Читайте также:
|
|
Несиелеу механизмі - несиенің берілу және қайтарылу әдіс-тәсілдерін және несиелеу процесін, сондай-ақ несиенің қозғалысына бақылауды қамтитын несиелік механизмінің құрамдас бөлігі. Несиелеу механизмі өзінің мәні жағынан несиелік процесс технологиясын бейнелейді.Несиелеу процесі мынадай кезеңдерді қамтиды: несиеге деген өтінішті қарау, несиелік қабілетін талдау, несиелік келісімшарт жасау, несие беру, несиелік мәміленің орындалуына бақылау жасау. 1 кезең. Банкке келіп түскен несиеге деген өтінішті қарау. Кез келген несиелік операциялар осыдан басталады. Мұндай құжаттарда қарыз алушы мен сұралатын несие туралы негізгі мәліметтер: мақсаты, мөлшері, түрі, мерзімі, мүмкін болар қамтамасыз ету мүлкі көрсетіледі. Банктің қоятын талаптарына байланысты өтінішке қосымша, яғни несиелік операциялар сипатына байланысты құжаттар беріледі. Клиенттердің әр түрлі топтар үшін әр түрлі құжаттар пакеті әрірленуі мүмкін. Мысал ретіндегі құжаттар пакетінің құрамына жататындар: құрылтайшылық құжаттардың, жарғының, жалға алу шарттарының, тіркелген куәліктерінің немесе патенттерінің; нотариалды түрде куәландырылған жерді пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар; азаматтардың төл құжаттары және клиенттің несие алуға құқығын растайтын басқа да құжаттардың көшірмелері; несиеленетін мәмілелерді растайтын келісімшарттар көшірмелері (материалдық құндылықтарды жабдықтауға және сатуға арналған шарттар, тауарлы-материалдық құндылықтар шотының көшірмелері және т.с.с); басқа банктерден алған несиелер туралы мәліметтер(шоттар бойынша көшірме), қамтамасыз ету мақсатында кепілге берілген мүлікке қарыз алушының меншік құқығын растайтын құжаттар; несиені қайтаруға байланысты міндеттемені куәландыратын құжаттар. 2 кезең. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау кезеңі. Қарыз алушының несиелік қабілеті – қарыз алушының алған енсиесі бойынша қарызды уақытылы және толық көлемде қайтару қабілетін бағалаумен сипатталады. Несиені қайтара алмау тәуекелі көптеген факторлардың әсерінен болуы мүмкін, сондықтан да банк клиентке несие беруге шешім қабылдаудан бұрын оның несиелік қабілетін талдайды. Бұл көрсеткіш банктің өтімділігіне ықпал етеді. 3 кезең. Несиелік және кепіл туралы келісімшарт жасау. Қазіргі несиелеудің басты ерекшелігі бойынша банк қарыз алушының несиелік қабілетін тексеріп болғаннан кейін, несиелік шарт жасасу үшін енсиелеу субъектісімен қатынасқа түседі. Несиелеуге байланысты барлық сұрақтарда банк пен қарыз алушы келісімшарт негізінде шешеді. 4 кезең Несие беру кезеңі. Бұл кезең ағымдық шот ашу, несиені беруді құжаттау тәртібін, несиені беру тәсілін анықтайтын несиелеуді ұйымдастыру және техникалық шарттарын қамтиды. 5 кезең. Несиені қайтару және оған сыйақы төлеуіне бақылау жасау.- несиелік операцияның маңызды кезеңі. Несиелер бойынша қарызды қайтару тәсілі банк қаражаттарының пайдалану ұзақтығына және олардың төлем айналымын құраудағы рөліне байланысты. Несиенің қайтарылуын негіздейтін құжаттарға: клиенттің жазбаша үкімі, банктің өзінің үкімі, соттың бұйрықтары жатады.
Дата добавления: 2015-04-11; просмотров: 72 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |