Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Егісті суарудың дақыл өнімі мен оның өсіп-өну жағдайларына әсері

Читайте также:
  1. Ақпараттық қоғам және оның даму ерекшеліктерін сипаттаңыз
  2. Бап. Техникалық регламентті әзiрлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және оның күшiн жою ерекшелiктерi
  3. Д) бұл активтің баланстық құнының немесе қозғалысқа келтіретін бірліктің оның өтеу сомасынан асатын сомасы
  4. Дақылдарды тақталап немесе беткейлеп суару әдісі
  5. Дақылды суару саны мен мерзімдері
  6. Дақылды тамшылатып суару
  7. Дақылды топырақ ішімен суару
  8. Дақылдың маусымдық суару мөлшері
  9. Дақылдың суару мөлшері
  10. Дақылдың суды тұтынуы

 

Ылғалдану нәтижесінде топырақтың жылу сыйымдылығы және жылу өткізгіштігі артып, температуралық режимі жақсарады. Яғни, күн қатты ысыған кезде ылғал топыраққа қарағанда салқынырақ, ал түнда жылырақ болады. Нәтижесінде суармалы топырақтың температуралық және жылу режимдері ауылшаруашылық дақылдарының өсіп-жетілуіне физиологиялық тұрғыдан қолайлы болады екен.

Топырақтағы агрономиялық бағалы түйіршіктері мөлшері де суару жұмыстарының қаншалықты дұрыс жүргізілгеніне байланысты болады. Суару мұқият және белгілі режиммен жүргізілсе, аталған түйіршіктер көбейеді. Ал суару өз мерзімінен кешігіп, танапқа берілетін су қажетті нормадан артық болған жағдайларда, топырақ эрозияға ұшырап, оның беткі қабаты қабыршақтанып, қатып қалады. Нәтижесінде топырақтың ауа және су режимдері күрт нашарлап, тамырдың тыныс алуы, су мен қоректік заттарды сіңіруі тежеледі. Белгіленген нормадан артық сумен суарудың тағы бір зияндылығы – қоректік заттардың танап сыртына және топырақтың ең төменгі қабаттарына жуылып кетуі. Сонымен қатар аса ұсақ түйіршіктері топырақ қабатына (0,20 - 0,40 м) жиналып, аса тығыздалып, су және ауа өткізбейтін астар құрайды. Мұндай қабатты соқа «табаны» деп те атайды. Соқа «табаны» бар танаптарға берілген судың 50-60% мөлшері қажетті тереңдікке сіңбей, топырақ эрозиясын туғыза отырып, танап сыртына ағып кетеді.

Сонымен, топырақ құрамындағы аса құнды қарашірік пен басқа қоректік заттардың көбірек болуы және агрономиялық бағалы түйіршіктер мөлшерінің артуы үшін, суару жұмыстарын өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, мерзіммен, әрі қажетті нормамен, агротехникалық шаралармен үйлестіре отырып жүргізу керек.

Егістік топырағын ылғалдандыру оның қоректік режиміне қолайлы әсер береді. Өйткені құрғақ топырақта оның ерітіндісі жоғары қысымда болады. Сондықтан мұндай жағдайда өсімдік тамырлары топырақ ерітіндісінен қоректі заттарды сорып ала алмайды. Топырақ ылғалданса ондағы қоректік заттар ериді, ерітіндіге келіп түседі. Топырақ ерітіндісінің қысымы төмендейді, өсімдік тамырының сорғыштық күші бұл қысымнан жоғары болғандықтан өсімдік топырақтан өзіне қажетті қоректік заттарды жеңіл ала бастайды. Сондықтан егісті суару топырақтағы қоректік заттар мөлшерін өсіреді, соның негізінде оның құнарлылығын арттырады.

Топырақтың құнарлы болуына суарудың тигізетін әсері өте зор. Ежелден суарылып келе жатқан өлкелерде сумен келген тұнбалардың арқасында ғана небір құм және құмдақ жерлер құнарлы топыраққа айналып отыр. Өзен сулары топырақтағы калийдің, фосфордың жылжымалылығын, жалпы сілтілігін көбейтеді. Сонымен қатар, топырақта болатын химиялық және биологиялық құбылыстарды жылдамдатады.

Суармалы егістікте топырақтың ылғал режимі қолайлы болғандықтан ондағы микробиологиялық процестер қолайлы түрде өтеді. Бұл топырақтағы органикалық заттардың жедел түрде ыдырап, шіріп минералды түрге айналып өсімдік қажетіне тез жарауына жағдай тудырады.

Су өз алдына күшті ерітуші зат. Сондықтан ол топырақтағы барлық химиялық заттарды ерітеді, пайдалысын да, пайдалы емесін де. Бұл, бір жағынан топырақ ерітіндісінде өсімдікке зиянды тұздардың мөлшерін азайтады. Әрине бұл пайдалы.

Ылғалдандыру топырақтың физикалық көрсеткіштері мен оның құрылымына әсер береді. Топырақтың ең пайдалы 2-5 мм мөлшерлі түйіршіктері суға тиісімен ыдырап, майдаланып кетеді. Бұл топырақтың қолайлы түйіршікті құрылымына зиян. Осыны болдырмау үшін суарудың ең тиімді әдістерін қолдану қажет. Бұған жаңбырлатып суару, топырақ ішінен ылғалдандыру, жүйекті толтырмай суару жатады.

Топырақты ылғалдау түйіршіктер арасындағы байланысу күшін азайтады. Сондықтан ылғалданған топырақта механикалық өңдеу жұмыстары жеңілдей түседі.

Ылғалдандыру топырақтың жылулық жағдайларын жақсартады. Ылғал топырақта жылу сыйымдылығы жоғары. Сондықтан, ауа райы салқын кезде құрғақ топыраққа қарағанда ылғал топырақ жылырақ, жылы кезеңде, керісінше, салқындау.

Егісті суару сол алқаптың микроклиматын өзгертеді. Суармалы жерде күн сәулесі қуатының белгілі бір бөлігі топырақ бетінен ылғалды буландыруға және өсімдік арқылы ылғалдың булануына жұмсалады. Осының себебінен суармалы алқапта ауа жылулығы төмендейді, ауаның ылғалдығы жоғарылайды. Зерттеулерге қарағанда ауаның салыстырмалы ылғалдығы 15-33 пайызға жоғарылайды, ауа жылулығы 4,1-4,3 градусқа төмендейді. Бұл өте қолайлы әсер, өйткені аптап күндері мұнда өсімдіктің жағдайы жақсарады, ылғал қоры тиімді пайдаланылады.

Сонымен егісті суарғанда топырақтың құнарлылығы артады, микробиологиялық процестер мен алқап микроклиматы жақсарады, осының бәрі дақылдардың өсіп-өнуіне қолайлы жағдай туғызады. Осыдан дақылдар өнімділігі жоғарылайды. Суармалы жерлерде суарылмайтын алқаптармен салыстырғанда дақыл орташа өнімділігі бірнеше есе жоғары. Сонымен бірге жерді ылғалдандыру өнім сапасының өзгеруіне, оның жақсаруына да әсерін тигізеді. Өнім құрамында крахмал, көмірсулар (углеводы), майлар, қант, белок және минералды заттардың мөлшерлері өзгереді.

Алайда, мелиорацияның нәтижесі тиімді болу үшін ол басқа да агротехникалық шаралармен бірге кешенді түрде жүргізіліп отыруы тиіс. Суарымдар дақылдың тікелей қажеттілігіне байланысты берілуі тиіс. Суару артық мөлшерде жүргізілетін болса ондай жағдайларда күтілген нәтижелер орындалмайды, керісінше өнім төмендейді, қоршаған ортаға зиян келеді.

Осы жағдайлармен қатар, суарудың топыраққа тигізетін кейбір теріс әсерлері де бар. Суару технологиясын дұрыс жүргізбеген жағдайда, топырақтың механикалық құрамы өзгереді, топырақ тапталып тығыздалады және ондағы қарашірік (гумус), гипс, карбонаттар азаяды. Кейбір жағдайларда, топырақ бетіндегі құнарлы қабаты жұқарып кетуі мүмкін. Топыраққа сіңген натрийдің (Na) көбеюі салдарынан оның ылғалдық-физикалық құрамы, су өткізгіштігі, ауа режимі нашарлайды. Мұндай топырақтар кепкен кезде жарылып кетеді. Көп су берген кезде топырақ тапталып, оның көлемдік массасы көбейеді, су сіңгіштігі төмендейді, ылғал режимі бұзылады. Су топыраққа сіңген кезде ондағы майда фракцияларды төменгі қабатқа шайып кетеді. Олар топырақтың белгілі бір деңгейінде жиналып, су өткізбейтін қалыңдығы 20-40 см қабат құрады. Бұл қабатта су жиналып, топырақ батпақтануы мүмкін.

Ең бір қауіпті жағдай – топырақтың батпақтануы мен тұздануы. Бұл жағдайлар көбінесе, артық су берудің, жер асты суы деңгейінің көтерілу салдарынан немесе кәріздің жетіспеушілігінен болады.

Топырақтың тұздануы мен батпақтануы деңгейі топырақтың түріне, алқаптың гидрогеологиялық жағдайына, суару технологиясына, агротехника және жер асты табиғи кәрізге байланысты болады. Топырақтың тұздануы суаруға пайдаланатын судың тұздылығы көбейген сайын арта түседі. Қазіргі кезде бұл айтылған процесстердің бәрі және оларды болдырмау шаралары толық зерттелген.

Топырақтың тұздануы мен батпақтануы тек қана ауылшаруашылық өнімін төмендетіп қана қоймай, егістік жерлерді тіпті жарамсыз етіп жіберуі мүмкін. Академик В.А.Ковданың (1974) деректері бойынша әлемде 22-25 млн. гектар жер тұзданып, құнарсыз жерлерге айналып отыр. ТМД елдерінде жыл сайын 200-300 мың гектар жер тұзданып, істен шығып отыратын көрінеді. Суармалы жерлердің топырағын қорғау үшін әртүрлі шаралар қолданылады. Олардың маңыздысы жер асты кәрізін салу, екпе ағаштарын көбейту, агротехникалық жұмыстар жүргізу, ауыспалы егістікті дұрыс жүргізу.

Тұзды сумен суарған кезде топыраққа гипс және сода жасап шығаратын өндіріс қалдықтарын енгізіп отыру керек. Оларды көң немесе минералды тыңайтқыштарға қосқан жөн.

Көп жылдық суару топырақтың жылулық режиміне де тікелей әсерін тигізеді. Ыстық күндері ылғалданған топырақ температурасы кепкен топырақ температурасынан төмен, ал суық күндері (қыс мезгілінде) керісінше ылғалданған топырақ кепкен топыраққа қарағанда жылы болады.

Суару жұмысымен бірге барлық агротехникалық жұмыстар қатар жүріп отырса, өнім көбейі түседі. Ал, өнім сапасы суарған судың химиялық құрамына байланысты. Су таза болса, өнім сапасы да жоғары болады.

 

 




Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 41 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

КІРІСПЕ | Жерді мелиорациялаудың мақсаты | Суармалы жерлердің қазіргі жағдайы мен келешегі | Дақылдың суды тұтынуы | Егістіктің табиғи ылғалдылығы | Дақылдың маусымдық суару мөлшері | Дақылдың суару мөлшері | Дақылды суару саны мен мерзімдері | Графо – аналитикалық әдісімен есептеу | Биоклиматтық әдісімен есептеу |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.01 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав