде тапсырады.

Қаржылық есеп беру мен бухгалтерлік есепке аудиторлық тексерулер ҚР-ның заңдарында көзделген жағдайларда, сондай-ақ Әкімшіліктің немесе шаруашылық етуші объектінің құрылтайшыларының төрттен бірінің бастамасы бойынша жүргізіледі.

Есеп саясаты ҚР-сы бухгалтерлік есеп жөніндегі департаментің талабы бойынша немесе егер мұндай өзгерту неғұрлым дұрыс ақпарат алуға мүмкіндік жасайтын болса, кәсіпорынның өзі өзгертуі мүмкін.

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру – бұл ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерінің келіп құйылуы мен шығысталуы. Ақша эквиваленттеріне қысқа мерзімді қаржы инвестициялары ж/е облигация, қазынашылық векселі ж/е т.б. сияқты өтімді бағалы қағаздар жатады.

Қаржылық есеп беру ұйымның қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері мен қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы ақпарат болып табылады.

Қаржылық есеп беру:

1. бухгалтерлік балансты;

2. пайда мен зиян туралы есепті;

3. ақша қозғалысы туралы есепті;

4. меншікті капиталындағы өзгерістер туралы есепті;

5. есепке алу саясаты туралы ақпаратты және түсіндірме жазбаны қамтиды.

Қаржылық есеп беру ҚР-ң бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасының талаптарына және бухгалтерлік есепке алу стандарттарына сәйкес басқа да материалдармен толықтырылуы мүмкін.




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 179 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав